«Дьенеш» блоктарын қолдану арқылы балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Мектепке дейінгі дидактикада баланы дамытудың әртүрлі материалдары қолданылады. Дегенмен, бала ақылының дамуына арналған, соның ішінде математикалық, ойлау қабілеттігін дамытуда ең маңызды деген материалдарды бір қалыпқа келтіріп қалыптастыру мектепке дейінгі оқыту барысында кез-келген маманның қолынан келе бермейтін күрделі шаруа. Венгер психологы, әрі математигі Дьеныш жасаған логикалық блоктар баланың алғашқы жылдарындағы логиякалық ойлауын дамыту мен олардың ойлау қабілеттерін математиканы меңгеруге дайындауда неғұрлым тиімді әдістеме болып отыр.
Әдістемелік және ғылыми-танымал әдебиетте бұл материалды әртүрлі атаулармен кездестіруге болады, атап айтсақ: «логикалық пішіндер», «логикалық текшелер», «логикалық блоктар». Бірақ осы атаулардың әрқайсысында логикалық ойлауды дамыту бағыты айқын берілген. Балабақшалар мен мектептерде балалармен жұмыс жасаудың жаңаша тәжірибесінде логикалық дидактикалық материалдың көлемді және тегіс болатын екі түрлері қолданылады. Осы түрлердің әрқайсысына өз атауы бекітілген. Көлемді логикалық материал логикалық блоктармен аталса, тегісі – логикалық пішіндермен беріледі.
Логикалық блоктарды венгердің психолог-математигі Золтан Дьеныш ойлап тапқан. Балаларды блоктар арқылы ойната отырып, оларға нысандардың түсін, пішінін, көлемі мен жауандығын көрсете отырып, ажыратуға үйретуде, информатикадан бастапқы сабақтар және математика тұрғысынан алғы ұғымдарды меңгертуде таптырмас құрал. Ол балалардың ойлау әрекеттерін дамытады (сараптама, салыстыру, боптау, жалпылау), логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін және танымдық қабілеттерін (қабылдау, есте сақтау, наразға алу, елестету) жетілдіреді. Дьеныштың блоктарымен ойнай отырып, бала әртүрлі заттық әрекеттер жасайды (бөлу, белгілі ережемен орналастыру, қайта орналастыру және т.б.). Дьеныштың блоктары үш жастан асқан балаларға арналған.
Дьеныштың логикалық блоктары 48 геометриялық фигуралардан тұрады:
а) төрт пішінді (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш, тіктөртбұрыш);
б) үш түсті (қызыл, көк және сары);
в) екі көлемді (үлкен және кішкентай);
г) қалыңдығының екі түрі болады (жуан, жіңішке).
Жинақта бірдей бір де бір фигураны кездестірмейсіз. Әрбір геометриялық фигура төрт ерекшелігімен беріледі: пішіні, түсі, көлемі, жуандығы.
«Логикалық блок» атты дидактикалық жинақ 48 көлемді геометриялық пішіндерден тұрады, олар бір-бірінен көлемі, түсі, қалыңдығы мен пішіндері бойынша ажыратылады. Осылайша әр пішін төрт өзіндік ерекшелігімен белгіленеді: түсі, пішіні, көлемі және қалыңдығы. Жинақта осы ерекшеліктері бірдей келетін пішіндерді таба алмайсыз, олардың әрқайсысы өзінше әртүрлі. Ерекшеліктерінің нақты нұсқасы (қызыл, көк, сары, тіктөртбұрышты, дөңгелек, үшбұрышты, шаршы) және пішіндердің көлемі, қалыңдықтары мен үлкендіктері әрүтрлі болғандықтар балалар оларды жылдам ажыратып, айтып бере алады.
Логикалық блоктармен әртүрлі әрекеттер жасау барысында (бөлу, белгілі ережеге сәйкес орналастыру, қайта құру және т.б.) балалар алғашқы математикалық дайындық тұрғысында маңызды болып табылатын әртүрлі ойлау қабілеттерін меңгере бастайды. Олардың қатарына сараптама жасау, салыстыру, топтау, жалпылау, жасыру-ашу, сонымен қатар «жоқ», «және», «емес» сынды логикалық операцияларды жасай білу жатады. Блоктармен болатын арнайы дайындалған ойындар мен жаттығулар балалардың ойлаудың қарапайым алгоритмдік машығын меңгеру, әрекеттерді ойша қалыптастыру биімділіктері дамиды. Логикалық блоктардың көмегімен балалар назарға алу, есте сақтау, қабылдау сияқты әрекеттерге жаттығады.
Логикалық блоктарда геометриялық пішіндер топталып беріледі (дөңгелек, тіктөртбұрыш біркелкі үшбұрыш, шаршы) және олар кішкентай балаларды затардың пішіндері мен геометриялық қалыптармен таныстырудың керемет құралы болып табылады.
Логикалық блоктардың жинағы баланың заттарды бір түрінен екінші, үшінші және төртінші ұқсастықтарымен салыстыра отырып, ойлау өрісінің дамуына жетелейді. Блоктармен әртүрлі қимылдар жасау барысында балалар алдымен заттардағы ортақ бір ұқсастықты байқауға машықтанады (түсі, пішіні, көлемі, қалыңдығы), оларды салыстырып, топтап, әрқайсысының ұқсастықтары бойынша орналастыруға бейімделеді. Осыдан кейін олар заттарды бір ғана ұқсастығымен емес, екі, осыдан кейін үш және төрт ұқсастықтары бойынша топтауға, жіктеуге, бөлуге, орналастыруға машықтанады. Осымен бірге балалардың мүмкіндіктеріне қарай бір ғана жаттығуда тапсырманың дейгейін оңай алмастыруға болады. Мысалы, бірнеше бала аюдың лашығынан Машенькаға ата-әжесіне баратын бағытты табу үшін жол салады. Ал бір бала жол салғанда онда біркелкі пішіндерді қолданбай салуы керек, ал екінші бала жол салғанда пішіні мен түсі жағынан біркелкі фигуралар болмайтындай етіп салуы керек, үшінші бала жанында пішіні, түсі мен көлемі жағынан біркелкі келмейтіндей етіп, жол салу керек. Мұнда бірінші бала бір ерекшелікті ұстанса, екінші бала екі ерекшелікті ұстанады, яғни бірден пішіні мен түсіне көңіл бөліп отырады, ал үшінші бала бір уақытта үш бірдей ерекшікті ұстанып отырып, жол салады.
Мектепке дейінгі балалық уақытта бір топтың балаларымен жұмыс жасау үшін көлемді логикалық блоктың бір-екі жинағы және тегіс логикалық жинақтың 5-8 жинағы қажет болады.
Блоктар жинағына алдында айтқандай 48 фигура енеді, оның ішінде 12- дөңгелек, оның 6-жуан, 6- жіңішке, қызыл, көк, сары түсті үлкен және кішкене дөңгелектер, сонымен қатар осындай 12 төртбұрыштар, 12 тікбұрыштар, 12- үшбұрыштар. (АҚШ бала бақшаларында 60 данадан тұратын логикалық блоктар қолданылады). Бұл жинақтарға алтыбұрышты фигуралар да қосылған.
Логикалық блоктарды ағаштан немесе қалыңдығы әртүрлі кезейіннен жасайды. Үлкен және кішкене фигуралардың жобамен алғандағы көлемдері мынадай:
Жуан блоктар жіңішке блоктардан жоқ дегенде екі есе жуан болуы керек.
Тегіс логикалық блоктар жинағын қатты қағаздан немесе логикалық блоктардың пішініндей етіп кезейіннен жасауға болады. Бұл жинақтардың бір бірінен айырмашылықтары барлық фигуралардың қалыңдықтарының біркелкі болуы. Фигуралардың көлемдері шамамен алғанда мынадай:
Егер көлемді логикалық фигуралар-блоктардың жинағын жасау мүмкін болмаса, онда -жаттығуларда неғұрлым үлкен тегіс логикалық фигураларды қолдануға болады. Бірақ олардың дамыту мүмкіндіктері әлдеқайда шектеулі болады. Олар бірден үш ұқсастықтармен әрекет жасауға мүмкіндік береді. Логикалық блоктармен қатар жұмыста блоктардың ерекшеліктері шартты түрде берілген карточкаларды (5х5см.) қолдануға болады
Бұл каточкаларды пайдалану баланың ерекшеліктері бойынша орналастыру, жинақтауға, олар туралы мәліметтерді жасыруға, баланың табу қабілеттерінің дамуына ықпал етеді. Бұл қабілеттер мен машықтар әртүрлі заттармен ойнау барысында тапсырмаларды орындауда дамып отырады. Сонымен, блоктардың түсі, пішіні, үлкендігі мен жуандықтарын білдіретін карточкаларды таңдай отырып, балалар ерекшеліктерді ауыстыру мен жасыра білуге жаттығады. Карточкада көрсетілген ерекшеліктері бар блоктарды іздестіру барысында балалар олар туралы мәліметті шешуге бейімделеді. Блоктың барлық ерекшеліктері туралы айтып беретін карточкаларды салып отырып, бөбектер оның өзіндік модельін ойлып жасайды.
Ерекшеліктер-карточкалары балаларға көрнекі-үлгіден көрнекі-жобалау ойлауына көшуге көмектеседі, ал ерекшеліктерді жоққа шығаратын карточкалар сөздік-логикалық ойлауға апаратын көпірге айналады.
Кейбір ойындар мен жаттығуларды жасау үшін көмекші материалдар,яғни ойыншық-персонаждар, жіптер мен дөңгелектер дайындлау керек.
Баланың жас шамаларына қарай жинақтың барлық бөліктерін емес, оның қандай да бір бөлігін ғана қолдануға болады: алдымен пішіні мен түсі жағынан әртүрлі блоктар, бірақ көлемі мен жуандықтары біркелкі (12 дана), содан кейін пішіні, түсі, көлемі жағынан әртүрлі, ал жуанықтары бірдей (24 дана), ал соңында фигуралардың толық жинағын (48 дана) қолданыңыз. Бұл өте маңызды. Материалдар неғұрлым әртүрлі болса, бір ұқасатықты екіншісінен ажырату соғұрлым қиынға түседі, яғни мұның нәтижесінде салыстыру да, топтау да, жинақтау да оңай болмайды.
Логикалық блоктарды қодана отырып балалар әртүрлі әрекеттер жасайды; салады, ауыстырады, алып тастайды, жасырады, іздейді, «араздасып қалған» ойыншықтарды өзара бөлістіреді және тағы да көптеген осындай әрекеттер жасайды, ал осыны жасай отырып, олар осы әрекеттерге қатысты өз пікірлерін айтып отырады. Логикалық блоктар дегеніміз геометриялық пішіндердің жинағы болғандықтан (дөңгелек, тіктөртбұрыш, біржақты үшбұрыш, шаршы), олар баланың ерта жасынан бастап көптеген басқа да дамытушылық тапсырмаларды орындау кезеінде заттың пішіндері және геометриялық фигуралармен танысуында кеңінен қолданылады.
Әдістемеде біртіндеп күрделене түсетін логикалық блокты жаттығулар мен ойындардың 4 тобы берілген:
Ерекшеліктерді анықтау және абстракицялау қабілетін дамуытуға арналған
Заттарды ерекшеліктері бойынша салыстыра білуді дамытуға арналған
Топтау және жалпылау әрекеттерін дамытуға арналған
Логикалық әрекеттер мен операцияларға деген қабілетін дамытуға арналған
Кейбір ойындар мен жаттығулар назар аудару мен есте сақтауды дамытуға бағытталған. Жоғарыда аталғандарға қарағанда олардың балалармен жұмыс жасауда қатаң анықталған жүйесі жоқ. Бұл ойындардың балаға есте сақтауы мен назарға алу қабілеттерін дамыту мақсатында кез-келген уақытта ұсынуға болады. Кейбір ойындарды санамағанда қалған барлық ойындар мен жаттығулар үш нұсқада берілген (I, II, III ). Бірінші нұсқадағы ойындар мен жаттығулар балалардың бір ғана ерекшелікпен топтастыруға машықтандырады (бір ерекшелікті екіншісінен ажырата білу, осының негізінде заттарды топтау, жалпылау). Екінші нұсқадағы ойындар мен жаттығулардың көмегімен екі ерекшелікті тең салып отырып, әрекет етуге машықтанады (екі ерекшелікті анықтау, заттарды бірден екі ерекшеліктері бойынша салыстыру, топтау және жалпылау). Үшінші нұсқадағы ойындар мен жатығулар бірден үш ерекшелікпен қатар әрекет жасауға машықтайды.
Балалардың үйымдастырған іс-әрекетері
Төртінші топтан басқа барлық ойындар мен жаттығулар (логикалық) нақты бір жас шамасына белгіленбеген. Бір жастағы балалардың психологиялық деңгейлері әр түрлі болады ғой, олардың кейбірі ойын мен жаттығудағы кезеңдерді әлсін-әлсін меңгерсе, ал кебйір балалар бірден шапшаң әрекет етуі мүмкін, бірақ барлық бала берілген дейгейлердің барлығынан ерте ме, кеш пе, өтуі тиіс. Сондықтан балалармен жұмысты бастамас бұрын әр бала интеллектуалды дамудың қай сатысында тұрғанын анықтап алған жөн. Бұны анықтай қиын емес.
Дьеныштың блоктарымен танысу.
Алдымен баланы блоктармен таныстыру керек. Баланың алдына блоктарды жайып салып, олармен қалағанынша ойнауға, ұстап көруге, араластыруға мүмкіндік беріңіз. Кейіннен мына тапсырманы ұсынуға болады:
Бір фигураны көрсетіп, осындай түсті фигураны тауып алуды тапсырыңыз (мысалы, сары). Сосын балаға үшбұрышты барлық блоктарды көрсетуін сұраңыз (немесе барлық үлкен фигуралар).
Аюға барлық көк фигураларды, қоянға – сары, тышқанға – қызыл фигураларды беріңіз, сосын фигураларды (көлемі, пішіні мен жуандығы).
Блоктар арқылы ойындар мен жаттығулар өткізу.
Баланың алдына бірнеше фигуралар қойылады, бала олардың есіне сақтап қалуы керек, кейін фигуралардың біреуі жоғалып кетеді немесе басқа түрімен ауыстырылады немесе екі фигураның тұрған орындары бір бірімен ауыстырылады. Бала осы өзгерістерді байқауы керек.
Барлық фигураларды қапшыққа саламыз. Балаға қапшықтың ішіне қолын салып, сипалай отырып, барлық дөңгелек фигураларды (барлық үлкен немесе жуан) алуды ұсыныңыз.
Барлық фигуралардың тағы да бір қапшыққа салыңыз, бала қапшықтан бір фигураны алып шығып, оның бір немесе бірнеше белгілерін айта отырып, суреттеп беруі керек. Немесе қапшықтан алмай тұрып, пішініні, көлемі мен жуандығын айтып беруі керек.
Үш фигураны алыңыз, бала оның қайсысын қандай себеппен артық екенін айту керек (түсі, пішіні, көлемі мен жуандығы жағынан).
Бір фигураны алып түсі (көлемі, пішіні, жуандығы) осыдан басқа болатын барлық фигураны табуды ұсыныңыз. Осындай тапсырмаларды ерекшеліктерін кезектестіре отырып, жалғастырыңыз: қызыл, сары, қызыл, сары (пішіні мен көлемі, жуандығы бойынша кезектестіруге болады).
Фигуралардың біріншісі екіншісінен бір ғана ерекшелігімен дараланатындай етіп, бір тізбекке салыңыз: түсі, пішіні, жуандығы.
Жанында түсі мен пішіні жағынан бірдей болмайтындай етіп, фигураларды саламыз (түсі мен көлемі; көлемі мен пішіні, жуандығы мен пішіні және т.б.).
Әрбір блоктың жұбын табу керек, мысалы, көлемі бойынша: үлкен сары дөңгелек кішкентай сары дөңгелекпен жұптас болады және т.б.
Баланың алдына 8 блоктарды қоямыз және ол көрмей тұрғанда фигуралардың бірінің астына «қазынаны» тығып қоямыз (тиын, тас, қиылған сурет және т.б.). балаға болжамды сұрақтар қоясыз, ал бала «ия» не «жоқ» деп қана жауап беруі керек. «Қазына көк блоктың астында ма?»- «жоқ», «қызылдың астында ма?» - «жоқ» (бала қазынаның сары блоктың астында екенін түсіне қояды да, осыдан кейін оның көлемі, пішіні мен жуандығы туралы сұрастыра бастайды). Осыдан кейін қазынан бала жасырады, ал ересек адам іздеуі керек. Екі қорапты аласыз, біреуіне 3 блок, екіншісіне төрт блок салу керек.баладан қайсында локтар көп және оларды қалай теңестіруге болатынын сұраңыз.
Бір қатарға кез келген 5-6 фигураларды қатарлаймыз. Астыңғы қатардағы фигуралар үстіңгі қатардағыларға қарағанда пішіндері басқа болатын болсын (түсі, көлемі). Домино ойынында фигураларды қатысушыларға өзара тең бөлінеді. Әр ойыншы кезекпен өз жүрісін жасайды. Фигура болмаған жағдайда жүріс өткізіледі. Кім барлық фигураларын бірінші болып салып бітірсе, сол жеңімпаз болады. Жүрісті әртүрлі жасауға болады: басқа түсті фигурамен ( түсі, пішіні).
Балаға фигураларды сызылған сурет-схема бойынша салу ұсынылады, мысалы, үлкен қызыл шеңбер салынған, оның артынша кішкентай үшбұрыш салынған және т.б. блоктардан заттардың жобасын құрастыруға болады: машина, паравоз, үй, мұнара және т.б.
Осылайшы әр баланы анықтап алғаннан кейін балалардың әрқайсысы туралы айқын көрініс аласыз. Бұл сізге әр баланың деңгейін ескере отырып, әрқайсысының дамуына ықпал ететін сабақтар ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Егер бала белгілі деңгейдегі тапсырманы оңай әрі қатесіз орындайтын болса, оған келесі топтың күрделі тапсырмасын беру қажет екендігін түсінеміз, бірақ бала өз деңгейіндегі тапсырмаларды еш қиындықсыз орындаған жағдайда ғана оны келесі топқа көшіруге болады. Егер баланы бір деңгейді ұстап қалсаңыз немесе оған уақытынан бұрын күрделі тапсырма берсеңіз баланың ойын мен жаттығуға деген қызығушылығы жоғалады. Бала өзіне берілген тапсыра қиын болғанымен оның күшінен келетін болғанда ғана ойлау тапсырмаларына ынтық болады.
Ойлау қабілетін дамытуда оның басқа да қабілеттер сияқты көптеген жаттығулар барысында дамитындығын ескерген дұрыс. Осымен қатар мұндай жаттығулардың саны әр бала үшін әртүрлі болуы керек. Баланың ойлау тапрсырмаларына деген қызығушылығы жоғалмауы үшін әрбір ойын мен жаттығуларға бірнеше ойындық және тәжірибелік тапсырмалар енгізіледі, мысалы, Ниф-Ниф, Наф-Наф және Нуф-Нуфтың үйлерінің арасына жол салу, жаңа жылдық тізбекшелер жасау, көлдің үстіне көпір орнату сияқты т.б.
Осы мақсатпен әрбір ойын мен жаттуғыда ойлау тапсырмасының бір күрделі деңгейі бойынша бірнеше нұсқалары берілген. Мысалы, жол салғанда блоктардың түстері бірдей, ал пішіндері әртүрлі болуы керек немесе жанындағы блоктардың пішіндері біркелкі, ал көлемдері әртүрлі немесе жанында түстері бірдей, ал жуандықтары әртүрлі фигуралар болсын деген сияқты болуы керек.
Логикалықпен блокпен бірге ойындар мен жаттығуларға интелектауалды саяхатқа бала екі бағытта шыға алады:
3-4 жастағы балаларға бағытындағы жол әрі тиімді, әрі ыңғайлы болады. Олар аз әрекет жасай алатын болғандықтан олардың жолдары ұзақ болуы мүмкін. Олар алдымен бір, содан кейін екі ерекшелікпен жұмыс жасауды меңгереді. Содан кейін осы бойынша заттарды топтастырып, салыстуға, жалпылауға үйренеді. Нысанның бір, екі белгісімен жасыруға және табуға үйренеді, қарапайым алгоритмге жаттығады. Ересек мектепке дейінгі жас шамасында балалар логикалық әрекеттерді жақсы меңгерген, тапсырма шешуінің дұрыс не бұрыстығын талқылап, дәлелдей алады, бірден үш ерекшелікпен қатар жұмыс жасай алатын болады.
Егер балалар мұндай саяхатқа алғаш рет 5-6 жаста шығып тұрған болса, онда оларға бағыты оңтайлы болады. Олардың білетіні де көп, қолдарынан келетіні де көп. Ойындар мен жаттығулардың бірінші және екінші нұсқасының бөлігі олар үшін қиын болмайды, олар одан да қиын тапсырмаларды шешуге құлшынып тұрады.
Бірақ мұнда да әр баланың ерекшелігін ескерген жөн. Төрт жастағы балалардың біреуіне Б бағытымен жүрген дұрыс болуы мүмкін, ал ересек жастағы мектепке дейінгі балалардың кейбірі А бағытымен оңай өтуі ықтимал. Мұндай жағдайда бала берілген деңгейден мүдірмей өткен жағдайда ғана келесі неғұрлым күрделі ойынға не жаттығуға ауысқаны дұрыс.
Егер ересек адам ойын не жаттығудың өзгелер сияқты тепе-тең қатысушысы екендігін, балалар сияқты қателесе алатындығын естен шығармаса, екіншіден, баланың қателігін көрсетпей, оны түзетуге өздеріне мүмкіндік беретін болған жағдайда мұндай саяхат қызықты да тартымды өтері даусыз.
Ойындар мен жаттуғыларға кіріспес бұрын, баларға өз бетінше логикалық блоктармен танысуға мүмкіндік беріңіз. Олар блоктарды өз қалауларынша әрекеттерінің әр тұстарында пайдала берсін. Блоктармен әрқилы әрекет жасау барысында балалар пішіннің, түстің, жуандықтың, көлемнің әр түрлі болатындығын түйеді. Балалардың санасына «блок» дегенді құйып қоюдың қажеті жоқ. Блок деген баланың қабылдауынша ең алдымен геометриялық фигуралар. Сондықтан балалрмен тілдесуде «блок» сөзімен қатар «пішін» сөзін көбірек қолдану қажет. Баларды логикалық блоктардың ерекшеліктерімен тиімді таныстыру мақсатында оларғы мына тапсырманы ұсынуға болады:
Түсі, көлемі (жуандығы, пішіні) жағынан осындай фигураны тап.
Түсі, көлемі (жуандығы, пішіні) жағынан мұндай емес фигураны тап.
Көк түсті фигураны тап (үшбұрышты, қызыл, төрт шаршы, үлкен, сары, жіңішке жуан, кішкентай, дөңгелек, тіктөртбұрышты).
Мынаның қандай түсті фигура екендігін айтып бер (көлемі, пішіні, жуандығы жағынан).
Блоктармен осылайшы танысқаннан кейін ойындар мен жаттығуларға көшуге болады.
Логикалық блокты ойындар мен жаттығуларды сіз балаларға балабақшада да, мектепте де сабақта ұсына аласыз. Егер сіз мұны басқа да дамыту ойындары мен ойынды тапсырмалармен, сюжеттермен, рольдермен толықтырсаңыз, балаларға интеллектуальды қиындықтарды жеңуге көмектесесіз.