Күні:
Пән аты: Информатика
Сыныбы: 6 «а, б, в»
Сабақтың тақырыбы: Бағандар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Бағандар туралы түсінік беру, мәтіндерді бағандарға бөлуді үйрету
Тәрбиелік: Оқушылардың техника қауіпсіздік ережелерін сақтауға, берілген тапсырманы уақытында орындауға, жылдамдыққа, шыдамдылыққа, әдептілікке, ұқыптылыққа, бір-бірінінің сөзін тыңдай білуге тәрбиелеу
Дамытушылық: Берілген тапсырмаларды бағандарға бөле алуға дағдыландыру
Түрі: Дәстүрлі
Типі: Қайталау сабақ
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ – жауап, түсіндірмелі – иллюстративті, практикалық
Стратегиялар: «Қайталау- оқу айнасы» ,«Тілекті тізбек», «Кері байланыс».
Көрнекілігі: ДК, оқулық, қима-қағаздар
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңі | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі |
| Оқушылар тұрып амандасады. Сыныпта түгел, түгел емес екендігін айтады.
|
Психологиялық дайындық | «Тілекті тізбек» Оқушылар бір-бірлеріне тілектерін айтып өтеді. | Оқушылар бір-біріне кезек- кезек тілек айтып шығады. |
Үй тапсырмасын тексеру |
А) Жұмыс жоспарын құрғанда В) Әңгіме мәтінін тергенде С) Құжаттың мазмұнын құрғанда Д) мектептегі сабақ кестесін құрғанда 2. Мына берілген қандай тізім?
А)маркерленген В)нөмірленген 3. Тізімнің түрін анықтаңдар: Табиғи ғылыми пәндер а) Алгебра б) География А)маркерленген В)нөмірленген 4. Мәтінді тізімге айналдыру үшін ең алдымен не істеу керек? А)нөмірлеуді орнату В)қаріптің түрін таңдау 5. Нөмірленген тізімді құру батырмасы А) В) | Үйге берілген тапсырманы айтады.
|
Жаңа білімді меңгерту | Бағандар Бұл параграфта біз мәтінді бағандарға орналастыруды үйренеміз. Көпбағанды мәтіндерді сирек болса да кітаптар мен баспа құжаттарынан кездестіруге болады. Құжаттың абзацтары қысқа жолдардан болған жағдайда көпбағанды қолданған дұрыс. Мысалы, заттардың тізімінен немесе өлең мәтінінен тұратын жолдарды еске алайық. Мұндай құжаттың оң жағы толтырылмай қаладыда артық шығын болады. Сонымен қатар мұндай құжат эстетикалық жағынан көріксіздеу көрінеді. MS Word процессрының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, мәтінді құжаттың ішіне ықшамды етіп орналастыруға болады. Мәтінді немесе оның бөліктерін бірнеше бағанға орналастыру үшін Бетті белгілеу – Бағандар батырмасын пайдаланады. Алдын ала теріліп қойған мәтінді де бағандарға бөліп орналастыруға да, алдымен мәтінің бағандарға бөлінуін тағайындап алып, одан кейін бағандарға мәтін теруге де болады. Екінші тәсіл компьютерді игерудегі үлкен шеберлікті талап етеді. Негізі, көпбағанды мәтінді құрғанда мәтіндік процессордың бұйрықтарын игерудің жақсы мақсаттары қажет, себебі сендерге күтпеген нәтижелер алу жағдайлары жиі кездеседі. Мысалы, баған жаңа бетке ауысып кетуі немесе басқа бағандар көп орын алып,толықтай толып жатқанда бір баған бос күйінде қалып қоюы мүмкін. Өздеріңді осындай келеңсіздіктерден қорғау үшін мына жағдайларды есте сақтау керек:
Қарапайым құжаттан көпбағанды мәтін алу тәртібі:
Аралық – бұл бағандар арасындағы арақашықтық. Оны әр баған үшін жеке өзгертуге болады. Назар аударыңдар, бір бағанның енін немесе аралығын өзгерткенде, автоматты түрде басқа бағандардың мөлшерлерінің баптаулары да өзгертеді. Бұлай болатын себебі, барлық мөлшерлердің қосындысы беттің енінен аспауы керек. Баптаулардың нәтижесін оң жақтағы терезеде орналасқан үлгіден көруге болады. «Бөлгіш» құсқанат белгісі бағандар арасында үзіксіз бөлгіш сызықтың жүргізілетінін білдіреді. Мәтіннің бағандарға бөлінуінен бас тарту үшін Бетті белгілеу – Бағандар бұйрығында бір бағанды таңдау керек. |
Мәтінді немесе оның бөліктерін бірнеше бағанға орналастыру үшін Бетті белгілеу – Бағандар батырмасын пайдаланады. Алдын ала теріліп қойған мәтінді де бағандарға бөліп орналастыруға да, алдымен мәтінің бағандарға бөлінуін тағайындап алып, одан кейін бағандарға мәтін теруге де болады. |
Бекіту | Тапсырма 1: Сыныптың тізімін 2 бағанға жазыңдар. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс А деңгейі
В деңгейі
С деңгейі Өткен айдың жаңалықтарын қамтыған мектеп газетін құрыңдар. Суреттер мен мәтінді бағандарға орналастыруды пайдаланыңдар. |
|
Қорытынды: |
|
|
Үйге тапсырма | 120 беттегі $20 Бағандар тақырыбын оқып, мазымұндау |
|
Бағалау: | Сабақ аяқталды. Сабаққа қатысып, белсенділік танытқан оқушылардың бағасын айтайын. Сонымен бүгін сабағымызға белсене қатысқан оқушыларға ..... 5-деген баға, ...... 4-деген баға Осыменен сабағымыз аяқталды, сау болыңдар! |
|