Б Дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: 1.Б дыбысының әріптік таңбалануын, айтылуы мен жазылуын таныстыру. Басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге, сөзге дыбыстық талдау жасауға, дұрыс буынға бөлуге үйрету. Сөздерді дұрыс оқи білуге дағдыландыру.
2.Танымдық қабілеті мен қызығушылығын арттыру.
3.Ұқыптылыққа , таза, әдемі жазуға, дұрыс оқуға тәрбиелеу
Түрі:Аралас сабақ
Әдісі:Сұрақ-жауап, түсіндіру,
Көрнекілігі:Әліппе оқулығы,интерактивті тақта
Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, оқу құралдарын түгендеу.
2.Өткен сабақты пысықтау.
-Балалар, біз өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
-М дыбысымен
-М дыбысы қандай дыбыс?
Тақтадан« Қар»мәтінін оқыту
-Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Сөз неден құралады?
-Сөйлем неден тұрады?
-Мәтін неден тұрады?
3.Жаңа сабақ: 1-слайд. Интерактивті тақтадан балапанның суретін қөрсетіп, сөзді буынға бөлу. Б дыбысы сөздің қай жерінде кездесіп тұр? Б дыбысын дыбыстатып айтқызу.
-Оны дыбыстың қай түріне жатқызамыз, неліктен? Көк ұяшыққа б әрпін салу.
Б-еріннің бір-біріне нық тиіп, артынша кілт ашылуынан пайда болатын қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыс. Б б дыбысының жазба, баспа түрлерімен таныстыру.
2-слайд. Бөрік, барабан сөздеріне дыбыстық, буындық талдау жасау. Б әрпі сөздің қай жерінде тұр? Б дыбысы сөздің басында, ортасында және орыс тілінен енген клуб, штаб деген сөздерге ғана сөздің аяғында келеді. Клуб-түрлі-түрлі ойын сауық кештері өтетін мәдениет орны
Штаб-әскери ұйымдарға басшылық беретін жер. Б дыбысына байланысты сөздер айтқызу.
Оқулықпен жұмыс.3-слайд. Суретте не көріп тұрғанын сұрап, бақа, бақбақ, балық сөздеріне сөйлем құрау.
Бақа, бақа, бақ-бақ,
Сеніп жүрсен мақтап,
Бетің неге сатпақ?
Бақа, бақа, бақ-бақ,
Жүру үшін мақтап
Болу керек аппақ
4-слайд. Тақтадан сөздерді оқыту.
1.Хормен оқиды.
2.Жекелеп оқиды.
Түсінбеген сөздермен жұмыс.
Баба-үлкен кісі, ата –бабаларымыз
Бата-ас қайыру, үлкен тойларда айтылады
Сергіту сәті.
«Төлдер» әні
Осы төлдердің ішінде атауында б дыбысы бар сөздер бар ма?
Бұзау, бота.
Дәптермен жұмыс.
Б әрпін тақтаға жазып көрсету.
Ауада жазу
Дәптерге жазу
Дәптерімізді ашайық
Қолға қалам алайық
Салақтықтан қашайық
Әдемі етіп жазайық.
а). бастыру жұмысы
ә). өздері салу
б). суретпен жұмыс
«Буыннан сөз құра»ойынын ойнату.
4.Қортынды. Қандай дыбыс пен таныстық?
Бдыбысы қандай дыбыс?
Б дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
4.Үйге тапсырма: Бағандағы сөздерді оқу.


Б дыбысы мен әрпі (15.24 KB)

