Меню
Разработки
Разработки  /  Всем учителям  /  Уроки  /  Прочее  /  " Ата - ана махаббаты "

" Ата - ана махаббаты "

Өзін өзі тану пәнінен сабақтың тақырыбы: "ата ана махаббаты"

21.12.2017

Содержимое разработки

Оңтүстік Қазақстан облысы

Шардара ауданы

Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы жалпы орта мектебі



Бекітемін:

Мектеп директоры:

______А.Тұңғышбаев



Тақырыбы: «Ата – ана махаббаты»











Орындаған: Г.Абуева













2017 - 2018 оқу жылы



Мерзімі: 21.12.2017 ж

Тақырыбы: « Ата – ана махабаты ! »

Мақсаты: ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға, жақсы көру сезімдерін байқау,балаға деген сүйіспеншіліктерін нығайтуға ықпал ету.

Міндеттері:
- Шағын дәріс арқылы ата-аналарға бала тәрбиесіне қатысты ақпараттар беру;
- Ситуациядан шығу арқылы бала тәрбиесінде кездесетін қиыншылықтардың алдын алу;
- Ата-аналардың баламен қарым-қатынасында,  баланың үмітіне балта шабатын сөздерден аулақ болуға кеңес беру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, Презентация.

Керекті құрал – жабдықтар: 6 - орамал, плакат А3 формат, пламастер

Әдісі: пікірталас

Жұмыс түрі: дөңгелек үстел

Бағыты:  ақпараттық түсіндерме жұмыстар

Қатысушылар: 1 «а» сынып ата – аналары, ұстаздар

Мұғалім сөзі:

Сіздерді бүгінгі « Ата – ана махаббаты ! » атты дөңгелек үстелге қатысып отырғандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Яғни біздер баламыздың нәресте кезеңінде өзіне көңіл аудартып, өмірге «МЕН» деп айқайлап келетіні, жарық дүниеге бір пенде келгенін өзінің бақырып - шақыруы арқылы сезіндіреді. Бірақ «Менді» біліп туған сәби, өзгенің көмегінсіз, тәрбиесінсіз, үлкеннің ақылынсыз, екінші қасиетті бойына дарыта алмайды. Туа біткен қасиет пен жүре түзелер қасиеттердің екеуі екі бөлек. Бірі өзімшілдігі оңай дамыса, өзін еркін таныта алса, ал екіншісі адамды сүю оңай шаруа емес. Сондықтан отбасында ата - ананың балаға деген сүйіспеншілік сезімі қаншалықты жоғары деңгейде болса, баланың психологиялық-физиологиялық дамуы қалыпты жағдайда қалыптасады. - Олай болса, түйіні терең ойларыңызды ортаға салсаңыздар.

Сәлемдеу, танысу. І. Есімдер аллитерациясы. 
Мақсаты: Ата-аналарды бір - бірімен таныстыру. 
Шарты: Әр отбасынан бір адам осы сыныпта оқитын балаларының есімдерін айтып және де өз есімдерінің бірінші әрпінен басталатын жағымды қасиетін айту керек. 
Әр отбасының сөзінен кейін қалғандары үш рет қол соғып қошеметтеп қояды. 
- Сіздің есіміңізді, жақсы қасиетіңізді айтып жатқанда қандай сезімде болдыңыз? 
- Өзіңіз қазіргі кезде қандай көңіл-күйде отырсыз? 



- Қазір мен сіздерді екі топқа бөліп, топтық жұмыс жасауда 2 сұрақ ұсынамын. Сол сұрақ төңірегінде сіздер пікірлеріңізді плакатпен жұмыс жасау арқылы қорғап шығасыздар?

1 сұрақ: Өз балаңызды жақсы көру деген нені білдіреді?

2 сұрақ: Неліктен кейбір ата - аналар өз балаларын жақсы көрмейді? Себебі не?

- Ата - аналардың пікірлері тыңдалады.

ІІ. Жағдаяттар шешу: 

  1. Қызы мектептен келіп анасына “Сізге маңызды бір нәрсе айтқым келеді” десе, анасы “Сенсіз де басым ауырып тұр, мазамды алма” депті. Сіз не деп жауап берер едіңіз?

  2. «Балаңыз ұялы телефон алып бер деп жылады. Сіз: «Шамалы шыдай тұр, уақытында алып беремін» - дедіңіз. Балаңыз тыңдамай есікті тарс жауып кетіп қалды. Сіздің әрекетіңіз?»

  3. Балаңыз жақсы оқиды. Тәртібі де жақсы. Бірде сынып жетекшісі үйге телефон соқты. “Бүгін балаңыз сабаққа келмеді. Бұдан да бұрын сабаққа келмей қалған” - деді. Сіздің оны мектепке жібермей қалған күніңіз болған жоқ. Енді не істейсіз?

  4. «Балаңыз түнімен теледидар көріп, ұйқысы қанбай қалды. Балаңыз: «Басым ауырып тұр, мектепке бармай – ақ қояйыншы», - деді. Сіздің әрекетіңіз?

Мұғалім сөзі: Жарайсыздар ! Рақмет сіздерге ! Ал енді

ІІІ. «Әке мен бала» арасындағы шағын диалогке назар аударсаңыздар.

* Әкесі науқастанып, ауруханада жатыр. Қызы әкесінің халін білуге алыстан келіп тұр еді. - Ләззат келіпті гой , қызым менің! Қане саған жақсылап қарап алайыншы! Қасыма отыршы. - Қалайсың әке? Халің қалай? - деп сұрады Ләззат - Нашар, қызым, нашар. Аз ғана өмірім қалды-ау деймін.... - Әке қойшы, олай демеші! - Тоқтай тұр, Ләззат менің саған айтарым бар. Мен осында жатып көп ойландым. Сен туралы, анаң туралы, өмір жайлы..... Сонда түсінгенім: сен мен үшін өте қымбатсың, сен – менің қуанышымсың, қанымсың. Бірақ мен өмірімде саған ең басты маңызды сөздерді, сені қалай жақсы көретінімді айтпаппын. Мен сені әрқашан жақсы көрдім, Ләззат, бірақ соны саған ешқашан айтпадым. Жақсы көретінімді неге әрдайым айта бермедім деп өкініп жатырмын..... деген екен.





Мұғалім сөзі:

  • Біздің балаларымыз да әрқашан бізден осы сөздерді күтеді.Ендеше балаларыңызға жақсы,жылы сөздерді жиірек айтып отырсаңыздар деймін.

IV. Сахналық қойылым Ата –ана бала көзімен қарағанда қандай әсерде болатындарыңзды байқап көру мақсатында « Бала мүсіні » атты көріністі ұсынамын.

Мұғалім сөзі:

  • Баланың рөліне ата - аналардың бірін шақырамын. Қатысушыларға әр топтан көрініс кезінде айтылатын тыим сөздерді естерінде сақтап, орамалмен байлап тұру тапсырылады.



  • Менің кішкентай қызым бірінші сыныпта оқиды. Біз екеуміз мектепке асығып келеміз, автобусқа үлгеріп келуіміз керек. Менің қызым өте қозғалғыш, бәрін білгісі кеп тұрады, тіпті автобусқа асығып келе жатқанда да көп сұрақтар қояды. Мен қызымның қолынан алдым да, жүгіре жөнелдік.

  • Мама, анау не, қарашы! - деді қызым.

  • Уақыт жоқ, аяғыңның астына қара, сүрінесің де жүресің! Неге жан - жағыңа алақтай бересің? Жолға қара. ЖАН-ЖАҒЫҢА ҚАРАМА!-деп жауап бердім мен. Сол сәтте қызым сөздерді тура мғынасында түсініп, менің бұйырғанымдай көзін жұмды. (орамалмен көзін байлаймыз) Біз әрі қарай мектепке асығып кетіп барамыз. Автобусқа мініп, мен онда өзімнің құрбымды кездестірдім. Екеуміз кешегі күнді талқылай бастадық. Қызым мұхият тыңдап, содан соң былай деді.

  • Мама, мама, құстың сайрағанын естимісің? Сағат деген ағай кім? - деді.

  • Мен, неге сен үлкендердің әңгімесіне жағаласасың? Құлағыңды түріп алыпсыңғой, үлкендердің әңгімесін тыңдауға ұялмайсың ба? ТЕЗ ҚҰЛАҒЫҢДЫ ЖАП! (орамалмен қызымның құлағын байлаймыз)

  • Біз а втобустан түсіп, жолмен жүгіріп келеміз.Мен кешігіп қаламыз ба деп қайта-қайта сағатыма қарап келемін.

  • Бүгін қандай күн, тамаша болады! Мама мені Малика күтіп отырған шығар, мен оған фантик әкелемін дегенмін, анау ше..... –деді.

  • Қойшы! Не былшылдап кеттің, уақыт жоқ, онсызда кешігіп келеміз. Осы сен үндемей жүре алмайсың ба? ТЕЗ АУЗЫҢДЫ ЖАП! (орамалмен аузын байлаймыз). Баламды қолынан ұстап алдымда, әрі қарай жылжыдық. Қызым үндемей келеді, бірақ жерден бір бұтақты көтере бастады. Мен оның тілазар екенін айтып, қолынан салып жібердім.









  • Осы сенің қолдарыңа тыным жоқ екен. Таста дедім мен саған. ТАРТ ҚОЛЫҢДЫ! (орамалмен қолдарын байлаймыз). Осы кезде секеңдеп, аяғын жан-жаққа сермей бастады. Менің төбе шашым тік тұрып,оған айқайладым.

  • Сен мұндайды қайдан үйренгенсің? Бұл немене тағы? Секеңдегеніңді қой! ТҮЗУ ТҰР! (орамалмен аяқтарын байлаймыз) Мен сағатыма қарап, кешігетінімізге ашуланып, баланы сілкілей бастадым.

  • Неғып былжырап келесің, аяғыңды бас тезірек, жүруді де ұмытып қалғансың ба, Бол тез! Әкел қолыңды! Қолы қол емес имек сиақты, я дұрыс жаза алмайды, я дұрыстап ұстай алмайды. Жолыңа қара, сүрінбей, соқырға ұқсап келе жатқанын қарашы! Неғып үндемей қалдың, мен сенімен сөйлесіп тұрмынғой керең неме! Қызым жыламсырай бастады. Мен одан сайын даусымды көтеріп айқайлады.

  • Неге жылайсың? Неге жылайсың деймін мен саған. Жылайтындай не болды? Мені ұятқа қалдырдың ғой ! Мен кімге айтып тұрмын. ЖЫЛАМА! (осы сөздерден кейін ішін қатты байлаймын) Сөйтіп, әрі қарай қызымды қолынан дым келмейтіндігі үшін сөгуді жалғастыра бердім. Яғни мен оның бала екенін және оған менің көмегім керек екенін ұмытып, оның істеген істеріне көңілім толмай жүре бердім.

Ата - аналардың ой пікірлерін тыңдау

  • Сіздердің осы оқиғадан түйген ойларыңызбен бөліссеңіздер?

  • Ата – ана бала көзімен болғанда қандай әсер алдыңыз?

  • Кішкене болсада бала тәрбиесінде кетіп жатқан қателіктеріңізді түзетуге түрткі бола алды деп ойлайсыздар ма?

V. Қорытынды:

Мұғалім сөзі:  Жақсы! Керемет ой білдірдіңіздер!

Атақты жанұялық терапевт Вирджиния Сатир балаңыздың дұрыс қалыптасуына күніне бірнеше рет құшақтаудың оң әсер беретінін айтқан. Яғни балаңыздың өмір сүруі үшін 4 рет құшақтау өте қажет болса, ал өзін жақсы сезіну үшін кем дегенде 8 рет құшақтау керек деп есептеген. Ал баланың интеллектуалдық жағынан дамуы үшін- күніге 12 рет құшақтау қажет деген. Ересектер үшінде өте қажет екенінде айтқан. Бала өзі ата-ана құшағынан өзі шықпайынша итеріп жіберуге болмайды. Бала өзін риясыз қабылдайтынын сезініп өсу керек. Балаңыздың психологиялық дамуына көмектесе отырып, эмоционалдық жағынан қоректендіреді. Бала осындай белгілерді алмаса, онда эмоционалдық проблемалар, мінез-құлқындағы ауытқушылықтар пайда болып, тіпті психикалық – жүйке ауруларына да ұшырауы мүмкін.






VІ. Қорытындылау. «Тілек шамы».

Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.

«Міне, қоштасатын да сәт жетті. Ата-аналар. О- о Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір - бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.







Оқу ісінің меңгерушісі: Л.Қалиева







-75%
Курсы повышения квалификации

Проектная деятельность учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
" Ата - ана махаббаты " (31.06 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт