Меню
Разработки

Астана - арман қала

Астана түралы мәлімет,ән айту,тақпақ айту арқылы балаларды Отанды сүйюге тәрбиелеу.

11.01.2018

Содержимое разработки

Музыка  залы  әсем безендірілген, теледидарда Астана туралы видеоролик жүріп тұрады.

         Жүргізуші: Қайырлыкүн, құрметті балалар, қоңақтар, әріптестер. Еліміз егемендік алғанына биыл 26 жылдығын тойлауда. Сендер осы тәуелсіз мемлекетте жарқын өмір сүріп жатқан бүлдіршіндерсіндер. Ал бүгін біз Қазақстан Республикасының елордасы – Астананың туған күнің тойлаудамыз.
  Астана қаласы бұрын Ақмола деп аталған, оның  туған жылы 1830 жыл. Астана қаласы Есіл өзенінің жағасында орналасқан.
  1997 жылы  Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады. 1998 жылы жаңа елордасы атауы Астана болып өзгертілді.
1998 жылы ЮНЕСКОның шешімі бойынша Астана қаласы «Бейбітшілік қаласы» деген жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Астана қаласы шапшаң қарқымен дамып келеді және де келешегі өте зор.
                 Көшелері құлпырған сала-сала
                 Алаңдары кең құшақ сайран дала.
                 Көргендері арлы арудан айнымайтын
                 Ақ көңілді кеңпейіл қайран қала – деп ортаға бүлдіршіндерімздің Астанаға арналған өлең шұмақтарын  тарту етуге шақырамыз.
1. Астанамыз сүйкімді,
    Гүлдей жайнап құлпырды.
  Қызықты болып барады,
    Бір күннен – бір күні.
2. Әлемдегі дара бір
    Әсем сәндік қала бұл
    Есіл арбаты жаңа үй
    Бүкіл әлем көріп тұр
3.Інжу тастан өріп бір
   Салған ғажап – көрікбұл
   Салтанатын, сәулетін
   Жаңа Астанамыз жайнап тұр
4.Нұр сыйлап қала көркіне
   Тағыпатып: Жер, Күнге
   Тұр ғажайып ғимарат
   Зор Бәйтерек кейпінде
5.Әсем қала Астана
   Ел қызыққан жас қала
   Астана деп жазамын
   Ақ параққа тағыда
Жүргізуші: Ән көңіл мен құйылды
                          Қайғы бұлты шегілді
                          Балалармен дүние
                          Көрікті де көңілді
Ән: «Астана»


Жүргізуші: Біз балдырған тек басқан
                      Дос құшағы кең ашқан
                      Тілегіміз бейбіт күн
                      Ашық болсын көк аспан – дей отырып «Балапан» тобының бүлдіршіндері өз биін сыйлайды.
Би: « Воздушные шарики»
Жүргізуші: Бейбітшілік әніміз
                      Бауырласпыз бәріміз
                      Қазақстан даласында
                      Жарасады сәніміз – дейді «Балапан» ІІ кіші тобының бөбектері. Ду қол шапалақпен оларды ортаға шақырып, Астанаға   арналған тақпақтарын тамашалайық. 
1.Анель: Астанамыз – әдемі
            Жарқырайдыжұлдыздай
2.Каусар: Есілдінбойы бас қала
              Мақтанашым – Астана
3.Амина: Өсіп міне келемін
            Байтеректей болып мен

4.Інжу: Көз тартады – Астана
              Биік Бәйтерегімен
5.Азиз: Жарқырайды елімнің Астанасы
          Күндей шуақ шашады жас қала
Жүргізуші: Болсын  кіші – бойымыз
                    Биікке ұшу – ойымыз
                    Біз бақытты балдырған
                    Тойға ұласқан тойымыз – дей отырып алдарында жауқазындай жайнаған бүлдіршіндердің орындауында «Қазақ биі»
Би: «Қазақ биі»
Жүргізуші: Қазір балалар менің сендерге жасыратын жұмбағым бар, шешімің таба аласындар  ма?
(балалардың жауабы)
Жұмбақ: Үрлесең жеп - жеңіл,
Елпілдеп кетеді.
Ұшырсаң, көк - теңбіл,
Бұлтқа да жетеді.

Бұл не балалар? (Шар)
Жүргізуші: Бізге мереке әуе шарларын шығарып беруіңізді сұраймыз. Қараңызшы ,балалар қандай түрлі – түсті шарлар. Осы шарлармен мен сендермен ойын ойнасам деймын.

Ойын: «Кім тез шар әкеледі»

Жүргізуші: Жарайсындар, балалар, керемет ойын болды. Ал енді біздің шарлар демалсын.
Бүгін біздің мейрамға гүлді қалашықтан қонаққа Сиқыршы асығып келе жатыр. Балалар, ал біз сиқыршыны білеміз ба, оны қайда кездестірдік. (Балалардың жауаптары)
Жүргізуші: Әрине, біздің балабақшада. Ендеше, Сиқыршыны шақырайын, шақыруға көмектесесіз ба?
Балалар: Ия
Жүргізуші: Балалар, Сиқыршы назар аударатын ойынды өте жақсы көреді екен. «Күн мен түн» ойынын ойнайық.
Ойын: «Күн мен түн»
(Балалар «ұйқтады» сол кезде Сиқыршы кіреді)

Сиқыршы: Мен Сіздермен жүздескеніме қуаныштымын, менің кішкентай достарым! Астана күні құтты болсын! «Астана – арман қала»-дейді, ендеше армандарыныз орындалсын.

Жүргізуші:Саламатсыз ба, Сиқыршы!(Қолын ұстайды). Біз сізді күттік. Ал сіз, алайда, нақты сиқыршысыз ба?
Сиқыршы:Әрине, сіздің күмәнініз барма?

Жүргізуші:Иә, сізге бір өтініш бар. Бірақ алдымен, сіз нағыз сиқыршысыз ба дәлелденіз. Бізге бір сиқыр көрсетіңіз.
Сиқыршы: Ал жақсы. Сізге нені көрсетсем болады? (Ойланады). Мен сізге сумен сиқыр көрсетейін. (Сумен сиқыр көрсетеді).
Жүргізуші: Тамаша!!!
(Сиқыршы иіліп тұрады,балалар қол соғады).
Жүргізуші:Енді біз, сіз нағыз сиқыршы екенін көрдік.

Сиқыршы: Рахмет, рахмет, менің кішкентай достарым. Ал маған қандай өтініштеріңіз бар?

Жүргізуші:Құрметті Сиқыршы, бүгінгі мерекеде біздің балалар,сабынды көпіршіктермен ойнап,көңіл көтергісі келеді.

Сиқыршы: Сіз үшін, өтінеміз. Тек сіздең көмек қажет.Менің сиқырлы қобдишамды ортаға алып келсеңіз.

Жүргізуші сиқырлы қобдишаны ортаға алып келеді.
(Сиқыршы жоғарыға қарап,сиқырлы сөздерді айтады: Буль,Биль,Буль)
Қобдиша ашылады.

Жүргізуші: Тамаша!!!
Сиқыршы: Мен барлық балаларға сабынды көпіршіктерді дайындадым. (Әрбір балаға таратып береді). Енді,балалар,менің кететің уақытым болды, жолға жығайын.Мені алда кереметтер күтіп тұр. Сау болындар, менің кішкентай достарым!
Балалар Сиқыршымен қоштасады.

Жүргізуші: Балалар сіз, ризасыз ба? Сабынды көпіршіктердің көмегімен біз көпіршіктерді ұшырамыз.

Ойын: «Көпіршіктер әлемі»

Жүргізуші:  Жыр арнадым еліме тебірене
                         Үміт артам елімнің ертеңіне
                         Астананың туған күні құтты болсын
                          Отаным жылдан жылға көркеюде
                          Тілеймін мен әр адамға бақыт қонсын
                           Елімде бейбіт, тыныш заман болсын  
Жүргізуші:       Жан қалмасын жай тұрған
                           Мәз болсын жас- кәріміз
                           Қайта оралған халқымызға
                           Биленсін «Қара жорғамыз»
Астананың туған күніне арналған іс-шара «Қаражорға» биімен аяқтайық
Би: «Қаражорға»    













-80%
Курсы дополнительного образования

Кухни мира

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Астана - арман қала (24.19 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт