Сабақтың тақырыбы:
Ашықтұқымдылар
Жалпы мақсаты:
Оқушыларды ашықтұқымды өсімдіктердің алуантүрлілігімен таныстыру;
Оларды тұқымды өсімдіктер ретінде сипаттау;
Құрылымының күрделі екенін айту. Ашықтұқымдылардың түрлерін айыра білу, оларды өзара салыстыру біліктілігін қалыптастыру.
Міндеттер:
Мазмұнға байланысты міндеттер:
Ашықтұқымдылар басқа өсімдіктерден айырмашылығы және олардың пішіндері
туралы түсінік алады.
Сын тұрғысынан ойлауға байланысты міндеттер:
Ашықтұқымдылардың табиғаттағы, шаруашылықтағы маңызына көз жеткізе отырып, оларды қорғау мақсатында сыни көз-қараспен қарайды.
Топтық жұмыс процесіне байланысты міндеттер.
Жекелей және топпен жұмыс істеуге үйренеді.
Сөйлейді, өз ой пікірін айтады.
Сабақтың түрі:
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
І. Қызығушылықты ояту: Ой қозғау стратегиясы
Топтарға мынадай сұрақтар беріледі.
«Өсімдік деген сөзді естігенде көз алдымызға не елестейді? ,
Өсімдік туралы не білеміз, өсімдіктердің өзара айырмашылығы қандай?»
Осы сұрақтар бойынша оқушылар бірінші жекелей одан кейін топта талдап жауап
береді.
І І. Мағынаны тани білу: INSERT стратегиясы.
- Оқушыларға жаңадан өтілетін ашықтұқымдылар туралы толық мәлімет беретін «Ашықтұқымдылар бөлімі» тақырыбын оқып шығу тапсырылады.
- Мәтінді оқи отырып, стратегиясын пайдаланып, әрбіріне жеке өз бетінше кестені толтыру тапсырылады. Кестені толтыру кезінде үш шартты белгіні пайдаланамыз.
- Білемін ү+ Мен үшін жаңалық? сұрақ туындайды
- Бұдан соң оқушылар кестелеріндегі мәліметтерін топта талқылайды. Оған белгілі уақыт беріледі. Ақ қағазға түсіріп талдайды .
Ой толғаныс: Кубизм стратегиясы . Зерттеңіз.
- № 20 Зертханалық жұмыс
- Ашықтұқымды өсімдіктердің сыртқы құрылысы
- 3. тапсырма «Қарағай қылқаны» микропрепаратын алдымен микроскоптың 56 есе үлкейтетін ұлғайтқышымен қараңдар. Қылқанның көлденең кесіндісінен оның сыртын жауып тұратын қатты қабықшаны, лептесігін табыңдар. Лептесігін санаңдар.
1 топ «Талқылаңыз»
Қарағай өркенінің сыртқы құрылысын қараңдар. Өркенде қылқандар қалай орналасқан. Қылқанның сыртқы түрі қандай?
2 топ «Салыстырыңыз» Шыршаның қылқаны қарағайдың қылқанынан сыртқы құрылысы жағынан қалай ажыратылады салыстырыңыз.
3 топ «Қолданыңыз»
Ашықтұқымдылардың табиғатта және шаруашылықта алатын орны.
Барлық топтың жұмыстары қорғалып, талданады.
Бес жолды өлең
1-топ
Шырша
---------------- ----------------
---------------- ------------ -------------
----------------------------------------------------------
--------------- ---
2-топ “Қарағай” 3-топ “Самырсын”
Бес жолды өлең
2-топ
Қарағай
---------------- ----------------
---------------- ------------ -------------
----------------------------------------------------------
--------------- ---
Бес жолды өлең
3-топ
Самырсын
---------------- ----------------
---------------- ------------ -------------
----------------------------------------------------------
--------------- ---
Үйге
Кестедегі «Сұрақ туындайды» деген бөлімі бойынша өздері ізденіп жауап жазып келу


Ашықтұқымды өсімдіктер (7.01 MB)

