СЫНЫП: 7 Күні: 19.02.2020 ж. Сабақ:110/6 | Мұғалімнің аты-жөні: Аканбаева | |||||||||||||||||||||||||||
Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспаған оқушылар саны: | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы:
| Жылқы –ер қанаты | |||||||||||||||||||||||||||
Осы сабаққа қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 7.2.5.1 - диалогке қатысушылар коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай «сөйлеуші →тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстыру. 7.4.4.1 - тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, презентация түрінде ұсыну. | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары
| Диалогке қатысып, өз ойларын еркін айтып, позицияларын еркін ауыстырады. Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, презентация түрінде ұсынады. | |||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі | Жылқы туралы мәтін бойынша сұрақтар, диалог, жоспар құрастырады. Сөздер мен сөз тіркестерін байланыстырады. | |||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Жеке, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. | |||||||||||||||||||||||||||
Ресурстар | Презентация, оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс. | |||||||||||||||||||||||||||
Әдіс-тәсілдер | Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. | |||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Тарих, әдебиет | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспары | ||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланғануақыт | Сабақ барысы : | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||
Басталуы 5 минут | Сәлемдесу. Топқа бөлемін 1-топ-Сәйгүлік 2-топ-Тұлпар 3-топ- Арғымақ «Адасқан әріптер» ойыны Қылыж-жылқы Та-ат Пұлатр-тұлпар Марықағ – арғымақ Күлгісәй-сәйгүлік |
«Адасқан әріптер» ойыны | ||||||||||||||||||||||||||
Жаңа білім 15 минут
| Сабақтың эпиграфы: «Жылқының сүті-шекер, еті-бал, иісі-жұпар,терісі –киім, мінсең –тұлпар». (Досбол би) «Жылқы туралы не білеміз?» бейнебаян көрсету Мамандық иелері сөйлейді (оқушылар жылқы малының ерекшелігі мен пайдасы туралы әңгімелейді) Тарихшы: Этнограф: Қазақ халқының тарлан тарихының тереңіне үздіге үңілгенде де тәнті болатынымыз-бабаларымыздың елін,жерін қорғап, ата жауымен алысқандағы қанды көйлек жолдасы да жылқы екенін көреміз. Қазақтың халық жырларындағы батырлардың қайсысын алсақ та жаяуы жоқ және олар құр көлік емес,батырдың жан серігі, жебеушісі ,құтқарушысы, өте қасиетті жануар ретінде суреттеледі. Әдебиетші: Жылқышы:
Сәулетші: Елтаңбадағы ерекше белгілерінің бірі-ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ.Шаңырақты биікке көтерген қанатты тұлпарлар елдің ертеңіне деген сенімнің белгісі десе болар еді.Жылқы бейнесі ерте заманнан рәміздік белгі ретінде қолданылып келеді.Жұлдыздарға ұмтылған қанатты тұлпарлар кеңістікті бағындыру нышаны іспеттес. Қазақтар дүниетанымындағы барлық өмір құбылыстары жылқы бейнесімен байланысты.Бұл оның Мемлекеттік рәмізде пайда болуының кездейсоқ еместігінің бір дәлелі. Сазгер: Дәрігер: Жылқы еті де , сүті де ,майы да пайдалы. Қымыз – қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмінің бірі. Қазақтың ертедегі көшпелі өмірінде ауруға ем болып, сауға қуат берген осы қымыз. Қымыздың құрамына кіретін түрлі заттардың бәрі де адамның бойына жақсы сіңеді. Бие сүтінде “ С” витамині мол болады. Сондықтан оның емдік қасиеттері, әсіресе туберкулез ауруынан емдеу үшін айрықша жоғары. Қазысының майы адамның сүйегін балқытыды.Сынықшылар адамның қисық біткен сүйегін осы майды пайдаланып қайта салады.Еті бауыр ауруларына, асқазан-ішек жолдарын емдеуге пайдалы.Жылқы еті бауыр ауруларына,асқазан астындағы ұйқы бездерінің, асқазан-ішек жолдарының дертін емдеуге пайдалы. Жылқы еті өте бағалы, жоғары сапалы тамақ, ал қазысының тағамдық та, емдік қасиеті көп. Қазы, шұжық,қарта, жал, жая сияқты жылқы етінен істелген тағамның дәмділігі тіл үйіреді. Қымыз - көптің сүйсініп ішетін сусыны болып келеді. Қазақтар жыл маусымына қарай қымызды уыз қымыз, жазғы қымыз, күзгі, қысқы қымыз деп атаған Шебер:
|
https://www.youtube.com/watch?v=C5jPYPWW77I
презентация | ||||||||||||||||||||||||||
Ортасы 10 минут
| Топтық жұмыс Мәтінмен жұмыс 1-топ Мәтін бойынша диалог құрастыру. 2-топ Мәтін бойынша 5 сұрақ құрастыру. 3-топ Мәтін бойынша жоспар құрастыру.
Сәйкестендір (топта сөздер мен сөз тіркестерін байланыстырады, топтар бір-бірлерін тексереді).
Өлеңді толықтыр Біздің ел ертеден-ақ … баққан, Қолға үйретіп, … таққан. Жүйріктерін … таңдап мініп, Сын сағатта … жауға … . Қажетті сөздер: ішінде, жылқы, ерлері, ноқта, шапқан. |
кесте | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 10 мин | Рефлексия «Таңдау» әдісі Бағалау Жетістік критерийлері бойынша Үй жұмысы 58-бет, 9-тапсырма. Мақал-мәтелдерді жаттау. Сабақты Қанат Үмбетовтің «Сәйгүлік» әнімен аяқтау. | Слайд бейнебаян | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақта саралау тапсырмалары болды ма? Қалайша қолдау көрсете аламын? Қабілетті оқушыларды оқытуда алдыма қандай міндеттер қоямын? | Оқушылардың материалды қаншалықты игергенін қалай бағалаймын? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын сақтау | ||||||||||||||||||||||||||
|
|
| ||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия 1. Мен сабақ қызықты / қызықсыз болды деп ойлаймын. |
| |||||||||||||||||||||||||||
Жалпы бағалау
Қандай екі аспект жақсы өтті? (оқыту мен білім беру туралы ойланыңыз) 1: 2: Сабақты жақсартуға не себеп болатын еді? (оқыту мен білім беру туралы ойланыңыз) 1: 2: Сабақ барысында сыныптың жетістігі туралы не ойладым/ жеке оқушылардың қиындығы, келесі сабақтарда неге назар аудару қажет?
|
А бай атындағы № 3 жалпы білім беретін орта мектеп
Ашық сабақ:
«Жылқы –ер қанаты»
Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аканбаева А.Т.
Талғар қаласы
2019-2020 оқу жылы