Сабақтың тақырыбы : Тәуелсіздік монументі
Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыларды тәуелсіздік монументімен
таныстыру,
Тәуелсіздік туралы білімдерін толықтыру.
2) Еліне деген сүйіспеншілікті арттыру,
оқушылардың ой -өрісін дүниетанымын
кеңейту.
3) Туған елін қорғауға, өз жерінің
табиғатын сүюге, зейінділікке,
ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу,ой толғау, ой шақыру,
венн диаграммасы,бес жол өлең.
Пән аралық байланысы : Бейнелеу өнері, музыка
Көрнекіліктер : тест, тәуелсіз монументі,
тапсырмалар, аялдамалар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
а) психологиялық даярлық
Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді.
- Балалар , бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр.
- Атам қазақ ежелден қонақжайлылығымен аңызға айналған халық. Бұдан біз халқымыздың жомарттығын байқаймыз.Ал бүгінгі келген қонақтарымызға қонақжайлығымызды тапсырмаларды ұйымшылдықпен, тәртіп, ең бастысы біліммен көрсетейік.
Сабағымыз “ Тәуелсіздіктің 20 жылдығына ” байланысты астанамыз Астана қаласына саяхат түрінде өтіледі.
Ақорданың жалпы көлемі 367 шаршы метр. Шатырсүмбіні қоса есептегендегі ғимараттың биіктігі 80 метр.
Бірінші қабатта: жалпы ауданы 1800 шаршы метрді құрайтын, едені граниттен төселген салтанатты холл орналасқан.
Екінші қабатта: қызметтік орынжайлар орналасқан.
Үшінші қабатта: киіз үйге ұқсатып жасалған, мәрмәр және гранит таспен өңделген Шығыс залы.
Төртінші қабатта: екі жақты кездесулерге арналған “Алтын” зал және қызметтік орынжайлар мен мәжіліс залдары орналасқан.
« Сұрақ – жауап ». « Ой шақыру » тәсілі
Өтілген сабақтарға қайталау жасаймыз.
Тест сұрақтары:
1.Қазір жылдың қай мезгілі?
А) қыс В) көктем С) жаз
2. Тәуелсіздікке биыл неше жыл?
А) 18 В) 20 С ) 21
3.Қойдың пірі
А) Шопан ата В) Қамбар ата С) Зеңгі баба
4. Тоқтар Әубәкіров кім?
А) ұстаз В) ұшқыш С) суретші
5. Ақ күріштің атасы кім?
А) Ыбырай В) Ахмет С) Абай
“ Бәйтеректің” биіктігі 97 метр. Бәйтеректі салмағы 85 тонна темір жапқы материал ылғалдан қорғап тұр.
“ Астана-Бәйтерек” жобалаған топтың жетекшісі-Қазақстан Сәулетшілер одағының Президенті Ақмырза Рүстембеков.
« Білім » « Ой толғаныс » тәсілі
Жаңа сабақ . Ой шақыру
1969 жылы Алматы қаласынан 50 шақырымдай жердегі Есік қаласының маңындағы сақ обасынан “Алтын киімді адам” табылды. Қабір ағаш қақпақпен жабылған. Темір құрсаулармен бекітіліп, тақтайдан еден салынған. Адам денесінің астына алтын төсеніш төселген. Мұнда басын батысқа қаратып, қару-жарағын асындырған 17-18 жастағы жас жігіт жерленген. Оның бойы 165см. Адамның киімі 4 мыңға жуық алтын әшекеймен өрнектелген. Биіктігі 65-70 см шошақ төбелі болып келетін баскиімі 200-ден аса алтын әшекеймен безендірілген. Дулығаның сыртынан асқар бейнесіндегі тәж кигізілген.
« Шығармашылық » Ой қозғау тәсілі
- Балалар биыл тәуелсіздігіміздің неше жылдығын тойлаймыз?
-20 жылдығы.
-Олай болса « Тәуелсіз Қазақстанға 20 жыл » тақырыбында жұмыс жасаймыз.
1 топ - Бес жол өлең
2 топ - Эссе жазу
3 топ – «Қазақстан» сөзінен сөз құрау
Пирамида грекше зәулім мағынасын білдіреді. Бұл сарайдың шаңырағы астына Қазақстанның ұлттық мәдени мұражайы, 1500 орындық опера театры, өркениет университеті , көрме және концерт залдары, кітапхана, сондай-ақ әлемдік діндерді зерттеу орталығы мен діни конференциялардың офистері орналасқан.
« Ой қорыту » Ой қорыту тәсілі.
Жаңа сабақты пысықтау .
1. Алтын адам қай жылы табылды ?
2. Тәуелсіздік монументі қай қалада
орналасқан ?
3. 2011 жылы Тәуелсіздік алғанымызға
неше жыл болды?
4. Тәуелсіздікті қай жылы алдық ?
5. Монумент деген не?
6. Ел басы кім ?
Үйге тапсырма : 77- бет,тәуелсіздік туралы суреттер жинастыру.
Бағалау

Ашық сабақ: Тәуелсіздік монументі (4.16 MB)

