Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Уроки  /  5 класс  /  Ашық сабақ: «Салауатты өмір салты"

Ашық сабақ: «Салауатты өмір салты"

лллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллллл

03.03.2017

Содержимое разработки

Тақырыбы: «Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен».

Мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу, оларды ішімдік, темекі, есірткі сияқты қоғамның кері келтіретін құбылыстары жөнінде мәлімет бере отырып, олардан бойын аулақтату.

Әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, сахналық көрініс, анкеталық сұрақтар.

Сабақтың барысы:

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме! Сіздермен,  шын жүректен тәрбие сағатын бастауға қуаныштымын. Адамның өмірі тамаша, сәулетті көктем емес пе? Еліміздің әрбір адамы қалауынша өмір сүруге құқылы. Ал енді өмір туралы, денсаулық туралы ойланып көрейікші. Адам өмірі ғажайып нәрсе болғанымен, қас қағым сәтте үзіледі. Сол жіпті үзетін дерт- наша, темекі, арақ. Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі – адам денсаулығы. Адам өміріне қауіп төндіретін жағдайларға соғыс, ашаршылық, экологиялық жағдайлар және адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер жатады.

     Осы жағдайлар ішінде бізге түсінбеушілік тудыратын соңғысы, яғни адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер.

     Бұлар қандай әрекеттер?

Бұлар: шылымқорлық, ішімдік, нашақорлық т.б. Бүгінгі тәрбие сағатында біз осы зиянды әрекеттер туралы әңгіме қозғап, солардан сақтану жолдарын қарастырамыз.

     Сынып оқушылары 3 топқа бөлінеді. 

І топ «Шылымқорлық»

Ұраны: «Темекіден түтін сорсаң улайсың, өзіңді-өзің жіпсіз байлап шырмайсың».

ІІ топ «Ішімдік»

Ұраны: «Болар бала кісілікке үйір, тозар бала ішімдікке үйір».

ІІІ топ «Нашақорлық»

Ұраны «Есірткіге жолама, жетелейді молаға».

Мұғалім: Топтарға сөз бермес бұрын, мен жас жеткіншектердің психологиялық сауаттылығына кері әсер ететін факторлар туралы айта кетейін.

     Олар: 1) Отбасындағы қолайсыз жағдай.

2) Отбасының материалдық жағдайының төмен болуы.

3) Мектептегі пәндерден үлгермеу.

4) Сабақтан тыс уақытта ата-аналар тарапынан бақылаудың жеткіліксіз болуы.

5) Заңды бұзу.

6) Бөгде біреудің қысым көрсетуі.

7) Теледидар бойынша көрсетілетін сапасыз жарнамалар және фильмдер.

     Ешқандай ата-ана баласының тәрбиесіз, бұзақы болғанын қаламайды. Жас жеткіншек шыбық секілді иілгіш, жел қайда соқса сол жаққа қарай бейімделеді. Бірақ жаман ідетке үйрену оңай. Енді осы зиянды әрекеттер туралы әңгіме жүргізейік.

І – топ «Шылымқорлық»

1-оқушы: Темекінің шығу тарихы – темекі Еуропа мен Азияға 15 ғасырда келген. Алғашқы кезде темекі тіс ауруына қарсы қолданылатын дәрі ретінде пайдаланылып жүрген. Ресейде темекі тарту дағдыға айналып, кең тек жайған мезгіл – Петр І патшалық еткен кез.

2-оқушы: Дүниежүзілік «Денсаулық сақтау» ұйымының мәліметі бойынша 2007 жылы темекінің зардабынан қайтыс болатындар саны 10 миллионға жетеді деген болжам бар. Темекінің шоғы 300 градусқа жеткенде оны сорған адамның аузының температурасы 60 градусқа дейін барады. Бұл ауыз, өңеш, кеңірдек, тыныс жолдары мен асқазан қабығының нәзік жасушаларын күйдіреді.

3-оқушы: Темекіден ауаға жылына 720 мың тонна күкірт қышқылы, 384 мың тонна аммиак, 180 мың тонна никотин, 660 мың тонна темекі майы, 550 мың тоннадай иісті газ шығады.

4-оқушы: Ертеде Түркияда темекі тартушылардың құлағын, мұрнын кесіп, қолын шауып тастаған. Англияда темекі тартатындарды дарға асқан. Ал Швецияда 2000 жылдан бері жас ұрпақ шылым шегуді білмейді.

Мұғалім: Қазіргі кезде республикамыздағы мектеп оқушылары арасында 13-15 жастағы оқушылардың 46 пайызы шылым шегеді. Бұл – өте өкінішті жағдай.

     Топ мүшелеріне қойылатын сұрақтар:

1. Не себептен балалар темекі шеге бастайды?

2. Адам күніне бір қорап темекі шегетін болса, оның өкпесіне бір жылда қанша темекі қоры жиналады?

Мұғалім: Қазіргі кезде темекіден арылғандар саны көбейе түсуде. 31 мамыр – шылымқорлықпен күресудің халықаралық күні деп белгіленген.

ІІ - топ «Ішімдік»

1-оқушы: Маскүнемдік – алкоголь ішімдіктерін үнемі қолданудан және шектен тыс үйір болудан қанға сіңіп кететін дерт. Ағзаның бірқатар қызметін бұзатын және тереңдей беретін кесел. Алкоголь ішімдіктеріне құнығу жолдары:

1. Тұрмыс жағдайындағы маскүнемдік.

2. Бас жазу синдромы немесе үнемі ішкісі келу.

3. Ішкен ішімдік мөлшерін бақылауды жоғалту.

2-оқушы: Алкоголь ішімдіктеріне тым үйір адамның өмір ұзақтығы – халықтың орташа өмір ұзақтығымен салыстырғанда 15-20 жас кем. Баланың миының дамуының 40-60 пайыз артта қалу себебі ата-аналарының маскүнемдігі.

3-оқушы: Қазақстанда халықтың басым көпшілігі алкоголь ішімдктерін пайдаланады, оның ішінде балалар-7 %, жасөспірімдер-37 %, жастар-54,5 %. Бұл балалар мен жасөспірімдердің ата-аналарының біреуі не екеуі де маскүнемдікке салынған жандар екені анықталған.

1-оқушы: Кәпір ғұрыпты бұзады, шарап шырықты бұзады.

2-оқушы: Әзәзіл қоздырады, арақ тоздырады.

3-оқушы: Жол жеті түнде, арақ тал түсте адастырады.

4-оқушы: Ішпесең-малын торысың,

                  Ішсең-елдің зорысың

                  Отбасының сорысың.

5-оқушы: Тазда бас бар, шаш жоқ

                  Маскүнемде ауыз бар, бас жоқ.

6-оқушы: Арақ алдымен күлдіреді,

                  Күлдіріп отырып бүлдіреді.

Мұғалім: Маскүнемдікті дер кезінде тоқтатпасаң, айықпас дертке ұшырап өз өміріңе балта шабасың.

ІІІ – топ «Нашақорлық»

1-оқушы: Есірткі – бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады. Нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге түседі.

2-оқушы: Есірткінің негізгі түрлеріне апиын, кокаин, көкнәр, марихуана және т.б. жатады. Барлығы да адам ағзасы мен психикасына әсер етіп зақымдайды.

3-оқушы: Біздің елімізде ресми түрде 35 мыңға жуық нашақор наркологиялық диспансерде тұр, ал тіркелмегендердің саны одан әлдеқайда көп. Қазірде Алматы қаласында нашақорлықтан емделетін диспансерлік орталықтар жұмыс істейді.

4-оқушы: 2000 жылы республикамыздың есірткі бизнесі аумағында 20 мыңға жуық қылмыс тіркелген. Барлығы 30 тоннаға жуық түрлі есірткілер тәркіленген. 2002 жылдың 9 айында есірткі айналымына байланысты 14687 қылмыс тіркелді.

Мұғалім: Осы есірткі турасында дәрігер айтсын немесе заңсыз сатып алынсын мейлі, есірткі атаулының бәрі – у. Турасын айтқанда, бұл – өлімге апаратын бірден-бір жол.

Слайдтан  зиянды заттар туралы көріністер көру.

«Жалғасын тап» ойыны.

1. Денсаулық – зор байлық.

2. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде.

3. Шынықсаң – шымыр боласың.

4. Ауруын жасырған өледі.

5. Арақ – атаңның асы емес.

6. Дені саудың – жаны сау.

7. Ішің ауырса, аузыңды тый.

8. Емнің алды – еңбек.

9. Жарлының байлығы – денінің саулығы.

10. Темекі – жау.

Мұғалім: Енді осы зиянды әрекеттер туралы мына анкета сұрақтарына жауап беріңдер.

Анкета

1. Зиянды  әдеттердің  адам  денсаулығына  зиянды екенін  білесіз бе?

А) иә                   

ә) жоқ                        

б) күмәнім бар

2. Сіз зиянды әдеттерге бейімсіз бе?

А) жоқ                 

ә) көңілсіз болғанда             

б) иә

3. Шылымның, ішімдіктің, есірткінің денсаулыққа зиян екенін білесіз бе?

А) иә                    

ә) көп әсері жоқ деп ойлаймын              

б) білмеймін

4. Бұл заттарды сатуға тыйым салу жастардың  қызығушылығын  азайтады дегенге  сенесіз бе?

А) иә                    

ә) жоқ                      

б) ішінара

5. Зиянды әдеттер туралы  мағлұматтарды қайдан аласыз?

А) Ақпарат  құралдарынан         

ә) жолдастарымнан         

б) ата-анамнан

«Денсаулыққа байланысты» өлең жолдарын сұрап өту.

1-оқушы:

Денсаулық ол-шыныққан

Барлық денең мүшесі.

Денсаулық ол-тыныққан

Жүйке тамыр жүйесі.

2-оқушы:

Денсаулық ол-күлуің

Көңіл-күйің жадырай.

Денсаулық ол-жүруің

Ешбір жерің ауырмай.

3-оқушы:

Ұрпақ керек ертеңгі

Болашақты болжайтын!

Дені таза, тәні таза,

Елін, жерін қорғайтын.

4-оқушы:

Есірткі жойылсын,

Ішімдік құрысын:

Дені сау ұрпақтың

Ұрпағы көбейсін!

5-оқушы:

Мәдениет өркендеп,

Табиғат көркейіп,

Қазақтың сымбатты

Ұл-қызы көбейсін!

«Денсаулық» сөзінің әрбір әрпін салауатты өмір салтын ашатын, сипаттайтын сөздермен, сөз тіркестерімен, сөйлемдермен өрнектейік.

Д – демалу

Е – еңбектену

Н – нашақорлыққа жоламау

С – салауатты болу

А – алғырлық

У – уайымсыз өмір

Л – лайықты өмір

Ы – ынта

Қ – қозғалыс

Қорытынды.

Мұғалім: Ыбырай Алтынсарин: «Көңіліңді, бойыңды мөлдір бұлақтай таза ұста». Олай болса, балалар, бойға желік бітіріп тек жамандыққа бастайтын ащы судан арылайық! Ішімдіктің, темекінің, есірткінің зардаптарынан болатын өзгерістердің ішіндегі ең елеулілері – адамның ақыл-ойы мен санамыздың бұзылуынан сақтанайық, жас ұрпақ!  











Тәрбие сағатының тақырыбы: «ЖИТСғасыр дерті»

Опубликовал inust в 10 Декабрь 2011 – 10:52Пікір жоқ
Бұл мақала 16865 рет оқылды, 258 рет бүгін

сынып жетекшісі Теңсел Үміткер, Алматы қаласы, Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейі

Тәрие сағатының көрнекліктерін көшіріп алыңыз

Мақсаты: Оқушыларға ЖИТС-ның қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды әдеттен барынша аулақ болуға шақыру. ЖИТС-ның адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, олардың сана – сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір суруге азаматты жауапкершілітерін орнықтыру.
Көрнекіліктері: интерактивті тақта, плакаттар, суреттер, нұсқаулық-кітапшалар, нақыл сөздер.
Жүргізушілер: Маштаев Нұрсұлтан және Меңдалы Ақтоты.
Көмекшілер: Клара, Санат, Айнұр, Ардақ, Ұлжалғас, Ақжол

Мұғалім сөзі: Қош келдіңіздер, бүгінгі тәрбие сағатына жиналған қауым! Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс» деп атап көрсеткен болатын. Сол бағдарламаны негізге ала отырып өткізгелі отырған 8Б сыныбындағы «ЖИТС – ғасыр дерті» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

Ақтоты: ЖИТС (СПИД) – жүре пайда болатын иммунитет тапшылығын синдромы. ЖИТС – ауру емес, ол тек басқа жұқпалы аурулардың жұғуына жағдай жасайды. Яғни адамның қорғаныш қабілетін төмендетеді.

1-оқушы (Клара): Ғалымдардың есептеуі бойынша ЖИТС (СПИД) ең алғаш 20 ғасырдың 70 жылдары АҚШ, Гаити, Африкада тіркелген, 1979-81 жылдары Нью-Йорк пен Лос-Анжелес дәрігерлері адамдардан иммунитеттің нашарлығын байқаған. Олар қан тамырының ісігі (саркома Капоши) және пневманияның сирек формасымен ауыратын адамдар.

2-оқушы (Санат): 1982 жылы ауруларды бақылау орталығы жаңа ауру ЖИТС-ты тіркеді. 1983 жылы француз Люком Монтанье мен американдық Роберт Галло ауру қоздырғышы туралы алғашқы мәлімет айтты.

3-оқушы (Айнұр): 1981 жылы Америкада (Атланта) ауруды бақылау комитетінің баяндауы бойынша гомосексуалистер арасында өкпе қабынуынан және сирек болатын жаңа түзінді /денеде/ сияқты бұрын таралмаған түсініксіз аурулардың көбеюі үреймен баяндалған.

Ақтоты: Осыдан соң олардың иммунитеттері әлсіреп, әртүрлі қатты аурулардың себебінен өлім жиіленгені туралы мақалалар жарық көрді. Бұл ЖИТС еді.

4-оқушы (Ардақ): Бұл аурудағы иммундық жүйені толық жоятындығынан бұл вирус АИВ (адамның иммунитет тапшылық вирусы) деп белгіленеді.

5-оқушы (Ұлжалғас): ЖИТС – бірте-бірте дамитын, кейде 5 жылға созылып, адамды ақыры өлімге жеткізетін кесел.

6-оқушы (Ақжол): ЖИТС-пен ауру-өлім жазасына кесілгенмен бірдей. Себебі дүние жүзінде осы уақытқа дейін әлі оны толық жазатын ем жоқ. Тек қана бірақ жол-ол сақтану, алдын алу.

Нұрсұлтан: Есірткі қабылдау да өте қауіпті. Себебі нашақорлар пайдаланылған шаншу инелерін бөліскенде қауіпті аурулар жұғуы мүмкін. Мысалы, СПИД пен гепатит осылай тарайды.

Алтауы (бірге):

Ей, ұрпағым, есіңді жи, азбаңдар
Қиыршық құмдай үгітіліп тозбаңдар.
Бойыңдағы қуатыңды жоғалтып
Жақсы үмітпен, сеніміңнен таймаңдар
Салауатты өмір салтын сақтаңдар
Болашаққа нық қадам бастаңдар!!!

Ақтоты: Денсаулық тәрбиесі – ортақ мәселе. Елімізде ғасыр індетіне айналған жат қылықтарды жасөспірімдер бойынан алшақтату әр адамның өз еркіне, біліміне байланысты.

Нұрсұлтан: Жер үстіндегі байлық – адам, оның білімі мен іскерлігі, таланты мен мәдениеті, денсаулығы қоршаған орта мен дос-жолдастарына байланысты.

Ақтоты:
Салауатты өмір салтын қолдайық!
Әдеттен жаман әманда аулақ болайық!
Өз өмірің өз қолыңда, ей жастар,
Су ішпеген гүлдей болып солмайық! – деп жастарды салауатылыққа шақыратын «Болашақ» тобымен таныс болайық.

Топ басшысы: Ринат
Топ мүшелері: Балжан, Ералхан, Даяна, А.Еламан, М.Ақерке, Қуанышбек, Айгерім.

Тобымыздың аты – «Болашақ»,
Келгеніміз жоқ жай бірақ.
Денсаулығымызды қорғауға
Шықтық біз де топ құрап.
Кілең сайдың тасындай
Сегіз ұланнан тұрамыз.
Сөз сөйлейміз жасындай,
Осындай топ боламыз.

Нұрсұлтан:
Иманыңды, дидарыңды
Тазалап ал, қазағым,
Ұрпақтарың, ұл-қыздарың
Түзу бассын қадамын! – деп келешекке келелі азамат ретінде баруды көздеген «Денсаулық» тобын ортаға шақырайық,

Топ басшы: Ақерке
Топ мүшелері: М.Еламан, Дана, Бақыт, Алтын, Расул, Әлия, Данияр

Салем бердік қауымға,
Үлкен- кіші ауылға.
«Денсаулық» тобымызды
Таныстырдық баршаға.
Зиянды әдеттерден озбайтын,
Жамандыққа бармайтын,
Салауатты өмір салтын ұран ғып,
Баршағымызға келіп тұрмыз.

Ақтоты:
Жігерің бар, талабың бар, қайратың,
Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын.
Өз-өзіңді ұстай білсең тартынып,
Өмірің бар алда әлі солмайтын, – дей отырып, жаман әдеттерден жирендіретін, зиянды әдеттер, денсаулыққа байланысты мақалдар мен ұлағатты сөздердің жалғасын табуға кезек берейік. (Екі топ кезек-кезекпен айтады).

Нұрсұлтан: Болашақ тобына
Ауырып ем іздегенше , (Ауырмайтын жол ізде )

Ақтоты: Денсаулық тобына
Шылымқор өзін ғана емес, (өзгелерді де улайды)

Нұрсұлтан: Болашақ тобына
Темекінің көк түтіні (Екі өкпеңді ыстайды)

Ақтоты: Денсаулық тобына
Ұзартқың келсе ғұмырды, (Таста арақ пен шылымды)

Нұрсұлтан: Болашақ тобына
Ішпеген, шылым тартпаған – (Денсаулығын сақтаған)

Ақтоты: Денсаулық тобына
Жасында темекісін будақтатқан – (Күркілдеп қартайғанда құлап жатқан)

Нұрсұлтан: Болашақ тобына
Көзге түскен қауыз жаман, (Шылым шеккен ауыз жаман)

Ақтоты: Денсаулық тобына
Шылымды жерге тастама, (Айналаңды ластама)

Нұрсұлтан: Болашақ тобына
Түтіні тісіңді сарғайтады, (Уы ерте қартайтады)

Ақтоты: Денсаулық тобына
Темекінің кермегі, (Еріккеннің ермегі)

Нұрсұлтан: Болашақ тобына
Қайғы қартайтады. (Қуаныш марқайтады)

Ақтоты: Денсаулық тобына
Тыста ұзақ жүргенің, (Ұзақ өмір сүргенің.)

Нұрсұлтан: Салауатты өмір салтын қолдайық!
Әдеттен жаман әманда аулақ болайық!
Өз өмірің өз қолыңда, ей жастар,
Су ішпеген гүлдей болып солмайық!

Ақтоты: Келесі кезеңіміз, Ситуациялық жағдайды талдау. Ойналуға 2 минут уақыт беріледі.
«Болашақ» тобына
1. Сізге қансырап жатқан адамға бірінші көмек көрсетуіңіз қажет. Сіз не істейсіз?

Нұрсұлтан: «Денсаулық» тобына
2. Топқа жаңадан студент келді. Біраз уақыт өте оның СПИД – пен ауыратынын естідіңіз? Ол баламен қарым – қатынастарыңыз қандай болады деп ойлайсыз? Ол балаға қандай кеңес берер едіңіз?

Ақтоты: Келесі кезеңімізде 2 топқа да бірдей тест беріледі. Екі топтың бүгінгі сабағымызды қаншалықты естерінде сақтағаны туралы білеміз.

Тест «Сіз ЖҚТБ туралы не білесіз?»
«Д» – дұрыс, «Қ» – қате

1

ЖҚТБ-мен ауыратын адамды құшақтау қауіпті


Д

Қ

2

Жұртшылық пайдаланатын дәретханада ЖҚТБ-ны жұқтырып алуға болады.


Д

Қ

3

Күре тамырына дәрілік препараттар қабылдайтын адамдар басқалардың инесін пайдаланбауға тиісті


Д

Қ

4

ЖҚТБ-мен ауырған адаммен бір стаканнан ішсең немес бір бутербродты тістесең ЖҚТБ вирусын жұқтыру мүмкін емес.


Д

Қ

5

Егер мектепте біреу жарақат алып онан қан кетсе, қанды қолмен тоқтату керек.


Д

Қ

6

Егер сырқат саған қарай жөтелсе немесе түшкірсе, ЖҚТБ-ны жұқтыруға болады.


Д

Қ

7

Жыныстық қатынас, есірткі және ЖҚТБ мәселелерін мектепте талқылау – дұрыс идея.


Д

Қ

8

ЖҚТБ-ны вирус қоздырады.


Д

Қ

9

ЖҚТБ қызыл қан түйіршектерін зақымдайды.


Д

Қ

10

ЖҚТБ денеден бөлініп шығатын барлық сұйық заттар арқылы жұғады.


Д

Қ

11

ЖҚТБ-ға тесттер әдетте сенімді.


Д

Қ

12

ЖҚТБ негізгі 3 түрлі жолмен беріледі: жыныстық қатынас кезінде, қанмен түйісу кезінде (мысалы: ортақ инемен пайдаланғанда), анадан сәбиге ана құрсағында даму кезінде және туған кезінде.


Д

Қ

13

ЖҚТБ-ның көптеген белгілері басқа аурулардың белгісіне ұқсас.


Д

Қ

14

ЖҚТБ-ға байланысты проблемалардың бірі – жұқтыру мен аурудың біліну мезетінің аралығында бірнеше жыл өтуі мүмкін.


Д

Қ

15

Дүние жүзілік СПИД – пен күрес күні – 1 желтоқсан.


Д

Қ

Нұрсұлтан: Сіз ЖҚТБ туралы не білесіз? тестінің дұрыс жауаптардың тізімі

1

ЖҚТБ-мен ауыратын адамды құшақтау қауіпті

Қ

2

Жұртшылық пайдаланатын дәретханада ЖҚТБ-ны жұқтырып алуға болады.

Қ

3

Күре тамырына дәрілік препараттар қабылдайтын адамдар басқалардың инесін пайдаланбауға тиісті

Д

4

ЖҚТБ-мен ауырған адаммен бір стаканнан ішсең немес бір бутербродты тістесең ЖҚТБ вирусын жұқтыру мүмкін емес.

Д

5

Егер мектепте біреу жарақат алып онан қан кетсе, қанды қолмен тоқтату керек.

Қ

6

Егер сырқат саған қарай жөтелсе немесе түшкірсе, ЖҚТБ-ны жұқтыруға болады.

Қ

7

Жыныстық қатынас, есірткі және ЖҚТБ мәселелерін мектепте талқылау – дұрыс идея.

Д

8

ЖҚТБ-ны вирус қоздырады.

Д

9

ЖҚТБ қызыл қан түйіршектерін зақымдайды.

Қ

10

ЖҚТБ денеден бөлініп шығатын барлық сұйық заттар арқылы жұғады.

Қ

11

ЖҚТБ-ға тесттер әдетте сенімді.

Қ

12

ЖҚТБ негізгі 3 түрлі жолмен беріледі: жыныстық қатынас кезінде, қанмен түйісу кезінде (мысалы: ортақ инемен пайдаланғанда), анадан сәбиге ана құрсағында даму кезінде және туған кезінде.

Д

13

ЖҚТБ-ның көптеген белгілері басқа аурулардың белгісіне ұқсас.

Д

14

ЖҚТБ-ға байланысты проблемалардың бірі – жұқтыру мен аурудың біліну мезетінің аралығында бірнеше жыл өтуі мүмкін.

Д

15

Дүние жүзілік СПИД – пен күрес күні – 1 желтоқсан. 

 

Д

Ақтоты: Жауаптарымыз жинап, мұғалім мен көмекшілеріне тапсырамыз, олар нәтижесін шығарғанша, мәнерлеп оқу сайысының жүлдегерлеріне сөз береміз.

7-оқушы (Өтеген):

Біз СПИД-ке қарсымыз!
Бүкіл әлем күресуде
Індетімен ғасырдың,
Емін әлі  таппады ешкім,
Сол бұл зұлым пақырдың.

8-оқушы (Әлия):

Бұл тірлікте не тыңдырдың, не көрдің?
Құрбанысың СПИД деген кеселдің.
Ақталмай-ақ кетіп барады арманы
Жалғыз бала деп өсірген әкенің.
Кім кінәлі аялаған анаң ба,
Бар қажетті даярлаған қоғам ба?

9-оқушы (Динара):
Адам!
Адам!
Бөлісіп уайымды –
Болашаққа болыңдар дәйім-үлгі!
Бір-біріңе болыңдар мейірімді,
Бір-біріңе болыңдар қайырымды,
Дерт шалмасын,
Ешқашан өрт шалмасын,
Алып емен, ақ балтыр қайыңымды.
Бір-біріңе болыңдар қайырымды.

9-оқушы (С.Ақерке): «Ғасыр уы»

СПИД деген – ғасыр уы, зобалаңы,
Сан адамға жазылмас жара салды.
Сан адамды өмірден алып кетті,
Мамандар да бір емін таба алмады.
Ей, адамзат, бұл дертке мойынсұнба!
Өлмейсің сен үміт пен сенім барда!
Салауаттылық – жарқын өмір кепілі,
Көтер басты тағы айтамын, мұңайма!

Нұрсұлтан: Тесттің нәтижесі – «Болашақ» және «Денсаулық» топтары – 15 сұраққа барлығы да дұрыс жауап берген. Қорытындыға келетін болсақ, бұл тәрбие сағатымыздан екі топта мұнда айтылған мәліметтердің барлығында естерінде  жақсы сақтаған деген шешімге келеміз.

Ақтоты: Ән:  «СПИД жойылсын» («Бейбітшілік жыры» әнінің әуенімен)

Жойылсын жалғыз сөз СПИД деген
Жойылсын мәңгілік жойылсын.
Вируспен ауырған адамдарға
Ем – дәрі тезірек табылсын.

Қайырмасы:
Кел достарым, үн қосайық,
Көтеріп жаңғыртып.
Анасын бала
Баласын ана
Жоқтамасын мәңгілік

Есірткі құрысын
Ішімдік жойылсын
Дені сау қазақтың
Ұл – қызы көбейсін.
Қайырмасы:
Кел достарым, үн қосайық,
Көтеріп жаңғыртып.
Анасын бала
Баласын ана
Жоқтамасын мәңгілік

Табиғат көркейіп.
Қазақтың сымбатты
Ұрпағы көбейсін

Қайырмасы:
Кел достарым, үн қосайық,
Көтеріп жаңғыртып.
Анасын бала
Баласын ана
Жоқтамасын мәңгілік

Мұғалімнің  сөзі:
Міне, балалар ауруды  жұқтырмау  өз  қолымызда,  «Ауырып  ем  іздегенше, ауырмайтын  жол іздейік!».



-75%
Курсы повышения квалификации

Организация деятельности педагога-воспитателя группы продлённого дня

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Ашық сабақ: «Салауатты өмір салты" (34.51 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт