САБАҚ: | Мектеп: №42 Қ.Баймағанбетов атындағы мектеп-лицейі | |
Күні: | Мұғалімнің есімі: Маденов Қ | |
СЫНЫП: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Қосмекенділер класының жалпы сипаттамасы. Бақаның сыртқы және ішкі құрылысы. Оның қосмекенді тіршілігі. Жылдық тіршілік циклі. Қоректенуі. Көбеюі және дамуы. Қосмекенділер түрөзгерістері. №7 зертханалық жұмыс. Бақаның сыртқы құрылысын зерттеу. Бақаның қаңқасын зерттеу. Даяр ылғал препараттан ішкі құрылысын зерттеу. |
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) | Қосмекенділер класына сипаттама бере отырып, бақаның сыртқы және ішкі құрылысын тірі бақаға зертханалық жұмыс жүргізе отырып талдау. Олардың қоректенуі, көбеюі және дамуы туралы, қрсмекенділердің түрөгерістерін дернәсілдердің балықтарға ұқсастығы туралы түсіну. |
|
Сабақмақсаттары | Барлық оқушылар: |
|
| Қосмекенділер класына жататын жануарлардың негізгі ерекшеліктерін біледі. Қосмекендінің тіршілігін айта алады. Түрлерін атай алады. |
|
| Оқушылардың басым бөлігі: |
|
| Қосмекенділерді балықтардан ажырата алады. Бақаның сыртқы және ішкі құрылысын таниды. Бақаның қаңқасын айта алады. |
|
| Кейбір оқушылар: |
|
| Қосмекенділердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызына көңіл аудару. Қызыл кітапқа енген қосмекенділермен танысады |
|
Тілдік мақсат | Оқушылар: ... (істей) алады. Бақаның сыртқы және ішкі құрылысын ажырата алады Бақаның қаңқасын айта алады |
|
| Негізгі сөздер мен тіркестер: |
|
| Қосмекенді. Амфибия. Итшабақ. Стегоцефаль. Тритон саламандра. Дабыл жарғағы. Құйрықты. Құйрықсыз. Аяқты. |
|
| Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Discuss the chart that is created. Which is the most popular fruit choice? How do we know? Has every learner’s choice been recorded? How can we check? Ask learners if they can think of other questions that we might have investigated. If ideas are not forthcoming, ‘lead’ the discussion by suggesting – what else could we have put in the basket? What other things could we try, to see if people have favourites? What other questions could we have asked about our fruit basket? Take ideas and ask – What do you think the result might be? What would the pictogram look like? |
|
| Талқылауға арналған тармақтар: |
|
| Қосмекенділер класының жалпы сипаттамасы. Бақаның сыртқы және ішкі құрылысы. Қосмекенді тіршілік етуі Жылдық тіршілік циклі. Қоректенуі. Көбеюі және дамуы. Қосмекенділер түрөзгерістері. |
|
| Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба? |
|
| Қосмекенділердің тіршілік ету ерекшелігін түсіндіру |
|
| Жазылым бойынша ұсыныстар: |
|
| Бақаның сыртқы және ішкі құрылысын, қаңқасының құрылысын нақты сипаттап береді. |
|
Алдыңғытақырып | Балық өсіру зауыттары, олардың маңызы. Тоған шаруашылығы |
|
Жоспар |
|
|
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) | Ресурстар |
І.Ұйымдастыру | 1.Оқушылармен амандасу, түгендеу.2.Сабаққа психологиялық дайындықОқушылардан сабақ басталмас бұрынғы көңіл-күйлерін біліп аламын. Ол үшін балалардан слайдта көрініп тұрған смайликтің өздеріне сәйкес келіп тұрғанын көрсетулерін сұраймын. Көңіл-күйі нашар оқушылар болса, олардың қызығушылықтарын оята отырып, белсенділіктерін арттырамын.3.Топқа бөлу ( топтың ережесімен таныстыру) Сынып оқушыларын 4 түс бойынша ( көк, сары, қызыл, жасыл ) 4 топқа бөлемін. Топ басшысын сайланады. Бағалау парағы таратылады. | Смайликтер |
ІІ. БілуҮй тапсырмасын сұрау | «Аквариумдағы балықтар»Оқушыларға Қазақстан бойынша Балық өсіру зауыттары мен маңызы бар балықтар туралы мәлімет жинақтап келу тапсырылған. Үйден ізденіп, дайындап келген мәліметтерімен бөліседі. «Стикердегі диалог»Берілген стикерге топтар өткен тақырыптар бойынша ортақ 3 сұрақтан жазады да, келесі топқа береді. Осылай 3 топ бір-бірінің сұрақтарына жауап беріп шығады. | Аквариумдағы балықтар,стикерлер |
ІІІ. Түсіну | 1.Қызығушылықты оятуЖаңа сабақты бастамас бұрын оқушыларға аудиодыбыс тыңдатамын. -Көз алдарыңа елестетіңдер: жаз, кешкі уақыт, көл жағасында бәріміз отырмыз. Осы кезде... ( видеодан дауысты тыңдатамын. -Сонымен бұл ненің дауысы? -Қосмекенділердің өзін көргенде сендерде қандай ассоциациялар қалыптасады? (Оқушылардың жауабы: қорқынышты, жиіркенішті, түсі суық, тайғақ, әр түрлі дыбыстар шығаруы, түрлерінің бір - біріне ұқсамауы т. б) Олай болса біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Қосмекенділердің класы».2.«BіlimLand» сайтынан «Қосмекенділер» тақырыбы бойынша видеоролик тыңдалады.(_Өзім қосымша түсіндіремін )Қосмекенділер – алғаш құрлықта тіршілік етуге бейімделген төрт аяқты омыртқалы жануарлар. Қазіргі кезде қосмекенділердің 5000-нан астам түрі белгілі. Қазақстанда қосмекенділердің 12 түрі таралған. Оның 3 түрі сирек кездесетіндіктен, Қазақстанның қызыл кітабына тіркелген (2010ж) Қосмекенділерді зерттейтін ғылымды “барахнология” деп атайды.Қосмекенділердің сыртқы құрылысыМекені: жер шарының тропиктік, субтропиктік және қоңыржай белдеулерінің су айдындарында, ылғалы мол жерлерде мекендейді. Олар суда да, құрлықта да кездесетіндіктен қосмекенділер деп аталады. Қосмекенділерді кейде амфибиялар деп атайды.Қосмекенділердің ішкі құрылысыАс қорыту жүйесі: жақ сүйектеріндегі ұсақ тістерімен тілі қорегін ұстауға көмектеседі. Тілінің көмегімен ұсақ жәндіктерді ұстап қоректенеді. Ауыз-жұтқыншақ қуысы - қысқа өңеш – қарын - ащы ішек - тоқ ішек - клоака.Қан айналымы: қосмекенділер - салқын қанды. Қосмекенділер ересектерінің жүрегі 3 бөлікті (екі жүрекше, бір қарынша тұрады). Қан айналымының кіші және үлкен шеңбері болады.Жүйке жүйесі және сезім мүшелері: қосмекенділер миы 5 бөліктен тұрады: алдыңғы, ортаңғы, аралық, сопақша ми және мишықтан тұрады, дыбыс қабылдайтын дабыл жарғағы көздің артқы жағында орналасқан. Қосмекенділердің қаңқа жүйесіКөбеюі және дамуы: Қосмекенділер – дара жынысты қосмекенділердің көбеюі мен дернәсіл дамуы су ішінде жүреді. Ұрықтанған жұмыртқа-дернәсіл-ересек қосмекенді. «Мозайка» әдісі3 топқа 3 конверт беремін. Оқушылар конверт ішіндегі сурет қиындыларын құрастырып шығуы керек. Нәтижесінде қосмекенділердің 3 отрядының өкілі пайда болады. Оқушылар құрастырылған суретке қарап бір-бірінен қандай айырашылығы бар екенін түсіндіреді.4.Терминдер кабинетіБүгінгі жаңа тақырып бойынша термин сөдермен жұмыс жүргізіледі. Амфибия. Итшабақ. Стегоцефаль. Тритон Саламандра. Дабыл жарғақ. | Бақаның дауысы,«BіlimLand» сайтынан бақа туралы видеоролик, суреттер,«Мозайка». |
ІҮ. Қолдану | 1. №7 зертханалық жұмыс. Бақаның сыртқы құрылысын зерттеу. Бақаның қаңқасын зерттеу. Даяр ылғал препараттан ішкі құрылысын зерттеу.І-топ: Тірі бақа беріледі. Берілген тірі бақа бойынша бақаның сыртқы құрылысына сипаттамаІІ топ: Ылғалды препаратБақаның ішкі құрылысына сипаттамаІІІ топ: Бақаның қаңқасыБерілген бақаның қаңқа мүшелерін атау2.«BіlimLand» сайтынан тапсырмалар орындауБүгінгі өтілген жаңа сабағымыз бойынша «BіlimLand» сайтынан онлайн тапсырма орындаймыз. | Бақаның ылғалды препараты, тірі бақа, бақаның қаңқасы. |
Ү. Талдау | 1.ВидеосұрақҚазір сендерге 7 «ә» сыныбы оқушыларының дайындаған арнайы видеосұрақтары бар. Бұл сұрақ сабағымызға қатысты қосымша мәліметтерге негізделген. 1. Сұрақ. Теңіз астында сүңгитін жүзушілердің аяғына киетін затын құрастыру үшін бақаның қай бөлігін негізге алған?Жауабы: ( артқы аяғы) - ласты2. Сұрақ: Адам бұл нысананы бақаның сырт бейнесін көргенде ойлап тапқан ол не?Жауабы: ( камуфляждық мата)4.Сұрақ.Бұл приборды оқымыстылар бақаның көзінің негізінде жасалған ол қандай приборЖауабы: Ретинатрон приборы – тек тірі объектілерді бақылайды. | Видеосұрақ |
ҮІ. Жинақтау | 1.Бақаларға арналған ескерткіштер. Балалар, сендер бақаларға арналған ескертіштер бар екенін білесіндер ме? Кім қандай ескерткіш біледі? Қай қалада орналасқан? -Кәдімгі құрбақалар да түрлі ғылыми зерттеулерге пайдаланылып келеді. Сондықтан да француз физиологы және патологы Клод Бернар ғылыми жұмыстарға көп жаратылған бақаға арналған ескерткіштің ХІХ ғасырда Сорбонна университетінде ашылуына ықпал еткен. (Балаларға слайдтан бақаларға арналған ескерткіш суреттерін көрсетемін)2. Топтық тапсырмаСабағымызды қорытындылау сақсатында 3 топ 3 түрлі тапсырма орындайды.1-топ:«Биологиялық пошта»Балықтар мен қосмекенділерге тән белгілерді айырып екі конверткебөлек-бөлек тез жинақтау керек. Балықтарға тән белгілер:-Олар желбезек доғалардың сыртқы бетiнде отырған, елгезек бөлшектенген желбезектермен тыныс алады.-Терісі жалпақ әрі ірі қабыршақтармен қашаған.-Қаңқасы сүйектi немесе шемiршектi болады.-Иiс, көру мен статоакустика сезу мүшелерi жақсы дамыған-Дөңгелекауыздылардағы сияқты терi бүйiр сызығы бар.Қосмекенділерге тән белгілер:-3 отряды (құйрықсыз қосмекенділер, құйрықты қосмекенділер және аяқсыз қосмекенділер) болады.-Ересектері өкпе және терісі арқылы тыныс алады.-Үлкен қан айналу шеңберінен басқа кіші (өкпелік) қан айналу шеңбері пайда болған.-Көпшілік түрлері сырттай ұрықтанады, ал дернәсілдері суда тіршілік етеді.-Жүрегі екі жүрекше мен бір қарыншадан тұрады.2-топ: «Түйінді сөздер» Бір жағында «сөздер банкісі» беріледі. Оқушы солардың ішінен біздің тақырыпқа қатыстыны тауып жазады.Амфибия.Шеміршекті балық. Ихтиология. Медуза. Итшабақ. Гидра. Стегоцефаль. Шұбалшаң.Тритон Саламандра. Амеба. Дабыл жарғақ. Эвглена.3-топ: «Менен сұрақ, сізден жауап»Оқушыларға әріптер таратамын. Мен қойған сұраққа қолдарындағы әріптен басталатын сөзбен ғана жауап бередіС. Қ. К. О. И. С. Қ. 1.Африкада, Үндістанда, Цейлон аралдарында, Америкада тіршілік ететін, сыртқы бейнесі құртқа және жыланға ұқсас қосмекенді? (сақиналы құртпошым)2.Балқаш көлінің маңында, Шу өзенінің аймағында ғана таралған, Қазақстанның қызыл кітабына енген қосмекенді? (қызылаяқ бақа)3.Қосмекенділерде пайда болған алғаш қанайналым жүйесі? (кіші қанайналым жүйесі)4.Қосмекенділерде ішкі құлақтан басқа пайда болған қуыс? (ортаңғы құлақ қуысы)5.Қосмекенділердің басы жалпақ болып келетін дернәсілдері?(итшабақ)6.Қосмекенділердің арғы тегі? (стегоцефалдар)7.Алғаш құрлықта тіршілік етуге бейімделген төртаяқты омыртқалы жануар? ( қосмекенділер) | Бақаларға арналған ескерткіштерсуреттері, үлестірмелі қағаздар |
ҮІІ. Бағалау | БағалауТоп басшысы сабаққа белсенді қатынасып отырған оқушыларды бағалау парағынабелгілеп, бағасын қояды. Мұғалімнің қорытынды бағалайды. Үйге тапсырма1. Жергілікті жердегі қосмекенділер туралы мәлімет2. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген қосмекенділерОқушылардан сабақ соңындағы көңіл-күйлері сұралады. Кері байланысСабақтан алған әсерлерін ұялы телефонға хабарлама ретінде түсіру | Смайлик, бағалау парағы. Ұялы телефон. |