Меню
Разработки
Разработки  /  Прочее  /  Мероприятия  /  Прочее  /  Алтын күз ханзадасы мен ханшайымы-2017

Алтын күз ханзадасы мен ханшайымы-2017

Күзгі балл шарасы мектепішілік сайыста ханзада мен ханшайымды анықтау мақсатында.

01.12.2017

Содержимое разработки

Бекітемін: ___________________

Мектеп директоры: Жасваева Г.Т.



Подхоз жалпы білім беретін негізгі мектебінің

5-9 сынып аралығында оздырылатын

«Алтын күз ханзадасы мен ханшайымы-2017» атты

күзгі балл мерекелік іс-шараның өту жоспары

Р/с

Тақырыбы

Сынып

Жауаптылар

1


«Кел танысайық» (үміткерлер өздерін таныстыру)

5-9

Кл.жетекшілер Пән мұғалімі

2


«Кім ойға жүйрік» сұрақ, жауап


5-9

Кл.жетекшілер Пән мұғалімі

3


« Алтын күз ырысы»

үздік сурет және экибана

(үй тапсырмасын таныстыру)

5-9

Кл.жетекшілер Пән мұғалімі

4


«Өнерің өрге жүзсін»

(ән , би, көрініс, пародия т.б)

5-9

Кл.жетекшілер Пән мұғалімі

5


«Берекелі дастархан»

(салат әзірлеу)


5-9

Кл.жетекшілер Пән мұғалімі


6

«Сән үлгісі және шаш үлгісі»

(күздің көрінісі)


5-9

Кл.жетекшілер Пән мұғалімі


7

«Күзгі балл биі»

5-9

Кл.жетекшілер Пән мұғалімі

Өтетін күні: 13.10.2017ж сағат 16.30 - да







Биология пәнінің мұғалімі: Курбанбаева А.М. Тәрбие ісінің меңгерушісі: Салықов М.Г.



Тақырыбы: «Алтын күз ханзадасы мен ханшайымы-2017»

Мақсаты:
1. «Алтын күз ханзадасы мен ханшайымы-2017» сайысына қатысушылардың арасынан күз ханшайымын және күз ханшасын анықтау. Оқушылардың тапқырлығын, шеберлігін бақылау.
2. Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын, ынтасын арттыру.
3. Ұйымшылдыққа, өз ойларын ортаға салып көрсете білуге, табиғаттысүюгетәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Мерекелік безендіру: Күзге байланысты қабырға газеттері мен шарлар ілу, жапырақтар, жеміс - жидектер, көкөністер т. б.
1 – жүргізуші. Мінеки табиғаттың ерекше құбылып, айналамыз cары түске боялатын, қамбамыз астыққа толатын, бәріміз асыға күтетін, сағындырған сырмен көңілге қуаныш, асқарлы үміт сыйлайтын, баршамызға шашылған сары нұрымен шуақ болып тарайтын берекелі мезгіл күз айы да келді.
Шөп сарғайып,
Өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай,
Ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады
2 - жүргізуші
Қазан болды молшылық,
Дәулет қорын қалады.
Заңғар көкке жол сызып,
Құстар қайтып барады.
Бұл құбылыс

Күзде ғана болады.
1 - жүргізуші
Көк аспаным мөлдіреп
Шуақты көзім елжіреп
Асыр салып жүретін,
Сары көйлегім желбіреп.
2 - жүргізуші
Жайдары күз, жарқын күз
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы ен далам
Дариядай шалқар күз
Алтын күздің келгені.
1 - жүргізуші Армысыздар Қымбатты ханымдар мен мырзалар!
2 - жүргізуші Қайырлы күн Ұлағатты ұстаздар, жалынды да, жігерлі жас достарым.
Берекелі де, мерекелі Алтын күз мерекелеріңіз құтты болсын!
1 - жүргізуші .Қырман толып, халқымыздың ырысы артатын берекелі ай. Келесі күзге дейін жүрегімізде есте қалатындай арман сезімін себелейтін, үнемі асқақ мұраттарға жетелеп отыратын қасиетті ай. Ендеше халайық келіп отырған Алтын күз мерекесі әрбір жанға құт пен береке, ырыс пен табыс әкелсін демекпіз.
2 - жүргізуші. Құрметті халайық бүгінгі өткізгелі отырған байқауымыздың негізгі мақсаты: Жаңа ғасырдың ұлы көшінде егемендігі еңселене түскен Тәуелсіз Қазақстанда тұрып тәрбиеленіп жатқан жастарымыздың рухын көтеріп, эстетикалық талғамын арттыру арқылы өнерге, сезімталдыққа, сыпайылыққа, мейірбандылыққа, адалдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу болып табылады.
1 - жүргізуші Олай болса бүгінгі «Алтын күз ханзадасы мен ханшайымы-2017» атты байқауымызға қатысатын үміткерлерді қошеметпен ортамызға шақырайық. Қарсы алыңыздар: Балымыздың үміткер ханзадасы мен ханшалары!
1 - жұп. 5 - сынып 
2 - жұп. 6 - сынып 
3 - жұп. 7 - сынып 
4 - Жұп. 8 - сынып 

5-жұп. 9-сынып
2 - жүргізуші Алтын күз ханзадасы мен ханшайымы-2017 байқауының үміткерлеріне ақ жол деп, қошемет көрсетейік құрметті көпшілік.
Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем.
Әділдікке бас иеді күллі әлем
Жүйрік озар сайыстарда неше бір
Сарапқа сал әділдікпен шеше біл … дей келе бүгінгі сайысымызға қазылық жасайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!

Мектебіміздің оқу тәрбие ісінің орынбасары :Салықов Мереке Гинаятұлы

Тәлімгер:Жаңабаева Гүлжан Кенжегалиевна

Ағылшын пәнінің мұғалімі: Бердекенова Күляш Нәсіпкалиевна

1- жүргізуші
Ендеше бүгінгі кешіміздің бағдарламасымен таныс болыңыздар.
Бағдарламамыз 6 кезеңнен тұрады
1. – кезең. «Кел танысайық» үміткерлер өздерін таныстырады
2.- кезең. «Кім ойға жүйрік» сұрақ, жауап 3. – кезең «Алтын күз ырысы» үздік сурет және экибана(үй тапсырмасымен таныстыру) 4. – кезең «Өнерің өрге жүзсін» (ән, би, көрініс , пародия т.б. )
5. – кезең «Берекелі дастархан» салат әзірлеу 6. – кезең «Сән үлгісі және шаш үлгісі» (күздің көрінісі) 2 - жүргізуші
Бүгінгі өткізгелі отырған кешіміздің бет - пердесін ашып, үміткерлерге сәт – сапар тілеу үшін сөз Мектебіміздің директоры Жасваева Гүлнар Төлегенқызына беріледі.
Жандары жақсылыққа тұнып дәйім
Жол берсін қақ жарылып қырық қайың
Құрметпен ортаға шақырайық
Бар сарай өздеріңді ұлықтайтын
1 - жүргізуші
Құрметті көпшілік көрерменім
Жақсылыққа әрдайым артқан сенім
Ақжол тілеп үкілі үміттерге
Таныстыру шартына кезек бердім
Ендеше бірінші шартымыз. Үміткерлеріміздің өз - өздерін таныстыруы үшін ортаға шақырайық.Бастамас бұрын жеребе суыру арқылы жұптарымыздың сандарін біліп алсақ.

2 - жүргізуші
Қазақтың түрлі – түрлі дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.
Жауаптарын табар ма екен үміткерлер
Сол себептен қоятын сұрақтар бар
Ендеше үміткерлеріміздің білімдерін байқайық. 2 – кезең. «Кім ойға жүйрік» (сұрақ - жауап). Сайыскерлеріміз билет суыру арқылы жауап береді.
№1. билет
1. Қыркүйек айының ескі аталуы қалай? (мизам)

2.Жайлы жұмсақ төсегім

Домаланып өсемін.

Қабат қабат тоным бар

Қалай оны шешемін.(орамжапырақ)
3. Күз мезгілінде егілетін дақылдарды атаңыз?
Бидай, жоңышқа, сәбіз, пияз, арпа. 4. Дала көркі мал (өзен көркі тал)
№ 2. Билет
1. Қазан айының ескі аталуы? (ақырап)
2. Желден жүйрік жалы бар, Жаулауды аңсап,сағынар , Жауға шапса ер жігіт Қанат болар жануар.(жылқы) 3. Күзде ғана жинап алатын емдік шөпті атаңыз? (Адыраспан, дермене, қараша.) 4. Қораңда малың болсын (көшеде талың болсын)
№3. билет
1. Қараша айының ескі атау? (қауыс)
2. Мал өрісін жағалап, Қақпаннан ол қорқады, Әр ауылды ағалап, Азық іздеп , жортады.(қасқыр) 3. Күзгі жемістерден кептіріліп дайындалатын астардың, яғни кептіріліп дайындалатын жемістерді атаңыз?
(Қауынқұрт, қақ, кепкен өрік, мейіз, жиде) 4. Дәрі шөптен шығады (дана көптен шығады)
№4 билет
1. Тамыз айының ескі атауы ( тамызық )
2. Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусар тынысын,
Пәк табиғат жүрегімнің тамылжыған жырысың.
Ей, адам, қалай ғана қатыгездік жасайсың?
Ол анаң ғой, ал сен кенже ұлысың.- өлең жолдарын жазған ақынымызды атаңыз? (Мұқағали)
3. Сусыз піскен ас көрдім , Домаланған бас көрдім (қауын)

4. Ағаш ексең аялап .................(басыңда болар саябақ)

5 билет

1. Мойны сұрақ белгісі , бұл қандай көл құсы. (аққу)

2. Жазда жүрер жапанда Балды жақсы көреді Ал қыс бойы апанда Ұйықтау оның «өнері» (аю) 3. Ағаш көркі жапырақ .............................(адам көркі шүберек) 4. Қына тасқа бітеді............Білім басқа бітеді.
1 - жүргізуші
Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,
Хар хандықты қазаққа дала берген секілді.
Еркелікті, ерлікті желден алған секілді,
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.- деп Қадір Мырзалиев ағамыз жырлағандай, бүгінгі күзігі балл мерекемізді табиғатты аялау, табиғат сұлулығын сақтау тақырыптарымен ұштастырсақ артық айтпаған болар едік.

Ендігі 3 – кезең. «Алтын күз ырысы» үздік сурет және экибана

(үй тапсырмасымен таныстыру) Ортаға таныстыру үшін шақырамыз.
5 - сынып
6 – сынып
7 - сынып
8- сынып

9-сынып
2 - жүргізуші Мінекей үш кезеңді де артқа қалдырдық
Құрметті әділқазылар өтілген 1-2 кезеңінің нәтижесін білсек.
1 - жүргізуші
Баршаға өнер сүйер жар саламыз
Үкілі үміттерді қарсы аламыз
Күйге енейік баршамыз ерекше бір
Сіздер үшін би билеп, ән саламыз
2 - жүргізуші
Көркіңмен жаз жадырап күліпті күз,
Сұлулықты көргенге үміттіміз
Қуаныш сыйлай берші бал татыған.
Биімен айналады қылықты қыз - дей келе қыздарын шақырамыз Жастар биі
1 - жүргізуші
Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын,
Жер мен көк жалтыраған сап - сары алтын
Ағашта жапырақтар сылдырлайды,
Төгілген алтын теңге сансыз жалқын.
Сары алтын батсайыдай дала мидай,
Үйілген мая - мая қызыл мидай
Қырманда қызыл алтын, қызыл маржан,
Жайнайды жаратылыс берген сыйдай,- деп Сәкен Сейфуллин ағамыз алтын күзді керемет шабытпен сары алтынға теңеп жырлаған екен. Қазақ өнер десе ішкен асын жерге қоятын халық қой.
2 - жүргізуші
Асыл тастан, өнер жастан,
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, қалт айтпас,
Әрқашан да нанымды
Сол шындықты күнделікті,
Көріп жүрміз өмірден
Өнерімен танысайық,
Тілекші боп көңілден. дей келе

4 - кезеңіміз «Өнерің өрге жүзсін» (ән, би, көрініс , пародия т.б. )
1 - жүргізуші Әділқазылар алқасы ханзада ханшайымдарымыздың білімі мен өнерін бағалайтын кез де келді Осы 3 - 4 кезеңдер бойынша қорытындыласақ.

2- жүргізуші .Жігіттер мен аруларымыздың өнерлеріне көп рахмет айта отырып, келесі кезеңімізге өтейік.
5-кезең. «Берекелі дастархан» салат әзірлеу . Жақсы асын сақтайтын қонақтарға, Қашан келер, кім келер болжам бар ма? Ақ дәмін, ақ ниетін жайып салған, Кім жетер пейілі кең адамдарға! Ас мәзірін анасының қасында жүріп үйреніп жүретін қыздарымыздың дайындап келген салаттарына кезек береміз.

Шарты: Әр сынып өздерінің дайындаған салаттарын ұсынады.

1 - жүргізуші
Сәнімен күздің көркін көрікті етіп,
Бір қыз өтіп барады желіп кетіп.
Иығына төгіліп қара шашы,
Жан біткенді өзіне еліктетіп.
Аруларымыз өзінің ұстамдылығымен, жарқын жүзді сыпайылығымен, сергек сезімталдығымен бірге, сырт пішініне, киім сәніне немқұрайлы қарамаған. Ендігі кезекте ханзада мен ханшайымдарымыздың сән үлгісін

6 - кезеңді тамашалаңыздар.
2 - жүргізуші
Бар сұлулық құйылған бір басына,
Жарасып – ақ тұр бәрі сұлбасына,
Бетін шымшып жауратып күз салқыны, Еркелейді еріксіз сырласына. дей келе бірінші жұпты қошеметпен ортаға шақырайық. Кезегімізді әділқазыларға берсек өтілген 5 - 6 – кезеңдер бойынша қорытындыласақ.
1 - жүргізуші Сонымен, Қымбатты көрермендер жан дүниесі, рухани әлемі таза,. адам баласының ең тамаша қасиеттерінің барлығын бойын сіңірген. арыстандай айбатты, жолбарыс жүректі ер мінезді нағыз ханзадаға лайық жігіттерімізбен ………
2 - жүргізуші Сыпайы да мейірбанды, ақ маңдай ашық жүзді, айдай сұлу жылы жүздерінен күннің нұры төгілген нағыз ханшайымға лайықты, ақылды да, парасатты қыздарымызды анықтайтын кезге де келіп жеттік.

Бүгінгі мерекелік шарамыздың күзгі балл биіне ханзадамен ханшайымдарды ортаға билеуге шақырамыз.
1 - жүргізуші
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, болсаң егер ұғатын.
2 - жүргізуші
Келешекте әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шыңдалсын қалыспаңдар.
Өнерлілер көбейсін күннен – күнге,
Өмір күрес әлі талай жарыстар бар … дей отырып, «Алтын күз ханзадасы мен ханшайымы-2017» байқауының нағыз ханзадасы мен ханшасын жариялау үшін әділқазыларға сөз кезегін береміз.
Әділқазылар алқасы «Алтын күз ханзадасы мен ханшайымы-2017» атты байқауының жеңімпаздарын марапаттайды.
1 - жүргізуші Қымбатты көрермендер! Жеңімпаздарымызға биік шыңдарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып, кешімізді осымен аяқтаймыз.
2 - жүргізуші
Тіршілік - арман, бәрімізге де орын бар,
Басады кейде онсыз да қиын жалын бар.
Қуаныш та бар, өкініш те бар жолдарда,
Ұстазым менің, достарым менің
Бәріңде аман болыңдар. Тамашалағандарыңызға рахмет, сау - саламат болыңыздар.






1. билет
1. Қыркүйек айының ескі аталуы қалай?

2.Жайлы жұмсақ төсегім

Домаланып өсемін.

Қабат қабат тоным бар

Қалай оны шешемін
3. Күз мезгілінде егілетін дақылдарды атаңыз?. 4. Дала көркі мал ........................................


№ 2. Билет
1. Қазан айының ескі аталуы?
2. Желден жүйрік жалы бар, Жаулауды аңсап,сағынар , Жауға шапса ер жігіт Қанат болар жануар.

3. Күзде ғана жинап алатын емдік шөпті атаңыз?

4. Қораңда малың болғанша...............................


№3. билет
1. Қараша айының ескі атау?
2. Мал өрісін жағалап, Қақпаннан ол қорқады,

Әр ауылды ағалап,

Азық іздеп , жортады

3. Күзгі жемістерден кептіріліп дайындалатын астардың, яғни кептіріліп дайындалатын жемістерді атаңыз?
4. Дәрі шөптен шығады .................................


№4 билет
1. Тамыз айының ескі атауы
2. Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусар тынысын,
Пәк табиғат жүрегімнің тамылжыған жырысың.
Ей, адам, қалай ғана қатыгездік жасайсың?
Ол анаң ғой, ал сен кенже ұлысың.- өлең жолдарын жазған ақынымызды атаңыз?
3. Сусыз піскен ас көрдім ,

Домаланған бас көрдім

4. Ағаш ексең аялап .................


5 билет

1. Мойны сұрақ белгісі , бұл қандай көл құсы.

2. Жазда жүрер жапанда Балды жақсы көреді Ал қыс бойы апанда Ұйықтау оның «өнері»

3. Ағаш көркі жапырақ .............................

4. Қына тасқа бітеді............










-80%
Курсы дополнительного образования

Химическая завивка волос. Наращивание и кератиновое выпрямление волос

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Алтын күз ханзадасы мен ханшайымы-2017 (32.83 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт