Меню
Разработки
Разработки  /  Математика  /  Уроки  /  Прочее  /  Алғашқы функция ,қасиеті.

Алғашқы функция ,қасиеті.

Адамның шығу тегімен және адам тәрізді маймылдардың ұқсастығын, айырмашылықтарын таныстыра отырып, эволюциясының негізгі кезеңдеріне жалпы шолу арқылы органикалық дүниенің тарихи даму заңдылықтарының ақиқаттығына көз жеткізу.

Алғашқы фукция ұғымымен және негізгі қасиетімен, алғашқы функция табу ережелерімен таныса отырып туындымен салыстыру, осы ережелерді есептер шығаруда қолдана білу.

23.05.2018

Содержимое разработки

Пән: Биология, математика.

Топ: БМ-14-1

Сабақтың тақырыбы: Адамның жануарлардан шыққан дәлелдемелері. Алғашқы функция ,қасиеті.

Сабақтың міндеттері:

А) Білімділік: Адамның шығу тегімен және адам тәрізді маймылдардың ұқсастығын, айырмашылықтарын таныстыра отырып, эволюциясының негізгі кезеңдеріне жалпы шолу арқылы органикалық дүниенің тарихи даму заңдылықтарының ақиқаттығына көз жеткізу.

Алғашқы фукция ұғымымен және негізгі қасиетімен, алғашқы функция табу ережелерімен таныса отырып туындымен салыстыру, осы ережелерді есептер шығаруда қолдана білу. Ә) Дамытушылық: .Есте сақтау,тез есептей білу және логикалық ойлау қабілетін дамыту, кесте құру және толтыру дағдысын , интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін пайдалану дағдысын дамыту,математиканы биологиямен байланыстыру, қызығушылықтарын, ой-өрістерін арттыру

Б) Тәрбиелілік:  Өз ойын жинақтап жеткізе білуге, нақтылы шешім табуға  үйрету. Өз беттерінше жұмыс жасауға, бірін-бірі тыңдап, өз ойларын білдіре алуға, алған білімдерін іс-жүзінде қолдана білуге тәрбиелеу

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ.

Сабақтың әдісі: миға шабуыл стратегиясы, СТО,АКТ технологиясы

Сабақтың көрнекілігі: кесте, сызбатест тапсырмалары, слайд, интерактивті тақта т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Студенттермен сәлемдесу, түгендеу, топқа бөлу, әдістемелік нұсқаулар, таратпа карточкаларды беру, зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Миға шабуыл стратегиясы.

Математика: Туынды кестесін кайталау

Функция туынды

С 0

X 1

X2 2x

cosx
(cosx) -sinx
(tgx)

(ctgx)

Биология:Терминдермен жұмыс: 1 минут ішінде өткен сабақтағы жазылған тірек сөздерді еске түсіріп, жазу.

1.Биологиялық прогресс, биологиялық регресс, ароморфоз, идиоадаптация, жалпы дегенерация

2.Ауызша осы терминдерге қысқаша анықтама беру

ІІІ. Жаңа сабақ: Ой қозғау стратегиясы – оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру

Математика: оқулық бойынша жаңа тақырыпты өз бетінше меңгеру ұсынылады. Туынды мен алғашқы функцияның ұқсастығы мен айырмашылығы көрсету қажет. Әр топ мәтін бойынша берілген сұрақтарын қорғайды. Интерактивті тақтада жауаптары тексеріледі. І тапсырма:І топ, ІІ топ, ІІІ топтарға берілетін сұрақтар.

I топ: Алғашқы функцияның анықтамасын айтып бер. Алғашқы функцияның негізгі касиетін тұжырымда

II топ: Алғашқы функцияның геометриялық мағынасы кандай?

III топ: Алғашқы функция табудың үш ережесін тужырымда

Үш топқа да алғашқы функцияларды табу кестесін талдау тапсырылады.

Биология: Тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастар бойынша әр топқа тапсырма беріледі. Тапсырмалар карточка түрінде беріледі. Өз ойларын дәлелдейді.

І тапсырма:І топ, ІІ топ, ІІІ топтарға берілетін сұрақтар.

І топ: Адамның пайда болуына материалистер қандай ой пікірлер айтты?

ІІ топ: Адамның адамтәріздес маймылдардан пайда болуын даттаушылар идеалистер пікірі?

ІІІ топ: Идеалистер материалистер сөзін қолдады ма?

ІҮ. Бекіту: Жаңа сабақтың мазмұнын түсіну үшін, әр топқа тапсырма беріледі.

СТО стратегиясы.

Математика: Әр топ оқулықтан берілген тапсырма бойынша тақтада есеп шығарады.

І топ. №1

Көрсетілген аралықта Ғ (х) функциясының алғашқы функциясы бола ма?
1) Ғ(х) = 2х2+х+1, f(x)= 4x+1, x;

2) F(x) =

II топ. №2

III топ. №3

1)

2)



Биология:І топқа – Адамның шығу тегі туралы сызбанұсқа сызып түсіндіру

ІІ топқа – Адамның жануарлар дүниесіндегі жүйелік орнын ретімен түсіндіру

ІІІ топқа – Адамның жануарлардан шыққандығын дәлеледеу

1-топ

Негізгі ұғымдар (терминдер) – Антропология (гр. «anthropos» - адам, «logos» - ілім), Антропогенез, хордалылар (желілер), ұрықжолдас (плацента), Рудименттік (лат. «rudimentum» - арғы тегінен қалған қалдық белгі), Атавизм (лат. «atavus» - арғы тегін қайталау), Homo sapiens – саналы адам, нәсілдер (расы)


ІІ топ

Адамның жануарлар дүниесіндегі жүйелік орны 

  • Хордалылар типі.

  • Омыртқалылар тип тармағы.

  • Сүтқоректілер класы.

  • Ұрықжолдастылар класс тармағы.

  • Маймылдар (приматтар) отряды.

  • Адамтектес маймылдар отряд тармағы немесе тартанаулылар тобы.

  • Адамдар тұқымдасы.

  • Адамдар туысы

  • Саналы адам түрі

III.Адамның жануарлардан шыққандығын дәлеледеу

Адамның шығу тегі, тарихы. Антропология – адамның шығу тегі мен тарихи даму кезеңдерін, нәсілдік ерекшеліктерін зерттейтін ғылым

Анатомиялық – құлақ қалқанының, сүт бездерінің, тістерінің жіктелуі, рудименттердің, атавизмдердің, т.б. болуы.

Эмбриологиялық – ұрықтанған жұмыртқадан дамуы, алғашқы кезеңінде желбезек саңылауының болуы, миының балыққа ұқсауы, клоакасының болуы.

Палеонтологиялық – қазбадан табылған адамның арғы ата тектері: австролопитектер, питекантроптар, синантроптар, неандертальдықтар, кроманьондықтар.

Физиологиялық – адам тәрізді маймылдар қуанады, ызаланады, ұрпағына қамқорлық жасайды, сезім мүшелері, қан құрамы, ауру түрлері ұқсас.

Рудименттік деп ататегінен қалған, бірақ қызмет атқармайтын қалдық белгілерді айтады. Оған соқырішек, құлақ айналасындағы бұлшық еттер, терідегі түктер, құйымшақ, т.б. мысал бола алады.

Атавизм деп арғы ататектің белгілерінің қайталануын айтады. Ондай белгілерге сирек жағдайда байқалатын денесін қалың түк басқан баланың дүниеге келуі немесе көп емшекті, құйрықты нәрестелердің туылуы мысал болады

3"Д" тақтанының көмегімен тест тапсырмасы беріледі.

 1. Рудиментті табыңыз: а) түкті адам; ә) аппендикс; б) құйрықты бала.

2. 1871 жылы шыққан «Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу» еңбегінің авторы кім? а) Ж.Б.Ламарк; ә) Ф.Энгельс; б) Ч.Дарвин.

3. Адамның тарихи дамуы: а) онтогенез; ә) филогенез; б) антропогенез.

4. Жеке түрлердің өз ата тектерінің белгісіне қайта оралуы қалай аталады?

а) рудимент; ә) атавизм; б) гомологиялық мүше.

 5. «Табиғат жүйесі» еңбегінің авторы кім? а) К.Линней; ә) Ф.Энгельс; б) Ч.Дарвин.

6. Адамның шығу тегін, дамуын, қалыптасуын зерттейтін ғылым:

а) палеонтология; ә) эмбриология; б) антропология.

7. Адамда соқырішек, үшінші қабақ ата тегінен қалған белгілерге жатады. Осындай белгілердің ғылыми атауы: а) рудимент; ә) атавизм; б) гомология.

8. f(x)=5функциясы үшін алгашқы функцияның жалпы түрін тап :

а) 5+х +С б)5-х в)5х+С г)5х

9. f(x)= х2-3х функциясы үшін алгашқы функцияның жалпы түрін тап :

а)  -3 +С б)- х в)  -  +С г) +3х +С

10. f(x)=х2-9х функциясы үшін алгашқы функцияның жалпы түрін тап :

a)  -  +С б) -9x3 +С б)- 9х г) +9х +С

11. f(x)= -+x5функциясы үшін алгашқы функцияның жалпы түрін тап:

а)2 -3tqx ++C б) 4 -3ctqx ++C в) -3ctqx ++C г)4 ++C

12. f(x)= -х5 + х13функциясы үшін алгашқы функцияның жалпы түрін тап

а) -+х12+С б) -  + +С в) - + 12х12+С г)- + х12+C

Студенттер қолдарындағы пультті пайдаланып,тест тапсырмаларының жауаптарын белгілейді.Жауаптар тақтада көрсетіледі, осы арқылы студенттер қанша есепті дұрыс шығарғанын біледі.

Ү.Қорытындылау: Пәнаралық байланысты көрсететін тапсырмалар.

Адамның ми көлемі маймылдың ми көлемінен үш есе артық. Егер адамның ми көлемі 1500 см3 болса, маймылдың ми көлемі қанша болады?

Мына сөздер арқылы сабақ қорытындыланады.

1.Адам мен адам тәрізді маймылдар атам заманғы бір кезде ортақ түбірден тараған өз эволюциясындағы ажырасып бара жатқан екі бұтақ тәрізді.Берілген функция мен алғашқы функцияның байланысы да екі бұтақ тәрізді бір-біріне байланысты.


2.Адамды адам еткен еңбек деген сөз маңыздылығын жоғалтқан жоқ.Математикада да ,биологияда да білімді алу үщін еңбек ету қажет.



Күтілетін нәтиже:

білу керек: Адамның жануарлардан шыққан дәлелдемелері арқылы органикалық дүниенің тарихи даму заңдылықтарын білу. Өз білімдерін тереңдетеді. Алғашқы функция анықтамасын,касиетін,геометриялық мағынасын, алғашқы функция кестесін

жасай біледі: берілген функцияның туындысын табуды, интерактивтік тақтаны қолдануды Адамның табиғаттағы орнын тұжырымдайды, салыстырады.

түсінуі тиіс: ойлау қабілетін арттыру, өз ойын жинақтап жеткізе білуге, нақтылы шешім қабылдау арқылы түсіну, алғашқы функцияны табуда қолданылатын тәсілдерді таңдап есептерді түсініп біледі.


ҮІ.Үй тапсырмасы:Биология- § 58 кесте толтыру. Математика- Алғашқы функция қасиеті.№4 есеп

ҮІІ.Рефлексия:   Білемін. Білгім келеді. Үйрендік стратегиясы.

ҮІІІ.Бағалау:

.


Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжі

Жалпы білім беру кафедрасы















Ашық сабақ

Тақырып:Адамның жануарлардан шыққан дәлелдемелері

Алғашқы функция,қасиеті











Өткізген: Есмагамбетова А.А

Рахымжанова А.Қ.

















Қарағанды 2015






-80%
Курсы профессиональной переподготовке

Учитель, преподаватель физики и математики

Продолжительность 600 или 1000 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
17800 руб.
от 3560 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Алғашқы функция ,қасиеті. (388.5 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт