Б атыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасы
Орал қаласы білім беру бөлімінің
«Мектептен тыс жұмыс орталығы»
АШЫҚ САБАҚ
Сабақтың тақырыбы:
«Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға!»
Ахмет Байтұрсыновтың
шығармашылық жолы
Өткізген
қосымша білім беру педагогы
Кадырбекова Н.С.
Орал-2023ж
Қазақ халқының ұлы көсемі, әліппенің атасы Ахмет Байтұрсынов туралы ашық сабақ.
«Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға» атты ашық сабақтың
Жоспары
Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы – Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға
Өтетін күні: 28 қаңтар 2023жыл
Өтетін орны : МТЖО АКТ залы
Ресурстар: Ахмет Байтұрсынұлының портреті, кітап көрмесі, ақынның қанатты сөздері, видеоролик, презентация, экранда жазылған : «А. Байтұрсынов қазақ халқының кемеңгер қоғам қайраткері»
Акт залында «Әліппенің атасы» атты кітап көрмесі
Мақсаты: Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми
еңбектері туралы мағлұмат беру. Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу. Оқушылардың танымдық деңгейін дамыту
Танымдық сағаттың өту барысы:
Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар!
Жүргізуші Әліппенің атасы Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық өмір жолына арналған бүгінгі әдеби кешімізге қош келдіңіздер!
Жүргізуші Әдеби кешіміздің кезеңдері
І. кезең ақын өмірбаяны мен шығармашылығын таныстыру (видео слайд) Жас дарын үйірмесі оқушыларын ортаға шақырамыз.
ІІ. кезең Қоғам қайраткерінің кітаптары мен шығармашылығына шолу (шолу жасау үшін Жұбан Молдағалиев атындағы Әмбебап кітапханашыларын ортаға шақырайық)
ІІІ. кезең кім жүйрік? (сұрақ-жауап) Ахмет Байтұрсынұлы өмірі туралы не білеміз, қане ортаға салайық. Ол кісі қай жылы, қай өңірде дүниеге келген?
ІVкезең «Ұлттың рухани көсемін ардақтайық» деп аталады. Мұнда ақын өлеңдерінен үзінді оқу.
Vкезең «Ұлы тұлғаның шығармасынан сахналық қойылым» (Көрініс қояды)
Жүргізуші: 1. кезеңіміз Оқушыларға Ұлы тұлғаның өмірбаяны мен шығармашылығын таныстыруға ортаға №45 мектеп оқушысы Сапашова Карина мен №19 мектеп оқушысы Кожесова Назеркені ортаға шақырамыз
Карина: Ұлт ұстазының өмірбаяны Ахмет Байтұрсынов – ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Ол 1873 жылы 18 қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде дүниеге келеді.
Назерке: Табиғатынан зерек Ахмет 1882 – 1884 жылдары ауыл адамдарынан сауатын ашып, кейін ауыл мектебінде оқиды. Торғай қаласындағы екі сыныпты орысша-қазақша училищеде, Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте білім алады. Қазақ тілі мен әдебиетінің мәселелерін зерттейді. Көп кітаптар оқиды, өз бетімен ізденеді. Әдебиетпен айналысады, өлең-жырларын жазады, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинайды, оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлейді. Елді оқу-білімге шақырады.
1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін Алаш қозғалысын ұйымдастырып, бағдарламасын жазған. Қазақстанның тұңғыш халық ағарту министрі, Қазақстан академиялық орталығының жетекшісі, Алматыдағы, Ташкенттегі жоғары оқу орындарының профессоры қызметтерін атқарады. 1929 жылы жазықсыз түрмеге жабылып, 1936 жылы елге оралады, 1937 жылы қайта тұтқындалып, "халық жауы" деп аталған Ахмет 1938 жылы атылады.
Жүргізуші: ІІ. Кезеңіміз қоғам қайраткерінің кітаптары мен шығармашылығына шолу (шолу жасау үшін Жұбан Молдағалиев атындағы Әмбебап кітапханашыларын ортаға шақырайық)
Жүргізуші: ІІІ. Кезеңіміз кім жүйрік деп аталады? (сұрақ-жауап) Оқушылар Ахмет Байтұрсынұлы өмірі туралы не білеміз, қане ортаға салайық. Ол кісі қай жылы, қай өңірде дүниеге келген? Қазір мен сіздерге сұрақ қоямын, ал сіздер жауап беріңіздер
1. Ахмет атамыз бізді не алуға шақырды? Білім – Адия
2. Ахмет атамыз қандай партия құрды? Алаш – Айбол
3. Ахмет атамыз Алаштың көрнекті ..? қайраткер - Кәусәр
4. Ахмет атамыз Қостанай облысының қай өңірінде туған?Торғай – Ақнұр
5. Ахмет атамызды Ұлт … деп атаймыз? Ұстазы - Іңкар
6. Ахмет атамыздың алғашқы жинағы қандай? Қырықмысал – Айзере Серікқали
7. Ахмет атамыздың екінші жинағы қандай? Маса - Фируза
8. Өлең шығаратын адамды кім дейміз? Ақын - Інжу
9. 1895 жылы қай мектепте оқыды? Орынбор - Айкөркем
10. Ахмет атамыз қай облыста туған? Қостанай - Алмас
11. Тіл маманын кім дейміз? Лингвист -- Карина
12. А. Байтұрсыновтың “Ақын ініме” өлеңі кімге арналған? (Міржақып Дулатовқа арналған) - Назерке
13. А. Байтұрсынов қай жылы дүниеге келген? (1873 жылы) – Назерке
14. Қай қалада мұғалімдік мектепте оқып, білім алған? (Орынбор) – Арайлым
15. А. Байтұрсынов қай газетке редактор болған? (“Қазақ” газеті) – Арайлым
16. Әліппенің атасы кім? (Ахмет Байтұрсынов)
Жүргізуші: ІVкезеңіміз «Ұлттың рухани көсемін ардақтайық» деп аталады. Мұнда ақын өлеңдерінен үзінді оқу.
1. Айзере: Маса
Ызыңдап ұшқан мынау біздің сары маса,
Сап- сары аяқтары ұзын маса,
Өзіне біткен түсі өзгерілмес,
Дегенмен қара яки қызыл маса.
Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша.
2. Адия: Сары шымшық
Мақтанып сары шымшық шалқып тасты,
Теңізді өртеймін деп лақап шашты.
У шу боп бұл хабарды естіген соң,
Теңізді тастап құстар үркіп қашты.
3. Іңкар: Аққу, шортан һәм шаян
Жүк алды Шаян, Шортан, Аққу бір күн,
Жегіліп тартты үшеуі дүркін-дүркін.
Тартады аққу көкке, Шаян кейін,
Жұлқиды суға қарай Шортан шіркін.
4.Айкөркем: Балалар! Оқуға бар! Жатпа қарап.
Жуынып киініңдер шапшаңырақ.
Шақырды тауық мана әлдеқашан,
Қарап тұр терезеден күн жылтырап!
5 Арайлым: балалар оқуға бар (жалғасы)
Өзенде балықшылар ау қарап жүр,
Тоғайда орақ даусы шаң-шұң орған.
Аллалап, ал кітапты қолдарыңа!
Құлдарын Құдай сүймес жалқау болған.
6. Нурали
7. Алмас: балалар оқуға бар (жалғасы)
Жігіттер мұнан ғибрат алмай болмас,
Әуелі бірлік керек, болсаң жолдас.
8. Есен: Қартайған арыстан
Қартайып арыстанның әлі кетті,
Айбынды жұрт қорқатын сәні кетті.
Бетіне жан келмейтін уақыттар,
Артына бір қарамай, бәрі кетті.
9. Назерке: Анама хат
Қарағым айналайын қамқор анам,
Арнап хат жазайын деп алдым қалам.
Сені онда, мені мұнда аман сақтап,
Көруге жазғай еді хақ тағалам.
10. Карина:
Бұлардың машақаты аз болмады,
Жұмысы орынына мәз болмады.
Тартса да бар күштерін аямай-ақ,
Аслан жүк орнынан қозғалмады.
Жүргізуші: Біздің Vкезеңіміз Көрініс. Бұл кезеңде оқушылар Ұлы тұлғаның «Қасқыр мен қозы» атты мысалынан көрініс қояяды. (Фируза, Нұрислам, Інжу ортаға шығады).
Жүргізуші: -Ахмет Байтұрсынұлының -еңбегі жанған жанның бірі. Істеген ісінің жемісі-соңынан келе жатқан жастар. Оның арты Ахмет Мектебіне тізіліп, кіріп жатқан жас буын, жаңа өсіп келе жатқан қазақ әдебиеті Ахметті өзінің басшысы деп санайды.
жүргізуші: -Әрине, Ахмет тағылымын бір сәтте оқып білуге болмайды. Оны жылдар бойы оқып үйренуіміз керек. Ахмет Байтұрсынұлының ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткері санатында жасаған барлық еңбегі, тартқан қорлық, көрген азабы, болашаққа сенген үміт-арманы-баршасы ұлы миссияны орындауға, туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтықсыз қызмет етуге арналған.
Ахмет өмірі мен шығармашылығы келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек. Ахмет атамыздың рухына тағзым ете отырып, қазақ халқының ұлы көсемі, әліппенің атасы Ахмет Байтұрсыновқа арналған «Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға» атты бүгінгі ашық сабағымызды аяқтаймыз.
Қатысатын оқушылар:
Арайлым-22мектеп
Фируза-22мектеп
Інжу-22мектеп
Айзере С-22мектеп
Айкөркем-22мектеп
Нұрислам-22мектеп
Ақнұр– 19 мектеп
Кәусәр – 19 мектеп
Адия – 27 мектеп
Карина– 45 мектеп
Алмас– 45 мектеп
Кәусәр– 19 мектеп
Іңкар– 19 мектеп
Нұрали-22мектеп
Есен– 19 мектеп
Назерке– 19 мектеп
Көркем-22мектеп
Айбол– 27 мектеп
Бейбарыс-22мектеп
20.

"Ахмет Байтұрсынов-ұлт мақтанышы" (77.2 KB)

