14.03.12. Өзін-өзі тану
Тақырыбы: Жақсылықтан жақсылық
Мақсаты: «Жақсылық» кұндылығы «татулық», «кешірімділік» адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
- жақсылық жасау іскерліктерін дамыту.
-имандылыққа,ізгілікке тәрбиелеу.
Көрнекі кұралдар: оқулык, дөптер, түсті қағаз, қайшы.
Шаттық шеңбері
Оқушылармен сәлемдесу және оларды шаттық шеңберіне шақыру.
Оқушылар кезектесіп сәлемдесіп шыгады.
Бәрі бірге Л.Тілеуованың «Достық»өлең жолдарын қайталайды.
Мәтінмен жұмыс
Ертегі «Бұлақ сылдыры»
-Жолбарыс пен бұлбұлдың әрекеттері туралы не айтар едің?
-Жолбарыс бұлбұлдан не үшін кешірім сұрады?
-Сендерде де осындай жағдайлар болды ма?
Дәйексөз
Ешқандай жақсылық зая кетпейді. Үнді нақылы
Ойын-жаттығу
Жағдаяттарды талдау
Сергіту сәті
Жаңа ақпарат
«Басқа адамның кемшілігін,қателігін кешіру және өз қатесін түсініп,мойындап кешірім сұрау адам бойындағы жақсы қасиет».
Тапсырма
«Сыныптастарыңмен келісімге келіп,кешіре білген кездеріңді естеріңе түсіріп айтыңдар».
Дәптермен жұмыс
-Дәптердегі жүрекшенің ішінде «Мен кешірім сұрай білемін…» айдарымен берілген бос жолдарға өз ойларыңды жазыңдар.
Қорытындылау
Әдепті адам татулықты жоғалтпау үшін кінәлі жағдайда алдымен кешірім сұрай білу керек. Шынайы достық кешіре біледі,достықты қадірлейді.
Жүректен жүрекке
Балалар шеңбер құрып, қол ұстасып тұрып, А.Оразақынның «Татуласу» өлеңін айтады.
29.02.12. Өзін өзі тану
Сабақтың тақырыбы: Төзім мен табандылық
Сабақтың мақсаты:
1) Төзімділік пен табандылықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.
2)Өзара жағымды қарым-қатынастарды дамыту;
3)төзімділікке,табандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: оқулык, дәптерқағаздан жасалған «ағаш бүрлері».
Шаттық шеңбері З.Жұманова Ашу мен сабыр
Мәтінмен жұмыс
Төзім
Д. Әлімжанов
- «Төзімді жан мойымас», «Төзген жетер мұратка» деген өлең жолдарын қалай түсінесің?
Жағдаяттарды талдау
1-жағдаят:
Төртінші сынып оқушысы Дархан күнделік жазуды бастады. Ол
Өзінің табандылығы мен ерік күшін қалыптастыру үшін өзіне
Mөмендегідей талантар қойды:
«Сабаққа дайындалатын уақыт болғанда, мен барлық шаруаны, тіпті өте қызық нәрселерді жинап қоямын.
Барлық сабақты оқып болмайынша, ешнәрсеге алаңдамаймын.Мен бастаған ісімді аяғына дейін жеткіземін».
Дархан осы талаптарды үнемі басшылыққа алып отырды.
-Дархан неліктен өзіне осындай талаптар қойды деп ойлайсыңдар?
-Өздеріңе қандай талап коясындар?
2-жағдаят:
Айман ән салып,би билегенді ұнатады. Уақытының көбін осыған арнағысы келеді.Осыны ойлағанда үй тапсырмасын да тыңғылықты орындағысы келмей қалады.Үй шаруасына көмектесуге де ынталанбайды.Ән салып,би билеуге де бар күшін сала қойған жоқ.
-Айманға қандай ақыл-кеңес берер едің?
-Айманның бойында қандай қасиеттер жетіспейді деп ойлайсыңдар?
Жаңа ақпарат
Сахналау
Құмырсқаға сабақ болды
«Айгөлек» журналынан
• Қызыл құмырсқаның әрекеті туралы не айта аласыңдар?
• Неліктен құмырсқа «табандылықпен аяқтармын»деп серт берді?
• Сендерге төзімділік, табандылық бойынша үлгі-өнеге болатын кай сала адамдары?
Жаттығу-ойлану
Оқушылардың сабақтан түйген ойлары жаттыгу-ойлану тапсырмасын орындау барысында беки түседі.
Дәптермен жұмыс
Сабақтан түйген ойларын пысықтауға арналған тапсырма беріледі.
Аңызды оқып, Фарабидің бойындағы құнды қасиеттерді тізбелеп жазыңдар.
Қайта-қайта
Аңыз
Қ. Толыбаев
Қорытындылау
-Табандылық,төзімділік-адам бойындағы асыл қасиеттер. Табанды,төзімді болу өз қолыңда.
Тапсырма
Оқушылардың сабақтан алған білімдерін қорытындылау мақсатында мұғалім тапсырманы орындауды ұсынады.
Төменде берілген түйінді ойларды толықтыр.
Ұстамды болу;
Ашушаң болмау;
Өзіңді-өзін. меңгере алу;
Сабыр сақтау;
Сөз бен істе әділ болу.
Жүректен жүрекке
Балалар шеңбер құрып тұрып, бір-біріне тілек айтып шығады:
- Төзімді бола біл!
- Табандылыққа үйрен!
- Шыдамды бол!
- Мақсатыңа жет!
- Төзімділіктің арқасында мақсатыңа жет!

Ақылды тыңдай білу де өнеге (19.46 KB)

