№ 20 Сабақтың оқу-әдістемелік жоспары
Учебно-методический план занятий № 20
Топ/Группа: М-134
Күні/Дата: 12.02.2019 ж.
Пән/ Предмет: Жол қозғалысы ережелері және козғалыс қауіпсіздігі негіздері
Тақырып/Тема: Аялдама және тұрақ
Сабақтың түрі/ Вид урока: Жаңа білім үйрету сабағы
Сабақтың мақсаты/ Цели урока: Оқушыларды аялдама және тұрақ ережелерінің таныстыру.
Білімділік/Образовательная: Оқушыларға аялдама және тұрақ ережелерін үйретіп,оларды күнделікті өмірде дұрыс пайдалана білуге шақыру.
Дамытушылық/Развивающая:_Осы ережелерді келесі сабақтарды қалай
қолдану керектігін үйрету.
Тәрбиелік/ Воспитательная: Оқушыларды ережелерді бұлжытпай орындауға үйрету.
Сабақ түрі/ Тип урока: Теориялық сабақ
Оқыту әдісі/ Методы обучения: Аралас
Бақылау әдісі/ Методы контроля: Электронды тест сұрақтары
Пәнаралықбаланыс/ Межпредметные связи: Жол қозғалысы қауіпсіздігі және Автокөлікті жүргізу негіздері.
Көрнекі кұралдар, жабдықтар, үлестірме қағаздар/ Наглядные пособия, оборудования, раздаточный материал: ҚРЖКЕ тест сұрақтары, стендтер
Сабақ барысы/ Ход урока
1. Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, түгендеу, сабақтың міндеті мен мақсаттарын қою).
Организационная часть (приветствие, перекличка, постановка цели и задачи урока).
2. Өткен тақырыпты қайталау/ Опрос и проверка пройденного материала:
Басып озу, алда кездескен жол айрығы
3. Жаңа тақырыпты бекіту/ Изложение нового материала:
План:
Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
12. Аялдама және тұрақ
12.1. Көлiк құралына жолдың оң жағындағы жол жағалауына, ал ол жоқ болғанда - жүрiс бөлiгiнiң шетiне аялдама жасауға және тұруға рұқсат етiледi.
Елдi мекендерде әр бағыт үшiн бiр-бiрден қозғалыс жол жолағы бар, ортасында трамвай жолы жоқ жолдарда және бiр жақты қозғалысты жолдарда жолдың сол жағына аялдауға және тоқтауға рұқсат етiледi (рұқсат етiлген ең жоғары массасы 3,5 т. артық жүк автомобильдерiне бiржақты қозғалысты жолдардың сол жағына аялдауға жүк тиеген немесе түсiрген кезде ғана рұқсат етiледi).
12.2. Көлiк құралдарын конфигурациясы (жүрiс бөлiгiнiң кеңейтiлген жерi) көлiк құралдарын өзгеше орналастыруға мүмкiндiк беретiн орындарды қоспағанда, жүрiс бөлiгiнiң шетiне параллель бiр қатарға қоюға рұқсат етiледi. Бүйiр тiркемесi жоқ екi дөңгелектi көлiк құралдарын екi қатар қоюға рұқсат етiледi.
Жүрiс бөлiгiмен шектесетiн, оған толықтай және iшiнара кiретiн тротуардың шетiнде, егер бұл жаяу жүргiншiлер қозғалысына кедергi келтiрмейтiн болса, жеңiл автомобильдерге, мотоциклдерге, мопедтерге және велосипедтерге тұруға рұқсат етiледi.
12.3. Елдi мекендерден тыс ұзақ демалу, түнеу және сол сияқты мақсаттарда тұруға осыған арнап көзделген алаңдарда немесе жолдан тысқары жерде рұқсат етiледi.
12.4. Аялдама жасауға:
егер бұл трамвай қозғалысына кедергi жасайтын болса, трамвай жолына тiкелей жақын жерде;
темір жол өтпелерінде, тоннельдерде;
эстакадаларда, көпірлерде, жол құбырларында (егер осы бағыттағы қозғалыс үшін кемінде үш жолақ болса) және олардың астында (жолақтардың санына қарамастан);
аялдаған көлiк құралы мен тұтас таңбалау сызығының (жүрiс бөлiгiнiң шетiн белгiлейтiннен басқа) немесе жүрiс бөлiгiнiң қарама-қарсы шетiмен, немесе жүрiс бөлiгiнiң қарама-қарсы шетiнде тұрған көлiк құралымен ара қашықтық 3 метрден аз болатын жерлерде, егер бұл көлiк құралдарының қозғалысына кедергi тудыратын болса;
жаяу жүргiншiлер өтпесiнде және оның алдында 5 м. жақын жерде;
ең болмағанда бiр бағыттағы жол көрiнуi 100 м. кем болған кезде қауiптi бұрылысқа жақын жүрiс бөлiгiнде және жолдың ұзына бойына томпайған сыну болса;
жүрiс бөлiгiнiң қиылыстарында және бүйiр өтпенiң қарсысындағы тұтас таңбалау сызығы немесе айырым жолақтары бар үш жақты түйiсу (қиылыс) жағын қоспағанда, қиылысатын жүрiс бөлiгiнiң шетiнен 30 м. жақын жерде;
аялдама алаңдарында және оларға 15 м жақын жерде, ал ол жоқ болғанда маршруттық көлік құралдары мен такси аялдамасының көрсеткішінен 15 м жақын жерде;
көлiк құралдары басқа жүргiзушiлерден бағдаршам сигналын, жол белгiлерiн тасалайтын немесе басқа көлiк құралдарының қозғалысына (кiруiне немесе шығуына) мүмкiндiк бермейтiн немесе басқа көлік құралдарының (кептеліс) және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысы үшiн кедергi келтiретiн жерлерде;
гүлзарларда, балалар және спорт алаңдарында тыйым салынады.
Ескерту. 12.4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.10.12. N 1021 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2009.01.26. N 47 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2011.12.07 N 1479 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
12.5. Тұруға тыйым салынады:
аялдама жасауға тыйым салынатын жерлерде;
эстакадаларда, көпiрлерде, жол құбырларында;
елдi мекеннен тыс жерлерде жолдың 2.1 белгiсiмен белгiленген жүрiс бөлiктерiнде;
темiржол өтпелерiнен 50 м. жақын жерде;
егер бұл тұрғындарға қолайсыздық туғызатын болса, двигателi iске қосулы механикалық көлiк құралдарының елдi мекендерде;
гүлзарларда, балалар және спорт алаңдарында.
Ескерту. 12.5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.26. N 47 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
12.6. Аялдама жасауға тыйым салынған жерде амалсыз тоқтаған кезде жүргiзушi көлiк құралын ол жерден әкетудiң мүмкiн болатын барлық шараларын қолдануға мiндеттi.
12.7. Мұның қозғалысқа басқа қатысушыларға кедергi және қауiп төндiрмейтiндiгiне көз жеткiзбейiнше көлiк құралының есiгiн ашуға, оларды ашық тастап кетуге немесе жолдың жүрiс бөлiгiне шығуға тыйым салынады.
4. Өтілген тақырыпты бекіту/ Первичное закрепление изученного: Аялдама және тұрақ ережелері бойынша электронды тесттердегі сұрақтарга жауап беру.
5. Сабақтың қортындысы (білімдерін бағалау).
Подведение итога урока (оценка знаний).
6. Үй тапсырмасы/ Домашнее задание: ҚР Жол қозғалысы ережелері 20 бет, аялдама және тұрақ ережелерін жаттау
Оқытушы/ Преподаватель: Болдырев Г.Г.