Сабақтың тақырыбы | Адамның ұлпалары: эпителий, дәнекер. |
Сабақтың мақсаты | Оқушыларға ұлпалардың құрылысын, құрамын, қызметін түсіндіру, білімін шыңдау, білімдерін жетілдіру. |
Күтілетін нәтиже | А. Адамның ұлпаларын біледі. Эпителий, дәнекер ұлпаларының құрылысын түсінеді. В. Эпителий, дәнекер ұлпаларының маңызын тұжырымдай алады. С. Эпителий, дәнекер ұлпаларының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын болжай алады. |
Сабақ типі | Жаңа тақырыпты меңгерту |
Сабақ түрі | Аралас сабақ |
Сабақ әдісі:
| Диалогтық оқыту: топтық жұмыста «Галерея » әдісі арқылы өз беттерімен жаңа сабақты меңгеру |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті | ||||||
І. Кіріспе | Оқушылармен амандасу. Психологиялық дайындық. Тренинг. Шаттық шеңберіне тұрғызу. Топ басшылары сайланады. Топ басшысына бағалау парақтары беріледі. | Мұғаліммен амандасады. Топтарға бөлінеді. | ||||||
ІІ. Тұсаукесер.
| «Сөзжұмбақ» шешу. Жаңа тақырыпты ашу мақсатында. 1. Шығу тегі атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы ? (ұлпа) 2. Суда ерімейтін күрделі органикалық қосылыстар ? (майлар) 3. Цитоплазманың ұсақ түйіршікті сұйық құрылымы қалай аталады ? (гиалоплазма) 4. Нәруыздардың мономерлері? (аминқышқылдары) 5. Табиғи органикалық қосылыстар тобы: көміртек, сутек және оттектен тұрады? (көмірсулар) 6. Сүйек ұлпасының жасушааралық заттарын құрайтын элемент ? (кальций) 7. Жасушаның сыртқы ортадан әсер еткен немесе жасуша ішінде пайда болған әртүрлі тітіркендіргіштерге реакциясы ? (тітіркену) Оқушылар жаңа тақырыпты меңгеру үшін оқулықтағы мәтінді оқып танысады. Мәтінді оқып танысуға 7 минут беріледі. Топтарға жаңа тақырып бойынша тапсырмалар бекітіліп беріледі: «Галерия» әдісі бойынша жаңа тақырыпты түсіндіреді. Мұғалім жаңа сабақты қорытындылайды. Видеоролик көрсету. Оқушылардың жаңа тақыраптан алған білімдерін тексеруге арналған тапсырмалар. Деңгейлік тапсырмалар: 1.Сәйкестігін анықта: 2. Венн диаграммасымен жұмыс
| Берілген сұрақтарға жауап береді. Жаңа материалдың тақырыбын ашады | ||||||
ІІІ. Негізгі Бөлім. | Оқулықтан жаңа тақырыппен танысады. Оқушылар өз іштерінен презинтация жасайтын оқушыны дайындап шығарады. Оқушылар топпен талқылап, бір шешімге келіп өз ойларын қағазға түсіреді. Оқушылар алдымен жұппен жұмыстанады, содан соң топпен ақылдасып постерға түсіреді. | |||||||
IV.Қорытынды Бөлім. | Биологиялық диктант
«РАФТ» әдісі арқылы «Ұлпалар» рөліне еніп, әртүрлі формада жұмыстанады. Бағалау: Үйге тапсырма: 1.Мәтінді түсініп оқу. | Сұрақтарға жауап береді. Бағалау парағы арқылы бағаларын айтады. Үй тапсырмасын жазады. |