А дамзаттың қоршаған ортаға тәуелділігі сол табиғаттың ен байлықтардың қайнар көзі және өмір сүру ортасы болғандығынан. Ғұлама ойшыл Әбу Насыр Әл-Фараби айтқандай, адам бойында үш қабілет ерекше жаралған, олар – дене құрылысы, жан құмарлығы мен ой-парасаты. Осындай көзқарастың қалыптасу мен даму тарихына көз жүгіртсек, оның адам баласының табиғатты танып-білуімен тікелей байланыстылығын аңғарамыз. «Табиғат біртұтас әлем, одан тысқары ештеме болуға мүмкін емес», - деген екен оқу-тәрбие мәселесіне көңіл бөлген философ, психолог-ғалым Ж.Аймауытов. Табиғат мейірімі, табиғат көркемдігі адам баласын да мейірімге бөлеп, ар тазалығын сақтауға бейімдеп отырады.
Табиғатта сезім бар, құлақ та бар,
Ренжітсең, күрсініп, жылап та алар.
Аяласаң, жаныңа шуақ тамар,
Қажығанда бойыңа қуат болар.
Табиғат пен адамның мінезі де ұқсас. Табиғат мейір төксе, бар әлем құлпырып жүре береді. Адамның мейірімі де осындай. «Жылы-жылы сөйлесең, жылан іннен шығады», - дегендей, жағымды сөз, әдепті қылық, пайымды әрекет адам жанын жадыратып, уайымын, қайғысы мен қасіретін ұмыттырады, жағдайын жеңілдетеді, өмірге құлшынысын арттырады. Халық өзін қоршаған табиғаттың мінез, әдет қалыптарын өзіне алады және мәңгіге алады.
Табиғат пен адам, егіз әлем ретінде, бірін-бірі күтуге, аялауға міндетті. Олар бір-біріне сый, құрмет жасауға тиіс болса, сол сыйластықтың және бір түрі – адамның табиғатқа деген пейілі.
- Табиғатты ұмыту – өз басымызды ұмыту деген сөз. Имандылық пен мейірбандылық – өркениеттің белгісі. Жас бала табиғат тіршілігін тамашалай отырып, оны сүю барысында үлкен адамгершілік сезімге ие болады, өзін табиғаттың ажырамас бөлігі ретінде сезінеді.
Мен тимеймін, жасқанба,
Дос болайық, көбелек!
Жайнап тұрған бақшамда,
Гүлдерімді көре кет.
Тұтқиылдан састыра,
Жаңбыр жауса себелеп,
Тақиямның астына
Тығыла ғой, көбелек. (Асқаржан Сәрсеков)
Қандай нәзік сезім! Бала мен көбелек – табиғат перзенттері, олардың арасындағы сыйластық кімнің болса да өңіне күлкі, жүрегіне мейірім ұялатады.
Табиғаттың биік сұлулығына, оның мызғымас пәктілігіне шек келтірмейді, тоқтам салмайды. Асанның сұлулыққа, әдімілікке қатынасы ерекше шынайылықпен, көркемділікпен бейнеленіп, адамды шабытқа бөлейді.Табиғат сұлулығын Асан эстетикалық сезімдер мен қабылдап, сол талғам тұрғысынан оларды бағалайды.
Абай, Шәкәрім және ислам теологы әл-Ғазали тәрізді даналардың айтуынша, адам болмысы үш бөліктен құралады: тән, нәзік болмыс және жан. Тән – табиғаттың негізгі бес элементінен: топырақтан, судан, ауадан, оттан және эфирден тұрады. Тәннің құрылысын, оның жұмысын, өзгеру заңдылықтарын медицинаға байланысты ғылым салалары зерттейді. Адамның нәзік болмысына – сезім, ой-өріс, ақыл-ес, түйсік және «мен» деген түсінік жатады.
Алматыдан Мұқағали ауылына қарай бағыт алған Құлжа күре жолымен бара жатқанда 160 шақырымдай жерде Көкпек жоталары басталады. Арғы жағы – біршама аумақты алып жатқан жазық дала. Осы Көкпек жоталарынан батысқа қарай 30 шақырымдай жердегі жоталардың бірі мүжіліп құлап, жартас пайда болған. Елдің айтуынша, сол жартас қатпарларының бір бөлігі тылсым табиғаттың күшімен Мұқағали бейнесіне ұқсап қалған екен.
Табиғат – бүкіл әлем.
Адам табиғатта өмір сүреді, онымен тұрақты қатынаста болады. Адам, оның денесі мен рухани өмірі табиғатпен тікелей байланысты. Одан шығатын қорытынды- адам табиғаттың бір бөлігі.

Адам табиғаттың бір бөлігі (12.23 MB)

