Меню
Разработки
Разработки  /  Классному руководителю  /  Планирование  /  11 класс  /  Абайлаңыз, көк кит келеді

Абайлаңыз, көк кит келеді

11 сынып о?ушыларына арнал?ан т?рбие са?атыны? жоспары

24.03.2017

Содержимое разработки

Бекітемін:

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

А. Ажығожина:

Сыныбы:

11 "б"

Күні:

Сабақтың тақырыбы

Абайлаңыз, "Көк кит" келеді!

Жалпы мақсаты:

Өмірге деген бейімділік, табандылық қарым-қатынаста болуын қалыптастыру, өмірдің құндылығын сезіндіру.

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

Оқушылар өмірдің қымбат екенін сезінеді, қоғамдағы да өмірлеріндегі де қандай мәселе болса да қарсы тұра алатындарына сенеді.

Сабақ түрі:

Дөңгелек үстел

Ресурстар:

Интерактивті тақта

Қолданылатын модульдер

Сыни ойлауды дамыту, Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, Оқытудағы басқару және көшбасшылық, Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту.

Кезеңдері


Ұйымдастыру

-Амандасу

-Түгендеу

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын әзірлеу.

Қызығушылықты ояту.

Ой ашар

Бүгінгі сабағымызды Тұманбай Молдағалиев ағамыздың өлеңімен ашқым келіп отыр.
Адам күліп қарсы алады таң нұрын,
Адам жырлап жөнелтеді әр күнін.
Сәл қайғырса,ол ұғына түседі,
Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.
Адам күліп қарсы алады таң нұрын,
Адам жырлап ұзартады әр күнін.
Сәл қуанса,шығарады ол естен,
Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.

- Осы өлеңде не жайлы жырлаған?
Әрине,өмір жайында. Ендеше бүгінгі біздің дөңгелек үстеліміздің тақырыбы, әлеуметтік желіден, теледидардан айтып, көрсетіп жатқан өмірге қауіпті ойын жайында болғандықтан, Абайлаңыз, "Көк кит" келеді!- деп аталады.

Кіріспе

Ой қозғау

Слайдтан көк киттің суреті көрсетіледі. Оқушылардың киттерге байланысты білетін ақпараттарымен бөлісуді сұрау.

Оқушылар көк киттің мухиттарда өмір сүретін ең алып сүтқоректі екенін біледі және биология пәнінен білетін ақпараттарымен бөліседі.

Негізгі бөлім

/слайдтан

тыңдалым/




























Көк кит теңіздің асау толқындарымен ойнап, жағаға шығып, кері қайта алмай өліп қалады. Бұл теңіз патшасының өз-өзіне жасаған қастандығы. Мұхит жағалауындағы елдер үшін киттердің бұлай жаппай қырылуы күні бүгінге дейін түсініксіз жәйт. Қазір жас өскіннің қауіпті де қатерлі ойынын осы мақұлықтың атымен байланыстырады. Жуырда ғана «Көк киттің» Ресейден Қырғызстанға жеткенін хабарлап едік. Ізін шала еліміздің әр аймағында осы ойынның шырмауына түскен
жасөспірімдер туралы естіп жатырмыз. Әлеуметтік желі арқылы тараған ойынның шырмауына оқушылар мен студенттер түсуде. Саясаттанушы Дәурен Бабамұратовтың айтуынша, Алматыда бір мектептің өзінде 15 бала «Көк китке» тіркелген. Қазірге дейін Тараз, Қостанай, Қызылорда, Шахтинск, Семей қалаларында жасөспірімдер жарға жығар кесірдің жетегінде жүрген. Бір қуантарлығы, балалар дін-аман. Уақытылы дабыл қағып, олардың әлеуметтік желідегі парақшасын тексерді.
Ойынның мақсаты - белгісіз. Біреулер сатанистер шығарған дейді. Негізінде , псиxикалық ауытқуы бар біреулер ойлап тауып, сонымен кең таралған болу керек. Алдымен Ресейде, қазір Қазақстан мен Қырғызстанда таралып жатыр екен.

Ойын 50 кезеңнен тұрады

Психологиялық депрессияда жүрген балалар әуелде «Синий кит», «Тихий дом» деген парақшаларға тіркеліп, басында қызығушылықпен ойнап көреді. Бәле сосын басталады. Осындай атаулармен 2015 жылы 8 парақша ашылған. Ал, қазіргі уақытта 450 парақша тіркелген. Жеткіншек жұмысын фото есеп ретінде өз парақшасына "#синийкит  #явигре  #разбудименя420" деген хэштегтермен фото сурет салады. Әр тапсырма сағат: 4:20 да адам ұйқылы ояу жүретін кезеңде жүзеге асады. Модераторлар мақсаттары орындалғаннан кейін телефон номерін алады. Алғашқы тапсырма: «Ұстараның жүзімен қолыңа киттің суретін сал» деп келеді. Сонымен қатар, парақшаның ұсынған әуендерін тыңдап жүріп, ойынға қалай беріліп кеткенін түсінбеген бала одан әрі тапсырмаларды жалғастыра береді. Айта кететін жайт, ойынның 50 кезеңнен тұратын себебі: модераторлардың жіберген сілтемелеріне кірген қатысушының IP номерлері сақтала береді.

Енді соңғы тапсырма, «Өзіңді өлтір, не асыл, не секір» деп келеді. «Мен олай жасай алмаймын» деген жауапқа олар: "біз көмектесеміз" деп қорқытады. Жіберген сілтемелерге кіру арқылы жеткіншектің IP номерлері сақталып қалған. Сол арқылы балаға үйінің адресін, пәтер номерін жіберіп, «сенің туыстарыңды, ата-анаңды өлтірсін демесең, өзіңді өлтір!» деген хабарлама келгеннен кейін жеткіншек таңдауын жасап, өзіне қол жұмсайды.

Неге «көк кит»?

Естуімше, көк кит - суицид жасаушылардың символы екен. Себебі көк киттер көбіне теңіздің жағаларына шығып қалып, өздерін өлтіріп алады дейді.

Ұйымдастырушылар кім?

Бұл ойынды ұйымдастырушы Филипп Лисс есімді 21 жастағы жігіт. Алғашқы мақсаты пабликке адам жинау арқылы атақты болу болған. Және сол арқылы қызықты ойындар ойнатуды жөн көрген. Ол өз сөзінде «Менің парақшамда суицидті насихаттайтын ешнәрсе жоқ» деп ақталған. 

Осы орайда мектебіміздің психолог маманы Иманғалиева Айтбике апайымызға сөз берейік.


Балалар бағанадан өздерің естіп, көріп отырғандарыңдай "Көк кит" деген дәл қазіргі уақыттағы қоғамымыздағы ең үлкен мәселелердің бірі болып отыр. Ол интернет желісі арқылы психологиялық ауытқуы бар адамның таратып отырған ермегі деп айтса да болады. Жасөспірімдердің өмірін былайша айтқанда ойынға айналдырып отыр. Сол себепті өмірімізге қауіп төндіретін мындай ойындардан аулақ болайық. Өмір дегеніміз – адам баласының туған күнінен бастап, осы күнге дейінгі жүрген жолы. Өмір былайша алып қарағанда төрт-ақ әріптен тұратын сөз. Алайда осынау сөзге қаншама ұғым сыйып жатыр десеңізші. Оның әрбір мезеті сынақтан тұрады. Қиындық пен қуаныш кезектесіп жетіп отырады. Бір ағамыз: “Өмір – сырын білгізбейтін тентек ат секілді, қай жағыңнан келіп тебетінін білмей де қаласың” деген екен.Иә, шынында да солай. Басқаша алып қарағанда өмір шеті де, шегі де көрінбейтін үлкен өзен тәрізді. Ал, біз сол өзенде ақырын жүзген қайықпыз. Олай болса,Өмір адамға бірақ рет беріледі. Осы қамшының сабындай қысқа ғана өмірде бір-бірімізбен тек сыйласып өткенге не жетсін.


Оқушы пікірі

Әр оқушыдан жеке-жеке өз пікірлерін, өз ойларын ортаға салуды сқрау.

Мұғалім сөзі:

Балалар бағанадан бері қоғамымыздағы қазіргі таңдағы "Көк кит" деген атаумен, жан түршігерлік ойын белес алып тұр. Бұл туралы барлық ақпарат құралдары айтып жатыр. Бұл ойын бірнеше мемлекетті жаулап алған. Мектебіміздің психологі Айтбике апайымыздың айтқаныныдай өмір бізге қайта берілмейді. Өмір өзінің қуанышымен қайғысын бірге алып жүреді. Сол себепті қандай жағдай болмасын біз өміріміздің қымбат екенін, адам өмірге қайта келмейтінін айтқым келеді. Біздің ауылымызда интернет, ұялы байланыс желісі ұстамағанымен бірнеше айлардан кейін мектепті бітіріп, үлкен қалаларға барасыңдар. Сол кездеде әрдайым интернет желісіндегі өмірімізге қауіп төндіретін сайттардан аулақ болайық.

Сөйлемді жалғастыр

Мен өмірге келгеніме бақыттымын, себебі...................

Рефлексия

"Жүректен - жүрекке". Оқушыларға жүрек қиындыларын таратып беріп,

«Адам боп оңай туғанмен,
Адам боп қалу көп қиын» деп Қадір Мырзалиев атамыз айтқандай сіздердің бүгінгі кештен не түйгендеріңді және осы күнге тілектеріңді мына жүрекшелерге жазып, айтып жіберулеріңізді сұраймын .

Қорытынды

Сөз соңында «Адамды өмір үйретеді, үйретпесе күйретеді» - дегендей
«Өмірдің қызығын көрудің бір-ақ жолы бар батыл болып, қандай жеңілістер мен ауыртпалықтардан қорықпау» дегім келеді.
Біз бақыттымыз, себебі біз тәуелсіз мемлекетте өмір сүреміз.

Үйге тапсырма

"Мен өмірге келгеніме бақыттымын" эссе жазу.





-75%
Курсы повышения квалификации

Технологии развития волонтёрской (добровольческой) деятельности в образовательной организации

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Абайлаңыз, көк кит келеді (19.08 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт