Меню
Разработки
Разработки  /  Классному руководителю  /  Классные часы  /  9 класс  /  "Абайдың қара сөздері"

"Абайдың қара сөздері"

21.10.2019

Содержимое разработки

Тақырыбы: Абайдың бірінші қара сөзі
Мақсаты: Абай қара сөздерінің тәрбиелік мәніне назар аударту,
адамгершілікті, ізгілікті дәріптеу.
Көрнекілігі: Абайдың бірінші қарасөзі, слайд, аудиокітап

Барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Психологиялық ахуал туғызу


ІІ. Негізгі бөлім
Кіріспе сөзі: Абайдың қара сөздері.теориялық түсінік беру.
Абайдың толық жинағында 1890 - 1898 жылдар аралығында жазылған шығармалары «қара сөз» деп аталады. Абайдың қара сөздері – философиялық шығармасы. Жалпы саны - 45. Бұған «Бірер сөз қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген тарихи мақаласы да қосылады.
Абай қара сөз жазудағы мақсатын өзінің 1 - сөзінде былай деп береді:
«... Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде - кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ». Бұл - ел қамын ойлаған ұлы ойшылдың өмір, қоғам, тіршілік, адамдар арасындағы қарым - қатынас жөніндегі көзқарасының жиынтығы, философиялық ой топшылауы еді.


2. Бірінші қара сөзін аудиокітап арқылы тыңдату
3. Сұрақ – жауап:

1. Абай Құнанбайұлының өмірбаяны жайында не білеміз?

2. қандай өлеңдерін білесіңдер?

3. Бір өлеңін жатқа айт

4. Бірінші қара сөзінің мәтінінен не ұқтың? Ақынның айтпақ ойы қандай?


Қорытынды:

Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған. Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары түрлі пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың қара сөздерін жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөз ретінде бағалауға болады.  
Тақырыбы: Абайдың екінші қара сөзі
Мақсаты: Оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру, ақын көтерген мәселелер тағылымынан үлгі алып, азаматтық ұстанымдарды қалыптастыру;

Көрнекілігі: Абайдың екінші қара сөзі, слайд, аудиокітап
Барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен амандасу.
2. Психологиялық ахуал туғызу

3. Өткен тәрбие сағатына шолу

1) Ақынның бірінші қара сөзінің жалпы мазмұнын айту

2) Жаттаған оқушылар болса сұрау

ІІ. Негізгі бөлім
Кіріспе сөз: Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды.
Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан «Абай» журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.
Ақыл-ойы толысып, жасы кемелденген, көрген-білгенін ой елегінен өткізіп, сараптар жасқа жеткен кезінде қара сөздерін жазуды қолға алған. Бұған дейін Шығыс ойшылдары Әл-Фараби, Фирдоуси, Бабыр, Батыс философ, ғалымдары Галилей, Коперник, Спенсер, Дарвин, Ньютон, Пифагор еңбектерімен танысып, үлкен дайындықтан өтіп келеді.

2. Ақынның екінші қара сөзін аудиокітап арқылы тыңдату


3. Сөзжұмбақ шешу



Қорытынды:

Қорытындылай келе, біз ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының дәуірінде айтып кеткен атама сөздерінің әлі күнге дейін өз өмірімізге қажеттілігін ұғындық. Оның адамгершілікке баулыған, тәрбиеге негізделген қара сөздері арқылы рухани азық алдық, адамдық сипатта бой түзеуге тырыстық. Демек бұл ақынның халықпен бірге жасағандығы. Ақын мұрасы – халықтың сарқылмас асыл қазынасы.
Тақырыбы: Абайдың үшінші қара сөзі
Мақсаты: Адамилық қасиеттерін қалыптастыру, қара сөздерінен тәлім-тәрбие алу, гуманистік, адамгершілік, еңбек, имандылық тәрбиесін беру.

Көрнекілігі: Абайдың қанатты сөздері, слайд, аудиокітап

Барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Психологиялық ахуал туғызу

3. Өткен тәрбие сағатына шолу

1) Ақынның бірінші қара сөзінің жалпы мазмұнын айту

2) Жаттаған оқушылар болса сұрау


ІІ. Негізгі бөлім
Тәрбиеші сөзі: Абайдың қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан "Абай" журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.

Қара сөздері тақырып жағынан алғанда ақынның өлеңдерімен астасып жатады. Абай адал еңбек ету, егін салу, саудамен айналысу, өнер үйрену, білім - ғылымды игеру, қоғамдағы әр түрлі топтардың қылып жүрген харекеті, мінез - құлқы, адамгершілік, имандылық секілді, бірталай мәселелерді қара сөздерінде кеңінен толғайды, үлкен көрегендікпен көптеген құнды пікірлер түйеді.

Абай қара сөздерінің тақырыбын мынадай тақырыптарға бөлуге болады:

Адам жанын зерттеу, бала тәрбиесі жайлы

Имандылық 

тақырыбы

Жаман мінез, әдеттер

Адамгершілік жайлы

Қазақ мақалы

Қазақ халқы жайлы

Дүниенің тылсым сырын танып білу мәселесіне 7,19,31,38,43 қара сөздеріне тоқталып, ой қорытады.

Абайдың 6,8,11 қара сөздері ілім-білімге бөгет болатын надандық, талапсыздық, жалқаулық мінездердісынауға арналған.

Ар-ұят, адамгершілік, өнер мәселелері 5,11,18, 33қара сөздерінде әңгіме болады.


2. Үшінші қара сөзін аудиокітап арқылы тыңдату


3. Кестесөзді шешу

Қорытынды:

Қара сөздің барлығын публицистикалық шығарма деп тануға әбден болады. Себебі қайсы-бірін оқысаңыз да санаңызға қозғау салып, ойыңызды шымырлата түспегі анық. Тіпті білім-ғылым жайында жазылған қара сөздерден ерекше қуат алып, мотивация алатын жандар да баршылық. Әрбір қазақ азаматы осы қара сөздерді оқып шығуға міндетті деп санаймын. Әлбетте ол ұлтының нағыз жанашырын тәрбиелеп шығаратыны анық. 45 қара сөздің барлығын да жаттап алған жастардың саны бүгінгі күні аз болса да алдағы уақытта көбейетініне сенемін. Бірлікке, тірлікке, ізгілік пен адамгершілікке шақыратын публицистикалық шығарманы неге жаттап алмасқа?!Ақыл жүрек қайрат үшеуін бірге ұстап Абай атамыздың нұсқауымен жүрсек келешегіміз жарқын болшағымыз баянды болары сөзсіз!




















Тақырыбы: Абайдың төртінші қара сөзі
Мақсаты: Абай атамыздың ұлылығын, оның қара сөздерінің тереңдігін сезіндіру, туған елін сүю, адамгершілік, еңбекқорлық, саналылыққа баулу.

Көрнекілігі: Абайдың төртінші қарасөзі, слайд, аудиокітап

Барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Психологиялық ахуал туғызу

3. Өткен тәрбие сағатына шолу

1) Ақынның үшінші қара сөзінің жалпы мазмұнын айту

2) Жаттаған оқушылар болса сұрау


ІІ. Негізгі бөлім
Кіріспе сөзі: Халқымыздың ежелден-ақ кең далада кең пейілмен, өздерінің думанды той жиындарымен. Алуан түрлі әдеп – ғұрыптарымен ұл бала, қыз бала тәрбиесіне ерекшк көңіл бөліп,үнемі қырағы көзбен қадағалап отырған. Жастарға тек ата-анасы ғана емес,бүкіл ел,кең дала салты тәрбиеші болған. Қазақ сөз құдіретін бар құдіреттен артық санаған. Соның ішіндегі құдіретті сөздің бірі- Абайдың қара сөздері.

Абай қара сөздерінде ақыл – ойды поэтиқалық шеңберді асыра көрсетті.Осы жинақта ұлағатты және ізгі ниетті сөздерді көруге болады. Абай қара сөздерді жазу себебі, ол келешек ұрпақтың жақсы мен жаманды айыра білгенін танытты. Жас шыбықтан биік діңгек өсетіні сияқты адамзат баласын сәбилік шағынан тәрбиелеу деп санаған екен.


2. Төртінші қара сөзін аудиокітап арқылы тыңдату


3. Психологиялық сәт. Сергіту.
Көршілерімен дәптерлерін алмастырып, бір-бірінің жазуына баға береді.
Адамның жазуына қарап көп нәрсені білуге болады. Атап айтсақ оның мінезін, өзін өзі бағалауын, эмоционалдылығын білдіреді. Егер жазу үлкен болса, онда ол адамның тез тіл табысқыш, ортада, қандай жер болмасын сөйлесіп кете алатындығын көрсетсе, ал жазу кішкентай болса, онда адамның тұйық мінезді екендігін көрсетеді. Бұрыштап жазылған жазу өзін ғана ойлайтын (эгоист) адамдарға тән, ал түзу жазылғандар кеңпейілді мейірімді адам екендігін көрсетеді. Жазу қатты батырылып жазылса сөзі өтімді, қолында билігі бар адам екендігін білдірсе, күңгірт жазылған жазу әлсіздікті білдіреді екен. Жазуы дұрыс адамдар көбіне асықпайтын, тура мінезді адамдарды білдірсе, ал жазуы нашар адамдар көбіне асыққыш, логикасы дамыған адам екендігін көрсетеді.


Қорытынды:

Ой толғаныс.
Маған ұнаған жолдар...............
Несімен ұнады?....................







-75%
Курсы повышения квалификации

Профессиональные требования к няне (помощнику воспитателя) в условиях реализации ФГОС дошкольного образования

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Абайдың қара сөздері" (333.68 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт