Меню
Разработки
Разработки  /  Прочее  /  Уроки  /  10 класс  /  Абайдың қара сөздері. 10 сынып.

Абайдың қара сөздері. 10 сынып.

Абайды? ?ара с?здеріндегі гуманистік, а?артушылы?, ?леуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, т?тас бір ?аза? хал?ыны? философиялы? концепциясын ??райды. Абайды? кара с?здері сондай-а? жалпы адамзат баласына орта? асыл с?зге айналды.

Оны? ?ара с?здеріні? бірнешеуі е? ал?аш 1918 ж. Семейде шы??ан «Абай» журналында жары? к?рді. Кейіннен, Абайды? ?ара с?здері орыс, ?ытай, француз, т.б. к?птеген ?лем тілдеріне аударылды.

Абай ?з ?ара с?здерін 1890-1898 жылдар арасында жаз?ан. ?ара с?здерін жазуды баста?анда Абай 45 жаста бол?ан. А?ыл-ойы толысып, жасы кемелденген, к?рген-білгенін ой елегінен ?ткізіп, сараптар жас?а жеткен кезінде ?ара с?здерін жазуды ?ол?а ал?ан. Б??ан дейін Шы?ыс ойшылдары ?л-Фараби, Фирдоуси, Бабыр, Батыс философ, ?алымдары Галилей, Коперник, Спенсер, Дарвин, Ньютон, Пифагор е?бектерімен танысып, ?лкен дайынды?тан ?тіп келеді.

14.01.2017

Содержимое разработки

Тақырыбы: Абайдың қара сөздері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Білім алушыларға қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының философиялық тұжырымдарға толы қара сөздерінің мазмұнын, тәрбиелік мәнін ұғындыру, адамгершілік тәрбие берудегі ақынның философиялық ойларының тереңіне үңілуге үйрету;

Тәрбиелік: Білім алушылардың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру, ақын көтерген мәселелер тағылымынан үлгі алып, азаматтық ұстанымдарды қалыптастыру;

Дамытушылық: Білім алушылардың дүниетанымын, ой-өрістерін кеңейту, оларды өзінше ой қорытуға, ой түюге баулу, шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным-түсініктерін дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, электрондық оқулықпен жұмыс, мәтінмен жұмыс, шығармашылық жұмыс, талдау, бейнесюжет.

Оқыту құралдары: интерактивті тақта, слайд-презентация, электронды оқулық


Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Білім алушылармен сәлемдесу, тізім бойынша түгендеу;

2. Білім алушылардың зейіндерін сабаққа аудару.


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Оқытушы сөзі: Жаңа тақырыпты бастамас бұрын, біз тек қазақ елі ғана емес, бүкіл дүние жүзі таныған Абай атамыз туралы өткен сабақтарда не білдік, соған мына суреттер мен сандарға сүйене отырып, шолу жасап кетейік. Бүгінгі сабағымыздың ерекшелігі – бүгінгі сабағымыз жарыс сабақ түрінде өтеді.

(Білім алушылар 2 топқа бөлініп отырғызылады, сұрақтарға дұрыс жауап берген әр топқа 5 ұпайдан беріледі).


1. «Жылдар сөйлейді?» ойыны

(Слайд арқылы берілген жылдар бойынша Абай өміріне қатысты мәлімет айту)

1845 жыл 10 тамыз

1855 жыл

1858 жыл

1876-1878 жылдары

1882 жыл

1891 жыл

1904 жыл

1909 жыл

2. Суретпен жұмыс «Бұл кім?».

(Суретте бейнеленген жандар Абай өмірінде қандай орын алған?)

 Құнанбайдың суреті

 Әжесі Зеренің суреті

 Ұлдары Әбдірахман, Мағауия, Ақылбайдың суреттері

 Әл-Фараби, Фирдоуси, Науаи, Низамидің суреті

 Абай оқыған және шығармаларын аударған орыс жазушыларының суреті (М.Ю.Лермонтов, Крылов, А.С.Пушкин)

 Абай ізбасарларының суреттері

 Мұхтар Әуезовтың суреті


3. Білім алушыларға үй тапсырмасына Абайдың бір өлеңін жаттау берілген. Сол өлеңді жатқа сұрау.


ІІІ. Жаңа сабақ

 Жаңа сабаққа кіріспе айту.

 Қара сөз туралы теориялық түсінік беру.

Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды.

Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан «Абай» журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.

Абай өз қара сөздерін 1890-1898 жылдар арасында жазған. Қара сөздерін жазуды бастағанда Абай 45 жаста болған. Ақыл-ойы толысып, жасы кемелденген, көрген-білгенін ой елегінен өткізіп, сараптар жасқа жеткен кезінде қара сөздерін жазуды қолға алған. Бұған дейін Шығыс ойшылдары Әл-Фараби, Фирдоуси, Бабыр, Батыс философ, ғалымдары Галилей, Коперник, Спенсер, Дарвин, Ньютон, Пифагор еңбектерімен танысып, үлкен дайындықтан өтіп келеді.

Өзінің қара сөзді жазуды қолға алғандағы мақсатын Абай бірінші қара сөзінде атап көрсетеді.

 Бірінші қара сөзін тыңдау.

 Абай қара сөздерін зерттеген ғалымдарды атау.

1956 жылы Абайдың қарасөздерін алғаш жеке зерттеу обьектісі ретінде қарастырып, оны ХІХ ғасырдағы жазба әдебиетте үлкен орны бар прозалық шығарма деп бағалаған – Х. Сүйіншәлиев. Бұдан бөлек С. Мұқанов, Қ. Бейсенбиев, Т. Әлімқұловтардың зерттеу еңбектері бар. Ұлы ақынның бұл философиялық мұраларын шет тілдеріне аударған Ғ. Мұқанов, С. Санбаев. 1933 жылы М. Әуезов қарасөздердің мағынасына қарай өзінше жүйелеп орналастырған.

 Абай қара сөздері тақырып жағынан бірнеше топқа бөлу:

 Өмірбаяндық: 1 - сөз.

 Халықтарды салыстыру: 2 - сөз.

 Қазақ сахарасын билейтін әкім, тергеуші, соттар жайында: 3 - сөз.

 Күлкі туралы ойлаған ойы, сыны. 4 - сөз.

 Қазақтың мақал - мәтелдері туралы: 5 - сөз, 29, 24 - сөз.

 Ел мінезін суреттеу: 6, 8, 9, 10, 14, 19, 21, 22, 23, 26, 29, 30, 33, 39, 40, 41, 42, 43 - сөздер.

 Жас баланың психологиясын еске алып талдаған сөз: 7 - сөз.

 Білім, ғылым, өнер туралы: 18, 25, 31, 32 - сөздер.

 Дін, мораль, тәрбие жайындағы ойлар: 12, 13, 16, 27, 28, 35, 36, 38, 45.

 Адамгершілік, ар - ұят мәселелері: 11, 15, 17, 18 - сөз.

 Өмір туралы толғаныстары: 20 - сөз, 34 - сөз.

 Нақыл сөздерден ғана тұратын қарасөзі: 37 – сөз.


ІҮ. Жаңа сабақты бекіту

Білім алушылар 2 топқа бөлініп отырғызылады, топпен жұмыс жүргізіледі. Әр топқа тапсырма беріледі.


1 тапсырма «Қара сөздің мағынасын айт»

2 топқа Абайдың бір-бір қара сөзі беріледі. Бірінші топқа Абайдың он бесінші қара сөзі, ал екінші топқа он сегізінші қара сөзі тыңдатылады.

Білім алушылар мына сұрақтар бойынша берілген қара сөздің мағынасын ашады.

1. Бұл қара сөздің идеясы қандай?

2. Қандай мәселе көтерілген?

3. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні.


2 тапсырма «Қара сөзді толықтыр»

2 топқа Абайдың бір-бір қара сөзі – бірінші топқа отыз бірінші қара сөз, екінші топқа он тоғызыншы қара сөз тыңдатылады.

Берілген қара сөз бойынша «Мәтінді толықтыр» тапсырмасы беріледі.


2 тапсырма «Ойлан, тап!»

Халық арасында мақал, нақыл сөз болып қалған Абай сөздерінің жалғасын тап.

1. Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық .......... (Аздырар адам баласын)

2. Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті ... (Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек)

3. Талап, еңбек, терең ой ... (Қанағат, рахым, ойлап қой, Бес асыл іс, көнсеңіз)

4. Білімдіден шыққан сөз...............(талаптыға болсын кез)

5. Еңбек етсең ерінбей, ..............(Тояды қарның тіленбей)

6. Ұстаздық еткен жалықпас, ............(Үйретуден балаға)

7. Пайда ойлама, ар ойла, ..........(Талап қыл артық білуге)

8. Атымды адам қойған соң, ............(Қайтіп надан болайын)

9. Досы жоқпен сырлас, .................. (Досы көппен сыйлас)

10. Сен де бір кірпіш дүниеге, ..............(Кетігін тап та, бар қалан)

11. Жаман дос - көлеңке, ..............

(Басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың,

Басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың)

12. Толғауы тоқсан қызыл тіл ......................(Сөйлеймін десең өзің біл)

13. Ойын – арзан, ...............(күлкі қымбат)

14. Қайратсыз ашу - тұл, ...........

Тұрлаусыз ғашық - тұл,

Шәкіртсіз ғалым - тұл.


Ү. Қорытынды:

Оқытушының қорытынды сөзі:

Абай қара сөздерінің бізге, кейінгі ұрпаққа берері көп екені, тәрбиелік, үлгі аларлық насихат сөздерге толы екеніне көзіміз жетті.

 Абай қара сөздерінен қандай үлгі-өнеге алдық, тәлімдік ой түйдік?

Абай – ұлы ақын, ғалым, философ, көркем әдебиеттің темірқазығы.

Абай насихаты – ынтымақшыл, арлы, адал, еңбекқор, иманды, талапты, үлкен жүректі кісі болу.

Абайдың өз сөзімен айтсақ:

Терең ойдың түбінде теңізі бар,

Тесіле көп қараса, көңіл ұғар.

Абай Әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Ұлы Мұхтар «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңінен тек қана дәм таттық деп ойлаймын. Сол себептен оқудан бас тартпайық, білуге құмар болайық, ізденуден жалықпайық.


ҮІ. Бағалау.

Білім алушылардың білімін бағалау.


ҮІІ. Үйге тапсырма беру.

1. Абайдың «Отыз жетінші» қара сөзін оқу;

2. «Абайдың қара сөздерінен алар тәлім-тәрбие» атты шағын эссе жазу.

-80%
Курсы дополнительного образования

Помещение и оборудование парикмахерских. Организация рабочего места. Парикмахерские инструменты

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Абайдың қара сөздері. 10 сынып. (23.13 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт