№ 278 орта мектеп

Тақырыбы: «Түбір мен қосымша»
Сыныбы: 6 «В»
Пән мұғалімі: Бодықова Әсел
2016-2017 оқу жылы
Бекітемін: ____________
Күні: 26.09.2016ж.
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 6 «В»
Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымша
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: қазақ тіліндегі қосымшалардың түбір сөзге жалғану заңдылықтары, ерекшеліктері туралы ұғым беру; «қосымша» терминін саналы түрде меңгерту; жұрнақ пен жалғауды ажырата білуге үйрету;
Дамытушылық: фонетика, лексика тараулары бойынша бастауыш сыныптарда меңгерген білімдеріне сүйене отырып, тілдік нормалар туралы түсініктерін дамыту; сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру, оқушылардың белсенді ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, әдеби тілде көркем сөйлеуге, Абайдың нақыл сөздері арқылы адамгершілікке, сауаттылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: репродуктивті әдістер, проблемалық жағдаят тудыру, ұжымдық талдау, ой қорыту; түсіндіру, сұрақ-жауап, танымдық ойындар
Көрнекілігі: интерактивті тақта, тақырыпқа арналған кесте, тірек-сызба, кеспе карточкалар
Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, сыныптың тазалығын тексеру, оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
36-жаттығудың орындалуын тексеру.
Жаттығуды оқыған балаларға өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойып, бұрынғы өтілген тақырыптармен байланыстырып, жаңа тақырыпқа көшу.
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту.
1. Репродуктивті түрдегі өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру.
а) төмендегі өлең жолдарын жаздырып, түбір мен қосымша жалғанған сөздерді тапқызу:
Құлақ (тан) кір(іп) бой(ды) ал(ар),
Жақсы ән (мен) тәтті күй ( Абай)
ә) қосымшаның неліктен жалғанатынын пайымдату үшін тақтаға жазылған жоғарыдағы мәтін ішіндегі қосымшаларды өшіріп, мәтінді дауыстап оқыту, қосымшалардың сөйлемдегі сөздерді байланыстыратынын, сөзге мағына үстейтінін оқушылардың өздеріне шешкізу;
б) «жұрнақ», «жалғау» туралы бастауышта алған білімдерін еске түсіріп, соларды тірек ете отырып, мәтін құрамынан жұрнақ пен жалғауды тапқызу, екеуінің ерекшеліктерін аңғарту;
в) қосымшалардың түбірге жалғануында қандай дыбыстық заңдылықты байқауға болатынына назар аударту;
2. Интерактивті тақтадан сызба кестені пайдалана отырып, қосымшаның түрлерін, түбір сөз бен туынды сөз, түбірлес сөздің ерекшеліктерін түсіндіру түсіндіру.
3. Дидакткикалық ойын: оқушылардың өздеріне ой қорытындысын жасату. «Кім жылдам?» ойынының шарты бойынша берілген сөздердегі қосымшаларды өз орнына қой:
- мемлекет- дей-гі-нде-і-тер
- қысыл-ғы-да-шаң
- шешен-ге-дік-іңіз
- бауыр-да-ы-лар-ғы-нда
- естелік-дің-іміз-тер.
Қосымшалардың сөзге белгілі бір заңдылық бойынша жалғанатынын пайымдату:
Түбір+жұрнақ+көптік ж.+тәуелдік ж.+септік ж.
Түбір+жұрнақ+көптік ж.+тәуелдік ж.+жіктік ж.
ІV. Оқулықпен жұмыс.
49-жаттығу. Берілген сөздерден жұрнақ арқылы туынды сөздер жасап жазу.
Күз-дік,күз-гі, қыс-тық,қыс-қы, көктем-шілік, көктем-гі, сауық-шыл, сауық-қой, от-тық, темір-дей, тәрбие-леу, тәрбие-ші, бақыт-ты, ағайын-ды, жақ-ты.
50-жаттығу. Оқып шығып, қарамен жазылған сөздерді құрамына қарай талдау, қосымшаның түрін ажырату:
Есті: ес - зат есім, ті – зат есімнен сын есім тудырушы жұрнақ.
Білгені: біл - етістік, ген - жұрнақ, і - тәуелдік жалғаудың 3 жағы.
Көргені: көр - етістік, ген - жұрнақ, і- жалғау
Білімді: біл - етістік, ім - жұрнақ, ді - жұрнақ;
Адамға: адам - зат есім, ға-барыс септігінің жалғауы.
51-жаттығу. Берілген сөздерге қосымша жалғап, сөйлем құрау.
1-қатар: ақыл, дала, бала
2-қатар: тату, үлгі, тәртіп
3-қатар: таза, оқу, білім, денсаулық
52-жаттығу. Жұрнақ арқылы туынды сөз жасау.
Үк-кіш, үйрету-ші, түйін-шек, заң-гер, бой-шаң, талап-ты, сарап-шы, әрлеу-ші, салым-шы, баспа-хана, тәлім-гер, зият-кер, іс-кер.
Семантикалық картамен жұмыс.
| Сөздер | түбір | жалғаулы | жұрнақты | |
| сөз тудырушы | сөз түрлендіруші | |||
| Мектеп | + |
|
|
|
| Оқушы |
|
| + |
|
| Ұстазбын |
| + |
|
|
| Кітабым |
| + |
|
|
| Ақшыл |
|
|
| + |
| Қалам | + |
|
|
|
| Сандықша |
|
|
| + |
| Сөздер | түбір | жалғаулы | жұрнақты | |
| сөз тудырушы | сөз түрлендіруші | |||
| Дәптерім |
| + |
|
|
| Таулы |
|
| + |
|
| Далада |
| + |
|
|
| Адам | + |
|
|
|
| Көкшіл |
|
|
| + |
| Жақсылық |
|
| + |
|
| Үйшік |
|
|
| + |
V. Сабақты бекіту
1. «Мақал - сөздің мәйегі». Берілген сөздерге қосымша жалғап, мақал құрау.
1. Отан, адам, орман, бұлбұл. (Отансыз адам- - ормансыз бұлбұл)
2. Сөз, қу, пәле, жолық. (Сөз қуған пәлеге жолығады)
3. Сөз, сүйек, өт, таяқ, ет, өт. (Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді)
4. Талап, ер, нұр, жау. (Талапты ерге нұр жауар)
5. Ұя, не, көр, ұш, сол. Іл. (Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің)
6. Дос, көп, жау, ал, ақыл, көп, дау, ал (Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды)
2. «Графикалық сынақ». Суретте көрсетілген координат системасынан Х осіндегі орналасқан қосымшалар мен У осіндегі сөздердің қиылысын нүкте арқылы белгілеп алып, әр нүкте арасын кесіндімен қосу керек. Қай оқушының графигі дұрыс әрі жылдам болғаны анықталады.
VІ. Сабақты қорыту.
Түбір мен қосымша тақырыбы бойынша айтылған пікірлерді тұжырымдап, ойларын жинақтап, қосымшаның негізгі белгілерін айтқызу:
- түбір - сөздің ең түпкі мағыналық бөлшегі;
- қосымша түбір сөзге жалғанады;
- қосымша түбір сөздегі дыбыстардың ерекшелігіне сәйкес жалғанады;
- қосымша өзі жалғанған сөзге мағына үстейді немесе сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстырады;
- қазақ тіліндегі қосымшалар белгілі бір заңдылық бойынша бір-бірінің үстіне жалғана береді, ал орыс тілінде түбір сөзге бір ғана қосымша жалғанады.
ҮІІ. Оқушыларды бағалау
Сабаққа белсенді қатысып, сұрақтарға жауап беріп отырған оқушыларға тиісті бағаларын қою.
ҮІІІ. Үй тапсырмасын беру.
1. 53-жаттығу. «Түбір мен қосымша» тақырыбында шағын ертегі жазу.
54-жаттығу. Түбір сөзге он мысал, туынды сөзге он мысал жазып келу.


6-сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары (81.5 KB)

