| Пән. Математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1А Сан туралы ұғым | Мектеп: Глазунов орта мектебі | |||||||
| Күні: 22.09 | Мұғалімнің аты-жөні: Шакирова С Ж | |||||||
| Сынып: 1Б | Қатысқандар саны:12 Қатыспағандар саны: 0 | | ||||||
| Сабақтың тақырыбы | Сандарды жазу «6 саны және цифры» | |||||||
| Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 100-ге дейін санау Натурал сандар қатарындағы орнын анықтау | |||||||
| Сабақ мақсаттары | Оқушылардың 6 санының сан қатарындағы орнымен, оның құрамымен таныстыру; оқушыларға 6 цифрын жазып үйрету | |||||||
| Жетістік критерийлері | 6 санының сан түзуіндегі орнын анықтай алады, 6 санын әр түрлі тәсілмен алуды біледі; 6 цифрын үлгіге қарап жазып үйренеді | |||||||
| Тілдік мақсаттар | Оқушылар өз сөзінде қолдана алады: алдыңғы сан, кейінгі сан, жоғарыда, төменде, сол жақта, оң жақта. Тура ретпен санау, кері ретпен санау | |||||||
| Құндылықтарды дарыту | Өзара сыйластыққа, ұжым негізін тәрбиелеу | |||||||
| Пәнаралық байланыстар | Сынып оқушыларының, сынып бөлмесіндегі заттардың санын анықтау барысында қазақ тілі және әдебиеті пәнімен байланыс жүзеге асады | |||||||
| АКТ қолдану дағдылары | Сандарды тінтеуір арқылы жазып көреді | |||||||
| Бастапқы білім
| Оқушылар күнделікті өмірде немесе балалар бақшасында сандар ретімен санауды үйрену тәжірибесіне сүйенеді | |||||||
| Сабақ барысы | ||||||||
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
| Ресурстар | ||||||
| Сабақтың басы
| Шаттық шеңбері Кел, балалар күлейік Күлкіменен түлейік Қабақ түйген не керек? Көңілді боп жүрейік Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру: Бүгін сабақта 6 санының сан қатарындағы орнымен және 6 санының құрамымен танысатын боламыз. 6 цифрын жазып үйренеміз. Өткен сандарға байланысты санамақты қайталайықшы. Санамақ Бір дегенім – бесік, Шықтық содан өсіп. Екі дегенім – елім, Далам, тауым, көлім. Үш дегенім – үміт, Үміт артар жігіт. Төрт дегенім – төзім, Төзе білем өзім. Бес дегенім – бақыт, Бағалайтын уақыт | Слайд Сызғыш қарындаш түйме (үшеуі –жасыл, үшеуі –қызыл,үшеуі-жасыл,,екеуі-көк, төртеуі-ақ, біреуі-қара,бесеуі сары. 1-ден 10-ға дейінгі кеспе қағаздар. | ||||||
| Сабақтың ортасы
| Біз осы уақытқа дейін қандай сандармен таныстық? Олардың ішіндегі ең үлкен сан қай сан? Үстелдің үстіне 1-5 ке дейін кеспеқағаз орналастыру. Тақтаға бес оқушыны шығарып кез –келген бір санды таңдатып, сандардың өсу ретімен тұрғызу, одан кейін кему реті бойынша тұрғызу. Үндемес ойыны Оқушыларға бір сан көрсетіп,осы кеспеқағаздағы санның 5-ке қаншасы жетпей тұрғандығын қарындаш санымен көрсетуін сұрау. Шалқан ертегісін еске түсіру. Ондағы барлық кейіпкерлерді атау. Шалқан ертегісін сахналау. Ертегіде қанша кейіпкер шалқан тартып жатыр? - Бес кейіпкер. -Үстелдің үстіне сонша қарындаш қойыңдар. - Кім оларға көмекке келе жатыр? - тышқан - Тышқан нешінші кейіпкер? -Алтыншы - Алдарыңа тағы бір қарындаш қойыңдар. - Енді барлығы неше қарындаш болды? - 6 санын қалай шығарып алуға болады екен. - 6 саны 5-тен үлкен бе? Әлде кіші ме? Оқушыларды 6 санымен таныстыру. Тірек сөзбен жұмыс. Сөздерді үш тілде айту алты-шесть-six (Ж) Ертегі кейіпкерлерін санау (алты) Гүлшоғындағы түймедақ гүлін санау (алты) Сергіту сәті (Ұ) Орындап көр. 6 саныны қалай алуға болады. Қатырма қағаздан жасалған 6 балық және 6 саны жазылған шелек дайындау. Оқушылар тақтаға шығып шелектің ішіне 6 саны шығу үшін қажетті балық санын салу керек. Мысалы: екі рет 3 балықтан салу немесе 4 балық салып үстіне тағы 2 балық қосу. (Ж) Шығарып көр. Оқушыларға түймелер топтамасын ұсыну. 6 санын әр түрлі тәсілмен қойып көрсету. 3 пен 3; 4 пен 2;1 мен 5; 2, 2, 1, 1 Сызба бойынша 6 cанының құрамын анықтау Дидактикалық тапсырмалар орындау
6 саны туралы не білеміз? ( 3 –4 слайд) Сандар сыр шертеді. 6 саны: Бұл сан туралы не айтуға болады? 6 саны 5 санынан кейін тұрады. Ауызша есептер: Берілген санның алдындағы санды ата. ( 4 – слайд) Берілген саннан кейінгі санды ата ( 5 – слайд) Оқы және есептеп шығар ( 6 – слайд) (Ж) Фигуралардың қабырғалары мен бұрыштарын сана (7- слайд) Алты аю келеді, Балды жақсы көреді. Қалып қойса біреуі, Нешеуі қайтып келеді? ( 8 – слайд) Логикалық тапсырма. Қонжық вагонның бірінші және соңғы вагонында емес.Балапан вагонның ортасында және соңғысында емес. Қонжық пен балапан қай вагондарда келеді? ( 10– слайд) (Ұ) Дәптермен жұмыс. 6 санын жазу (11 слайд) | Цифрлар,сандар қатары
Сызғыш қарындаш, түймелер 1-ден 6 ға дейінгі цифрлар бар кеспеқағаздар 1-ден 5 ке дейінгі цифрлар жазылған қағаздан жасалған қағаздар Дидактикалық материалдар https://www.youtube.com/watch?v=Vwa5zBMF_WU
| ||||||
| Сабақтың соңы | Оқушылардың орындаған жұмыстарын талдау – жинақтау.
6 саны туралы не білеміз? Сан түзуінде 6 саны қай саннан кейін тұр? 6 санын қалай алуға болады? 6саны қанша заттың санын білдіреді? 6 санының құрамына мысал келтіріңдер Кері байланыс: Білемін. Не үйрендім? Нені білгім келеді? |
| ||||||
| Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
| Санауға, цифрды жазуға қиналатын оқушыға дербес қолдау көрсету. | Оқушылардың натурал сан қатарында 6 санының орнын табуды, 6 санының құрамын атай алуын, жазылуын бақылау арқылы бағалау. Санай алатын және санауға киналатын оқушыларды жазып алу, келесі сабақты жоспарлауда ескеру | Сергіту сәттерін өткізу.
| ||||||



«6 саны және цифры» (44.6 KB)

