Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Планирование  /  Дошкольникам  /  2 кіші топ жазғы преспективтік жоспар

2 кіші топ жазғы преспективтік жоспар

ІІ кіші «Ботақан» тобының

2018 - 2019 оқу жылының маусым айының перспективтік жоспары

Өтпелі тақырып «Қош келдің, жайдарлы жаз»

Мақсаты: Жыл мезгілдеріне байланысты түсінік бере отырып, жаз мезгілінде күн ысып, күн ұзарып, кештің жай бататындығы жайлы білімдерін кеңейту.

Денсаулық 2

Дене шынықтыру 2

Коммуникация 1

Сөйлеуді дамыту 0,5

Көркем әдебиет 0,5

Шығармашылық 1,5

Сурет салу 0,5

Мүсіндеу 0,5

Музыка 1

17.07.2019

Содержимое разработки

Бекітемін

«Балапан» бөбекжайының меңгерушісі

_________


ІІ кіші «Ботақан» тобының

2018 - 2019 оқу жылының маусым айының перспективтік жоспары

Өтпелі тақырып «Қош келдің, жайдарлы жаз»

Мақсаты: Жыл мезгілдеріне байланысты түсінік бере отырып, жаз мезгілінде күн ысып, күн ұзарып, кештің жай бататындығы жайлы білімдерін кеңейту.


Денсаулық 2

Дене шынықтыру 2

Коммуникация 1

Сөйлеуді дамыту 0,5

Көркем әдебиет 0,5


Шығармашылық 1,5

Сурет салу 0,5

Мүсіндеу 0,5

Музыка 1

І апта

Дене шынықтыру

  1. Шеңбер бойымен жүру, жүгіру,екіге бөлініп сап түзеу.

Шеңбер бойымен жүру ережелерін сақтай отырып, «тоқта» бұйрығына тоқтап тұрып қос аяқтап секіруге үйрету.

Ойын: «Торғайлар мен мысық»

  1. Гимнастика сатысыны өрмелеу. Сатыға өрмелеуге үйрете отырып, биіктіктен қорықпауға баулу.

Ойын: «Кім допты алысқа лақтырады»

Көркем әдебиет

Ертегі: «Лақ пен бұлақ».

Мақсаты: Ертегіні тыңдай отырып, ертегінің мазмұнын түсінуге баулу. Ертегіге деген қызығушылығын арттыру. Ертегіні мұқият назар қойып тыңдауға үйрету.


Сурет салу

Тақырыбы:«Күн»

Мақсаты: Саусақпен сурет салу техникасын жалғастыра отырып. Сұқ саусақты бояуға батырып күннің шуақтарын сала білуге үйрету. Топтасып жұмыс жасауға баулу.

Музыка

Тақырыбы:««Төлдер»

Түрлі қарқындағы музыканы тыңдап ажыратуды, әнді сөздерін анық,бір қарқынмен айтуға, шеңбер бойымен қозғалуға үйрету.

ІІ апта

Денсаулық

Дене шынықтыру

  1. Допты кеуде түсында ұстап лақтыру.

Допты екі қолмен кеуде тұсының деңгейінде ұстап, еденнен екі айяқпен итеріле отырып, алдыға қарай екі қолын созып, допты лақтыруды қалыптастыру.

  1. Ұзындыққа секіру.

Қос аяқтап ұзындыққа секіруге үйрету, бұйрықты тыңдай отырып, орындауға баулу. Тапсырманы орындауда тепе – теңдік сақтауға үйрету.

Сөйлеуді дамыту

Тақпақ оқу «Жаз келді» Тұманбай Молдағалиев

Мақсаты: Жыл мезгілдеріне байланысты білімдерін кеңейту. Жаз мезгілінің келгенін айта отырып, жаз мезгілінде болатын табиғи құбылыстарды атай білуге баулу. Тақпақты жатқа айтуға үйрету.

Мүсіндеу

Тақырыбы:«Гүл»

Мақсаты: Түрлі – түсті ермексаздан әр түрлі геометриялық пішіндерді жасай отырып гүлді жасауға үйрету. Ұсақ қол маторикасын дамытып, ермексазды қолдануға деген қызығушылықтарын арттыру.

Музыка

Тақырыбы: ««Төлдер»

Ертегілерді тыңдап ондағы сиқырлы дыбыстарды есте сақтауды, музыкалық

сүйемелдеумен ре-ля бірінші октавасының диапазонында ән айтуға, жануарлардың би қимылдарын ұқсатуға үйрету.


ІІІ апта

Дене шынықтыру

  1. Шеңбер бойымен жүру, жүгіру, екіге бөлініп сап түзеу.

Шеңбер бойымен жүру ережелерін сақтай отырып, «тоқта» бұйрығына тоқтап тұрып қос аяқтап секіруге үйрету.

Ойын: «Торғайлар мен мысық»

  1. Гимнастика сатысыны өрмелеу. Сатыға өрмелеуге үйрете отырып, биіктіктен қорықпауға баулу.

Көркем әдебиет

Тақпақ оқу: « Жау жаңбыр» Ж. Смақов

Мақсаты: Жыл мезгілдеріне байланысты түсінік бере отырып, жаз мезгілінде күн ысып, жаңбылы күндер болатындығын айту. Тақпақтың мазмұнын түсіне отырып жаттауға үйрету. Мәнерлеп айтуға баулу. Ана тілін құрметтеуге үйрету.


Сурет салу

Тақырыбы: «Қызғалдақ»

Мақсаты: Қағаз бетінде алақан арқылы қызғалдақ гүлдің суретін сала білуге үйрету. Алақанды пайдалана отырып сурет сала білуге баулу. Қиялдай білуге үйрету.

Музыка

Тақырыбы:«Біздің оркестр»

Пьесаның көңілді әуенмен бірге би қозғалыстарының қарапайым элементтерін орындауға үйрету

ІV апта

Дене шынықтыру

  1. Допты кеуде түсында ұстап лақтыру.

Допты екі қолмен кеуде тұсының деңгейінде ұстап, еденнен екі айяқпен итеріле отырып, алдыға қарай екі қолын созып, допты лақтыруды қалыптастыру.

  1. Ұзындыққа секіру.

Қос аяқтап ұзындыққа секіруге үйрету, бұйрықты тыңдай отырып, орындауға баулу. Тапсырманы орындауда тепе – теңдік сақтауға үйрету.

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы:«Жақсы мен жаман»

Ертегіні тыңдай отырып, ертегінің мазмұнын түсінуге баулу. Ертегіні өз түсініктері бойынша әңгімелеп беруге баулу. Бойларында адамгершілік қасиетті қалыптастыру. Сөз қорларын байыта отырып, сөйлеу тілдерін дамыту.


Мүсіндеу

Тақырыбы:«Қонжыққа арналған жидектер»

Мақсаты: Мүсіндеуге байланысты ермексазды бөліктерге бөлу, алақанға салып мыжу, шиыршықтау, шелпек, домалақ жасау қарапайым тәсілдерін үйрету арқылы жидектер жасату. Өз еңбектерін бағалай білуге баулу.

Музыка

Тақырыбы:«Біздің оркестр »

Мақсаты: Балалар аспаптарының дыбысталуын ажыратуға, бірдей қарқында ән салуға үйрету.


ІІ кіші «Ботақан» тобының

2018 - 2019 оқу жылының шілде айының перспективтік жоспары

Өтпелі тақырып «Жәндіктер біздің досымыз»

Мақсаты: Жәндіктермен таныстыра отырып, олардың алуан түрлі болатындығы жайлы түсіндіру.


Денсаулық 2

Дене шынықтыру 2

Коммуникация 1

Сөйлеуді дамыту 0,5

Көркем әдебиет 0,5


Шығармашылық 1,5

Сурет салу 0,5

Мүсіндеу 0,5

Музыка 1

І апта

Денсаулық

Дене шынықтыру

  1. Допты бастан жөғары ұстап лақтыру. Допты екі қолмен бастың жоғарғы жағында ұстап, екі қолын жоғары созып, допты лақтыруды қалыптастыру.

  2. Жылдамдықта жүгіру. Бір – біріне кедергі келтірмей жылдам жүгіруге үйрету.

Ойыны:«Ақсерек пен көксерек»

Көркем әдебиет

Ертегі: «Құмырсқа»

Мақсаты: Ертегіні мұқият тыңдауға баулый отырып, табиғатқа байланысты түсініктерін кеңейту. Жәндіктерді қызықтаудағы ойларымен бөлісе білуге үйрету. Табиғатты аялауға тәрбиелеу


Сурет салу

«Көбелектер»

Саусақпен сурет салу техникасын жалғастыра отырып. Сұқ саусақты бояуға батырып нүктелер салу арқылы, көбелектің суретін салғызу.

Музыка «Отанымыздың жүрегі Астана»

Аудио-бейне таспадан ән тыңдауға, аспаптың

сүйемелдеуіндегі дауысқа бейімделуге, музыканың би сипатын игеруге үйрету.


ІІ апта

Денсаулық

Дене шынықтыру

  1. Допты кеуде түсында ұстап лақтыру.

Допты екі қолмен кеуде тұсының деңгейінде ұстап, еденнен екі айяқпен итеріле отырып, алдыға қарай екі қолын созып, допты лақтыруды қалыптастыру.

  1. Ұзындыққа секіру.

Қос аяқтап ұзындыққа секіруге үйрету, бұйрықты тыңдай отырып, орындауға баулу. Тапсырманы орындауда тепе – теңдік сақтауға үйрету.

Сөйлеуді дамыту

Тақпақ «Көбелек» Тұрсын Елеусізұлы

Мақсаты: Жәндіктерге байланысты білімдерін, олардың дене мүшелерін, немен қоректенетіндіктері жайлы түсініктерін бекіту. Тақпақты жатқа айта білуге баулу.


Мүсіндеу

«Қанқыз»

Мақсаты: Таныс жәндіктің мүсінін жасай білуге үйрету. Қолда бар қосымша материалдарды пайдалана білуге баулу. Ұсақ қол маторикасын дамытып, ермексазды қолдануға деген қызығушылықтарын арттыру.

Музыка «Отанымыздың жүрегі Астана»

Мақсаты: Түрлі сипаттағы пьесаларды тыңдау және есте сақтауға, аспаптың даусына бейімделуге, мылдырмақтың дыбысталу динамикасын ажыратуға үйрету.

ІІІ апта

Денсаулық

Дене шынықтыру

  1. Допты екі қолмен желке тұсынан лақтыруға үйрету.

Ойын: «Жолдағы кедергілер»

2. Жылдамдықта жүгіру.

Ойын: «Жыландар»

Көркем әдебиет

Ертегі: «Маша мен Аю»

(Орыс халық ертегісі)

Мақсаты: Ертегінің мазмұнын түсінуге, кейіпкерлердің әрекеттерін бағалауға көмектесу. Сөз қорларын байыта отырып, сөйлеу тілдерін дамыту.

Сурет салу

Тақырыбы: «Бақбақ»

Мақсаты: Балалардың жазғы табиғат ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға жазда өсетін бақбақтың суретін салуды үйрету.

Музыка «Менің ойыншықтарым»

Ән тыңдау: «Кішкентай бағбандар әні» Музыкалық шығарманы эмоциямен қабылдауға, қарапайым әуендердің интонациясын жеткізуге,

жұптасып би қимылдарын орындауға үйрету.

ІV апта

Денсаулық

Дене шынықтыру

  1. . Тапсырмаларды орындай жүріп, жүгіру.

Ойын: «Ирелеңдеген соқпақ жол»

  1. Гимнастикалық орындық үстімен қолға зат ұстап жүру (биіктігі 30см, ені 20см)


Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Жәндіктердің басынан кешкен оқиғасы»

Мақсаты: Ертегінің мазмұын әңгімелеп беру. Ересектердің айтқанын тыңдап түсіне білуге сұрақтарына жауап беруге үйрету

Есте сақтау қабілеттерін дамыту, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру.

Ертегі мазмұны арқылы бір-біріне қамқор болуға тәрбиелеу.


Мүсіндеу

Тақырыбы:« Ұлу »

Мақсаты: Ұлу туралы жалпы түсінік беру; ермексазды ширатып созуды уйрету; жәдіктерге деген қамқорлық сезімдерін ояту; ұқыптылыққа, дербес іс – әрекет жасауға тәрбиелеу.

Музыка «Менің ойыншықтарым»

Тақырыбы:

Мақсаты: Музыканың қимылдық сипатын интонациясын жеткізуге, жұптасып би қимылдарын орындауға үйрету.



















ІІ кіші «Ботақан» тобының

2018 - 2019 оқу жылының тамыз айының перспективтік жоспары

Өтпелі тақырып «Мөлдір бұлақ»

Мақсаты: Судың қасиеттері туралы қарапайым түсінік қалыптастыру; судың тіршілік иесі үшін мәні, қажеттілігі туралы түсінігін кеңейту; суды үнемдей білуге тәрбиелеу.




Денсаулық 2

Дене шынықтыру


Коммуникация 1

Сөйлеуді дамыту 0,5

Көркем әдебиет 0,5


Шығармашылық 1,5

Сурет салу 0,5

Мүсіндеу 0,5

Музыка 1

І апта

Денсаулық

Дене шынықтыру

  1. Допты еденге ұру және екі қолымен қағып алу.

Ойын:«Маған қарай жүгір».

  1. Допты қашықтықтан (нысана ортасының биіктігі 1,5м) нысанаға дәлдеп лақтыру.

Ойын: «Қоянның үйшігі»

Көркем әдебиет

Ертегі: «Дәрігер Айболит».

Мақсаты: Баланы мейірімділікке, өзге адамдарға жануарларға қамқорлық қатынасты білуге үйрету. Сөз қорларын байыта отырып, сөйлеу тілдерін дамыту.

Сурет салу

Тақырыбы: «Күн жарқырап, шөп өсті»

Мақсаты: Балалардың бояумен сурет салуға қызығушылықтарын атрттыру. Дөңгелек затты түрлі бағыттығы түзу сызықтармен үйлестіріп салу біліктерін бекіту. Ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.

Музыка

Тақырыбы:« «Көңілді достар»»

Музыкалық шығарманы эмоциямен қабылдауға, әнді сүйемелдеусіз ре-ля октавасының диапазонында орындауға, қимылдың ырғақтықпен орындауға үйрету.

ІІ апта

Денсаулық

Дене шынықтыру

  1. .Гимнастикалық қабырғаға жоғары-төмен кезектескен қадаммен өрмелеу.

Ойын: «Қасқыр мен қояндар»

  1. Тақтай үстімен тепе-теңдікті сақтап жүру.

Ойын: «Аю мен аралар»


Сөйлеуді дамыту:

Тақырыбы: «Ерке төлдер»

Мақсаты: Үй жануарлары туралы қысқа әңгіме құрастыра отырып, жануарлардың төлдерінің аттарын жекеше, көпше түрде атай білу қабілеттерін анықтау. Тілдегі дыбыстарды дұрыс айта білу дағдыларын бекіту


Мүсіндеу

Тақырыбы:«Мысықтың ыдысы»

Мақсаты: Мысық туралы түсініктерін кеңейту, ол туралы балалардың өздеріне әңгімелету; ермексазды домалақтап ортасын қуыстау машағын дамыту, сондай-ақ шыдамдылыққа, төзімділікке, үй жануарларына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Музыка

Тақырыбы:« «Көңілді достар»»

Музыкалық шығарманы эмоциямен қабылдауға, әнді сүйемелдеусіз ре-ля октавасының диапазонында орындауға, қимылдың ырғақтықпен орындауға үйрету.

ІІІ апта

Денсаулық

Дене шынықтыру

  1. Допты еденге ұру және екі қолымен қағып алу.

Ойын:«Маған қарай жүгір».

  1. Допты қашықтықтан (нысана ортасының биіктігі 1,5м) нысанаға дәлдеп лақтыру.

Ойын: «Қоянның үйшігі»


Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Алтын дән» өлең Мақсаты: Тақпақтың мазмұнын түсіне отырып жаттауға үйрету Еңбекке қызығушылықты қалыптастыру және оның нәтижелерін қадірлеуге үйрету,. адамгершілікке тәрбиелеу.


Сурет салу

Тақырыбы:«Сыйқырлы таяқшалар»

Мақсаты: Балаларды қағаз түрлерімен және түрлі түсті қарандаштармен таныстыруды жалғастыру. Сурет салуға қызығушылықтарын арттыру, қарандашты оң қолымен ұстауға үйретіп жаттықтыру.

Музыка

««Елімнің еркіндігі Ата заңым»»

Әндер айту арқылы дағдыны жетілдіру, дауыстап жəне төмен дауыспен əн салу. Музыканың кіріспесін ажырату

ІV апта

Дене шынықтыру

  1. .Гимнастикалық қабырғаға жоғары-төмен кезектескен қадаммен өрмелеу.

Ойын: «Қасқыр мен қояндар»

  1. Тақтай үстімен тепе-теңдікті сақтап жүру.

Ойын: «Аю мен аралар»


Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы:«Ғажайып қалта»

Мақсаты: Түрлі ойыншықтар туралы қысқа сипаттау, ойыншықтардың аттарын атай білуге үйрету. Ойыншықтарды күтіп ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Мүсіндеу

Тақырыбы:«Доп»

Мақсаты: Доп туралы жалпы түсініктерін кеңейту, ермексазда жұмыр пішінді ойыншық доп жасауды үйрету; қол қимылының үйлесімділігін, домалақ пішінді дасауды дамыту.

Музыка

Тақырыбы:« «Елімнің еркіндігі Ата заңым»»

Музыканың қимылдық сипатын-жеңіл, ырғақты жүгірумен беру.Тыңдауды иллюстрация көрсетумен қатар жүргізу.


-75%
Курсы повышения квалификации

Интерактивные методы в практике школьного образования

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
2 кіші топ жазғы преспективтік жоспар (103.5 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт