Меню
Разработки
Разработки  /  Математика  /  Планирование  /  Дошкольникам  /  11-ден 20-ға дейінгі сандар

11-ден 20-ға дейінгі сандар

Ма?саты:

  1. 11-ден 20-?а дейінгі санны? ??рамын аны?тауды ?йрету, сандар?а байланысты ал?ан білімдерін жетілдіру;
  2. Ойын ар?ылы о?ушыларды? д?ниетанымын, шы?армашылы? ?абілеттерін, топпен ж?мыс жасау?а, ой-?рісін, с?йлеу ?абілетін дамыту;
  3. О?ушыларды ??ыптылы??а, ?йымшылды??а т?рбиелеу.
04.04.2017

Содержимое разработки

Жамбыл облысы, Шу ауданы, Шоқпар ауылы

Ораз Жандосов атындағы шағын орталықты орта мектебінің

мектепалды даярлық тобының сынып жетекшісі

Орынбасарова Қаламқас Манатайқызы


Мектепалды даярлық тобы

Пәні: математика

Тақырыбы: 11-ден 20-ға дейінгі сандар

Мақсаты:

  1. 11-ден 20-ға дейінгі санның құрамын анықтауды үйрету, сандарға байланысты алған білімдерін жетілдіру;

  2. Ойын арқылы оқушылардың дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін, топпен жұмыс жасауға, ой-өрісін, сөйлеу қабілетін дамыту;

  3. Оқушыларды ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: тақырыпқа сай суреттер, әліппе-дәптері

Оқу іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі: шаттық шеңбері

Балалар гүл шоғы арқылы бір-біріне тілек тілеп шығады.

«Өрмек торы» ойыны арқылы төмендегі сұрақтарға жауап береді:

  1. Бір жылда неше мезгіл бар?

  2. Бір мезгілде неше ай бар?

  3. Бір аптада неше күн бар?

  4. Қазір қай мезгіл?

  5. Көктем мезгілінде неше ай бар?

Ай атаулары арқылы оқушыларды үш топқа бөлу: Наурыз, сәуір, мамыр.

Оқушылар өз оындарына барып:

-Бір, екі, үш

Сынып іші тып тыныш.

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты біз бастаймыз.

Өткен сабақты еске түсіру:

«Тікұшақ» ойыны. Қағаздан жасалған ұшақ қай баланың алдына түссе, сол бала 1-ден 20-ға дейін санап шығады және кері санайды.

«Бауырсақ» ертегісінің суретіне қарап, оқушылар ертегіні айтып өтеді. Кейіпкерлерін атап шығады. Бауырсақты аңдарға жегізбес үшін бірнеше тапсырмалар орындайды.

  1. Қоянның тапсырмасы: «Конверттегі тапсырмалар». Үш топқа конверт беріледі.

2+2 4+4 8-6 3+5 5-3 3+2

9-5 10-6 3+5 5+3 2+4

  1. Қасқырдың тапсырмасы: «Көршісін тап» ойыны арқылы қалып қойған сандарды атап шығады.

  2. Аюдың тапсырмасы: «Тапқыр болсаң, тауып көр». Тақтаға ілінген гүлдердің дақтарын санап, тиісті санды үстіне жапсырады.

Дәптермен жұмыс:тақырыпқа сәйкес тапсырмаларын орындайды.

  1. Түлкінің тапсырмасы: «Жеміс терейік» ойыны арқылы, оқушылар жеміс теріп, артында берілген тапсырмаларды орындайды.

6+2-4 2+6-3 3+3+1

5+1-3 2+2+4 3+2-4

Сұрақ: бауырсақ түлкіден құтылды ма?

Уйге тапсырма: Нүктемен сандар арасын қосу және бастырып жазу.

Бағалау:

«Баспалдақ» әдісі арқылы оқушылар деңгейін көрсету




-75%
Курсы повышения квалификации

Методы решения функциональных уравнений и неравенств

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
11-ден 20-ға дейінгі сандар (30 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт