Бөлім «Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі»
1-тапсырма Мәтінді түсініп оқып, мәтінге сай ат қойыңыз
Қалың орманды бір түлкі аралап келе жатты. Ол биік ағаштың басында отырған бір қырғауылды көрді де, жақындап келіп:
– Сәлеметсіз бе, қырғауыл! Қалай тұрасың, достым? - деді.
– Жақсы сөзіңе рақмет! Өзіңіз қалай тұрасыз? - деді қырғауыл.
– Жерге түсіп сөйлессең екен, шырағым, кәрімін, бір құлағым жөнді естімейді, - дейді түлкі.
– Жерге түспеймін, жерге түсуге қорқамын, жерде әртүрлі аңдар бар, бізді жеп қоюы мүмкін, - деді қырғауыл.
Ей, достым, биылғы заман бұрынғы емес! Бүгін қалаға барып келіп едім, «біреуге біреу зорлық қылмасын» деген бұйрық шығыпты. Бұйрықта қой мен қасқыр, түлкі мен тауық, ит пен мысық бірге жүрсін, көгершін мен қаршыға бір ұяға жұмыртқаласын делінген. Қорықпа, түс, - дейді түлкі.
– Жақсы хабарыңыз бар екен, досым! Ана жақта бір топ иттер келе жатыр, оларға да айтыңыз, олар да бұйрықты естісін, - деді қырғауыл.
Ит деген сөзді естіген түлкі алды-артына қарамастан қаша жөнелді.
– Қайда барасыз, бұйрықты ұмытып кеттіңіз бе? - деді қырғауыл.
– Кім біледі, бұйрықты иттер естімеген шығар, - деген түлкінің даусы алыстан естілді.
2-тапсырма Мәтіндегі кейіпкерлер мен олардың әрекетін ( ) арқылы сәйкестендіріңіз.
Кейіпкер |
| Әрекеті |
Түлкі | Орман ішінде жүріп келе жатады. | |
Қырғауыл | Жерге түсіп сөйлесуге қорқады. | |
| Жан-жағына қарамастан қашып кетті. | |
| Бұйрықты естіп қуанады. |
3-тапсырма Мәтіннен жалпы есімдерді теріп жазыңыз
4-тапсырма
Берілген тірек сөздерді қолдана отырып, суреттегі жан-жануарлардың достығы туралы шағын мәтін жазыңыз.
Тірек сөздер: Хайуанаттар бағы, тор, Африка, мекен етеді, қорек, мейірімді, қамқорлық танытады, қала тұрғындары, таңғалады, хайуанаттар бағының қызметкерлері
|
| |||||||||||||||||||||
|
| |||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||
|
| |||||||||||||||||||||
Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгісі «қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 5 сынып І-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары | ||||||||||||||||||||||
Тыңдалым Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз
Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрлері болады. Салт-дәстүр халықтың мінез-құлқын, қасиеттерін, ерекшеліктерін көрсетеді. Қазақ - салт-дәстүрге бай халық. Қазақ халқына бауырмалдық, адамгершілік, қонақжайлылық, мейірімділік сияқты қасиеттер тән. Қазақ отбасындағы ең үлкен қуаныш – нәрестенің дүниеге келуі. Әсіресе, қазақ халқы ұл баланың өмірге келуін ерекше күткен. Себебі, қазақтар өздерінің ұрпағын ер балалардан таратады. Баланың шілдехана, бесік тойы, тұсаукесер, сүндет тойын барлық ауыл-аймақ, туған-туыс болып тойлаған. Қазақ халқының ең бір қадірлі салты – үлкенді сыйлау. Барлық қазақ отбасында ата-анасына, үлкендерге ерекше құрмет көрсеткен. Олардың ұрпақтары ата-аналарын қартайғанда қамқорлыққа алуға міндетті болған. Қазіргі кезде ата-аналар мен балаларының арасындағы қарым-қатынастары еліміздің Ата заңымен қорғалады. Ата-ана балаларының тәрбиесіне жауапты болады. Балалар да ата-аналары қартайғанда, қамқорлық (112 сөз) Мәтінде қазақ халқы не үшін ерекше шаттанған? А.бауырмалдық үшін В.қонақжайлық үшін C. ұрпақ жалғастығы үшін D. сәбидің дүниеге келгені үшін ( 1балл)
2. Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз. A. үлкенді сыйлау B. баланың өмірге келуі C. қазақтың салт-дәстүрі D. қазақтың қонақжайлылығы (1балл) 3.Қазақ халқының ең бір қадірлі дәстүрін көрсетіңіз. A. кішіге ізет B. үлкенді сыйлау C. қыз балаға құрмет D. мәдениетін құрметтеу (1 балл)
4.Бағдарсызық арқылы мәтіндегі ақпараттарды мағынасымен сәйкестендіріңіз (әр сұраққа бір жауапты белгілеңіз). (1 балл)
5. Берілген сөздерді жұптастырыңыз (1балл) )
|
Оқылым Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз.
Ертеде жылқы Күнге қарап:
- О, қайырымды, Күн! Мені жануарлардың арасындағы ең сұлуы дейді. Оны өзім де білемін. Сонда да кейбір дене мүшелерімді бұдан да әдемі етсем деп ойлаймын, - депті.
- Сонда қай жеріңді түзеткің келеді? - деп сұрайды Күн күлімсіреп.
- Егер аяқтарым бұдан да ұзындау болса, мен тіптен жүйрік болар едім. Мойным аққудың мойнындай ұзын болса, маған ол бұдан да әсем көрік берер еді. Адамды арқалап жүру үшін арқамнан мәңгі алынбайтын ер-тоқымым болса, жақсы болар еді.
- Күте тұр, - дейді Күн күліп.
Жылқыға Күн түйені алып келеді.
- Міне, сен ұнатқандай ұзын аяқ, ұзын мойын, ері де дайын. Қалай, сенің де осындай болғың келе ме? - деп сұрайды Күн.
Жылқы көріксіз жануарды көргенде қалшылдап қоя береді.
- Жо-жоқ! - дейді қорыққанынан.
- Саған өз бойыңдағы сұлулығың да жетеді! Әркім өз қасиетін бағалауы тиіс,- дейді Күн жылқыға. Содан бері жылқы әлі күнге дейін түйені көрген сайын қорыққанынан дірілдей бастайды екен.
1. Мәтін мазмұнына сай ат қойыңыз. --------------------------------------------------------
2. Берілген сөздің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз. [1]
баяғыда ____________________________________________________________________
|
|
|
|
|
|
3. Берілген сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап жазыңыз. 1. Жылқы нені армандайды? _______________________________________________________________________ [1) 2. Жылқы түйені көргенде неге қорықты? ______________________________________________________________________ _[1] |
|
|
|
|
|
4. Мәтін бойынша оқиғалардың ретін ажыратыңыз.
I. Әркім өз қасиетін бағалауы тиіс.
II. Жылқы мақтанады.
IІІ .Күн түйені алып келеді.
A. II, I, ІІІ
B. ІІІ, II, І
C. II, IІІ, І (1)
Жазылым
Басқа қалада тұратын досыңызға өзіңіздің мектебіңізді, оның бөлмелерін, жабдықталуын сипаттап, хат жазыңыз. Хат мазмұнында хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді қолданып, хат стилін сақтаңыз.
_____________________________________________________________________________
[10]
Айтылым
Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұпта диалогке түсіңіз (əр білім алушыға 2 минут).
Диалог тақырыптары:
1. Отбасындағы дәстүрлер
2. Менің туған күнім
3. Үйірменің үйретері көп
4. Мектеп кітапханасы
5. Үй жануарлары
6. Жануарлар туралы ертегілер