Меню
Разработки
Разработки  /  Технология девочки  /  Уроки  /  8 класс  /  Сарамандық жұмыс. «Өлшемдерді алу. Есептеу. Белдемше сызбасын дайындау.»

Сарамандық жұмыс. «Өлшемдерді алу. Есептеу. Белдемше сызбасын дайындау.»

Сараманды? ж?мыс. О?ушылар ?з бетімен ?лшемдерін алып, белдемшені? сызбасын сызады. ?ызарды? ?ызы?ушылы?ын арттыру ар?ылы тігімге бейімделеді.

01.02.2017

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: С/ж. «Өлшемдерді алу. Есептеу. Белдемше сызбасын дайындау.»

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бұйым сызбасын құруға арналған өлшем алу жөніндегі тапсырманы меңгеруін қамтамасыз ету. Дәстүрлі, сән журналдарынан,компютерлік бағарлама арқылы пішім жасап үйрету.Өлшем алу біліктерін жетілдіру,сантиметрлік лентаны дұрыс қолдана білуді үйрету. Адам мүсіні бойындағы бағдарлық нүктелер арқылы өтетін кеңестік линияларды ойша жүргізе білуді дамытуға жағдай жасау. Жұмыс жасау кезінде зейінділікке, жауапкершілікке,дәлдікке тәрбиелеуге жағдай жасау.

Оқыту әдістері: Көрнекілікті, ауызша баяндау, практикалық, ізденушілік.

Оқыту формалары: Топтық, әңгімелеу,пікірлесу.

Көрнекі құралдар мен жабдықтар: Интерактивтік тақта, сән журналдары, «Закройщик» бағдарламасы, белдемшенің нұсқауламалық картасы, сантиметрлік таспалар, белге арналған бау, сызғыш, карандаш, өшіргіш.

Пәнаралық байланыс: Математика, тарих, қазақ тілі, сызу, информатика

Сабақтың барысы: 

I .Ұйымдастыру кезеңі 1.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ.. Үй тапсырмасын тексеру 

Тест 1.Белдікті бұйымдарға қандай киімдер жатады?

а) шалбар, белдемше ә) көйлек, блузка,шалбар б) белдемше, камзол,баскиім 2.Табиғи талшықтарды ата?

а) жібек, капрон ә) жүн, жібек б) лавсан, шифон

3.Қолдану мақсатына қарай киім түрлерінің бөлінуі?

а)тұрмыстық, өндірістік, формалық ә)жазғы,қысқы б)сырткиім,баскиім 4.Маусымдық қолданысына қарай киімдер?

а)жазғы,қыстық,көктем мен күз ә) эстетикалық, гигиеналық б) классикалық, романтикалық

5.Киімге қойылатын гигеналық талаптар?

а)бағасының қымбат болмауы ә)химиялық тазалауларға төзімділігі б)ылғалсіңіргіштік, ауаөткізгіштігі,жылусақтағыштығы

6.Киімге қойылатын экономикалық талаптар?

а) сапасы жоғары, бағасы қымбат болмауы ә)сыртқы ортаның зиянды әсерінен қорғауы б) жуу құралдарына төзімділігі

7.Өлшем алғанда пайдаланатын құрал?

а) сызғыш ә) сантиметрлік таспа б) лекало

Дұрыс жауаптары: 1а, 2ә, 3а, 4а, 5б, 6а, 7ә 

Оқушылар жауаптарын өздері тексереді. 

Бағалау нормасы: “5”балл – 7дұрыс жауап “4”балл – 5-6 дұрыс жауап“3”балл – 3-4 дұрыс жауап

ІІІ.Жаңа тақырыпты қабылдауға дайындау Жұмбақ – жауап – мақал арқылы жүзеге асырылады. Жұмбақ жасырады, жауапты қабылдайды, соған сәйкес мақал айтуды ұсынады. Оқушылардың қызығушылығын арттырады.

Мақал

Тұра қалсам алдына,

Жалтыраған ақ айдын,

Өзiмдi -өзiм мен мына,

Көре аламын ап-айқын.

Айна

Көз адамның айнасы Егіз қайың, 

Бой-бастары тең өскен. Іске дайын, 

Бұтақтары бес-бестен.

Қол

Көз қорқақ, қол батыр.


Екi басы дөңгелек,

Екi ұшы сүйiр,

Қиғанға үйiр.

Қайшы

Алтын қасық ішуге жақсы

Алтын қайшы кесуге жақсы

Танауында арқаны,

Бiр батып, бiр шығып,

Алға қарай тартады.

Ине

Тігіншіні инесі асырайды.


Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

ІІ.Жаңа сабақ

Белдемшенің шығу тарихы Белдемше- әйелдердің сәнді киімі. 19 ғасырдың аяғына дейінәйелдер оны ойын-сауық кезінде көйлек сыртынан киген. Белдемшенің алдыңғы өңірлері бір-біріне түйісіп тұрады да, белінен төмен қарай кеңи береді. Белдемше барқыттан, әр түрлі жібекматалардан тігіліп, жиегі айнала кестемен немесе құндыз терісімен көмкеріледі, түрлі әшекейлермен безендіріліп, белі қапсырмамен түймеленеді. Белдемшені көйлектің етегін түгел жаппайтындай етіп тігеді; Белдемше — үй шаруасында жүргенде алға байлап алатын алжапқышты да “белдемше” деп атайды. Оны жалаң қабат күйінде, түрлі-түсті шыттан тігіп, малсауғанда, тамақ даярлағанда тазалық үшін киеді.

Стиль түрлері

  • Классикалық

  • Романтикалық

  • Спортық

  • Фольклорлық ( этникалық)

Әр түрлі киімге жататын бұйымдарды екі негізгі топқа бөлуге болады. Белдікті және иықты. Белдемше, шалбар, белдемше шорты, шалбар-белдікті топты бұйымдар, көйлек, блуза, қамзол, халат және басқалар - иықты топты бұйымдар. Белдікті бұйымдарда белдемше ең көп топты құрайды. Белдемше костюмның бөлігі, өзіндік бұйым немесе көйлектің бөлігі болуы мүмкін. Силуэт бойынша белдемшелерді тіке, етегіне кеңейе түскен және енсіз келген болады. Олар пішуіне қарай үш топқа бөлінеді: тіке, қиықты және клеш. Тіке белдемшелер қынамалы бір, екі немесе үш тігісті, складкамен немесе оларсыз, кең, бүрмелі немесе резеңкеде болуы мүмкін. Тіке белдемшелерде негізгі жіптер бұйымның ұзындығында орналасады.
Клеш белдемшелердің пішу негізін толық дөңгелек немесе оның бөлігін құрайды. Оларды кеңею сатысына қарай негізгі жеті топқа бөледі: клеш, үлкен клеш, кішкене, орташа, үлкен «колокол», «полусолнце» және «солнце». Бел, жамбас, етек сызықтары дөңгелектің бөлігін құрайды. Бұл белдемшелердің негізгі және арқау жіптердің бағыты әр түрлі бөліктерінде біркелкі емес. алдының ортасында негізгі жіп ұзындығымен орналасады, ал қалған бөліктерінде басқаша. Қиық белдемшелер 4, 6, 8, 10 және 12 қиықтан тұрады, төменге қарай кеңейе түскен. Әр қиықтың кеңеюі қиық белдемшелерге складкалардың орналасуына өзіндік түр береді. Негізгі жіп мұндай белдемшелерде әр қиықтың орта сызығының ұзындығымен жатады. Белдемшеге мата таңдағанда, оны немен киетіндігін шешіп алу керек: блузкамен, жемпірмен, қамзолмен. Мата таңдауы бұйымның қолданылуына қарай (күнделікті, үйге киюге), мезгілге (жаз, қыс), сәнге және пішінінің ерекшелігіне байланысты. Тіке белдемшелерге ауыр және тығыз мата үсынылады (жүн, джинсы матасы). Әр түсті, сызықша немесе шатраш. Төменге қарай кеңейе түскен белдемшелерді жеңіл маталардан тігеді: мақта, зығыр, жүн және жібек. Клеш және қиық белдемшелерді тігуге жақсы драпталатын маталар лайық мақта, жібек немесе жеңіл жүн. Белдемшенің сәні матаның еніне қарай таңдауға әсер етеді. Тіке белдемшелерді пішуге енді және енсіз матаны, ал етегіне қарай кеңейе түскен немесе складкадары болса, енді матадан тікекен ыңғайлы. Кез келген киімнің пішімін жасаудың бірнеше түрі бар. Олар дәстүрлі сызба, сән журналынан сызба алу және компьютерлік бағдарлама арқылы киім сызбасын жасау.

ІV. Сарамандық жұмыс

Оқушылар топпен жұмыс істейді ( Әр топтан 1 оқушының өлшемі алынады) Адам киімнің өлшемін білу үшін бел шеңберін, мықын шеңберін түгел өлшеп , алынған өлшемді екіге бөлу керек. Сонда алынған цифр дененің өлшеміне сәйкес . Өлшем белгілі бір тәртіп бойынша алынады, алдымен ( горизонталь бағытта), содан соң үзынынан ( вертикаль бағытта). Белді белдікпен қынайды, жеңіл киіммен тұрғаны дұрыс.  Өлшегенде см. лентаны сол қолмен үстап, өлшейтін басты нүктеге әкеледі, әйел киімін оң жақтан, еркек киімін сол жақтан өлшейді. Жбо- Белдің жартылай орамы.  Көлденеңінен тұлғаны айналдыра  бел деңгейінде түсіріледі.  Өлшем белбеудің ұзындығын  және қымтырмалардың  енін есептеуге қолданылады Жмо- мықынның  жартылай орамы.  Көлденеңінен жамбас тұлғасын айналдыра  түсіріледі. Өлшем  белдемшенің енін  және қымтырманың  енін анықтау үшін  қолданылады. БҰ-  Бұйымның үзындығы. Артқы  бойдың бел сызығынан төмен қарай  қажетті үзындыққа дейін түсіріледі. Өлшем белдеменің ұзындығын анықтау  үшін қолданылады Ар.б.ұ – Артқы бойдың белге дейінгі  ұзындығы. Артұы бойдың белсызығынан мойын нүектесіне дейін түсіріледі ( жетінші мойын омыртұасы). Өлшем бел сызығына жамбас сызығынан жамбас сызығына дейінгі ара қашықтық осы өлшемнің жартысына тең болады. Компьтерлік бағдарлама үшін Ұж-белден төмен қарай жерге дейін адамның жанынан алынады,Ұ алд-белден төмен қарай жерге дейін адамның алдыңғы бойынан алынады.

1–ші топ.Дәстүрлі тор сызба арқылы тік белдемшенің сызбасын жасайды. 2-ші топ.Сән журналдарынан белдемшенің пішім сызбасын алады. 3-ші топ.Компьютерлік бағдарламаны пайдалану арқылы тік белдемшенің сызбасын сызады.

Әр топқа нұсқау карта таратылып түсіндіріледі. Оқушылар мұғалімнің бақылауымен өз жұмыстарын жасайды. 

V.Жаңа сабақты бекіту

Өлшемді өлшенетін адамның қай жағынан тұрып аламыз? - Белдемше тігу үшін қандай өлшемдер алу қажет? - Киім тігу үшін пішім жасаудың неше жолы бар? - Стильдің неше түрі бар? 

VІ. Қортынды Оқушыларды бағалау.

VII Үйге тапсырма: миллиметровкаға сызбаны сызу.

-80%
Курсы дополнительного образования

Кухни мира

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Сарамандық жұмыс. «Өлшемдерді алу. Есептеу. Белдемше сызбасын дайындау.» (105.47 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт