Меню
Разработки
Разработки  /  Информатика  /  Уроки  /  1 класс  /  Календарный план по информатике для начальных классов

Календарный план по информатике для начальных классов

Календарный план по информатике для начальных классов на казахском языке
17.01.2011

Описание разработки

Календарный план по информатике для начальных классов на казахском языке

Содержимое разработки

Информатика

2 а сынып


Барлық сағат саны – 34 сағат

Аптасына – 1 сағат

Жоспарлық бақылау сабақтары – 4 сағат

І тоқсан – 10 сағат, бақылау жұмысы - 1

ІІ тоқсан – 7 сағат, бақылау жұмысы - 1

ІІІ тоқсан – 7 сағат, бақылау жұмысы - 1

ІҮ тоқсан – 10 сағат, бақылау жұмысы – 1

Оқулық Информатика. Н.Т.Ермеков, В.А.Криворучко, С.Ж.Ногайбаланова, «Мектеп» баспасы, 2006 жыл

( аты , авторы, баспа, шыққан жылы)

Учебник _____________________________________________________________

(название , автор, издательство , год издания)

Реттік № п/п

Сабақ № урока

Сабақ тақырыбы

Сағат саны Кол-во часов

Мерзімі

Сроки

Әдебиет, көрнекілік т.к.ж. Лит-ра, наглядные пособия т.с.о.

ББД қалыптастыру Развитие ЗУН

Үйге тапсырма Домашняя задания

Түзетулер Корректировка



І тоқсан (10 - сағат)







1

1

Кіріспе. Техника қауіпсіздігі

1

3,09

Информатика

Техника



2

2

Компьютер алдында дұрыс отыруға үйрету

1

10

Компьютерная

Қауіпсіздігі,



3

3

Компьбютердің негізгі сыртқы құрылғылары

1

17

Смекалка

компьютер



4

4

Компьютердің негізгі сыртқы құрылғылары

1

24

2 сынып

алдына



5

5

Компьютерді қосуды үйрету

1

1,10

Ю.А.Первин

дұрыс отыру



6

6

Компьютерді өшіруді үйрету

1

8

Компьютерлер

ережелерін



7

7

Қайталау сабағы

1

15

Компьютерлер

үйрету



8

8

Бақылау жұмысы

1

22

Тест жинағы

Пернелердің әрбір



9

9

Пернелер тақтасымен таныстыру

1

29

Компьютерлер

батырмасын





ІІ тоқсан (7 - сағат)







1

10

Пернелер тақтасымен таныстыру

1

12,11

Информатика

Диск жетектері



2

11

Компьютердің ақпарат таситын құрылғылары

1

19

З.З.Әсемжанова

туралы жалпы



3

12

Ақпарат таситын құрылғылардың диск жетектері

1

26

Ш.Қ.Тайлақбаева

мәлімет беру



4

13

Тінтуір жұмысымен таныстыру

1

3,12

3-4 сынып

Тінтуірмен жұмыс



5

14

Тінтуірдің оң және сол батырмаларының қызметі

1

10

Компьютерлер

жасау



6

15

Қайталау сабағы

1

17

Тест жинағы




7

16

Бақылау жұмысы

1

24

Компьютерлер






ІІІ тоқсан (10 - сағат)







1

17

Компьютердің жұмыс үстелі

1

14,01

Компьютерлер

Жұмыс үстелі



2

18

Жұмыс үстелі және ондағы элементтер

1

21

Компьютерлер

Себетпен жұмыс



3

19

Себетпен таныстыру

1

28

Компьютерлер

Қапшықтармен



4

20

Себет. Өшірілген файлдарды қалпына келтіру

1

4,02

Компьютерлер

жұмыс



5

21

Қапшық құруды үйрету

1

11

Информатика




6

22

Қапшық құруды үйрету

1

18

Компьютерная




7

23

Қайталау сабағы

1

25

Смекалка




8

24

Бақылау жұмысы

1

4,03

2 сынып

Пуск



9

25

Бастау (пуск) батырмасының қызметі

1

11

Ю.А.Первин

Батырмасының



10

26

Бастау (пуск) батырмасының қызметі

1

18

Компьютерлер

қызметі





ІҮ тоқсан (7 сағат)







1

27

Таңбашалар мен қапшықтарды орнынан жалжыту

1

2,04

Информатика

Компьютер



2

28

Қапшықтар мен таңбашаларды көшіру

1

8

З.З.Әсемжанова

жұмыс үстелімен



3

29

Қапшықтар мен таңбашаларды көшіру

1

15

Ш.Қ.Тайлақбаева

Жұмыс жасау



4

30

Қапшықтар мен таңбашалардың атын өзгерту жолдары

1

22

3-4 сынып




5

31

Қапшықтар мен таңбашалардың атын өзгерту жолдары

1

29

Компьютерлер




6

32

Білімді тиянақтау

1

6,05

Тест жинағы




7

33

Бақылау жұмысы

1

13

Компьютерлер




8

34

Жылдық қорытынды

1

20

Компьютерлер























Информатика

3 сынып


Барлық сағат саны – 34 сағат

Аптасына – 1 сағат

Жоспарлық бақылау сабақтары – 4 сағат

І тоқсан – 10 сағат, бақылау жұмысы - 1

ІІ тоқсан – 7 сағат, бақылау жұмысы - 1

ІІІ тоқсан – 7 сағат, бақылау жұмысы - 1

ІҮ тоқсан – 10 сағат, бақылау жұмысы – 1


Реттік № п/п

Сабақ № урока

Сабақ тақырыбы

Сағат саны Кол-во часов

Мерзімі

Сроки

Әдебиет, көрнекілік т.к.ж. Лит-ра, наглядные пособия т.с.о.



ББД қалыптастыру Развитие ЗУН

Үйге тапсырма Домашняя задания

Түзетулер Корректировка



І тоқсан (10 - сағат)







1

1

Компьютер сыныбындағы тәртіп сақтау ережелері

1


Суреттер

Сыныптағы

ЕТ кабинеті қау.т


2

2

Нысан ұғымы

1


Интерактивті

тәртіп сақтау

5-6 бет 3 тап-ма


3

3

Нысандар жиыны

1


тақта

ережелері

7-8 бет 7 тап-ма


4

4

Нысандар жиыны

1


Компьютерлер


қайталау


5

5

Бұтақтар

1



Бұтақтар, графтар

7 тапсырма


6

6

Графтар

1



ұғымы туралы

4 тап-ма (ә) 5(3)


7

7

Графтар

1


Компьютерлер

түсінік беру

4 тап-ма қайталау


8

8

Бақылау жұмысы

1


Тест жинағы


қайталау


9

9

Комбинаторика

1




7,8 тапсырма


10

10

Координаталық жазықтық

1




5,6 тапсырма




ІІ тоқсан (7 - сағат)







1

11

Координаталық жазықтық

1


Информатика

Жазықтық, ақпарат,

4 тапсырма


2

12

Ақпаратты кодтау

1


З.З.Әсемжанова

код туралы

4,5 тапсырма


3

13

Ақпаратты кодтау

1


Ш.Қ.Тайлақбаева

түсінік беру

4 тапсырма


4

14

Ақпаратты кодтау

1


3-4 сынып


3 тапсырма


5

15

Ақпаратты сақтау

1


Компьютерлер

Комьютерде жұмыс

6 тапсырма


6

16

Бақылау жұмысы

1


Тест жинағы

жасау

қайталау


7

17

Комьютердің жады

1




4,5 тапсырма




ІІІ тоқсан (10 - сағат)







1

18

Paint графикалық редакторы. Суреттерді сақтау

1


Компьютерлер

Сурет салу

тапсырманы аяқта


2

19

Paint графикалық редакторы. Суреттерді ашу

1


Гр.редактор

Графикалық

тапсырманы аяқта


3

20

Paint графикалық редакторы. «Жазу» құралы

1



редактормен

тапсырманы аяқта


4

21

Paint графикалық редакторы. Жазуды қою

1



жұмыс жасау

тапсырманы аяқта


5

22

Paint графикалық редакторы. Нысанды көшіру және қою

1




10 тап-ны аяқтау


6

23

Paint графикалық редакторы. Нысанды бұру

1




тапсырманы аяқта


7

24

Paint графикалық редакторы. Нысанды қиып алу, қою

1




7,8,9,10,11 тап-ма


8

25

Paint графикалық редакторы. Симметрия

1




тапсырманы аяқта


9

26

Бақылау жұмысы

1




қайталау


10

27

Ақпарат қасиеттері

1




4 тап-ма аяқтау




ІҮ тоқсан (7 сағат)



Информатика

Кодтау



1

28

Екілік код

1


З.З.Әсемжанова

ережелерімен

қайталау


2

29

Хабарламаның ақпараттық көлемі

1


Ш.Қ.Тайлақбаева

жұмыс

3 тап-ма, сызу


3

30

Модельдер

1


3-4 сынып


3 т кестені толтыр


4

31

Графикалық модельдер

1


Компьютерлер

Модельдер

3 тапсырма


5

32

Ақпараттық модельдер

1


Тест жинағы


3 тапсырма


6

33

Бақылау жұмысы

1


Модельдер


қайталау


7

34

Қайталау

1


сызбасы


қайталау
























Информатика

4 сынып


Барлық сағат саны – 34 сағат

Аптасына – 1 сағат

Жоспарлық бақылау сабақтары – 4 сағат

І тоқсан – 9 сағат, бақылау жұмысы - 1

ІІ тоқсан – 7 сағат, бақылау жұмысы - 1

ІІІ тоқсан – 10 сағат, бақылау жұмысы - 1

ІҮ тоқсан – 8 сағат, бақылау жұмысы – 1


Реттік № п/п

Сабақ № урока

Сабақ тақырыбы

Сағат саны Кол-во часов

Мерзімі

Сроки

Әдебиет, көрнекілік т.к.ж. Лит-ра, наглядные пособия т.с.о.



ББД қалыптастыру Развитие ЗУН

Үйге тапсырма Домашняя задания

Түзетулер Корректировка



І тоқсан (9 - сағат)







1

1

Компьютер сыныбындағы тәртіп сақтау ережелері

1


Суреттер

Сыныптағы

ЕТ кабинеті қау.т


2

2

3 сыныпта өткенді қайталау

1


Интерактивті

тәртіп сақтау

қайталау


3

3

Жиындар

1


тақта

ережелері

қайталау


4

4

Жиындар

1


Компьютерлер


4,5 бет 3,4 тап-ма


5

5

Ақпараттық модельдер

1




8,9 бет 4,5 тап-ма


6

6

Әрекеттер

1



Әрекет

2 тапсырма


7

7

Кері әрекеттер

1


Компьютерлер

Кері әрекет

15 бет 4 тап-ма


8

8

Бақылау жұмысы

1


Тест жинағы

ұғымдары

қайталау


9

9

Тізбектер

1




6,7 тапсыма




ІІ тоқсан (7 - сағат)







1

10

Қайталау

1




2 тап-ма (4,5,6,7)


2

11

Алгоритмдер

1


Информатика

Алгоритм

4 тапсыма


3

12

Сызықтық алгоритм

1


З.З.Әсемжанова

Тізбек

4,5 тапсыма


4

13

Сызықтық алгоритм

1


Ш.Қ.Тайлақбаева

ұғымдары

2 тапсыма


5

14

Тармақталу алгоритмі

1


3-4 сынып


2 тапсыма


6

15

Бақылау жұмысы

1


Компьютерлер


қайталау


7

16

Тармақталу алгоритмі Қайталау сабағы

1


Тест жинағы


4 тап-ма




ІІІ тоқсан (10 - сағат)







1

17

Тармақталу алгоитмі

1



Циклдік алгритм

қайталау


2

18

Циклдік алгоритм

1


Компьютерлер

туралы түсінік

әріп.тау.қайта


3

19

Циклдік алгоритм

1


Гр.редактор

беру

3 тапсырма


4

20

Циклдік алгоритм

1




қайталау


5

21

Атқарушы «Қара жәшік»

1



атқарушы

4,5 тапсыма


6

22

Атқарушы «Робот»

1



командалар

3 тапсырма


7

23

Атқарушы «Құйғыш»

1




3 тапсырма


8

24

Атқарушы «Қайық»

1




5,6 тапсырма


9

25

Бақылау жұмысы

1




қайталау


10

26

Қайталау

1




Өткен мат.қай-лау




ІҮ тоқсан (8 сағат)







1

27

Алгоритм атқарушы «Суқұйғыш»

1


Информатика

атқарушы

1 тап-ма блок-с


2

28

Алгоритм атқарушы «Суқұйғыш»

1


З.З.Әсемжанова

командалар

блок-схема сызу


3

29

Алгоритм атқарушы «Шегіртке»

1


Ш.Қ.Тайлақбаева


6 тапсыма


4

30

Ертегілер әлемінде атқарушы «Тотан»

1


3-4 сынып


алг.ат тотан оқу


5

31

Алгоритм атқарушылар «Өткел» және «Робот»

1


Компьютерлер


6,7 тапсырма


6

32

Ақпараттық қауіпсіздік

1


Тест жинағы


ақ.қау.тақ реферат


7

33

Бақылау жұмысы

1


Модельдер


қайталау


8

34

Жылдық қайталау

1


сызбасы


Өткен мат.қай-лау
























Информатика 3 сынып

Күні: Тексерген:________________________

№ 1 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Информатика ұғымы.Ақпарат. Компьютер сыныбындағы тәртіп сақтау ережелері.


Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Информатика, ақпарат жайлы мағлұмат бере отырып, компьютер

сыныбындағы тәртіп сақтау ережелері, қауіпсіздік ережелері және көз

жаттығуларымен таныстыру.

2. Дамытушылық: Деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың

ойлау қабілеті мен танымдық қызығушылығын дамыту.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды техника қауіпсіздік ережесін есте ұстап, ережелерді

мұқият орындауға, компьютерлік сыныпқа кіріп, шығудың ережелерін сақтауға

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың типі: практикалық элементтері бар, көрсетіп түсіндіру сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгіме

Көрнекілігі: компьютерлер, суреттер, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларға өзімді таныстыру, журнал бойынша түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою.

Оқушыларды компьютер сыныбымен таныстыру, информатика пәні жайында мағлұмат беру, тәртіп сақтау ережелері және қауіпсіздік техникасымен таныстыру. Ақпарат тақырыбы жайлы мағлұмат беру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

  • Балалар, комппьютер деген не? Ол не үшін адамға қажет?

  • Неліктен бұл сабағымыз «Информатика» деп аталады? «Информатика» сөзі қандай сөзден шыққан және қандай ұғымды білдіреді? Міне, бұлар алғашқы туындайтын сұрақтар.

Біз ақпаратттар әлемінде өмір сүріп келеміз, ал информатика сыныбында, сабағында ақпараттарды сақтау, жинау, беру және өңдеу тәсілдерін алдымызда тұрған компьютерлер көмегімен үйренетін боламыз.

Ал, компьютер біздің досымыз, сондықтан компьютерге ұқыптылықпен қарауымыз қажет.

«Ақпарат дегеніміз не?» тақырыбында әңгіме өрбіту

Ақпарат дегеніміз – бұл бізді қоршаған орта туралы мәлімет, яғни біздің көріп жүргендеріміз, сезім мүшелеріміз арқылы сезгендеріміздің барлығы ақпарат болып табылады.

Біз барлық жерде үйде де, мектепте де, көшеде де кез-келген сабақтарда да ақпаратпен жұмыс сітеп отырамыз.

Ақпараттық мәдениет – бұл ақпарат көздерін қолдана білу. Ақпараттық мәдениет – дұрыс сөйлей білу, компьютермен жұмыс тәртібін игеру және жақсы қарым-қатынаста болу сияқты әрекеттерді қамтиды.

ЕТ сыныбында тәртіп сақтау ережелерімен таныстыру.

  • Компьютер біздің досымыз болғадықтан біз оған сүйіспеншілікпен қарауымыз қажет.

  • Компьютер ылғалды, кірді, шаң-тозаңды ұнатпайды. Сондықтан компьютермен жұмыс істегенде алдымен өзіміздің тазалығымызға көңіл аударуымыз қажет.

  • Компьютер сыныбында жүгірмеу қажет.

  • Неліктен деп ойлайсыңдар (оқушыларға жауап іздету)

  • Сынып ішінде жүгіруге, сымдарды, розеткаларды қозғауға болмайды.

  • Неліктен?

Енді балалар бір мысал келтірейік: «Мен әбден шаршадым, қарным ашты. Компьютер алдында отырғанда шай мен бәліш жегім келді. Нан қоқымдары пернелер арасына түсті, шай тамшысы пернетақтаның үстіне тамшылай бастады...»

  • Ары қарай не болуы мүмкін? (Балаларға жауап іздету)

  • Кішкентай ғана су тамшысы компьютерді істен шығаруы мүмкін. Сондықтан компьютер алдынад тамақ ішіп-жеуге болмайды.

Жарайсыңдар балалар. Енді біз информатика сабағында компьютермен жұмыс істеу барасында өзімізді қалай ұстауымыз керек, қандай ережелерді қатаң есте сақтауымыз керектігі жайлы түсінігімізді тексерейік.

ІҮ. Сабақты бекіту. «Иә-жоқ» ойынын ойнату қажет (сұрақтарға жауап алу)

  1. Компьютер сыныбында жүгіруге болады – жоқ

  2. Компьютерде жұмыс істеуге олады – иә

  3. Су киіммен жұмыс істеуге болады – жоқ

  4. Су қолмен жұмыс істеуге болмайды – иә

  5. Сымдармен розеткаларды ұстауға болмайды – иә

  6. Тінтуірмен ойнауға болмайды – иә

  7. Пернетақта үстіне ауыр нәрселерді қоюға болмайды – иә

  8. Компьютер экранына жақын отыруға болмайды – иә

Ү.Қорытындылау.

1. Информатика пәні нені оқытады екен?

2. Информатика сыныбында қандай тәртіп сақтау ережелерін білесің?

ҮІ. Үйге тапсырма беру. ЕТ кабинетіндегі тәртіп сақтау ережесі мен қауіпсіздік техникасын, ақпарат тақырыбын оқып келу, есте сақтау.

ҮІІ. Бағалау. Оқушыларды жауап берулеріне қарай бағалау.








































Информатика 3 сынып

Күні: Тексерген:________________________

№ 2 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Нысан ұғымы туралы түсінік беру.


Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Нысан туралы ұғымды қалыптастыру. Нысанның белгілері және олармен жұмыс жасау әрекеттерін үйрету.

2. Дамытушылық: Танымдық тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың ойлау қабілеті мен танымдық қызығушылығын дамыту.

3.Тәрбиелік: Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру және экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың типі: түсіндіру

Сабақтың әдісі: баяндау

Көрнекілігі: компьютерлер, кітап, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларға өзімді таныстыру, журнал бойынша түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылардан техника қауіпсіздігін сұрау.

ІІІ. Мақсат қою.

Оқушыларға нысан, оның белгілері және олармен жұмыс жасау әрекеттерін үйрету.

ІҮ. Жаңа сабақ.

- Балалар, сендер жансыз (доп, кітап, парта, компьютер және т.б.) және жанды заттарды (мысық, құс, адам және т.б.) ажырата білесіңдер. Осы аталған заттарды біз бір сөзбен айтқанда нысан деп атайтын боламыз.Нысан ретінде күнделікті салып жүретін суреттеріңді де алуға болады. Әрбір нысанның өзіндік аты болады, мысалы, шаршы, дөңгелек, үшбұрыш. Сонымен бірге, нысанның өзіндік қасиеті бар. Сол қасиеттерінің бірі түс. «Доп» қызыл, көк және жасыл түсті, «гүл» ақ, асры, күлгін түсті болуы мүмкін. Жасыл түсті нысанға мысал келтір (жапырақ, шегіртке, бақа)

Нысан белгілі бір әрекеттерді өзі орындау мүмкін, сондай-ақ нысанмен де түрлі әрекеттер жасалуы мүмкін. Мысалы «ағаш». Бұл нысанның аты, «ақ қайың» болуы мүмкін. Белгілеріне қарай діңі ақ, жапырағы ұсақ, жасыл. Бұл нысан тамырдан, діңнен, бұтақтан, жапырақтан тұрады. Ағаш өседі, өзіне көмірқышқыл газын сіңіріп оттегін бөледі, көлеңке береді. Ағашты өңдеуге, одан заттар жасауға болады.

Енді сендер мысал келтіріңдерші. Мысал ретінде бір нысан алыңдар. Сонан соң онымен орындауға болатын әрекеттерді сипаттаңдар.

1-тапсырма

1. Берілген нысанға ат беріп, оның белгілерін сипаттап жаз.

2. Тілсызық арқылы қос.

Ү. Сабақты бекіту.

1. Нысан дегеніміз не?

2. Нысанның қандай қасиеттері болады? / мысал келтір

3. Мына нысандар қандай әрекеттерді орындауы мүмкін?

Қарындаш (сурет салу)

Машина (жолда жүру)

Сағат (уақытты көрсету)

ҮІ.Қорытындылау.

Нысан дегеніміз – жанды және жансыз заттар. Әрбір нысанның аты, түсі, белгісі, құрамы болады. Нысанмен түрлі әрекет жасауға болады.

ҮІІ. Үйге тапсырма беру. 5,6 бетті оқу. 3 тапсырманы орындау.

ҮІІІ. Бағалау. Оқушыларды жауап берулеріне қарай бағалау.






Информатика 3 сынып

Күні: Тексерген:________________________

№ 3 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Нысандар жиыны


Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Нысандар жиыны ұғымын түсіндіру. Ортақ және біріккен жиындар ұғымдарын енгізу.

2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлауы мен шығармашылық қабілетін дамыту

3.Тәрбиелік: Оқушыларды жауапкершілікке, уақытты үнемдеуге, мәдениеттілікее тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: компьютерлер, кітап, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларға өзімді таныстыру, журнал бойынша түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген тапсырма бойынша оқушылардың кестені толтырғанын қарап, өздеріне оқыту, қателерін түзету, қатесі жоқ болса мадақтау.

ІІІ. Мақсат қою.

Оқушыларға нысан жиыны туралы, ортақ және біріккен жиындар туралы мағлұмат бере отырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

ІҮ. Жаңа сабақ.

Сендер нысан ұғымымен таныссыңдар. Ал жиын дегеніміз – ортақ белгілері бар нысандар тобын айтамыз. Нысандар жиыны – математика мен информатикадағы қажетті негізгі түсініктердің бірі. Тапсырма орындау кезінде біз нысандар жиынымен тереңірек танысатын боламыз.

Тапсырмалар:

1. Жазуды толықтыр!

Кітапхана – бұл кітаптар жиыны

Сынып – бұл оқушылар жиыны

Табын – бұл сиырлар жиыны

Орман – бұл ағаштар жиыны

2. Нысандарды берілген жиындар бойынша топта!

3.Бұл заттар қандай мамандықтар үшін қажет

4.Әрбір жиынға және жиындардың қиылысуына сөздер ойлап жаз.

5.Жиынның әрбір жұбы үшін суреттер таңда

Ү. Сабақты бекіту.

1. Жиын дегеніміз не?

2. Жиынға мысал келтіріңдерші

3. Нысандар жиынына мысал келтірейік

ҮІ.Қорытындылау.

Жиын дегеніміз – ортақ белгілері бар нысандар тобы.

ҮІІ. Үйге тапсырма беру. 7,8 бетті оқу. 6 тапсырманы орындау.

ҮІІІ. Бағалау. Оқушыларды жауап берулеріне қарай бағалау.














Информатика 3 сынып

Күні: Тексерген:________________________

№ 4 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Нысандар жиыны


Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Нысандар жиыны тақырыбын қорытындылау және оны бекіту


2. Дамытушылық: Деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың

ойлау қабілеттерін дамыту

3.Тәрбиелік: Оқушыларды жауапкершілікке, уақытты үнемдеуге,

мәдениеттілікее тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: бекіту сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: компьютерлер, кітап, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларға өзімді таныстыру, журнал бойынша түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Нысандар жиыны туралы түсініктерін сұрау. Тапсырманы өздеріне оқытып, қатесі болса түзету, қатесі жоқ болса мадақтау

ІІІ. Мақсат қою.

Нысандар жиыны туралы тақырыпты қорытындылау және бекіту

ІҮ. Тапсырмалармен жұмыс

1. «Жүзетін» жиын (кит, кеме)

«Ұшатын» жиын (ұшақ, құс)

«Жүзетін» жиын (үйрек, шағала)

2. Сары түсті шар

3.5,4,2,7


Ү.Қорытындылау.

ҮІ. Үйге тапсырма беру. Нысандар жиынын қайталау

ҮІІ. Бағалау. Оқушыларды жауап берулеріне қарай бағалау.























Информатика 3 сынып

Күні: Тексерген:________________________

№ 5 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Бұтақтар


Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Бұтақтар ұғымы туралы түсінік беру

2. Дамытушылық: Тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту

3.Тәрбиелік: Оқушылардың ақпараттық мәденитеімен және экологиялық тәрбиесін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру

Көрнекілігі: компьютерлер, кітап, интерактивті тақта, дәптер

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларға өзімді таныстыру, журнал бойынша түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген тапсырма бойынша өздеріне оқыту, қателерін түзету, қатесі жоқ болса мадақтау.

ІІІ. Мақсат қою.

Бұтақтар туралы түсінік беру

ІҮ. Жаңа сабақ.

Біз бүгін ағаш отырғызамыз, оны өсіреміз, оның жапырақтарына өз аттарыңды жазып қойыңдар. (7 тапсырма) Тақтаға алдымен тамырын саламыз. Түбірден 2 бұтақ өсіп шығады – ұлдар мен қыздар. Әрбір бұтақтан тағы 2 бұтақ өсіп шығады: қара және қоңыр шаштар. Ал енді кітаптың қандай бұтақта орналасқанын анықтаңдар. Сонымен, біз «бұтақ» ұғымын қарастырдық., ол – алгоритмдер теориясының негізгі ұғымдарының бірі. Енді бұтақ ретінде өз отбасыларыңды қарастырыңдар. Оны аталарың мен әжелеріңнен бастайық. Мысалы, әжесі мен атасының 3 баласы болған. Олардан 3 бұтақ етіп көрсетуге болады. Осы бұтақтардан келесі ұрпақ жалғасады. Осындай тапсрманы әр бала өз отбасы бойынша үйден құрастырып келеді. Мұндай бұтақтар генетикалық бұтақтар деп аталады.

Тапсырмалар:

1. Бұтақтардың ұштарына қызыл, көк және жасыл үшбұрыштар мен шаршылар салу.

2.Жабайы аңдар – қасқыр, түлкі; үй жануарлары – ит, мысық


Ү. Сабақты бекіту.

1. Бұтақтар дегеніміз не?

2. Оған мысал келтіріңдерші

ҮІ.Қорытындылау.

1.Генетикалық бұтақ дегеніміз не?

ҮІІ. Үйге тапсырма беру. Бұтақтар. 7 тапсырма

ҮІІІ. Бағалау. Оқушыларды жауап берулеріне қарай бағалау.













Информатика 3 сынып

Күні: Тексерген:________________________

№ 6 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Графтар


Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Граф ұғымын енгізу, граф көмегімен кейбір есептерді шығаруды үйрету

2. Дамытушылық: Граф тақырыбы бойынша берілген тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту

3.Тәрбиелік: Графпен жұмыс жасауда оқушылардың оймен өрнектеу және шығармашылықпен ынтасын қалыптастыру

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру

Көрнекілігі: компьютерлер, кітап, интерактивті тақта, дәптер

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларға өзімді таныстыру, журнал бойынша түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген тапсырма бойынша өздеріне оқыту, қателерін түзету, қатесі жоқ болса мадақтау.

ІІІ. Мақсат қою.

Оқушыларға граф ұғымын түсіндіру және граф көмегімен кейбір есептерді шығаруды үйрету.

ІҮ. Жаңа сабақ.

«Бұтақ» ұғымы сияқты «Граф» ұғымы да алгоритм теориясының негізгі ұғымдарының бірі. Оларға ұқсас мысалдар қолданылады. Бұтақтарды түбірсіз қарастыру граф мысалы бола алады. Граф төбелері – оның төбелері, ал төбелерін жалғайтын сызықтар граф қабырғалары деп аталады.

Тапсырмалар орындау.


Ү.Қорытындылау.

1.Граф дегеніміз не?

2. Графқа мысал келтір?

ҮІ. Үйге тапсырма беру. Графтар. 4 тапсырма (ә), 5-тапсырма

ҮІІ. Бағалау. Оқушыларды жауап берулеріне қарай бағалау.



Информатика 3 сынып

Күні: Тексерген:________________________

№ 8 сабақ

Сабақтың тақырыбы: №1 бақылау жұмысы


Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Өткен материалды қайталау және бекіту, бақылау жұмысын өткізу арқылы оқушылардың білімін тексеру.

2. Дамытушылық: оқушыларды өз бетімен жұмыс істеу, шешім қабылдау дағдыларын дамыту.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа, уақытты үнемдеуге, жауапкершілікке тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: бекіту, білімді тексеру

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларға өзімді таныстыру, журнал бойынша түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Дәптерлерінен үй тапсырмасын өздеріне оқыту, оны талдау, тексеру, дұрыс емес жерлерін түзету.

ІІІ. Мақсат қою.

Өткен материалдар бойынша оқушылардың білімдері мен біліктерін тексеру.

Бақылау жұмысы ІІ нұсқадан тұрады.

І-нұсқа.

1.Жиындарға ат қою.

Киімдер

Тәтті тағамдар

Ыдыстар

Көйлек

Кәмпит

Қазан

Шалбар

Қант

Таба

Кеудеше

Науат

Кесе

Шапан

Бал

Тәрелке

2. Берілген жиындардың құрамында неше элементтер бар?

Қызыл жиында 5

Көк жиында 3

Ортақ жиында 1

Біріккен жиында 7

3. Тұжырымның «ақиқат» не «жалған» екенін анықта

Қызыл жиында 5 элемент бар. Ақиқат

Көк жиында 2 элемент бар. Жалған

Біріккен жиында 1 элемент бар. Жалған.

Ортақ жиында 8 элемент бар. Жалған

4. Бұтақты толтырып сал.

Жалаушаларды толықтырып сал (қызыл, жасыл, көк, сары)

  1. Кестені толтыр

Оқушылар, қыздар, ұлдар

  1. 6 жол бар

  2. 6 тәсіл

Үшбұрыш шаршы

Қызыл көк жасыл

ІІ-нұсқа

1.Бас киімдер, аяқ киімдер, тәтті тағамдар

2.Қызыл жиын 4

Көк жиын 5

Ортақ жиын 2

Бірікке жиын 7

3.ақиқат

Жалған

Жалған

Жалған

  1. Шарды толықтырып сал (қызыл, жасыл, көк, сары)

  2. оқушылар, қыздар, ұлдар

  3. 6 жол бар

  4. доп-қызыл, жасыл

жалау-қызыл, жасыл

куб-қызыл, жасыл

ІҮ. Үйге тапсырма беру. қайталау


















































Информатика 3 сынып

Күні: Тексерген:________________________

№ 9 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Комбинаторика


Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Оқушыларға комбинаторика түсінігін беру, комбинаторика типіндегі есептерді шығаруға үйрету.

2. Дамытушылық: Оқушыларға есептер шығару барысында логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды уақытты үнемдеуге, тәртіптілікке, мәдениеттілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру

Көрнекілігі: компьютерлер, кітап, интерактивті тақта, дәптер

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларға өзімді таныстыру, журнал бойынша түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою.

Комбинаторика түсінігін беру, комбинаторика типіндегі есептерді шығаруға үйрету.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Комбинаторика – белгілі бір ереже бойынша берілген жиын элементтерін орналастыру және таңдау есептерін шығаруға арналған математика бөлімдерінің бірі.

Мысалы, мына 1-тапсырмада сандарды үйшіктерге орналастырумыз керек. Терезеден сандар қосындысы төбедегі сандар қосындысына тең болуы керек және орналастырудың мүмкін қанша жолы бар екенін көреміз.

2- тапсырмада жетіспейтін заттарды толықтырып сал.

3. Аруна, Диана және Қанат бір қатарға қанша тәсілмен тұруы мүмкін?

АДҚ, АҚД, ДАҚ, ҚАД, ҚДА, ДҚА (6 тәсіл)

4.Әртүрлі тәсілдермен шарларды орналастырып 3 түспен бояту.

5.Арунада қызы және көк түсті 2 қарындаш бар. Ыдыстарды бір-бірінен ерекшелеу үшін оларды қалай етіп бояуға болады? Ескерту жиындардың болмаған бөлігі де есептеледі.

6.Әртүрлі 3 цифрдан құралған 3 таңбалы сан жаз. Бұл цифрлардан барлығы қанша сан алуға болады? Оларды жазып шық.

М, 134

13, 41, 14, 34, 43, 31 (6 сан)


ІҮ.Қорытындылау.

1.Комбинаторика дегеніміз не?

2. Элементтерді қалай орналастыруға болады?

Ү. Бекіту.

- Балалар, біз бүгін математика бөлімдерінің бірі комбинаторикамен таныстық. Комбинаторика арқылы біз таңдау есептерін, жиын элементтерін орналастыра алады екенбіз.

ҮІ. Үйге тапсырма беру. Комбинаторика. 7,8 тапсырмалар

ҮІІ. Бағалау. Оқушыларды жауап берулеріне қарай бағалау.







Информатика 3 сынып

Күні: Тексерген:________________________

№ 10 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Координаттық жазықтық


Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Координаттық жазықтық ұғымын енгізу, координаттық жазықтықтағы заттарды табуды үйрету.

2. Дамытушылық: Оқушылардың заттарды кеңістікте елестету қабілетін қалыптастыру, дамыту.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды уақытты үнемдеуге, тәртіптілікке, мәдениеттілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың әдісі: баяндау

Көрнекілігі: компьютерлер, кітап, интерактивті тақта, дәптер

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларға өзімді таныстыру, журнал бойынша түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Дәптерлерінен үй тапсырмасын өздеріне оқыту, оны талдау, тексеру, дұрыс емес жерлерін түзету.

ІІ. Мақсат қою.

Координаттық жазықтық, сол жазықтықтағы заттарды табуға түсінік беру, үйрету.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Координаттық жазықтық баға нөмері мен жол нөмірінен тұрады. Олар үтір арқылы ажыратылады. Тапсырманы орындау барысында координаттық жазықтық туралы толық мағлұмат аламыз.

1-тапсырма: Әлімге ойыншықты табуға және бояуға көмектес. Оң жақтан екі шкаф, төменнен екі сөре (қоян) сол жақтан бір шкаф, төменнен үш сөре (доп)

2-тапсырма: Шкафтарда солдан оңға, сөрелерді төменнен жоғарыға қарай белгіле. Мына ойыншықтар қайда орналасқан? Олардың орнын көрсет.

А) машина (2,3)

ә) кеме (3,4)

Б) қоян (4,4)

В) қуыршақ (4,1)

3 –тапсырма: сыныпта өзің отыратын орынды анықта


ІҮ.Қорытындылау.

1.Координаттық жазықтық дегеніміз не?

2. Координаттық жазықтық элементтері ?

3. Олар бір-бірінен қалай ажыратылады?

Ү. Бекіту.

ҮІ. Үйге тапсырма беру. 5,6 тапсырмалар

ҮІІ. Бағалау. Оқушыларды жауап берулеріне қарай бағалау.









Информатика 4 сынып

Күні: Тексерген:________________________

№ 1 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Компьютер сыныбындағы тәртіп сақтау ережелері.Қайталау.


Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Қауіпсіздік техникасы және компьютер сыныбындағы өзін-өзі ұстау ережесі қайталау.

2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, алғашқы дәрігерлік көмек көрсету тәсілдерін жан-жақты дамыту.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды техника қауіпсіздік ережесін есте ұстап, ережелерді

мұқият орындауға, компьютерлік сыныпқа кіріп, шығудың ережелерін сақтауға

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың типі: практикалық элементтері бар, көрсетіп түсіндіру сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: компьютерлер, суреттер, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларға өзімді таныстыру, журнал бойынша түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою.

Оқушылардың білуі тиіс қауіпсіздігін сақтау талаптарына қауіпсіздік техникасы ережелері, компьютер сыныбындағы тәртіп ережелері, электр тоғымен зақымданғанда көрсететін алғашқы көмек көрсету тәсілдері, көз шаршағанда және талғанда қолданылатын жаттығуларды түсіндіру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Компьютердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге оған күтім жасау ережелері көмектеседі:

  • компьютерді орналастыратын орын таңдау кезінде оның жылыту радиаторлары жанында қызып кетуі мүмкін екенін есте ұстаңыз;

  • мониторды күн сәулесі бейне бетке тікелей түспейтіндей етіп орналастырыңыз;

  • монитор бейне бетін арнайы ерітінділермен және арнайы шүберектермен сүртіп отырыңыз;

  • тінтуірдің жұмыс бетін шаң-тозаңнан үнемі тазартып отырыңыз;

  • компьютер тұрған жайды күн сайын жинастырып отырыңыз.

Аппараттармен, кабельдермен және монторлармен жұмыс сітеу кезіндегі абайсыздық электр тоғынан зардап шегуге әкеп соқтырып, жабдықтарды күйдіріп жіберуі мүмкін.

Сондықтан:

  • жалғаушы кабельдердің ажыратқыштарын қолмен ұстауға;

  • қоректендіру сымдарына және жерге қосу құрылғыларына қол тигізуге;

  • бейне бетке және монитор мен пернетақтаның сырт жағына қол тигізуге;

  • монитор мен пернетақтаға диск, дәптер, кітап сияқты заттарды қоюға;

  • дымқыл киіммен және су қолмен жұмыс істеуге қатаң тыйым салынады.

Күйген иіс шыққан жағдайда жұмысты дереу тоқтатып, құрылғыларды сөндіріп, техникалық қолдау орталығына жүгіну қажет.

Жұмысты бастамас бұрын, жұмыс орнында көзге көрінетін ақаулар жоқтығына көз жеткізіп алыңыз, көру сызығы бейне беттің ортасына келетіндей, пернетақтаны еңкеймей пайдаланып, бейне бетке шығарылатын ақпаратты оңай қабылдауға ыңғайлы болатындай етіп орналасыңыз. Монтор мен пернетақтаны биікті бойынша дұрыс орналастырудың маңызы зор. Монитор ыңғайсыз тұрған жағдайда арқа және мойын бұлшық еттеріне салмақ түсуі салдарынан бас ауыруы мүмкін. Қарапайым бір қағида бар: монитордың жоғарғы шеті көзбен бір деңгейде болуы, ал осы деңгей мен бейне беттің орталығы арасындағы бұрыш 15 градусты құрауы тиіс.

  1. Арқаңызды тік ұстаңыз.

  2. Иықтарыңызды бос ұстаңыз, шынтақтарыңыз тікбұрыш жасап бүгілген болсын.

  3. Басыңызды сәл алдыға еңкейтіп тік ұстаңыз.

  4. Арақашықтықты сақтаңыз. Көз бен монитор бейне беті арасындағы қашықтық 50-70 см-ден аз болмауы тиіс. Басқаша айтсақ, сіз қолыңызды алдыға созып, бейне бетке әрең жетуіңіз тиіс.

Тінтуірмен жұмыс істеу кезінде:

  • Білек түзу болуы тиіс. Ешқашанда үстелдің үстінде білегіңізге сүйенбеңіз. Білек буындарын бүкпеңіз: ол табиғи қалпында болуы тиіс.

  • Тінтуірді күш салып қыспаңыз. Бұл бұлшық еттеріңіздің қажетсіз ширығуына әкеп соғады.

  • Тінтуірмен жұмыс істегенде қолыңызды түгелдей созбаңыз. Тінтуірді еркін қозғалту үшін жеткілікті бос орын болуы тиіс.

Компьютер алдында күніне 5 сағаттан артық жұмыс істеуге болмайды. Монитор алдында жұмыс істеген кезде ересек адамдар әр 1 сағат, ал балалар жарты сағат сайын үзіліс жасап отыруы тиіс.

Үзіліс кезінде көзіңізді тынықтырып, шаршағаныңызды басуға арналған жаттығулар жасап отырған жөн:

  1. Монитордан теріс қараңыз да, көзіңізді жұмып, ашпай тұрып, 10 рет жылдам көзіңізді қысыңыз. Көзіңізді недәір үлкен жиілікпен және амплитудамен ашуға тырысып, 10 рет жақсылап көзіңізді жыпылықтатыңыз. Ең соңында, қатты таңқалғандай 10 рет көзіңізді кең ашып, қабағыңызды түйіңіз.

  2. Саусақтарыңызға жылу тарайтындай етіп, алақаныңызды күшпен ысқылаңыз. Саусақ ұштарымен көздеріңіздің жанында шекеңізді дөңгелете уқалаңыз. Бұлай еткенде оң қолыңыздың саусақтары сағат тілі бағытымен, ал сол қолыңыздың саусақтары оған қарсы қозғалуы тиіс. Жартылай жабық қабақтарыңызды еркін ұстаңыз. Бұл жаттығулар кешені көзге «қызмет ететін» бұлшық еттер мен тамырларға әсер етеді.

  3. Тағы бір тиімді жаттығулар кешені мынадай: Терезеге қараңыз. Арқаңыз бен мойныңызды бос ұстап, көз көрер қашықтықтағы ең бір алыс нүктеге қараңыз. Терең тыныс алып, назарыңызды мұрныңыздың ұшына аударыңыз. Тыныс алып, тағы да алыс нүктеге көз қадаңыз. Тағы да тыныс алып, қайтадан қабағыңыздың арасына қараңыз.

  4. Қабақтарыңызды жартылай жауып, көздеріңізді жаймен айналдырыңыз. Алдымен бір жаққа, содан соң басқа жаққа қарай бес-бестен толық айналым жасаңыз. Осы жаттығуды 30 секунд бойы орындаңыз.

  5. Басыңызды оңға, солға, жоғары, төмен айналдырыңыз. Бірнеше айналым жасаңыз.


ІҮ.Қорытындылау.

1. Информатика пәні нені оқытады екен?

2. Информатика сыныбында қандай тәртіп сақтау ережелерін білесің?

Ү. Үйге тапсырма беру. ЕТ кабинетіндегі тәртіп сақтау ережесі мен қауіпсіздік техникасын оқып келу, есте сақтау.

ҮІ. Бағалау.
































Информатика 4 сынып

Күні: Тексерген:________________________

№ 3 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Жиындар

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Оқушыларға жиын, біріне-бірі кіріп қабаттасқан жиын туралы түсінік беру

2. Дамытушылық: Жиындармен жұмыс жасау процесінде оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды уақытты үнемдеуге, тәртіптілікке, мәдениеттілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу

Көрнекілігі: компьютерлер, кітап, интерактивті тақта, дәптер

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларға өзімді таныстыру, журнал бойынша түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Техника қауіпсіздігі және тәртіп сақтау ережелерін сұрау.

ІІ. Мақсат қою.

Оқушыларға жиын туралы түсінік беру. Біріне-бірі қабаттасқан жиын туралы түсіндіру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Жиын дегеніміз, мысалы кез-келген көп заттардың тобын айтамыз. Барлық компьютерлер – құрылғылар жиынының элементтері. Бұл қабаттасқан жиынның мысалы болып табылады. Ертегілер «кітап» жиынына енгенмен, барлық кітаптар «ертегілер» жиынына кірмейді. Аталған мысал ортақ жиынға мысал болып табылады. Ал «мысықтар» мен «тышқандар» жиындары ортақ жиындар бола алмайды.

Тапсырмалар!

  1. Берілген тапсырмалардың әрбір жұбына сәйкес суреттерді таңда. Олардың атауларын дұрыстап жаз.

А) Ешбір тышқан мысық болмайды.

Ешбір мысық тышқан болмайды.

ә) Барлық компьютерлер құрылғылардан тұрады.

Құрылғылардың барлығы бірдей компьютер бола алмайды.

Б) Кітаптың барлығы ертегі емес,

Ертегілердің барлығы кітап емес

  1. Тұжырымдарды жалғастыр.

Барлық алмұрттар мен алмалар – жемістер

Барлық алмұрт пен алма қышқыл емес

Ешбір алмұрт алма емес.

  1. Берілген жиындардың атауын дұрыс орналастырып жаз.

    1. Гүлдер

    2. Өсімдіктер

    3. Орман өсімдіктері

    4. Ағаштар

Барлық гүлдер - өсімдіктер

Барлық гүлдер орман өсімдіктері емес.

ІҮ. Бекіту.

1.Жиын дегеніміз не?

2.Қабаттасқан жиынға мысал келтір?

3. «Менің отбасым» жиынына мысал келтір?

Ү.Қорытындылау.

1.Жиын дегеніміз – бұл әр түрлі заттардың өте үлкен саны.

2. Бір жиынның элементтері келесі жиынның элементі болып табылады. Бұлар қабаттасқан жиындар

3. Олар бір-бірінен қалай ажыратылады?

ҮІ. Үйге тапсырма беру. 3,4 тапсырма

ҮІІ. Бағалау. Оқушыларды жауап берулеріне қарай бағалау.

Информатика 4 сынып

Күні: Тексерген:________________________

№ 4 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Жиындар


Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: «Жиындар» түсінігін қайталау. Ортақ жиындар мен біріккен жиындар түсініктерін бекіту.

2. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту

3.Тәрбиелік: Оқушыларды уақытты үнемдеуге, тәртіптілікке, мәдениеттілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: бекіту сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру

Көрнекілігі: компьютерлер, кітап, интерактивті тақта, дәптер

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларға өзімді таныстыру, журнал бойынша түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Тапсырмаларды тексеріп, қате болса түзетіп, дұрыс болса мадақтау және жиын туралы білімдерін тексеру.

ІІІ. Мақсат қою.

Жиын түсінігін қайталау. Ортақ жиындар мен біріккен жиындар түсініктерін қалыптастыру, бекіту.

ІҮ. Тапсырмалар.

Жиын дегеніміз, мысалы кез-келген көп заттардың тобын айтамыз. Барлық компьютерлер – құрылғылар жиынының элементтері. Бұл қабаттасқан жиынның мысалы болып табылады. Ертегілер «кітап» жиынына енгенмен, барлық кітаптар «ертегілер» жиынына кірмейді. Аталған мысал ортақ жиынға мысал болып табылады. Ал «мысықтар» мен «тышқандар» жиындары ортақ жиындар бола алмайды.

Тапсырмалар!

  1. Дөңгелектің ішінде жұп сандар, төртбұрыштың ішінде екі таңбалы сандар тұруы тиіс. Сандардың орындарын дұрыс тауып, орналастыр. Екі таңбалы жұп сандар орналасқан бөлікті боя.

Төртбұрыш пен дөңгелекке ортақ (10,12,36)

Тең дөңгелекте (2,6)

Тек төртбұрышта (47,51,85)

Дөңгелек пен төртбұрышқа ортақ бөліктерін бояу керек.

  1. Үшбұрыш пен шаршыға ортақ (34,43)

Үшбұрышта (31,33,73)

Шаршыда (14,44)

Ортақ бөліктерді бояймыз

  1. Үшбұрышқа ортақ бөлікке 2 қар саламыз

  2. ромбы мен төртбұрышқа ортақ 1 дөңгелек, төртбұрыштың ішінде 2 дөңгелек.

  3. Про-цес-сор

  4. Шеңбер мен үшбұрышқа ортақ 2 жалау, шеңбер -1

  5. Бірнеше жауабы болуы мүмкін, мысалы, егер барлығына ортақ 4 цифр жазсақ, әріптер мен цифрлар 7 болуы үшін 3 әріп қосу керек. Екі әріп үшбұрышқа ортақ жазылмай, тек төртбұрыш ішіне жазылады.

1

4

7

10

13

16

1

2

3

4

5

6

0

2

4

6

8

10

20

16

12

8

4

0

28

25

22

19

16

13

7

12

17

22

27

32


Ү.Қорытындылау.

ҮІ. Үйге тапсырма беру. Жиындар, қайталау

ҮІІ. Бағалау. Оқушыларды жауап берулеріне қарай бағалау.

Информатика 4 сынып


Күні: Тексерген:________________________

№ 5 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ақпараттық модельдер


Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Оқушыларға ақпараттық модельдер туралы түсінік беру.

2. Дамытушылық: Қарапайым нысанның ақпараттық моделін құрастыруда логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру.

3.Тәрбиелік: Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру

Көрнекілігі: компьютерлер, кітап, интерактивті тақта, дәптер

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларға өзімді таныстыру, журнал бойынша түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Мақсат қою.

Оқушыларға ақпараттық модель туралы түсінік беру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Ақпараттық модельдер нақты нысандарды, атап айтқанда заттарды, оқиғаларды, табиғат құбылыстарын сипаттайды. Бір нысан үшін бірнеше ақпараттық модельдер құрастыруға болады.

Ақпараттық модельдер арқылы жаңа нысандар құрауға болады.

Биолог гүлдің ақпараттық моделін зерттеу арқылы оның жаңа түрін өсіріп шығара алады. Суретші гүлдің ақпараттық моделіне қарап, оның сыртқы параметрлеріне жеңіл бөле отырып, оның суретін сала алады. Дәрігер өсімдікті денсаулық сақтау саласында қолдану мүмкіндігін анықтау үшін оның ақпараттық моделін зерттей алады. Ақпараттық модельді кесте түрінде жасайық.

  1. Ақпараттық модельді толықтыр.

Нысан атауы

Параметрлері

Параметрлері

Әрекеті

Орналасу ортасы

пішіні

көлемі

түсі

құрамы

доп

домалақ

үлкен

қызыл

резеңке

лақтыру

спорт залы

2.

Нысан атауы

Параметрлері

Әрекеті

Мекендейтін ортасы

Доп

Атауы

Мәні

Ұру

Спорт залы

Түсі

Түрлі-түсті

Материалы

каучук, пластмасса

Көлемі

30 см

Пішіні

домалақ

3.

Нысан атауы

Параметрлері

Әрекеті

Орналасу ортасы

атауы

мәні

Гүл

Құрамы

Түсі

Иісі

Пішіні

Тамыры, сабағы, жапырағы

Күлтелері әр түрлі

Хош иісті

Әр түрлі

гүлдеу

гүл отырғызылатын алаң, құмыра


ІҮ.Қорытындылау.

1.Ақпараттық модель нені сипаттайды?

Ақпараттық модельге мысал келтірейік

Ү. Үйге тапсырма беру. 4,5 тапсырма

ҮІ. Бағалау. Оқушыларды жауап берулеріне қарай бағалау.



Информатика 4 сынып

Күні: Тексерген:________________________

№ 6 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Әрекеттер


Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Оқушыларға нысандар мен әрекет жасау тәсілдерімен таныстыру. Дұрыс әрекет атқаруды анықтай білуді үйрету.

2. Дамытушылық: Тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік: Оқушылардың ақпараттық мәдениеті мен экономикалық тәрбиесін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың әдісі: түсіндіру

Көрнекілігі: компьютерлер, кітап, интерактивті тақта, дәптер

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларға өзімді таныстыру, журнал бойынша түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Тапсырмаларды тексеріп, қате болса түзетіп, дұрыс болса мадақтау және жиын туралы білімдерін тексеру.

ІІІ. Мақсат қою.

Нысанмен әрекет жасау тәсілдерін, дұрыс әрекеттер атқаруды анықтай білуге үйрету.

ІҮ. Жаңа сабақ.

Нысандармен жұмыс жасаудың көптеген іс-әрекеттері түсінікті, мысалы, доп секілді, машина жүргізу, қоңырау шырылдайды, гүлдер өседі, кітаптар оқиды.

Ұшақ, компьютер, көтерме кран, қарға, мысық, тышқан, қалам, мұғалім, оқушы қандай іс-әрекеттерді орындауы мүмкін? Ал, енді қандай мына әрекеттерді орындайтынын анықтаңдар: жүгіру, секіру, оқу, жазу, сурет салу, жүзу, ұшу. Әрекеттер мен олардың атқарылу реттілігі алгоритм құрастырудағы негізгі ұғымдардың бірі болып есептеледі.

Тапсырмалар!

1. Ана себет көтеріп келе жатыр.

2.Әкем көшет отырғызып жатыр.

3.Әлім көшет ұстап тұруға көмектесіп жүр.

4.Аруна кілемді сыпырып жатыр.

5.Мысықтың баласы көбелек қуып жүр.

6.Күшік күнге қыздырынып жатыр.

7.Құс ұшып жүр.

8.Гүлдер гүлдеп тұр.

Нәтиже алу үшін атқарылатын әрекеттерді жаз.

Ү. Сабақты бекіту.

Артық әрекеттерді сызып таста.

1.басып шығарады.

2.сақтайды.

3.өңдейді.

4.ақпаратты басып шығарады.

5.сақтайды.

6.негізеді.

ҮІ.Қорытындылау.

1.Нысанды қалай түсіндіресің?

2.Әрекет деген не?

3.Әрекетке мысал келтір

ҮІІ. Үйге тапсырма беру. Әрекеттер. 2 тапсырма (4,5,6,7), 4 тапсырма (4,5,6)

ҮІІІ. Бағалау. Оқушыларды жауап берулеріне қарай бағалау.
























Информатика 4 сынып

Күні: Тексерген:________________________

№ 7 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Кері әрекеттер


Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Оқушыларға кері әрекеттер түсінігін беру, тапсырмаларға кері әрекет жасауды үйрету.

2. Дамытушылық: Заңдылықтарды анықтау арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік: Оқушылардың ақпараттық мәдениеті мен экономикалық тәрбиесін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру

Көрнекілігі: компьютерлер, кітап, интерактивті тақта, дәптер

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларға өзімді таныстыру, журнал бойынша түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Әрекет дегеніміз не?

  2. Мысал келтіріңдер

  3. Тапсырмаларын өздеріне оқытып, қате болса түзету.

ІІІ. Мақсат қою.

Кері әрекет түсінігін беру және берілген тапсырмаларға кері әрекет жасауды үйрету.

ІҮ. Жаңа сабақ.

- Балалар, сендер әрекет деген қандай ұғым екендігін және нысандардың әрекет жасайтындығы туралы білдіңдер. Бүгін біз осы нысандар әрекетін, керісінше кері әрекет жасатамыз. Мысалы:

Сабақ оқу – сабақ оқымау

Кітап ашу – кітапты жабу

Компьютерді іске қосу – компьютерді өшіру

Тапсырмалар!

  1. Кері әрекеттерді жаз.

Отыру – тұру

Бөлмеден шығу – бөлмеге кіру

Тақтаға жазу – тақтадан өшіру

Ақпаратты енгізу – ақпаратты шығару

Ақпаратты сақтау – ақпаратты өшіру

Сурет салу – суретті өшіру

  1. Мақалдарды жалғастыр!

Шапқан жетер, жатқан қатар

Көп жасаған білмейді, көпті көрген біледі.

Мал сақтама ар сақта

Көрдім деген көп сөз, көрмедім деген бір сөз.

Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.

  1. Шана сөзінен Тана сөзін қалай алуға болады?

Осыған кері әрекет жаз

Шана – Тана («Ш» орнына «Т» -ны жаз)

Алма сөзін Алша сөзіне қалай ауыстыруға болады?

Ү.Қорытындылау.

1.Кері әрекет қалай орындалады?

2.Кері әрекетке мысал келтір

ҮІ. Үйге тапсырма беру. Кері әрекет. 4 тапсырма

ҮІІ. Бағалау. Оқушыларды тапсырманы орындауларына қарай бағалау.

























Информатика 4 сынып

Күні: Тексерген:________________________

№ 9 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Тізбектер


Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Оқушыларға тізбектер түсінігін беру.

2. Дамытушылық: Оқушыларға берілген әрекеттер тізбегін өз реттілігімен бұлжытпай орындау дағдысын қалыптастыру, тапсырмалар орындау барысында логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды уақытты үнемдеуге, мәдениеттілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру

Көрнекілігі: компьютерлер, кітап, интерактивті тақта, дәптер

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларға өзімді таныстыру, журнал бойынша түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген тапсырмаларды өздеріне оқыту арқылы тексеріп, қате болса түзету.

ІІІ. Мақсат қою.

Тізбектер түсінігін қалыптастыру.

ІҮ. Жаңа сабақ.

1. Әріптерді өз орнына қой (Тізбектер)

2.Тізбектің реттілігін анықта

3.Әлімге бір ғана әріпті өзгерту арқылы «СЕРТ» сөзін, «Қала» сөзіне, «САН» сөзін «ТӨЛ» сөзіне ауыстыруға көмектес.

СЕРТ, САРТ, ҚАРТ, ҚАРА, ҚАЛА

САН, САЛ, ТӨЛ.

4.Амалдардың орындалу тізбегін көрсет.

70-(14+36):5*60

1. жақша ішін орындау

2. бөлу амалы

3.азайту амалы

Ү.Қорытындылау.

1.Тізбектер қалай орындалады және мысал келтір?

ҮІ. Үйге тапсырма беру. Тізбектер. 2 тапсырма

ҮІІ. Бағалау. Оқушыларды тапсырманы орындауларына қарай бағалау.

Информатика 4 сынып

Күні: Тексерген:________________________

№ 8 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы

Сабақтың мақсаты: Өткен материалдарды қайталау және оқушылардың осы тақырыптар бойынша алған білімдерін тексеру, бағалау.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: бекіту.

Сабақтың әдісі: жазбаша

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларға өзімді таныстыру, журнал бойынша түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

Бақылау жұмысы ІІ нұсқадан тұрады. Тапсырмалар оқылып, түсіндіріледі.

ІІ Бақылау жұмысы.

І нұсқа

1-тапсырма. Тілсызық арқылы кімнің не істейтінін көрсет.

Ұшақты басқарады

Ағаш шебері

Тракторды жүргізеді

Бояушы

Терезені сырлайды

Ұшқыш

Тақтайды сүргілейді

Тракторшы

2-тапсырма. Жиын атауларын дұрыс орналастырып жаз.

Адамдар


Әйелдер



Мұғалімдер




3

Гүлдер

Үздіктер

Балықтар

-тапсырма. Тұжырымдардың әрбір жұбына сәйкес суреттерді таңдап, жиындардың атын дұрыстап жазып шық.



Қыздар

Құстар


Бәйшешектер




А) ешбір балық құс емес. Ешбір құс балық емес.

Ә) Барлық бәйшешектер-гүлдер. Гүлдердің барлығы бәйшешек емес

Б) Үздік оқушылардың барлығы қыздар емес. Қыздардың барлығы үздік оқушы емес.

4-тапсырма.

Дөңгелекте 8 әріп, шаршыда 4 әріп болатындай етіп, кез-келген 9 әріпті жазып шық


А Ғ

Ү Б








5-тапсырма.

Арунаның Дина, Алия және САра деген достары бірінші, екінші және үшінші қабаттарда тұрады. Дина бірінші қабатта емес, Алия екінші қабатта емес, ал Сара екінші және үшінші қабаттарда емес, кімнің қай қабатта тұратынын анықтау үшін Арунаға көмектес.

Дина –екінші, Алия – үшінші, Сара – бірінші қабаттарда тұрады.

6-тапсырма. Тізбектің дұрыс реттілігін көрсет.

1. Қаңтар

2. Сәуір

3. Мамыр

4. Шілде

5. Қыркүйек

6. Қараша

ІІ нұсқа

1-тапсырма. Тілсызық арқылы кімнің не істейтінін көрсет.

Электр тоғын жөндейді

Ұста

Шахтада жұмыс жасайды

Зерек

Ыстық шеберханада істейді

Монтер

Кім бәрін біледі

Шахтер

2

Адамдар

-тапсырма. Жиын атауларын дұрыс орналастырып жаз.


Ер кісілер



Ұшқыштар






3

Құстар

Үздіктер

Өзендер

-тапсырма. Тұжырымдардың әрбір жұбына сәйкес суреттерді таңдап, жиындардың атын дұрыстап жазып шық.



Қарлығаштар

Ұлдар

Теңіздер






А) ешбір өзен теңіз емес. Ешбір теңіз өзен емес.

Ә) Барлық қарлығаштар-құстар. құстардың барлығы қарлығаштар емес

Б) Үздік оқушылардың барлығы ұлдар емес. ұлдардың барлығы үздік оқушы емес.

4-тапсырма.

Дөңгелекте 7 сан, шаршыда 4 сан болатындай етіп, кез-келген 9 санды жазып шық


9 12

48 59

97 21








5-тапсырма.

Әлімнің Арман, Ержан және Нұрлан деген достары бірінші, екінші және үшінші пәтерлерде тұрады. Арман бірінші пәтерде емес, Ержан екінші пәтерде емес, ал Нұрлан екінші және үшінші пәтерлерде емес, кімнің қай пәтерлерде тұратынын анықтау үшін Арунаға көмектес.

Нұрлан –екінші, Арман – үшінші, Ержан – бірінші пәтерлерде тұрады.

6-тапсырма. Тізбектің дұрыс реттілігін көрсет.

1. Ақпан

2. Наурыз

3. Маусым

4. Тамыз

5. Қазан

6. Желтоқсан


ІІІ.Үйге тапсырма. Қайталау.













-75%
Курсы повышения квалификации

Проектная деятельность учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Календарный план по информатике для начальных классов (0.33 MB)

Комментарии 3

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт

Дарига, 31.08.2012 09:03
шесть
Ерлан, 24.01.2011 14:11
НА КАЗАХСКОМ ЯЗЫКЕ
Светлана, 24.01.2011 13:47
А на каком языке эта разработка?