Меню
Тесты
Тесты  /  Родной язык и литература  /  5 класс  /  Тест тапсырмалары

Тест тапсырмалары

Avatar
09.11.2025. Тест. Родной язык и литература, 5 класс
Внимание! Все тесты в этом разделе разработаны пользователями сайта для собственного использования. Администрация сайта не проверяет возможные ошибки, которые могут встретиться в тестах.
5 сынып оқушыларын олимпиадаға дайындауға арналған тест тапсырмалары

Список вопросов теста

Вопрос 1

1. Орфографиялық нормаға сай жазылған сөзді табыңыз.

Варианты ответов
  • сыйғызу
  • қыйын
  • сыйрақ
  • тыйын
  • E) кійін
Вопрос 2

2. Еріндік дауыстылардың езулік дауыстыларға әсерін табыңыз.
 

Варианты ответов
  • сұрау
  • менен
  • тоздыру
  • орау
  • құрам
Вопрос 3

3. Түбірлес сөзді табыңыз.
 

Варианты ответов
  • ал, алқа
  • қыз, қызық
  • су, суық
  • би, биік
  • өнім, өндіріс
Вопрос 4

4. Күрделі сөзді табыңыз.
 

Варианты ответов
  • алтын сағат
  • көркем шығарма
  • бүгін келді
  • ақ лақ
  • мен келдім
Вопрос 5

5. «Құрметті» деген сөздің синонимі

Варианты ответов
  • айбарлы
  • көрікті
  • тартымды
  • сыйлы
  • ақылдасу
Вопрос 6

6. «Жол» сөзінің ауыспалы мағынада қолданып тұрған қатарын табыңыз.
 

Варианты ответов
  • Күншығысқа қарай созылып жатқан жол.
  • Жолда ешбір белгі жоқ.
  • Аяңдап жолға түсіп келе жатты.
  • Қажымас қашық жолға тұлпарым-ай!
  • Ағасы жүрген жолды мақтан ете
Вопрос 7

7. «Достың ескісі жақсы, киімнің жаңасы жақсы» деген мақал-мәтелдегі антонимді
табыңыз.
 

Варианты ответов
  • ескісі, жаңасы
  • жақсы, киімнің
  • достың, жаңасы
  • ескісі, жақсы
  • достың, киімнің
Вопрос 8

8. Туынды түбір сөзді анықтаңыз.
 

Варианты ответов
  • қуану
  • сандық
  • қара
  • түзу
  • суық
Вопрос 9

9. Қосымша дұрыс жалғанған сөзді табыңыз.
 

Варианты ответов
  • М.Әуезовтің
  • М.Жұмабаевтің
  • Ғ.Мүсіреповтың
  • Ә.Тәжібаевтің
  • E) Қ.Жұмаділовтың
Вопрос 10

10. Көп мағынаға ие болатын сөзді табыңыз.
Бұл сөздің төркіні қайда барып тіреледі?
 

Варианты ответов
  • сөздің
  • қайда
  • төркіні
  • барып
  • бұл
Вопрос 11

Бекзада өнердің биігі

       Астана қаласында өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасына тұңғыш рет құсбегілік сайысы енді. Ала жаздай түлекке отырғызып, етін қатырып, дүбірлі додаға қосқан қырандарының қырағылығын көрсеткен саятшылардың сақа өнеріне көпшілік тәнті болды.
       Араға екі жыл салып ұйымдастырылатын этноспорт аламаны бесінші рет жалауын желбіретсе, құсбегілердің бекзада өнерін дәріптеушілер діттеген мақсатына осы жолы ғана қол жеткізді. Бүркіт, қаршыға, ителгі құстары бойынша сынға түскен құсбегілер алдымен қолға шақырудан сайысса, екінші күні қырандарының қырағылығын сынап, шырғаға салудан додаға түсті. «Көшпенділер әлемі» этноауылында өткен құсбегілік сайысты тама-
шалауға шетелден келген туристердің шоғыры қалың болды. Бұл ата-бабаларымыздың байырғы өнерінің жүлгесін бүгінге жалғап келе жатқан құсбегілермен тайталасқа түскен шетелдік саятшылардың да қыран баптауға деген құлшынысы қуантты.
          «Ұлық өнерімізді, бабаларымыздан мұраға қалған құсбегілікті қалай қастерлеп келе жатқанымызды дүниежүзінің назарына ұсынсақ деп талпынып, қам-қарекет жасап келеміз.Еркіндіктің, алғырлықтың рәмізі саналатын қыран құстардың қырағылығына қызығушылардың да қатары артқаны қуантады», – дейді құсбегілік федерациясының вице-президенті Бағдат Мүптекеқызы.

             «Алғыр» атты қыранымен бүркітшілер сайысында топ жарған Серікбек Күнтуған: «Қыран құсты асырау, оны күйін келтіріп, жемін беріп, ішін тазалап, етін қатыру оңай емес.Оған кез келген жанның төзімі шыдамайды. Сосын бүркіт өте кекшіл келеді, балапан кезінде бір қысастық жасасаң, соны өмір бойы ұмытпайды», – дейді.

Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ
«Egemen Qazaqstan» газеті

11. Мәтінде қанша адамның пікірі берілген?
 

Варианты ответов
  • 3
  • 4
  • 2
  • 5
  • 6
Вопрос 12

12. V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасына құсбегілік сайысын енгізудегі мақсат

Варианты ответов
  • Жиналған көпшілікті тәнті ету
  • Қыранның қырағылығын, алғырлығын көрсету
  • Саятшылардың қыран баптауға деген құлшынысын ояту
  • Атадан балаға мирас болған өнерді әлемге паш ету
  • Құсбегілікке балаларды баулу
Вопрос 13

13. Екінші абзацқа үшінші және төртінші абзацтың қатысы қандай?

Варианты ответов
  • іс-әрекеттің салдарын айтады
  • негізгі ойдың себебін айтады
  • автор ойын салыстырады
  • автор ойын қорытындылайды
  • E) ойды нақтылап, толықтырады
Вопрос 14

14. Берілген тұжырымдардың қайсысы мәтін мазмұнына сәйкес келеді?
1. Құсбегілерге керек қасиет – сабырлылық.
2. Бабаларымыздан мұраға қалған құсбегілік өнері ұмыт болуда.
 

Варианты ответов
  • біріншісі дұрыс
  • екіншісі дұрыс
  • екеуі де дұрыс
  • екеуі де бұрыс
  • жауап жоқ
Вопрос 15

15. Мақала мазмұнына сай келетін ойды көрсетіңіз.
 

Варианты ответов
  • Қыран құсты еркіндіктің рәмізі ретінде қабылдау
  • Бабаларымыздан мұраға қалған құсбегілікті қастерлеу
  • Құсбегілерге керек қасиеттерді талдау
  • Қыран баптаудың әдіс-тәсілдерін көрсету
  • Шетелдік саятшылардың құлшынысын арттыру
Вопрос 16

16-25 тапсырмалар (әр дұрыс жауап үшін 2 ұпай)
16. Ертегі жанрының мақсаты
 

Варианты ответов
  • Оқиғаны тартымды етіп, көркемдеп, әсірелеп баяндау
  • Оқырманға үлгі-өнеге көрсетіп, эстетикалық талғамын қалыптастыру
  • Оқырманға асқақ арман, қол жетпес қиял сыйлау
  • Ертегі - фольклордың негізгі жанрларының бірі екенін түсіндіру
  • Сюжетті тартымды, қызықты етіп жеткізу
Вопрос 17

17. А.Байтұрсынұлының «Адамдық диқаншысы» өлеңіндегі адамдықтың тұқымын
шашушы кім?
 

Варианты ответов
  • халықтың өзі
  • диқаншы
  • ақынның өзі
  • ақынның досы
  • шаруа иесі
Вопрос 18

18. Алты қабат орынан
Жетінші қабат қалаға
Қояндай ырғып жөнелді
Ортасына шаһардың
Бурылы барып топ етті,
Жердің шаңы бұрқ етті,
Ат тұяғы тиген жер
Тесіле жаздап солқ етті.
Көркемдегіш құрал түрін табыңыз.
 

Варианты ответов
  • эпитет
  • метонимия
  • литота
  • гипербола
  • символ
Вопрос 19

19. Қарамандай батырдың
Қабағына қар қатты,
Кірпігіне мұз қатты,
Қазанның естіп хабарын ...
Жыр жолдарының мағынасын ашатын қатарды табыңыз.
 

Варианты ответов
  • ренжіді
  • сүйсінді
  • қайғырды
  • қуанды
  • ашуланды
Вопрос 20

20. Үстіңдегі түгіңнің
Жары – күміс, жары – алтын.
Көркемдегіш құрал түрін табыңыз.
 

Варианты ответов
  • метафора
  • синекдоха
  • метонимия
  • эпитет
  • теңеу
Вопрос 21

21. Алғашқы рулық қауымның қасиетті деп санаған ұғымдары туралы құпия әңгімесі мен шежіресі
 

Варианты ответов
  • ертегі
  • аңыз
  • миф
  • әпсана
  • әңгіме
Вопрос 22

22. Асанқайғының қоғамдағы қайғы-қасіретті риторикалық сұрақ арқылы жеткізген
толғауы
 

Варианты ответов
  • «Дүние қалай етсең табылады?»
  • «Бұл заманда не ғаріп?»
  • «О,Сарыарқа, Сарыарқа»
  • «Құйрығы жоқ, жалы жоқ»
  • «Аязгөз, қайда барасың?»
Вопрос 23

23. «Көршімен татудың көңілі тыныш» деген даналық оймен мәндес сынды Асанқайғы қай жерге айтты?
 

Варианты ответов
  • Маңғыстау
  • Меркі
  • Жетісу
  • Аспара
  • Жуалы
Вопрос 24

24. Дулат Бабатайұлы өзеннің ағысы арқылы уақыттың тоқтаусыз қозғалысын, ел мен жердің жай-күйін суреттеген өлеңі
 

Варианты ответов
  • «Сүлейменге»
  • «Бараққа»
  • «О, Ақтан жас, Ақтан жас!»
  • «Асқар таудың сәні жоқ"
  • «Аягөз, қайда барасың?»
Вопрос 25

25. Қожа ат қоюда әділетсіздік деп таныды
 

Варианты ответов
  • Қызылшақа болып жөргекте жатқаныңда ат қоюды
  • Ес білген соң өзіңе ұнаған атты таңдап алуды
  • Атыңнан көзің тіріде қашып құтыла алмауды
  • Бес-алты жасқа дейін тәуелді аттың болмауды
  • Ықшам естір құлаққа жағымды аттардың көптігі
Вопрос 26

26-30 тапсырмалар (әр дұрыс жауап үшін 3 ұпай)
26. «Қалай бұл менен асып кетеді? Егер оның көзі жойылса, менің атым шықпағанда кімдікі шығады?» – деген жолдар арқылы патшаның бойындағы қасиетін табыңыз.
 

Варианты ответов
  • мақтаншақ
  • көрсеқызарлық
  • атаққұмар
  • дүниеқоңыз
  • пайдақұмар
Вопрос 27

Кішкентай көрші

             Бұл кішкентай қыз біздің көршіміздің қолына жақында ғана келді. Сонда да ол осы маңайдағы тұрғындардың бәрімен көптен таныс, сырмінез адамдай етене боп араласып кетті. Оны бала да, үлкен де жақсы көрді. Демалыс күні бала біткеннің бәрі соның төңірегінен шықпайды. Оның білмейтін ойыны, таппайтын өнері жоқ: неше түрлі ойыншықтар жасайды, қағаздан сан алуан кестелер ояды...
         Ал оның үлкендермен араласуы да қызық. Бірін «әке», бірін «аға», бірін «әже», бірін «апалап», салған жерден-ақ өзіне ұйытып алады. Олармен қысылып-қымтырылмай, өзінің туған әкесіндей я шешесіндей еркелей, ешбір іркілмей сөйлеседі.
          Жабығу, қамығу, яки жатырқау, тосырқау дегендерді білмейтін, жүрегін тек қуаныш қана жайлаған бұл кішкентай жанға қарап еріксіз күлімсірейсің. Бойыңды әлденедей көңілді ағым билейді.
             Бір ғажап тынымсыз жан. Оның бір минут дамыл тапқанын өз басым көрген емеспін. Жұмысынан қайтса, пәтеріне келе салып я кесте тоқиды, я кітап оқиды немесе үй жұмысымен айналысып кетеді. Әйтеуір қарап отыру деген онда бола бермейді және бір тамашасы: сол жүргеннің бәрінде ылғи өлеңдетеді де жүреді.

М.Иманжанов

27. Мәтіннің мазмұнын ашатын мақал-мәтелді табыңыз.

Варианты ответов
  • Сәлеміне қарай жауабы
  • Басыңды сыйлама, жасыңды сыйла
  • Сыйлап берсе, су да іш
  • Сыйлассаң – сыйлы боласың
  • Сәлемнің де сәті бар
Вопрос 28

28. Авторға ерекше сезім сыйлаған кішкентай көршінің іс-әрекеті
 

Варианты ответов
  • Адамдармен тез тіл табысуы
  • Өз ортасына сыйлы болуы
  • Барлық жанды өз бауырындай көруі
  • Тынымсыз, еңбекқор болуы
  • Жүрегі жылы, қуанып жүруі
Вопрос 29

29. Кішкентай көршінің еңбекқорлығы жайлы айтылған абзацты табыңыз.
 

Варианты ответов
  • 1
  • 4
  • 2
  • 3
  • жоқ
Вопрос 30

30. Балаларды тәнті еткен қасиеті
 

Варианты ответов
  • еңбекқорлығы
  • сыйластығы
  • өнері
  • әншілігі
  • мейірімділігі
Пройти тест
Сохранить у себя:

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт