Оқу сауаттылығы 24/ 5-нұсқа
Список вопросов теста
Вопрос 1
1-мәтін
Бұлбұл – торғайтәрізділер отрядының сайрауықтар тұқымдасына жататын әнші құс. Елімізді екі түрі бар: оңтүстік бұлбұлы және кәдімгі бұлбұл. Олар бір-біріне өте ұқсас. Кәдімгі бұлбұл Қазақстанның солтүстігін мекендейді, оңтүстік бұлбұл басқа аймақтарда кездеседі. Екеуі де қыстауға ұшып кететін құстар қатарында тұр.
Бұлбұлдар орманға, баққа, орман алқабына, бұталы жерлерге ұя салады. Ұя әдетте жерде немесе төмен өсетін бұталарда орналасады. Олар негізінен жәндіктер, құрттар, ұсақ өрмекшілер және жидектермен қоректенеді. Дене қауырсындарының жоғарғы жағы қоңырлау, ортасы қоңыр-сұр, төменгі жағы сарғыштау болады.
Қалай болғанда да, жер бетіндегі адамдардың осы құстың әншілігін мойындамайтыны кемде-кем болар. Қай елдің фольклорында болсын, бұлбұлдың бейнесі бар, қай ел болсын, ғажап әншісін бұлбұл құсқа теңейді.
Бұлбұлдар елімізге сәуірдің ортасы мен мамырдың басында келеді де, олардың әдемі әуенін мамырдың ортасында естуге болады. Қалың бұталардың түбіне ұя салады. Ұяны 5-8 күн ішінде ұрғашысы дайындап шығады. Ұяға ағаштың құрғақ жапырақтарын қолданады, ішін шаш, жүн,тал мамығымен көмкереді. Түсі қоңыр, зәйтүн түстес 4-6 жұмыртқасын мамырдың ортасы, маусымның басында толықтай салып болады. Жұмыртқаны ұрғашысы 2 апта бойы басады.
1. Бұлбұлдар дене мүшесіне тән ерекшелік
Варианты ответов
- Жылы жаққа ұшып кетеді
- Дене қауырсындары әр түсті
- Ұясын бұталы дһжерге салады
- Мамырдың ортасында сайрайды
Вопрос 2
2. Мәтін жанры
Варианты ответов
- Насихаттық мақала
- Бас мақала
- Ақпараттық мақала
- Танымдық мақала
Вопрос 3
2-мәтін
Адамдардың соңғы ғасырлардағы ашқан жаңалықтарының арқасында біз бүкіл әлем бойынша кез-келген ақпаратқа жедел қол жеткізе аламыз. Медицинадағы жетістіктер адамзатқа қауіпті ауруларды жеңуге көмектесті. Техникалық, ғылыми, кемедегі және машина жасаудағы өнертабыстар бізге бірнеше сағат ішінде жер шарының кез-келген нүктесіне жетуге, тіпті ғарышқа ұшуға мүмкіндік береді.
19 және 20 ғасырдағы өнертабыстар адамзатты өзгертті, оның әлемін төңкерді. Әрине, даму тоқтаусыз жүріп жатты және әр ғасыр бізге ең үлкен жаңалықтар берді, бірақ әлемдік революциялық өнертабыстар осы кезеңге келді. Өмірге әдеттегі көзқарасты өзгерткен және өркениетке үлкен серпіліс әкелген ең маңыздылар туралы әңгімелестік.
Рентген сәулелері. 1885 жылы неміс физигі Вильгельм Рентген өзінің ғылыми тәжірибелері барысында катодтық түтік белгілі бір сәуле шығаратынын анықтады, оны ол рентген деп атады. Ғалым оларды зерттеуді әрі қарай жалғастырды және бұл сәуле шағылыстырылмай, сынбай мөлдір емес заттар арқылы енетінін анықтады. Кейіннен дененің бөліктерін осы сәулелермен сәулелендіру арқылы ішкі мүшелерді көруге және онтогенездің бейнесін алуға болатындығы анықталды.
Алайда, органдар мен тіндерді зерттеу үшін рентген сәулесі ашылғаннан кейін 15 жылдай уақыт өтті. Сондықтан «рентген» атауының өзі ХХ ғасырдың басына жатады, өйткені ол бұрын-соңды барлық жерде қолданылмаған. Тек 1919 жылы осы сәулеленудің қасиеттерін көптеген медициналық мекемелер тәжірибеде қолдана бастады. Рентген сәулелерінің ашылуы медицинада, әсіресе диагностика мен талдау саласында төңкеріс жасады. Рентген аппараты миллиондаған адамның өмірін сақтап қалды.
3. Мәтін мазмұны бойынша жауабы бар сұрақ
Варианты ответов
- Адамды өзгерткен өнертабыстар ғасыры?
- Медицинадағы жетістіктер қандай қауіпті ауруларды жеңуге көмектесті?
- Вильгельм Рентген рентген сәулелеріне неше рет тәжірибе жасады?
- Рентген сәулелерінің ашылуы диагностика саласында қалай төңкеріс жасады?
Вопрос 4
4. Мәтін мазмұнына лайықты ақпарат
Варианты ответов
- Кейіннен дененің барлық бөліктерінің бейнесін сәуле көмегімен алды.
- Машина жасаудағы өнертабыстар ауруларды жеңуге көмектесті.
- Катодтық түтіктен шыққан сәуле рентген деп аталады.
- Рентген атауы 20-ғасырдың аяғына жататыны анықталды.
Вопрос 5
5. Мәтін бойынша ғарышқа ұшуға мүмкіндік беретін
Варианты ответов
- Адамдар ашқан өнертабыстар
- Вильгельм Рентген ғылыми тәжірибесі
- Кез-келген ақпаратқа қол жеткізу
- Медицинадағы жаңалықтар
Вопрос 6
3-мәтін
1. Шикі мұнай – қара қоңыр түсті, улы, жағымсыз иісі бар, тез тұтанғыш сұйықтық. Ол жай ғана “мұнай” (тура айтқанда мұнай жынысы) деп те аталады. Шикі мұнай – көмірсутектер деп аталатын сутегі мен көміртегіден құралатын қосылыстардың күрделі қоспасы. Мұнайдың пайда болуы туралы түрлі теориялар бар, алайда кең таралған идея мынадай: миллиондаған жылдар бұрын жылы мұхит суында микроағзалардың өте көп мөлшері тіршілік еткен болатын. Олар тіршілігін тоқтатқан кезде, балшықтың қалың қабатының астына көміліп, ақырындап шикі мұнайға айналған. Шикі мұнай тірі ағзалар арқылы жасалынғандықтан, қазбалы отынға жатады. Шикі мұнайдың жасалуына кеткен уақыт оны біз қолдануға кеткен уақыттан гөрі анағұрлым көп. Оның қоры ақыр аяғында таусылады, сондықтан да оны қайта қалпына келтірілмейтін ресурсқа жатқызамыз.
2. Алкандар – шикі мұнайда кездесетін көмірсутек молекулаларының бір түрі. Оның құрамында метан CH4 , этан C2 H6 , пропан C3 H8 , бутан C4 H10, пентан C5 H12, гексан C6 H14, гептан C7 H16 және октан бар C8 H18. Әрбір алкан молекуласында n көміртегі атомы мен (2n+2) сутегі атомы болады. Көміртегі атомдары ұзын тізбек түзеді, мысалы гександа тізбектің соңындағы екі көміртегіні есепке алмағанда әр көміртегі атомы екі сутегі атомымен байланысады.
3. Алкан тізбектерінің түрлі ұзындықта болуы олардың қасиеттерін әртүрлі етеді. Мәселен, битум (жартылай қатты шайыр) жүздеген көміртегі атомдарынан тұратын өте көп алкан молекулаларынан құралады, ал бензиннің (аса ұшпа сұйықтық) молекулалары 5-8 көміртегі атомдарынан тұрады. Осылайша, битумның молекулаларында бензин молекулаларына қарағанда бір молекулаға шаққандағы электрон мөлшері өте көп болады. Битумның молекулалары арасындағы молекулааралық күштері бензиннің молекулааралық күштеріне қарағанда күштірек, сондықтан оларды ажырату қиынырақ болады. Битумның бензинге қарағанда қайнау температурасы жоғары, тұтқырлау және аса тез тұтанғыш емес болады.
4. Шикі мұнайдың өзін тура қолдана алмаймыз, алайда оны фракциялық айдау арқылы өзіндік қайнау температурасы бар “фракцияларға”, сұйық қоспаларға ажырата аламыз. Фракциялық айдау кезінде шикі мұнай қыздырылып, буланады. Одан кейін ол мұнараға өтіп, конденсацияланады да, бу қайтадан сұйықтыққа айналады. Фракциялар түріне байланысты түрлі температуралар аралығында конденсацияланады, себебі кейбірі ұзын молекулалардан, ал енді бірі қысқа молекулалардан тұрады. Фракциялық айдау кезінде тізбектегі көміртегі атомдары арасындағы коваленттік байланыстар үзілмейді. Қайнау кезіндегі энергия молекулаларды бір-бірінен тартады, осылайша молекулааралық күшті бұзып өтеді
6. Мәтін мазмұнының реттілігі
1. Алкандар құрамы
2. Битум молекулалары
3. Шикі мұнай
4. Фракциялық айдау
Варианты ответов
- 3,1,4,2
- 1,2,4,3
- 2,1,4,3
- 3,1,2,4
Вопрос 7
7. Мәтін бойынша шикі мұнайдың қайта қалпына келмеуінің себебі
Варианты ответов
- Оның қоры таусылуы мүмкін
- Тірі ағзалар арқылы жасалады
- Оның құрамы тез тұтанғыш
- Құрамы сұйық қоспалар
Вопрос 8
8. Мәтін бойынша бензин мен битумның айырмашылығы
Варианты ответов
- Құрамы қысқа молекулалардан тұрады
- Битумның тұтанғыш қасиеті жоғары
- Бензиннің қайнау температурасы төмен
- Тізбектері түрлі ұзындықта
Вопрос 9
9. Мәтіннің мақсатты аудиториясы
Варианты ответов
- Қалың бұқараға арналған
- Ғылыми-көпшілікке арналған
- Мектеп оқушыларына арналған
- Білікті мамандарға арналған
Вопрос 10
10. Берілген мәтін үзіндісі мен негізгі мәтін мазмұны арасындағы айырмашылық
Мұнайдан жанар-жағармай (авиациялық және автокөліктік), сұйытылған газ, реактивті отын (реактивное топливо), мазут, солярка, керосин алынады. Бұлардың бәрі кең қолданыстағы өнімдер болып табылады. Ал мазуттан кейін парафин, битум, сұйық отындар айырылады.
Варианты ответов
- Мәтін үзіндісінде мұнай өнімдері туралы ақпарат берілген
- Негізгі мәтін мазмұнында мұнай өнімдері туралы айтылған
- Мәтін үзіндісінде жанар-жағармай туралы ақпарат берілген
- Негізгі мәтінде мұнай өнімдерін алу туралы ақпарат айтылған