Меню
Тесты
Тесты  /  Родной язык и литература  /  11 класс  /  Оқу сауаттылығы 24/ 4-нұсқа

Оқу сауаттылығы 24/ 4-нұсқа

Avatar
17.03.2024. Тест. Родной язык и литература, 11 класс
Внимание! Все тесты в этом разделе разработаны пользователями сайта для собственного использования. Администрация сайта не проверяет возможные ошибки, которые могут встретиться в тестах.
11 сынып оқушыларына оқу сауаттылығынан тест тапсырмалары

Список вопросов теста

Вопрос 1

1-мәтін

 «Жолы болсын», «сапары сәтті болсын», «алды ашық болсын» деп алыс жолға жүретін адамға «жолашар» немесе «жолаяқ» деп аталатын дәстүрді жасап, шығарып салады. Жолаушыны құрметтеген халықпыз ғой, «Жолашар», «Жолаяқ» дегеннің не екенін мәңгүрт болып кеткендер болмаса, былайғы қазақтың білмейтіні кемде-кем болар. Адамы жолаушы жүретін отбасы бір малын сойып, ауылдағы үлкен-кішіге дастарқан жаяды. Қариялар жолаушыға арнап бата береді. Бата деген адамға рухани күш-қуат береді, көңілге медеу, жүрекке сенім себеді. Сондықтан, жолаяқ дәстүрі ақ ниеттен, игі тілектен туған дәстүр. Дәстүрдің барлығы да игі ниеттен туындайтыны, адамның жақсылыққа сенгендігінен пайда болғаны белгілі ғой.

 Қазақ халқында көп салт-дәстүрлердің бірсыпырасы тойда кездеседі. Қазір көбінесе, құдалық тойларда, құдаларды думандатып күтіп алып, оларға лайықты сый-құрметін көрсетіп, одан кейін әспеттеп шығарып салар кезде «жолаяқ» деген дәстүр орындалып жатыр. Жолаяқ негізінен қазақ халқында ежелден келе жатқан дәстүр, дегенмен оның орындалу реті кішкене өзгерді. Оның шығу тегі тойға, қуанышты жағдайларға ғана байланысты емес, кез-келген жағдайда белгілі бір мақсатпен жолаушылап шығатын жанға ақ жол тілеп шығарып салуға байланысты туындаған.  
          1. Мәтіннің мақсаты

Варианты ответов
  • «Жолаяқ» дәстүрінің ырымдарымен таныстыру
  • Жол дәстүрлерінің шығу тегіне талдау жасау
  • Жолаушыға байланысты дәстүрмен таныстыру
  • Батаның халық өміріндегі орнын насихаттау
Вопрос 2

2. Мәтіннің бірінші азатжолындағы автордың болжамы

Варианты ответов
  • Жол дәстүрлерін халқымыздың барлығы дерлік білетіндігі
  • Жол дәстүрлерінің қазіргі кезде біршама өзгеріске ұшырағаны
  • «Жолаяқ» дәстүрінің қуанышқа ғана байланысты емес екендігі
  • Жол дәстүрі құдалық тойларда жиі-жиі орындалатыны
Вопрос 3

2-мәтін

 Сүттен жасалатын тағамдардың ішінде жасалуы оңай, тамақтық қуаты мол, берекелі, ұзаққа сақталатын тамақтың бірі – ірімшік. Көшпелілер даласының діншілдері қажы атану үшін қияндағы Меккеге сапар шеккенде жаңағы қасиеттері үшін ірімшікті түйеге теңдеп жол азық ететін болған.

Ірімшік бертін келгенше қазақ дастарқанында нанды айырбастап келді. Шынында да қаймағы алынбаған қой сүтінен жасалатын ірімшіктің маңызы да, дәмділігі де, ешқашан қатпай үгіліп тұратын қасиеті де наннан кем емес. Ірімшікті жасау үшін қосақталған қойдан сауған сүтті қазанға құйып, аздап жылытады, пісірмейді. Сонсоң «мәйек» деп аталатын сүт ұйытқышты әлгі қазандағы сүтке сала қояды. Сонда сүт дір етіп 5-10 минут ішінде ұйып қалады. Мұның өзі сүтті ашытпай ұйытып, тәтті дәмін сақтап қалу үшіп көшпелі аналарымыздың ойлап тапқан тапқырлығы.

Егер сүтке айран құйып ұйытса әрі көп уақыт керек, әрі ашып кетеді. Мұндай жағдайда одан ежігей деп аталатын құрттың бір түрі жасалады.

Мәйек – әлі отықпаған жас қозының немесе жас лақтың уыз сүті байданған ұлтабары. Осы ұлтабарды жармай айналдырып, ішіне ұйқы турап салып, сүт құяды да аузын буып, мәйек қапқа салып, керегенің басына немесе түтін шалу үшін күлдіреуішке іле салады. Сүт құйған мәйек бес-алты күнде өзінен-өзі ашып бықырады. Содан ірімшік жасайтын сүтке әлгі мәйекті батырса болды, демде ұйытады. Әрине, ашып үлгермей ұйыйды. Сүтті айырықша жылдам ұйытатын ашуы қатты мәйекті «тидеғаш» деп атайды. Мәйекті мал суалғанша пайдаланады.

 Бұрынғы аналарымыз құрт, май, ірімшік, сірне сияқты күнделікті ішіп-жемінен артылған тағамдарын жаз бойы бөлек қапқа жинап отырған. Өйткені, алда алты ай қыс бар ғой. Міне, осы күнделікті ішіп-жемнен артылған тағамды «тірнек жинау» деп атаған. Бір нәрсені ерінбей, аз-аздан ұзақ жинағанда «тірнектеп жүріп жинағаным ғой» деп келетін тіркестің тілімізде қолданылуы содан қалған.

 3. Мәтін бойынша ірімшік жасалатын сүт түрі  

Варианты ответов
  • Ашытылған сүт
  • Лақтың уыз сүті
  • Жас қозы сүті
  • Қаймақты қой сүті
Вопрос 4

4. Мәтін мазмұны бойынша жауабы бар сұрақ  

Варианты ответов
  • Ірімшіктің тағамдық қуаты қанша болған?
  • Мәйекті қай уақытқа дейін падаланады?
  • Мәйектің құрамындағы сүт ұйытатын зат?
  • Аналарымыз қысқа деп қанша қап азық жинаған?
Вопрос 5

5. Автордың мәтінде тырнақшаның ішіндегі сөз оралымдарын қолдану себебі

Варианты ответов
  • Мәтін мазмұнын тиянақтау мақсатында
  • Мәтін мазмұнын толық қамту мақсатында
  • Мәтіннің сипатын толықтыру мақсатында
  • Мәтін мазмұнына өз көзқарасын білдіру мақсатында
Вопрос 6

3-мәтін

 1. Қазіргі электронды есептеуіш машиналардың арғы тегі – есепшот. Тарихи деректерге сүйенетін болсақ, есепшоттың жасы 2000-5000 жылдар шамасында, ал пайда болған жері не Қытай, не Египет. Есепшотты гректер мен Батыс-Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суан-пан», жапондықтар «серобян» деп атады. Осы қарапайым құралмен есептеулер оның шұңғыл тақтада орналасқан тастарын жылжыту арқылы жүргізілген. Есепшоттағы тастар піл сүйегінен, шынылардан, қола мен басқа металлдардан жасалған. Есепшоттың жетілдірілген түрі кейбір жерлерде осы күнге дейін қолданылып келеді.

2. XVII ғ басында шотландиялық математик Джон Непер логарифм түсінігін енгізіп, халыққа логарифм кестесін жария қылады. Осы бағыттағы зерттеу жұмыстарын Д.Робертсон да жүргізген. Ол  Исаак Ньютонның еңбектеріне негізделе отырып, 1761 жылы жүгіртпесі бар навигациялық есептеулерді жүргізетін логарифмдық сызғыш жасаған болатын. Логарифмдік сызғыш инженерлердің басты есептеуіш құралы болды. Кейін оларды электронды есептеуіш машиналары ығыстырды. Он тоғызға енді толған француз математигі Блез Паскаль жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу құрылғысын құрастырды. Бұл құрылғының көмегімен көпорынды сандарды қосу мүмкін болды.

3. 1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц Паскальдың идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеу машинасын – арифмометрді құрастырды. Дөңгелектің орнына мұнда цифрлар жазылған цилиндр қолданылды. Бұл құрал күрделі қосу мен алу есептеулерін жүргізумен қатар, сандарды бөлу, көбейту, тіпті квадрат түбірін табу амалдарын да орындайтын болды. Кейін арифмометр бірнеше рет жетілдірілді. Бұл бағытта орыс өнертапқыштары П.Л.Чебышев пен В.Т.Однер көп еңбек етті. Арифмометр қазіргі қолданыста жүрген калькуляторлардың негізін салды. Арифмометр мен қарапайым калькулятор есептеу жұмыстарын механикаландыру құралдарының қызметін атқарады, бұларда есептеуде адамның өзі әрекеттер тізбегін анықтап басқарады.

4. Паскальдың идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеуіш машинасын – арифмометрді Лейбниц 1694 жылы құрастырды. Лейбництің машинасы қосу, алу, көбейту, бөлу, тіпті квадрат түбірді табу амалдарын орындай алатын. Кейін осы құрылғыны жетілдіру мақсатымен орыс ғалымдары Чебышев пен Однер ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, аянбай еңбек еткен. Солардың арқасында қазір біз калькуляторды қолданып келеміз.

6. Мәтін мазмұнының реттілігі   

1. Логарифм түсінігі  

2. Арифмометр өнертапқыштары

3. Есепшоттың жасы  

4. Лейбниц машинасы  

Варианты ответов
  • 2,1,4,2
  • 3,1, 2,4
  • 4,2,3,1
  • 3,1,4,2
Вопрос 7

7. Мәтіндегі Паскль иедясын қолданушы  

Варианты ответов
  • Непер
  • Робертсон
  • Лейбниц
  • Чебышев
Вопрос 8

8. Мәтін бойынша қазір біз қолданып жүрген калькуляторды жетілдіргендер  

Варианты ответов
  • Блез Паскаль
  • Джон Непер
  • Чебышев пен Однер
  • Д.Робертсон
Вопрос 9

9. Мәтін бойынша логарифмдік сызғыштың пайдасы  

Варианты ответов
  • Есептеу жұмыстарын механикаландырды
  • Механикалық есептеу құрылғысын құрастырды
  • Есепшоттың жетілдірілген түрін жасады
  • Инженерлердің басты сызғыш құралы болды
Вопрос 10

10. Берілген мәтін үзіндісі мен негізгі мәтіннің арасындағы сәйкестік

Алғашқы программалық басқарылатын есептеу машинасын құрастыру идеясын 1821 жылы ағылшын математигі Чарльз Беббидж өзінің аналитикалық машинасында ұсынған болатын. Беббидждің аналитикалық машинасы – ақпаратты өңдеп қана қоймай, оны жадында сақтап, адамның тікелей араласуынсыз алдын-ала жазылған программамен жұмыс істейтін алғашқы әмбебап құрылғы болатын. 

Варианты ответов
  • Алғашқы есептегіш құралдары туралы
  • Беббидждің аналитикалық машинасы туралы
  • Механикалық есептеуіш машинасы туралы
  • Алғашқы өнертапқыштар туралы
Пройти тест
Сохранить у себя:

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт