Меню
Тесты
Тесты  /  Родной язык и литература  /  11 класс  /  Оқу сауаттылығы 24/ 2-нұсқа

Оқу сауаттылығы 24/ 2-нұсқа

Avatar
16.03.2024. Тест. Родной язык и литература, 11 класс
Внимание! Все тесты в этом разделе разработаны пользователями сайта для собственного использования. Администрация сайта не проверяет возможные ошибки, которые могут встретиться в тестах.
11 сынып оқушыларына оқу сауаттылығынан тест тапсырмалары

Список вопросов теста

Вопрос 1

1-мәтін

 Адыраспан – түйе табандар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Оның сабы мен гүлінде у болады. Биіктігі – 30-80 см. Сасық иісті, дәрілік шөп тау беткейлерінде, жол бойында, жазық далаларда өседі. Биология ғылымдарының кандидаты, палинолог Саида Нығметова "Адыраспан" деректі фильмінде бұл шөп осыдан екі мың жыл бұрын халық арасында кеңінен қолданыста болғанын жеткізді. 

"Бұрынғы заманда адамдар табиғатпен тығыз байланыста болды. Олар шөптердің қасиетін жақсы білді. Адыраспан – Орталық Азияда жиі өсетін шөп. Улы болғандықтан, мал жемейді. Адамдар "төрт түлік мұны неге жемейді?" деп оған назар аударса керек. Оның ерекше қасиетіне сенген", - дейді ғалым. Басылым дерегінше, адыраспан ел арасында "белобок", "исрык", "бибик", "адыраспан", "испанд", "хазориспанд", "исирик", "хармаль" және тағы басқа атаулармен таныс. 

1. Мәтіннің мақсаты

Варианты ответов
  • Бұқара халықты адыраспан туралы фильммен таныстыру
  • Көпшілікке адыраспан туралы танымдық ақпарат беру
  • Адыраспанның бірнеше атауларымен таныстыру
  • Адыраспанның улы өсімдік екенінен хабар беру
Вопрос 2

2. Адыраспанның ел арасында бірнеше атауға ие болуының себебі

Варианты ответов
  • Улы болғандықтан
  • Қасиетті болғандықтан
  • Көп таралғандықтан
  • Фильм түсірілгендіктен
Вопрос 3

2-мәтін

 Жібектің таралуы мен тасымалдаудың шынайы тарихы сол кезеңдегі Еуропа мен Қытай елшілерінің құжаттарында, саяхатшылардың аңыз әңгімелері мен сипаттауларында бейнеленген. Сол себепті жібектің қай кезеңде өндірілгені мен өзге мемлекеттерге таралу тарихы туралы нақты пікір жоқ. Дегенмен қолда бар мәліметтерге сүйенсек, жібек өндірудің құпиясын алғаш рет қытайлықтар төрт мың жыл бұрын ашқан, дегенмен Фава және Витт есімді әйгілі батыс еуропалық зерттеушілер 7000 жыл бұрын деп көрсетеді. Қытайда б.з.д. 3 мыңжылдықта жібек өндіру технологиясы туралы маңызды ақпаратты 1958 жылғы Цэяншаньяндағы (Чжэцзян провинциясы) қазба жұмыстарынан аламыз. Онда Лянчжу мәдениеті ескерткіштерін зерттеу кезінде бамбук себеті табылды, онда мата қалдықтары сақталған. Күріш қалдықтарына жасалған радиокарбон анализі оның б.з.д. 2750 ± 100 жыл екенін анықтады. 

ІV мыңжылдықта жібекті қытайлықтардан кейін Жапония, одан кейін Үндістан өндіре бастады деген болжам бар. Мукерджидің ойынша жібек тұтының отаны Үндістанның таулы аймақтары. Оның 1890-1891 жылы жарық көрген еңбектерінде жібекті өндіру тек бір жерде ғана болған жоқ. Санкскрит тіліндегі ежелгі ескерткіштерде жібек туралы ақпарат бар болғанымен, Қытай туралы ешбір мәлімет келтірілмеген. Үндістан туралы алғашқы деректерді грек авторларының еңбектерінен кездестіруге болады, дегенмен онда жібек туралы мәлімет жазылмаған. Д.М. Россинский былай жазады: «Үнділер қытайлардың жібек тұтынан жібек өндіру әдісінен ешқандай жаңалық алған жоқ. Бұл тек бұрыннан бері әртүрлі жәндіктерден жібек өндіру әдісінің қарапайым жаңаруы болды». ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысында Шығыс Үндістанға сапар шеккен неміс дәрігері Румфиус ежелгі үнділердің жоғары сапалы жібек матасы туралы баяндайды. Ол үнділерден қытайлық тұтқа қатысы жоқ бірнеше жібек матасын аңғарды, сондай-ақ олардың сапасының әлдеқайда жақсы екендігін айтады. Ал жібек маталарының Үндістанда бар болғандығын көрсететін мәліметтер б.з.д. ІІ мыңжылдықтың ортасына тиесілі.

 3. Мәтіндегі Румфирустің болжамы

Варианты ответов
  • Жібектің күріш қалдығынан жасалғандығы
  • Үнділер жібек туралы жаңалық ашпағандығы
  • Жібек өндірудің алғаш құпиясын ашқандығы
  • Үнділердікі сапалы жібек мата екендігі
Вопрос 4

4. Мәтін мазмұны бойынша жауабы бар сұрақ  

Варианты ответов
  • Үндістанның қай таулы аймағында жібек тұты бар?
  • Грек авторлары жібек туралы қандай кітаптар жазған?
  • Қытай елшілері қандай құжаттар жазып қалдырған?
  • Жібек туралы Қытай ақпараттары қайда жазылған?
Вопрос 5

5. Жібек тұтын өндіру қытайлықтарға тиесілі екендігінің дәлелі  

Варианты ответов
  • Қазба жұмысы кезінде мата қалдықтарымен табылған себет
  • Грек авторларының жазып қалдырған зерттеу еңбектері
  • Санкскрит тілінде жазылған ежелгі ескерткіштер
  • Неміс дәрігері Румфиус жазған ежелгі зерттеу жазбалар
Вопрос 6

3-мәтін

 1. Еліміздің индустриалды орталығы – Қарағанды бір мезгілде дамып жетіле қойған жоқ. Қиын-қыстау кезеңдері қаншама, осы алып өндіріс ошағының бастамасы Қарағанды қаласынан түстік бағытта Көкөзек бойында орналасқан Спасск зауыты болғанын екінің бірі біле бермес.

 2. ХХ ғасыр басында шетелдік қалталылар Қазақстанның жер қойнауындағы байлықтарын зерттей бастады, қазақ даласына шетел капиталы келді. 1907 жылы Сораң, Қарағанды, Өспен және Спасск мыс кен орындарын ағылшынның «Спасск мыс рудалары» акционерлік қоғамына сатып жібереді. Француз инженері Ж. де Кателен жазбасында: «Арзан жұмысшы күшін пайдалану өндірістің шығынын арзандатады, әсіресе, бұл қазақ даласындағы кен орындарына қолданған тиімді», – делінген.

3. Жаңа өзгерістер революция тарихына қатысты. Қазақ жеріндегі революцияның оң нәтижесінің бірі – қазақ халқының Қарағанды, Спасск, Өспен сияқты жүздеген өндіріс орындарын, кен байлықтарын өзіне қайтарып алуында болды. XIX ғасырдың басында Ресей патшалығының отары ретіндегі Қазақстанда негізінен өнеркәсіптің екі саласы, яғни, тау-кен өндірісі мен кен-зауыт өнеркәсібі, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал өнімдерін ұқсату жөніндегі өнеркәсіп жатқызылды. Әсіресе, тау-кен өнеркәсібі түсті металдар мен темірдің бай кен орындарын пайдаланып жатқан Алтай мен Орталық Қазақстанда өркендеді. Бірақ, ғасыр басында мыс, алтын, темір және басқа қазба байлықтарын шығаратын еліміздің тау-кен кәсіпорындары, негізінен, шетелдік акционерлік қоғамдардың қолына көшті. 1904 жылы Лондонда пайда болған Спасск мыс кендерінің ағылшын-француз акционерлік қоғамы Спасск-Успенск мыс кені мен зауытын, Саран-Қарағанды тас көмір кенін және кеніштерін түгелдей сатып алып, пайдаланды.

4. Қазақ өлкесінің ғасыр басындағы тау-кен өнеркәсібінің басты салаларының бірі алтын шығару болды. Сонымен қатар, Екібастұзда, Қарағандыда, Саранда көмір кен орындары мол пайдаланылды. Өндірілген көмір темір және су жолдарымен Ресейдің Пермь губерниясына, Омбы мен Барнаулға, сондай-ақ, өлкенің Павлодар, Қызылжар және басқа да қалаларына жеткізілді. 1901 жылдың күзінде Екібастұзға жұмыс іздеп келушілердің саны бес мың кісіге жетеді. Ал, Қарағанды, Спасск, Успенск өндірістерінде де осындай жағдайлар болды. Бірақ, олардың көбі жұмысқа қабылданбайды. Қабылданғандарға жұмысты көп істеткізіп, еңбекақыны аз төлейтін болады. Көмірі қуалай алынған қараңғы үңгірдің асты саз, әрі су, жарықсыз, тіреусіз болатын. Қазылған көмірді сол үңгірдің бойымен шахтерлер шанаға, болмаса тәшкеге салып, бадьяға жаяу сүйреп әкелетін. 
          6. Мәтін мазмұнының реттілігі  

1. Сатылған кен орындары   

2. Шетелдік байлар зерттеуі  

3. Өнеркәсіптегі жұмыс күші  

4. Спасск зауыты  

Варианты ответов
  • 2,4,1,3
  • 4, 2,1,3
  • 1,4,3,2
  • 3,4,1,2
Вопрос 7

7. Мәтіндегі өндірілген көмір жеткізілген аймақтар  

Варианты ответов
  • Шетел қалталыларына
  • Өз өлкеміздің қалаларына
  • Ресейдің Павлодар қаласына
  • Успенск өндірістеріне
Вопрос 8

8. Қазақ даласына шетел капиталынің келген уақыты  

Варианты ответов
  • 1901 жылдың күзінде
  • XIX ғасырдың басында
  • ХХ ғасыр басында
  • 1904 жылдың ортасы
Вопрос 9

9. Мәтінде жұмыс іздеп келушілердің саны 5000-ға жеткен кен орны

Варианты ответов
  • Спасск
  • Успенск
  • Қарағанды
  • Екібастұз
Вопрос 10

10. Берілген мәтін үзіндісі мен негізгі мәтін мазмұны арасындағы сәйкестік

Қазақстанның пайдалы қазбаларының картасы бай және алуан түрлі. Республика аумағында периодтық кестедегі 99 элемент алынады. Алайда, Қазақстан Республикасының негізгі ресурсы жанғыш пайдалы қазбалар болып табылады, атап айтқанда көмір.  

Варианты ответов
  • Еліміздегі пайдалы қазбалар туралы
  • Спасск-Успенск кен орны туралы
  • Шетелдік капиталдар туралы
  • Периодтық кестедегі элементтер туралы
Пройти тест
Сохранить у себя:

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт