Оқу сауаттылығы 2
Список вопросов теста
Вопрос 1
1-мәтін
Адам құдіреттілігіне ой жете бермейтін, саналылығының, даналығының, қабілеттілігінің шегі, киелі де қасиетті, аса күрделі жаратылыс. Әлемдік кеңістікте жасампаз тіршілік иесі – адамзат, биоәлеуметтік шеңберде жеке тұлға. Сезімтал, пайымды, болжамды. Амалы мен тәсілі мың сан. Бүгінгісін ертең қанағат тұтпайтын талғампаз, ізденімпаз, талапты, қажетін таңдай білетін, жоғын таба, барын жаңарта, жасандыра, жетілдіре беретін жаһандағы баламасыз, ішкі жан-дүниесінің тылсымды рухани күші мен сыры әлі түгел ашылып үлгерілмеген жер жүзіндегі кемел кемеңгер. Адамның дүние-өмір танымдық қуат көзі, нағыз адамдықтың негізі нәзік болмыс –ақыл, ес, ой-өріс, жад, түйсік және сезім. Мінез-саналы өмір жүйесінде нәзік болмыспен қабаттас дарыған, адамның табиғи қалпы, сыр-сипат, іс-әрекет, бет-бағдар ерекшеліктерінің психологиялық жиынтығы.
Ақыл мен мінез – кісіліктің парқын, парасаттылығы мен бітім-келбетін, өмірге жарасымдылығы мен қабілеттілігін анықтаушы, сондай-ақ бірін-бірі толықтырушы, жетілдіруші саналық категория. Мінез – мәні мен мағынасы кең ұғым. Өмір ағымының барлық кездері мен кезеңдерінде адамның ой-толғамына, талғам-сезіміне, көңіл- күйіне, қам-қарекетіне тікелей қатысты және әсерлі, кісілік бейнесінің саралануына ықпалды. Бар болмысын, сезім серпінін, көзқарасын айна-қатесіз, қаз қалпында елестетер шарайна. Ел ішінде айтылатын “етпен бітіп, сүйекпен кетер” туабітті, өзгермейтін сіреу мінез болмайды. Сәбилік пен кәмелеттік жас аралығында отбасының тектілік қасиеттеріне сәйкесті ата-ана үлгісінде, шаңырақтың мәдени-тұрмыстық, әлеуметтік жағдайларында, өскен ортаның тәлім-тәрбиелік деңгейінде мінез-құлықтың негізі қаланады.
1. Мәтіндегі кең ұғым
Варианты ответов
- Ақыл
- Адам
- Мінез
- Сана
Вопрос 2
2. Мәтін бойынша адамның амалы мен тәсілі сан мың болуының себебі
Варианты ответов
- Саналы болғандықтан
- Сезімтал болғандықтан
- Мінезді болғандықтан
- Талғампаз болғандықтан
Вопрос 3
2-мәтін
Қайнаған су – күнделікті қолданылатын ең кең таралған жұмыстардың бірі. Алайда таулы аймақтарда бұл процестің өзіндік ерекшеліктері бар. Теңіз деңгейінен биік нүктелерде су әр түрлі температурада қайнайды.
Қайнаған суға айқын сыртқы белгілер тән: сұйық қайнату, ыдыс ішінде ұсақ көпіршіктердің пайда болуы және будың жоғарылауы. Қыздыру кезінде су молекулалары жылу көзінен қосымша энергия алады. Олар мобильді болып, дірілдейді.
Сайып келгенде, сұйықтық ыдыстың қабырғаларында бу көпіршіктері пайда болатын температураға жетеді. Бұл температура қайнау температурасы деп аталады. Су қайнай бастағаннан кейін, барлық сұйықтық газға айналғанға дейін температура өзгермейді.
Бу молекулалары атмосфераға қысым жасайды. Мұны бу қысымы деп атайды. Судың температурасының жоғарылауымен ол жоғарылайды, ал молекулалар жылдамырақ қозғалады, оларды байланыстыратын молекулааралық күштерді жеңеді. Бу қысымына ауа массасы тудыратын тағы бір күш қарсы тұрады: атмосфералық қысым. Бу қысымы қоршаған орта қысымына жеткенде немесе одан асқан кезде, оны жеңе отырып, су қайнай бастайды.
3. Мәтін бойынша әртүрлі температурада қайнайтын су
Варианты ответов
- Таулы аймақтардың ерекше процесіндегі
- Қайнау температурасынан жоғары болатын
- Атмосфера қысым жасаған
- Теңіз деңгейінен биік нүктелердегі
Вопрос 4
4. Мәтін мазмұнына лайықты ақпарат
Варианты ответов
- Бу молекуларалры атмосфераға қысым жасай алмайтындықтан, жоғары көтеріледі.
- Теңіз деңгейінен аласа нүктелерде су әр түрлі температурада қайнайды.
- Барлық сұйықтық түгел газға айналғанға дейін температура тұрақты болады.
- Бу қысымына ауа массасы тудыратын тағы бір күш қарсы тұрмайды: атмосфералық қысым.
Вопрос 5
5. Мәтіннің мақсаты
Варианты ответов
- Бу молекулалары туралы ақпарат беру
- Қайнаған су процесіндегі өзгерістерді көрсету
- Таулы аймақ суларының түрлері туралы аныұтама көрсету
- Таулы аймақтардағы су қысымын көрсету
Вопрос 6
3-мәтін
1. Өткен ғасырдың 60-жылдарының ортасында Амудария бассейнінің «хангүлі» бұғысы «Жолбарыссай» («Тигровая балка»), «Арал-Пайғамбар» қорықтарында ғана сақталды. Ал, Тәжікстанның Дарғанат шатқалындағы тоғай бұғыларының саны шамамен 400 бас болатын. Ал, 80-ші жылдардың басында жалпы Орта Азиядағы Бұқар бұғыларының саны мың басқа жетті. Орта Азия мемлекеттерінің тәуелсіздік алып, қайта құру кезеңінде, сондай-ақ, тәжік-ауған соғысының әсерінен 90-шы жылдардың аяғында Бұқар бұғыларының жалпы саны 350 басқа дейін төмендеп кетеді. Адамзат алдында Бұқар бұғыларын сақтап қалу жауапкершілігі тұрды.
2. Қазақ жеріне Бұқар бұғысын әкеліп, қайта жерсіндіру тәжірибесі 1981 жылдан басталады. Сол жылы Алматы облысының Іле өзені бойында орналасқан «Қарашеңгел» аң аулау мемлекеттік шаруашылығына Тәжікстаннан 22 бас Бұқар бұғысын алып келген. 2000-шы жылдардың басында сол 22 бастан тараған бұғылар саны 300 бастан асты.
3. «Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры»(WWF) 2000 жылы Бұқар бұғыларын тарихи мекен ету ортасында сақтау және қайтадан қалпына келтіру мақсатында арнайы бағдарлама жасайды. Бағдарлама үш бағытта дамиды. Солардың бірі – тоғай бұғыларын Сырдарияөзенінің орта ағысындағы тарихи отанына қайтару жобасы болды.
4. Ғалымдар Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан «Қызылшаруа» орманшылығы Сырдария өзені жағасындағы 2 гектар аумаққа бұғы тұқымбағы салынады.«Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының» (WWF) қолдауымен, Сырдария бойындағы алдын ала тұрғызылған тұқымбаққа 2001 жылдың 31 мамыр күні Бұқар бұғысының 3 басы, 2003 жылы қараша айындатағы 6 басы «Түркістан» тұқымбағына «Қарашеңгел» аңшылық шаруашылығынан жеткізілді.
6. Мәтін мазмұнының реттілігі
1. 1981 жылғы тәжірибе
2. Бұқар бұғылары
3. Бұғы тұқымбағы
4. Арнайы бағдарлама
Варианты ответов
- 3,1,4,2
- 2,4,1,3
- 4,2,1,3
- 2,1,4,3
Вопрос 7
7. Мәтіннің стилі мен мақсатты аудиториясы
Варианты ответов
- Ғылыми, көпшілікке арналған
- Көркем әдебиет, көпшілікке арналған
- Публицистикалық, көпшілікке арналған
- Публицистикалық, ғалымдарға арналған
Вопрос 8
8. Мәтін бойынша 20-ғасырдың аяғында бұқар бұғыларының азайып кетуінің себебі
Варианты ответов
- Соғыстың әсерінен
- Адамдардың кесірінен
- Табиғат апаттарынан
- Өрттің салдарынан
Вопрос 9
9. Мәтіннің екінші бөлімінде айтылған ой
Варианты ответов
- Бұқар бұғысын сақтап қалу процесі
- Қазақ даласына бұқар бұғысын өсіру
- Дүниежүзілік табиғат қорығын құр
- Тоғай бұғыларына қорық ашу
Вопрос 10
10. Берілген үзінді мен негізгі мәтін арасындағы сәйкестік
«Бұғы» сөзін естігенде, әдемі мүйізі бар, үлкен жануар бейнесі көз алдымызға келеді. Бұл кербез де паң аңның кішкене түрі де болады дегенге сенесіз бе? Пуду – әлемдегі ұсақ бұғылар тұқымдасына жататын ең кішкене бұғы. Оның екі түрі бар: оңтүстік пудуы және солтүстік пудуы.
Варианты ответов
- Бұғы жануары туралы
- Бұқар бұғысы туралы
- Кішкене бұғы туралы
- Пуду мен Бұқар бұғы туралы