Меню
Тесты
Тесты  /  Родной язык и литература  /  11 класс  /  Оқу сауаттылығы 1

Оқу сауаттылығы 1

Avatar
03.01.2024. Тест. Родной язык и литература, 11 класс
Внимание! Все тесты в этом разделе разработаны пользователями сайта для собственного использования. Администрация сайта не проверяет возможные ошибки, которые могут встретиться в тестах.
Ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша оқу сауаттылығынан тест тапсырмасы

Список вопросов теста

Вопрос 1

1-мәтін

   Дәрежелері мен қоғамдық орындарына байланысты, құмырсқалардың 20 пайызы «қара жұмысшылар» тобы еңбекті күні-түні атқарады. Ал ерігіп бос жүрген құмырсқалардың бос тобы жұмысқа кіріскен күннің өзінде де, «қара жұмысшылардың» қалған бөлігін еріксіз жұмыс істеуге мәжбүрлейді.

 Құмырсқалар қауымы жалпыға бірдей қатаң тәртіпке түгелдей бағынышты. Қауымдағы әр бір мүшенің өзіне тиесілі міндеті бар. Аса жауапты міндеттермен ұйымдасқан жәндіктер кез-келген көңіл-күйді сезініп, жұмыс барысында аянбай еңбек етуден ешқашан қашпайды. Жай ғана жыбырлап жүріп, не болса соны кеміріп жеп, басы ауған жаққа қаңғып жүре беретін көп жәндіктің бірі болса құмырсқа тіршілігіне ешкім де қызықпас еді. Ең қызығы құмырсқаның бір жылдық азығын бидайдың 3 дәні ғана құрайды. Егер қыс ұзап кетсе, болмаса, ұяларының шығар аузы бітеліп қалса, не болмаса басқа жағдай болған кезде, азықтарын үнемдеу керек болса, үш түйір дәнді олар 2 жыл азық етіп сақтайды

1.Мәтін мазмұнына лайықты ақпарат

Варианты ответов
  • Құмырсқалар көппен бірдей тәртіпке бағынады.
  • Құмырсқалардың тірлігіне барлығы да қызығады.
  • Бір қыстық құмырсқаның азығы 3 дәннен тұрады.
  • Үш түйір дәнді үнемдеп бір жыл да азық ете алады.
Вопрос 2

2. Мәтіннің мақсаты мен стилі

Варианты ответов
  • Публицистикалық, тезис
  • Публицистикалық, мақала
  • Ғылыми, аннотация
  • Көркем әдебиет, очерк
Вопрос 3

2-мәтін

Қазақ боксы бүгінде өзіндік орны бар бірегей спорт түрі. Әлемнің талай додасында топ жарып жүрген былғары қолғап шеберлеріміз майданда ешкімге есе жіберген емес. Солардың бірі әрі даңқты боксшы – Серік Қонақбаев туралы білу керек деректерді ұсынып отырмыз.

Қазақ боксшылары арасынан Серік Қонақбаевқа дейін Еуропа чемпионатын ұтқан ешкім болмаған. 1979 жылы ГФР-дың «Кельн» қаласында өткен Еуропа чемпионатында Серік Қонақбаев қазақ боксшылары арасынан тұңғыш рет еуропа біріншілігін ұтты.

Алты бірдей Олимпиада чемпиондарын баптаған, ХХ ғасырда әлем боксын мойындатқан майталман поляк жаттықтырушысы Феликс Штамм Серік Қонақбаевтың шаршы алаңдағы өнеріне қарап: «Мына баладан бокс генийі шығады»,-деп бағасын берген. Серіктің әкесі Керімбек Қонақбаев Мәскеуде аспиратурада оқып, ғылымға ден қойған. Тұңғыш қазақ тіліндегі «Сызба геометрия» оқулығының авторы. Техника ғылымдарының кандидаты. 1981 жылы Дүниежүзі боксының майталман мамандары Серік Қонақбаевты әлемнің үздік әуесқой боксшысы деп мойындаған.

1984 жылы КСРО құрамасы сапында төрт қазақ боксшысы чемпион атанды. Олар Серік Қонақбаев, Кәрімжан Әбдірахманов, Серік Нұрқазов және Асылбек Қыйлымов. Бұл жолғы төрт қазақ боксшысы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы олимпиада ойындарына қатысу керек еді. Өкінішке орай, КСРО спортшылары саяси себептерге байланысты төрт жылда бір рет өтетін олимпиада ойындарынан тыс қалды. Әтпегенде Серік Қонақбаевтың Мәскеу төріндегі күмісін алтынға айырбастайтындай әлеуеті бар еді.

Серік Қонақбаевтың идеал тұтқан саяси қайраткері француздың әскери-мемлекет қайраткері – Шарль де Голль. Қазақ боксының даңқты боксшысы әдеби кітаптарды оқуға қатты қызыққан. Ол шетел және қазақ әдебиетінің классикалық туындыларын оқыған.

 

3. Мәтін бойынша әлем мойындаған Серік

Варианты ответов
  • Қазақ даңқты боксшысы
  • Үздік, әуесқой боксшы
  • Чемпион қазақ боксшысы
  • Кандидат боксшы
Вопрос 4

4. Мәтіннің мақсаты

Варианты ответов
  • Серік боксшы туралы толық, терең дерек беру
  • Серіктің бокстағы жетістігін таныстыру
  • Серіктің табандылығын насихаттау
  • Серіктің өмірінен үзік сырлар айту
Вопрос 5

5. Мәтін бойынша жауабы бар сұрақ

Варианты ответов
  • Серік Нұрқазовтың жетістіктері қандай?
  • Серік Қонақбаевты пір тұтқан кім?
  • Серіктің әкесі қандай мінезді адам болған?
  • Серік қандай әдеби кітаптар оқыған?
Вопрос 6

3-мәтін

1. Қазақта араздасқан адамдар ат кекілін кесісіп кетеді. Ат кекілін кесісудің тағы бір түрі –  туырлық тілу. Туырлық – киіз үй жабдығы. Туырлықты кез келген өткір қарумен тіліп жіберу – енді қайтып бітіспейміз дегендік. Бұл тек қатты араздасқан адамдар арасында болады. Туырлығын тілу туралы нақты деректі ел аузындағы «Жәнібектің сілесі» атты аңыздан білуге болады. Аңыз былай өріледі.

2. Жәнібек батыр Жантекейді (ру) бастап «кең түп, тар түп деген жер бар, қыс болмайды, малға жайлы» деп елді көшіруге бастағанда, Базарқұл Қотырақ батыр Жәнібекке қарсы шығып:

 – Жантекейді Алтайға апарамын, – дейді.

Жәнібек:

– Асанқайғы айтқандай Алтайдың топырағы жысқым, жері обырым, тасы алтыным, өлім көп болады. Сондықтан Алтайға барсақ аз ғана ру құриды, - дейді.

3. Жәнібек бастаған ауылдар көшуге қамданып, ат-көліктерін байлап, қомдап жатқанда, Қотырақ батыр келіп, Жәнібектің үйін найзалап:

– Жалғыз ауыл сары, ел басқарып көшуге қайдан жеттің, –  дейді.

Қотырақ ұзаңқырап бара жатқанда, Жәнібек сыртқа шығып, қолын бұлғап шақырады. Қотырақ батыр: «Жәнібек менен қорқып, райынан қайтқан болу керек» - деп ойлап қайта қайтып келеді. Сонда Жәнібек Қотыраққа:

– Істеген жамандығым жоқ еді, аяқтағы суға ағып өл, көнектегі суға көміліп өл, батпақты суға батып өл, - дейді де, қош айтпай қала береді.

Көп өтпей сілеге ұшыраған батыр есі ауып, жынданып ауырады. Ақыры Ертістің аяғында Қаба жерінде суы жіліншіктен ғана келетін бір қарасу батпаққа түсіп өледі.

4. Ертістің осы Қотырақ өлген тұсынан қалай да бір өткел шығады. Бұрын ешқандай өткел болмаған екен. Ел Қотырақты «киелі адам» деп танып, осы өткелдің атын «Қотырақ өткелі» деп күні бүгінге дейін атасады екен. 

 

6. Мәтін мазмұнының реттілігі

1. Қарсылық

2. Қотырақ өткелі

3.  Ренішті қарғыс

4. Туырлық тілу

Варианты ответов
  • 4,1,3,2
  • 2,1,4,3
  • 4,1,2,3
  • 3,1,4,2
Вопрос 7

7. Мәтін бойынша екі батырдың араздасуының себебі

Варианты ответов
  • Жәнібектің сілесі
  • Руаралық тартыс
  • Алтай жеріне талас
  • Ел көшіне қарсылық
Вопрос 8

8. Мәтіндегі Жантекей

Варианты ответов
  • Су атауы
  • Тау атауы
  • Ру атауы
  • Жер атауы
Вопрос 9

9. Мәтіннің түйіні

Варианты ответов
  • Жаманға сырыңды қосып сөз айтпа.
  • Түркіні бұзар - тәтті сөз.
  • Аз сөздің салмағы басым болар.
  • Ерегескен ел болмас.
Вопрос 10

10. Берілген үзінді мен негізгі мәтін арасындағы ұқсастық

Қарғыстың тілі айшықты да ащы, тиіп кетсе, қиып кететін нағыз қиғыр тіл. Батаны тілдің балы десек, қарғысты уы деуге болады. 

Варианты ответов
  • Теріс, қарғыс сөз зияны
  • Теріс батаның киесі
  • Реніштің нәтижесі
  • Өкпе-реніштің сыры
Пройти тест
Сохранить у себя:

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт