Керамикалық материалдар
Еркебаева
15.03.2018.
Тест. Технология, Прочее
Керамикалық материалдарға арналған шикізат материалдар, өндіру технологиясы және әдістері
Система оценки:
5 балльная
Список вопросов теста
Вопрос 1
Керамикалық деп аталады
Варианты ответов
- байланыстырғыштың қатаюы нәтижесінде қажетті беріктікке ие болатын жасанды тас бұйымдар
- минералдық шикізаттан жоғары температураларда күйдіру арқылы алынатын тас тәріздес қасиеттерге ие бұйымдар
- кварц құмы, әк және судан тұратын араласпаны пресстеп, артынша автоклавта қысым арқылы қатаятын бұйымдар
- минералдық силикат балқымалардан алынатын бұйымдар
- сазды вакууммен пресстеп, артынша күйдіру жолымен алынатын жасанды тас бұйымдар
Вопрос 2
Кірпіш маркасын анықтайды
Варианты ответов
- иілім және сығым беріктігі бойынша
- тығыздығы бойынша
- су сіңіргіштігі бойынша
- ақаулары бойынша
- стандарттық өлшемдерден ауытқуы бойынша
Вопрос 3
Тиімді қабырғалық қыш бұйымдарына жатады
Варианты ответов
- арзан бұйымдар
- беріктігі мен аязға төзімділігі жоғары бұйымдар
- тығыз құрылымды бұйымдар
- ұсақ бұйымдар
- кеуекті, кеуекті-қуыс, қуыс бұйымдар
Вопрос 4
Қарапайым қыш кірпішінің маркалары
Варианты ответов
- М5…150
- М10…25
- М25…150
- М75…300
- М700…1000
Вопрос 5
Қыш кірпішінің аязға төзімділігі бойынша маркалары
Варианты ответов
- F0,5…F0,465
- F15…F50
- F5... F100
- F50 …F1000
- F300…F600
Вопрос 6
Қыш кірпішін қалыптау әдістері
Варианты ответов
- иілімді қалыптау, жартылай құрғақ пресcтеу
- экструзия, жаншып шығару
- қысыммен құю, ортадан тебу
- құйма, дірілдетіп штамптау
- құрғақ престеу, штамптау
Вопрос 7
Қыш бұйымдары өндірісіндегі бұйымдарды кептірудің мақсаты
Варианты ответов
- күйдіру уақытын қысқарту
- кеуектілікті азайту
- беріктікті арттыру
- бірігуін жеделдету
- деформациялар мен сызаттарды болғызбау
Вопрос 8
Саз кірпішін күйдіру температурасы
Варианты ответов
- Т=200-350 оС
- Т=250-100 оС
- Т=1500-2000 оС
- Т=900-1000 оС
- Т= 2500-3000 оС
Вопрос 9
Тиімді қабырғалық қыш материалдарының жылуөткізгіштігі
Варианты ответов
- 0,465…0,175 Вт/м0С
- 1,25…1,4 Вт/ м0С
- 0,25…0,13 г/м сағ Па
- 2,35..4,12 г/м сағ Па
- 0,3…0,1 Дж/с
Вопрос 10
Майолика деп аталатын материалдар
Варианты ответов
- бояу қосу арқылы күйдіргенде қызармайтын саздардан алынады
- түсті қыш бұйымдар
- ақ саздардан түсті глазурь қолдану арқылы алынады
- қыш бұйымдар – дизайн элементтері
- артынша глазурленетін қызарып күйдірілетін саздар
Вопрос 11
Терракота деп аталады
Варианты ответов
- иілмелі саздардан алынатын ірі өңдеулік тақтайшалар мен сәулет бөлшектері
- қызарып күйдірілетін саздардан алынатын өңдеулік тақтайшалар
- күйдіргенде қызармайтын саздардан алынатын өңдеулік тақтайшалар және элементтер
- фаянстан алынатын ірі өңдеулік тақтайшалар мен сәулет бөлшектері
- күйдірілмей алынатын өңдеулік тақтайшалар
Вопрос 12
Қыш бетін глазурлеудің мақсаты
Варианты ответов
- беріктігін арттыру
- су өткізбегіштігін, әсемдігін арттыру
- бұйымдарды бояу
- жалтырату
- суға төзімділігін арттыру
Вопрос 13
Иілімді саздарға күйдіру кезіндегі ширауын азайту және деформациялар мен сызаттарды болғызбау үшін қосады
Варианты ответов
- балқығыш қоспалар
- кеуектендіретін қоспалар
- майсыздандыратын қоспалар
- пластификациялайтын қоспалар
- арнайы қоспалар
Вопрос 14
Қыш бұйымдарының технологиясы келесі әрекеттерден тұрады
Варианты ответов
- шикізаттық материалдарды табу, қоспа дайындау, бұйымдарды қалыптау, оларды кептіру және күйдіру
- шикізаттық материалдарды табу, қоспа дайындау, бұйымдарды қалыптау, буландыру
- шикізаттық материалдарды табу, қоспа дайындау, бұйымдарды қалыптау, оларды кептіру
- шикізаттық материалдарды табу, қоспа дайындау, бұйымдарды қалыптау, күйдіру
- шикізаттық материалдарды табу, қоспа дайындау, бұйымдарды қалыптау, глазурлеу
Получите комплекты видеоуроков + онлайн версии
Пройти тест
Сохранить у себя:
Тесты по технологии Прочее
0
958
Нравится
0