Меню
Тесты
Тесты  /  Родной язык и литература  /  8 класс  /  «Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

«Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Avatar
16.05.2020. Тест. Родной язык и литература, 8 класс
Внимание! Все тесты в этом разделе разработаны пользователями сайта для собственного использования. Администрация сайта не проверяет возможные ошибки, которые могут встретиться в тестах.
«Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Список вопросов теста

Вопрос 1

Оқылым

Тапсырма

Мәтінді мұқият оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңіз. [10]

Бүгінде әлемнің көптеген елдерінде туризм саласы дамудың басым бағыттары ретінде экономиканың тірегі, қаржы көзі болып саналады. Сондықтан да отандастарымыз жылдағы демалыстарын Қара теңіз жағалауындағы демалыс орындары мен Ыстықкөлде өткізіп, таза ауада тынығып, мөлдір суына шомылып, демалыс дәмін татқысы келеді. Қарап отырсақ, туризмді дамытуға, оның игілігін көруге елімізде мүмкіндік бар.

Қазақстанның Туризм және спорт агенттігі бүкіләлемдік туризм ұйымымен бірлесіп, сыртқы және ішкі туризмді дамытудың тиімді бағыттарын айқындап, соның бірі ретінде экологиялық туризмді атап көрсеткен. Экологиялық туризмге қатысты елдегі мүмкіндігі жоғары аймақтар ретінде Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстары белгіленді.

Елімізде бұл сала экономикамыздың әжептеуiр пайда әкелетiн тармағына айналып келедi. Алайда көптеген сарапшылар Қазақстанның өз мүмкіндігін толық пайдаға асыра алмай отырғандығын сенімді түрде айтады. Өйткені туризмнің дамуы бірінші кезекте саяхаттауға барлық жағдайдың жасалуына байланысты. Сол себепті сыртқы елдерге шығатын туристер саны әлі де басым болып отыр.

Соңғы кездері Қазақстан саяхатына шетелдік қонақтар қызығушылық танытуда. Себебі әлемдегі дәстүрлі саяхат орындары бүгінде өзінің маңыздылығын жоя бастады деп түсіндіреді. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанның әлемдік туризм нарығының биігіне көтерілуіне мүмкіндігі бар деп есептеледі.

 

Мәтін не туралы? 

Варианты ответов
  • Еліміздегі туризмнің аса жетілгендігі туралы
  • Отандық саяхатты өркендету жолдары туралы
  • Тек ішкі туризмнің өзгеше ұтымдылығы туралы
  • Шетел саяхатының аса дамығандығы туралы
Вопрос 2

Шетелде демалатын туристердің көптігі жайлы мәтіннің қай бөлігінде айтылған?

Варианты ответов
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
Вопрос 3

Жазылым

1Сөйлемдерді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдеріңізді берілген сөздермен бастаңыз.

 

Қазақстанның Туризм және спорт агенттігі бүкіләлемдік туризм ұйымымен бірлесіп, сыртқы және ішкі туризмді дамытудың тиімді бағыттарын айқындап, соның бірі ретінде экологиялық туризмді атап көрсеткен. Экологиялық туризмге қатысты елдегі мүмкіндігі жоғары аймақтар ретінде Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстары белгіленді.

Вопрос 4

2Бүгінде әлемнің көптеген елдерінде туризм саласы дамудың басым бағыттары ретінде экономиканың тірегі, қаржы көзі болып саналады.

 

Туризм саласы дамудың __________________________________________________________

Пройти тест
Сохранить у себя:

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт