Әдебиеттік оқу пәнінен 2 - сыныпқа арналған ТЖБ
Список вопросов теста
Вопрос 1
Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.
Бұлбұлдан ұят болар
Жексенбі күні Марал мен Айжан орманға барды. Орманды тамашалап, біраз серуендеді. Олар демалуға отырды. Дорбаларынан нан, май, жұмыртқа шығарып, тамақтана бастады.
Кенет жақын маңнан бұлбұл сайрады. Қыздар бұлбұлдың әнін қызыға тыңдады. Кетер кезде Марал тамақ қалдықтарын бұтаның астына тастай салды. Айжан нанның қоқымы мен жұмыртқаның қабығын қағазға орап, дорбасына салды.
– Сен қоқысты неге дорбаңа салдың? Тастай сал, ешкім көрмейді ғой, – деді Марал.
– Бұлбұлдан ұят болар, – деді Айжан.
1) Мәтінге сүйеніп, берілген сөйлемдердің ретін анықта және нөмірле (1,2,3, 4)
1.
Жақын маңнан бұлбұл сайрады.
2.
Марал мен Айжан орманға келді.
3.
Қыздар бұлбұлдың әнін қызыға тыңдады
4.
Олар әкелген тамақтарын жей бастады.
Варианты ответов
- Олар әкелген тамақтарын жей бастады.
- Марал мен Айжан орманға келді.
- Жақын маңнан бұлбұл сайрады.
- Қыздар бұлбұлдың әнін қызыға тыңдады.
Вопрос 2
Маралдың іс-әрекетіне қалай қарайсың? Неліктен?
Вопрос 3
Мәтінге сай келмейтін сөйлемдерді алып тастап, мәтінді қайта құрастырып жаз.
Атпен көрші ауылға бара жатқанмын. Кенет атым үрікті. Ат – ер қанаты. Ат үріккен жаққа қарадым. Бір үйрек тұзаққа түсіп қалыпты. Үйректі қолда өсіру тиімді. Үйректі босатып жібердім. Атам іннің аузына тұзақ құрды. Тұзақтан босаған үйрек ұясынан ұзамай, суда жүзіп жүрді.


