7 сыныпқа қазақ тілінен БЖБ
Список вопросов теста
Вопрос 1
1-тапсырма.Ұлы Отан согысы ардагерлеріне алғыс айтып хат жаз.Хаттың құрылымын, желісін сақтаңыз .Хатта мақал мәтел мен тұрақты тіркестерді пайдалан.
Вопрос 2
2-тапсырма.Мәтінді оқы.Мәтін бойынша бес сұрақ қойып жаз.Мәтіндегі тұрақты тіркестерді тауып, оларды қатыстырып, сөйлемдер құрап жаз.
Мәтін.
Жалған солдат болуға біздің құқымыз жоқ. Біз ерліктің екі бірдей мектебінен тәлім алдық.Біз шығыстың Қобыланды, Тарғын сияқты батырларынан ерлікті бір үйренсек,бауырлас орыс халқының қолбасшылары Суворов, Кутузовтардан екі үйрендік.
Таң бозарып келеді. Артиллерия тағы да өзінің әнін бастады.Біздің кейінгі жағымыздағы орманнан атылған совет артиллериясының снаряды үстімізден зыңылдап ұшып,жау бекіністерінің ортасына түсіп жарылып жатыр. «Фрицтерге онша оңай тиіп жатпаған болар», дейді көршім, Алматының бағбаны, жауынгер Шәріп жымындап.
Әрине, немістің басына күн туса,минометті ала жүгіретін әдеті…Міне, мина ұшып келеді.Оның дауысы бізге мәлім….Бірінен соң бірі он шақты мина жарылғанда, тулаққа салып жүн сабап жатқандай болып естіледі. Тіс қақаан, күзем тойда болған қазақ жігіттері «Фрицтер күземге кірісті» деп күлісіп тұрады. Жау оғының астында қасқайып күлісіп тұрған шығыс адамдарын жаным сондай сүйеді.Асылы, біздің халық намысқой, «өлімнен ұят кұшті» дейтін халық қой. Ел намысы үшін білген, ер өлімі бізде қадірлі,сондықтан біз өлімнен намыс күшті дегенді жау оғының астында да қайталап айтамыз. (Баубек Бұлқышев.Батыс Майдан, 1942 жыл)


