4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау
Список вопросов теста
Вопрос 1
Тірі ағзалардың әрекетіндегі митоз бен мейоздың биологиялық маңызы мысалдарының дұрыс қатарын анықтаңыз
Вегетативті көбею,жынысты көбею, гаплоидты хромосомалар,диплоидты хромосомалар
Варианты ответов
- А)митоз,мейоз,мейоз,митоз
- В)митоз,мейоз,митоз,мейоз
- С)митоз,митоз.мейоз,мейоз
- Д)мейоз,митоз,митоз,мейоз
Вопрос 2
Кестеде берілген ағзалар мен олардың көбею әдістерін сәйкестендіңіз
1. Гидра А. Фрагментация
2.Жауынқұрт В. Екіге бөліну
3.кәдімгі амеба С.жынысты бөліну
4.Үй қояндары Д. Бүршіктену
Варианты ответов
- А) 1-А, 2-В,3-С,4-Д
- В)1-В,2-А,3-Д,4-С
- С)1-Д,2-А,3-В,4-С
- Д)1-Д,2-В,3-А,4-С
Вопрос 3
Сызбада ашық тұқымды өсімдіктердің тіршілік циклі бейнеленген.
1) Аталық бүр------Тозаң------Спермий-------А_______
2) Аналық бүр-----Тұқым бастама------Ұрықтану-----Зигота------В__________
Сызбада А және В әріптерімен көрсетілген бос орынды толықтыр
Вопрос 4
Қазіргі кезде жабайы алма ағашын сұрыптау арқылы алманың бірнеше іріктемелері алынған.Сұрыптау жүргізудің бірнеше мақсаттарын ұсыныңыз.
Вопрос 5
Тірі ағзалардың өзара әрекеттесуі және қоршаған ортаның абиотикалық элементтері-экожүйені құрайды. Су және құрлық экожүйелерінің абиотикалық факторларындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын сипаттаңыз.
Вопрос 6
Популяция терминіне анықтама беріңіз.
Вопрос 7
Арыстандарды тірі қалуға бейімділігі бойынша К-стратегиясына жатқызуға болады. Арыстанның стратегиясының артықшылығы мен кемшілігін түсіндіріңіз.
Вопрос 8
Айрықша қорғауды қажет ететін, мысалы қар барысы мен ақбөкен түрлерін сақтаудың маңыздылығына екі дәлел келтіріңіз.
Вопрос 9
Норвегиядағы Шпицберген аралында Дүниежүзілік тұқым қорыны ұйымдастырылған. Осындай масштабты жобаны ұйымдастырудың себебі неде?
Вопрос 10
Үлкен қалалар мен өнеркәсіп орталықтарында ауа ластануының алдын алу шарасын ұсыныңыз.


