Меню
Разработки
Разработки  /  География  /  Уроки  /  7 класс  /  Жер бетіндегі атмосфералық қысым, басым желдер және ауа массалары.

Жер бетіндегі атмосфералық қысым, басым желдер және ауа массалары.

Атмосфералы? ?ысым белдеулері жер бетінде к?н с?улесіні? ?ркелкі т?суі мен жерді? ?з білігінен айналуы ?серінен болатын ауыт?у к?шіне байланысты ?алыптасады.

Жер бетіне т?мен ?ысым басым болып келетін ?ш белдеу ж?не жо?ары ?ысым басым болып келетін т?рт белдеу бар. Ауа а?ысы к?лдене? ба?ытта ?ана емес, тік ба?ыта да ?оз?алады. Экватор ма?ында к?шті ?ыз?ан ауа к?лемі ?л?айып, салма?ы же?ілдей беретіндіктен жо?ары к?теріледі, я?ни ауаны? т?ра?ты ?рлеген ?оз?алысы пайда болады. Соны? н?тижесінде экватор ма?ында?ы жер бетіне т?мен ?сым белдеуі ?алыптасады.полюстер ма?ында суынып, салма?ы ауырла?ан ауа т?мен ба?ытталады, я?ни т?мендеген ауа ?оз?алысы пайда болады. Осы?ан байланысты полюстер ма?ында?ы жер бетінде жо?ары ?ысым белдеуі ?алыптасады.

31.01.2017

Содержимое разработки


Сабақ жоспары

Күні: _____________ Пәні: География Сыныбы: 7 Сабақ реті: 7

Сабақтың тақырыбы: §7. Жер бетіндегі атмосфералық қысым, басым желдер және

ауа массалары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға атмосфераның Жердегі тіршілік үшін маңызын түсіндіру. Климаттық жағдайлардың географиялық ендік пен Күн сәулесінің түсу мөлшеріне тәуелділігін, жер бетінде ауа температурасы мен қысымның таралуы арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды климаттық карталар мен географиялық білімге сүйене отырып негіздеу

Дамыту: Проблемалық жағдай туғыза отырып, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Климаттық картаны қолдана білуге, ол арқылы белгілі бір жердің климаттық жағдайын сипаттай білуге үйрету. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру. Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру. Саяхатшылардың батыл да табандылығы мысалында оқушыларды Отансүйгіштікке, батылдық пен табандылыққа тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, проблемалық әдіс.

Сабақтың көрнекілігі: Дүние жүзінің физикалық картасы, атлас карта, оқулық, глобус, жер құрылысының плакаты


Сабақтың өтілу барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

3. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі

4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

5. Сабақты қорытындылау кезеңі

6. Бағалау кезеңі

7. Үйге тапсырма беру кезеңі


І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу

Оқушыларды түгендеу

Сынып тазалығы

Оқушылардың назарын сабаққа аудару


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Үйге берілген тапсырманы оқушылардан сұрау, кескін картаны тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ:

Атмосфералық қысым белдеулері жер бетінде күн сәулесінің әркелкі түсуі мен жердің өз білігінен айналуы әсерінен болатын ауытқу күшіне байланысты қалыптасады.

Жер бетіне төмен қысым басым болып келетін үш белдеу және жоғары қысым басым болып келетін төрт белдеу бар. Ауа ағысы көлденең бағытта ғана емес, тік бағыта да қозғалады. Экватор маңында күшті қызған ауа көлемі ұлғайып, салмағы жеңілдей беретіндіктен жоғары көтеріледі, яғни ауаның тұрақты өрлеген қозғалысы пайда болады. Соның нәтижесінде экватор маңындағы жер бетіне төмен қсым белдеуі қалыптасады.полюстер маңында суынып, салмағы ауырлаған ауа төмен бағытталады, яғни төмендеген ауа қозғалысы пайда болады. Осыған байланысты полюстер маңындағы жер бетінде жоғары қысым белдеуі қалыптасады. Тропосфераның жоғарғы бөлігінде ауа қозғалысының қысымы керісінше сиптта болады. өрлеген ауа қозғалысы басым болатын экватор үстінде қысым жоғарылап, ал полюстер үстінде төмен қысым басым орнайды.

Ауаның әрқашан жоғарғы қысымды аймақтардан төменгі қысымды аймақтарға қарай қозғалады. Осы себепті экватор маңындағы жоғарғы көтерілген ауа өрлеген қозғалыс нәтижесінде төмен түсе алмай, торпосфераның жоғарғы қабаты арқылы тропиктерге қарай жылжиды. Бірақ қозғалыстағы ауа жердің өз білігінен айналуына байланысты шығысқа қарай ауытқиды да, полюстерге жете алмайды. Біртіндеп суынып, ауырлаған бұл ауа 300 с.е. (солтүстік ендік) пен 300 о.е. (оңтүстік ендік) маңында төмен бағытталады. Осы себепті екі жарты шарда да тропиктік ендіктерде жоғарғы қысым белдеулері қалыптасады. Полюстердегі сияқты мұнда да ауа ағындарының төмендеген қозғалыстары басым болады. Жер бетінде жоғарғы қысымды белдеулерден төменгі қысымды белдеулерге қарай ауа ағындары бағытталады, олар тұрақты желдерді қалыптастырады.

Сонымен, жер бетінде өрлеген ауа ағымы басым аймақтарда жоғарғы қысым белдеулері қалыптасады.

Ауа массалары. Күнделікті өмірде ауа райының кенеттен өзгеруін жиі байқауға болады. Жазда аптап ыстық тез арада жаңбырлы, салқын ауа райына, ал қыста күшті аяздар кенеттен жылымыққа алмасуы мүмкін. Ауа райының мұндай өзгерістері қасиеттері әр түрлі болатын ауаның қысым айырмашылығы әсерінен жиі орын ауыстырумен түсіндіріледі.

Белгілі бір жерде ұзақ тұрақтаған ауа сол жерге тән өзіндік қасиеттерге (температурасы, ылғалдығы, мөлдірлігі) ие болады. Осындай біртекті қасиеттері бар, үлкен көлемдегі ауа массалары деп те аталады. Қалыптасқан орнына байланысты ауаның түр-түрі ажыратылады: экваторлық ауа массасы немесе экваторлық ауа, тропиктік қоңыржай, арктикалық және антартикалық ауа массалары. Олар өздері қалыптасатын белдеулерге тән қасиеттерге ие болады. Мысалы, экваторлық ауа массасы жыл бойы температурасы жоғары, ылғал мол болуымен ерекшеленеді. Экваторлық ауа массаларынан басқа ауа массалары мұхиттық және континенттік болып жіктеледі. Мұхиттық ауа массалары континенттік ауа массаларымен салыстырғанда жазда салқын қыста жылырақ болып келеді және жыл бойы ылғалды болады. Ал континенттік ауа массалары ылғалы аз, шаң-тозаңды, жазда ыстық болумен ерекшеленеді. Қыста қоңыржай ендіктердегі континенттік ауа массалары қатты салқындайды.

Күн мен түн теңесетін кезеңдегі ауа массаларының қалыптасу аймақтары көрсетілген.

Күннің дәл төбеде тұратын жағдайы жердің пішіні мен енгіштігіне байланысты өзгеретіндіктен атмосфералық қысым белдеулері мен ауа массалары жыл мезгілдерінде солтүстікке , бірде оңтүстікке қарай жылжиды. Мысалы, 21 маусымда күн солтүстік тропикте дәл төбеде тұратындықтан, солтүстік жарты шарда жаз басталса, ал 22 желтоқсанда күн оңтүстік торпикте дәл төбеде тұратындықтан, оңтүстік жарты шарда жаз болады. Осының әсерінен ауа массалары күнмен ілесіп, орын ауыстырып отырады. Климаттық белдеулердің қалыптасуы ауа массаларының қозғалыстарын да байланысты.

Ауа массалары қозғалу барысында ұзақ уақыт бойы бастапқы қасиеттерін сақтайды. Сондықтан өздері әсер ететін жердің ауа райының сипатын анықтайды.

Ауа массаларының горизонталь бағытта орын алмастыруы жел деп атаймыз. тұрақты, яғни әрқашан бір бағытта соғатын желдер жоғары және төмен қысым белдеулерінің орналасуына байланысты пайда болады.

Экватор маңында төмен қысым белдеуі, ал отызыншы ендіктерде жоғары қысым белдеулері орналасқандықтан, Жер бетінде желдер экваторға қарай тұрақты соғады. Бұл желдер пассаттар деп аталады. Жердің өз білігінен айналасуы салдарынан пассаттар бағытынан ауытқиды: солтүстік жарты шар пассаттары солтүстік-шығыстан оңтүстік батысқа қарай, ал оңтүстік жарты шар пассаттары оңтүстік-шығыстан солтүстік батысқа қарай соғады.

Тұрақты желдер тропиктердегі жоғары қысым белдеулерінен қоңыржай ендіктердегі төмен қысым белдеулерінен (650 с.е. пен 650 о.е.) қарай да соғады. Жердің өз білігінен айналуы әсерінен бұл желдер солтүстік жарты шарда – оңға , ал оңтүстік жарты шарда – солға қарай ауытқып, батыс желдерін, яғни батыстан шығысқа бағытталған тұрақты ауа ағынын қалыптастырады.

Жыл мезгілдеріне сәйкес, ауа массалары бірде солтүстікке, бірде оңтүстікке орын алмастырады. Бұл тұрақты желдердің әсер етуі аймақтарының да ығысуына себепші болады. Ауа массаларының үнемі қозғалыста болуы Жер бетінде жылу мен ылғалдың таралуын және ауаның құрамын реттеп отырады. Егер ауа массалары қозғалысқа түспесе, экватор аптап ыстық, ал полюстер маңында анағұрлым суық болар еді.

Климаттық жағдайлардың қалыптасуын географиялық ендік пен Күннің көкжиектен биіктігі ғана емес, сонымен қатар ауа массаларынынң қозғалыстары да анықтайды.


ІV. Жаңа сабақты бекіту:

- Ауа массалары деген не?

- Ауа массалары неше түрге ажыратылады?

- Мұхиттық және континеттік ауа массалары болып бөлінетін ауа массалары?

- Мұхиттық ауа массалары?

- Континеттік ауа массалары?

- Атмосфералық қысым деген не?

- Жел дегеніміз не?

- Пассаттар қалай қалыптасады?

- Пассаттардың соғу бағыты?


V. Қорытындылау: Бүгінгі сабақта, атмосфералық қысым, ауа массалары, желдер, олардың өзіндік ерекшеліктері жайлы таныстық, үйрендік, білдік.


VI. Оқушы білімін бағалау: Оқушылардың жауап беру деңгейлері бойынша

VII. Үй тапсырмасы: 1. §7 оқып, мазмұндау.

2. Кескін картаға басым желдерді түсіру.





































Ауа массалары



ЖЕЛДЕР





-75%
Курсы повышения квалификации

Современные педагогические технологии в образовательном процессе

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Жер бетіндегі атмосфералық қысым, басым желдер және ауа массалары. (564.46 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт