Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Уроки  /  Дошкольникам  /  «Жапсыру» технологиялық карталар жинағы

«Жапсыру» технологиялық карталар жинағы

Балалар?а дидактикалы? ойындар туралы т?сінік беру. Ойын ережелерімен таныстыру.

03.02.2017

Содержимое разработки

Ұйымдастырылған оқу-әрекеттерінің технологиялық картасы




Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Аппликация

Тақырыбы: "Алаңқайдағы саңырауқұлақтар"

Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру; саңырауқұлақ туралы білімдерін нақтылау; түстерді ажырата білуді үйрету; тапсырманы шығармашылықпен орындауға тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: серуенге шыққанда саңырауқұлақтар туралы әңгімелеу.

Қажетті құралдар-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш, қуыршақ Қарақат, себет.

Билингвальді компонент: саңырауқұлақтар-грибы, күз-осень.


іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті





Мотивациялық - қозғалыс

Ғажайып сәт.

Топқа қолында себеті бар қуыршақ

Қарақат кіріп келеді

Әдеп сақтап әманда,

Әрбір адал адамға.

Жасайық бір жақсылық,

Ынтымаққа қосыл да.

Ар-мақсатың нақ болсын,

Ақылыңнан тосылма.



Балалар Қарақат қуыршақты құшақтап, амандасады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Балалар, мені таныдыңдар ма?


-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Ия, дұрыс айтасыңдар, қазір күз мезгілі


Менің себетімде саңырауқұлақтар бар.

Бірақ бұл саңырауқұлартар маған аздықетіп тұр, енді орманға себетімді саңырауқұлақтармен толтыру үшін кетіп бара жатырмын

-Балалар, сендер менімен бірге орманға саяхатқа барасыңдар ма?

Балалар Қарақат қуыршақпен бірге алдын ала безендірілген топта әуен ырғағымен жүреді.

-Балалар, біз орманға келдік.

Саңырауқұлақтарды іздемес бұрын суретке қарап, онымен танысып алайық.

-Балалар, суретке назар аударыңдаршы, саңырауқұлақ неше бөліктен тұрады екен?

Сөздік жұмыс: алаңқай.

-Балалар, ормандағы саңырауқұлақтармен себетімді толтырдым, ал Ақтөс атты итіміздің көңіл-күйі жоқ. Оған да алаңқайдағы саңырстырамыз.

ауқұлақтар керек сияқты.

Ақтөстің көңілін көтеру үшін үлкен және кішкентай саңырауқұлақтар жасап берейік. Келісесіңдер ме?

-Балалар, саңырауқұлақтың екі түрі болады: бірі жеуге жарамды, екіншісі жеуге жарамсыз- улы болып келеді.

Саңырауқұлақтың қалпағы мен сабағы болады.


Билингвальді компонент: саңырауқұлақ-грибы, күз-осень.



Сергіту сәті:

Орманда кірпі келеді,

Саңырауқұлақ тереді.

Кезесті, міне керегі,

Екеуін қайың астынан.

Біреуін терек қасынан,

Қанша олар болмақ есепте.

Тоқылған салса себетке?

Фонда күннің, бұлттың, көгалдағы титтің суреті беріледі. Балалар көгалға саңырауқұлақтарды орналастыруы қажет. Қатырғықағаздағы кішкентай саңырауқұлақты Ақтөстің сол жағына, үлкен саңырауқұлақты Ақтөстің оң жағына орналастырамыз.

Педагог балалармен жеке жұмыс өткізеді.

-Ия таныдық.

Сен-Қарақат қуыршақсың.

-Күз мезгілі.


Балалар қуыршақтың әңгімесін мұқият тыңдайды.



-Ия барамыз.



Балалар саппен қуыршақтың соңынан жүріп "орманға" барады.

-Екі бөліктен тұрады.


Қайталайды: алаңқай



Балалар суретке қарап, Ақтөске көмектесуге дайын екендіктерін білдіреді.

Балалар қуана келіседі.






Балалар қайталайды: саңырауқұлақтар-грибы, күз-осень


Балалар сергіту сәтін тәрбиешімен бірге қайталап айтады, қимыл-қозғалыстар жасайды.


Балалар тәрбиешіні

мұқият тыңдайды.

Балалар қатырғы- қағаздан саңырауқұлақтарды алып көгалға жапсырады. Балалар өздігінен жұмыс атқарады





Рефлексиялық-түзетушілік

Қортынды:

-Балалар, бүгін қайда бардық?


-Орманнан не жинадық?

- Саңырауқұлақ неше бөліктен тұрады екен?


-Кімдерге көмектестік?

Ақтөстің қазіргі көңіл-күйі қандай?


-Қарақат қуыршақпен орманға бардық.

-Саңырауқұлақтарды жинадық.

- Екі бөліктен тұрады.

- Қарақат пен Ақтөске көмектестік.

Балалар өз ойларымен бөліседі.


Күтілетін нәтижелер:

Ұғады: саңырауқұлақты реттілік бойынша кеңістікке орналастыруды;

Түсінеді: саңырауқұлақтың жауыннан кейін өсетінін; күз мезгілінде болатын құбылыстарды;

Қолданады: желімді дұрыс қолдана отырып, орындалу ретін сақтап, бұйымды ұқыпты жапсыра білуді.


Ұйымдастырылған оқу-әрекеттерінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Шығармашылық, таным

Бөлімі: Аппликация

Тақырыбы: "Кесені әшекейлейміз"

Мақсаты: сәндік өнер туралы білімдерін нақтылау; ыдысты әшекейлей білуді үйрету; ою-өрнектерді ажырата білуді үйрету; мәнерлілік элементтеріне тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: қазақтың ұлттық ою-өрнектері бейнеленген сурет бойынша әңгімелеп беру. Өрнек түрлерімен таныстыру.

Қажетті құралдар-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш, қуыршақ Динара.

Билингвальді компонент: қызғалдақ-тюльпан, кесе-пиала.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті




Мотивациялық - қозғалыс

Жылулық шеңбері.

Біз әдепті баламыз,

Біз ерекше боламыз.

Үйге қонақ келгенде:

"Сәлеметсіз бе!". деп,

Амандасып аламыз.

Балалар шеңберге тұрып тәрбиешініің іс-әрекетін қайталайды.












Ұйымдастыру-іздест3ру

-Балалар, біреу есік қаққан сияқты, ашамыз ба? Балалар, бұл біздің Динара апайымыз ғой.

Динара апай:

-Балалар, менің үйдегі қуыршақтарымның кеселері бар, бірақ онша әдемі емес.

Сол кеселерді безендіруге көмектесесіңдер ме?

Сөздік жұмыс: кесе, қызғалдақ.

-Енді, балалар, мына суретке қараңдаршы, не көріп тұрсыңдар?

-Қандай оюмен безендірілген?

-Балалар, қызғалдақ-гүлдің түрі ғана емес, төресі. Қызғалдақ -жан сүйсінтер сұлулықтың, көз сүйсінер сүйіспеншіліктің белгісі. Қызғалдақ-бірлік пен ынтымақтың, достықтың нышаны. Ендеше, қуыршақтың кеселерін қызғалдақ гүлімен әшекейлейік.

Билингвальді компонент: қызғалдақ-тюльпан, кесе-пиала.


- Балалар, қызғалдақтың түсі қандай болады, ал жапырағының түсі қандай?

Жұмысымызды бастайық: алдымен кесенің төменгі жағына қызғалдақтың жапырағын жапсырамыз, сол жапырақтың жоғарғы бөлігіне қызғалдақты жапсырамыз. Осылайша қызғалдақ пен оның жапырағын рет-ретімен қойып жапсырамыз. Кесеміз өте әдемі болды.


Сергіту сәті:

Салақ болсаң жасыңнан,

Шыбын кетпес қасыңнан.

Таза болсаң жасыңнан,

Сабын қалмас қасыңнан.

Жалқау болсаң жасыңнан,

Ұйқы қалмас қасыңнан.

Еңбек сүйсең, табылар

Бар жақсылық басыңнан.

Динара апай балалармен жеке жұмыс өткізеді. Балалардың жасаған жұмыстарын талдайды.

Динара апай: "Балалар сендерге үлкен рақмет. Енді қуыршақтарым қуанатын болды. Сендер өнерлі екенсіңдер",-деп балалармен қоштасады.





Балалар есік жаққа қарайды.



-Көмектесеміз.

Қайталайды: кесе, қызғалдақ

-Кесені.

-Қызғалдақ гүліне ұқсайды.

Тәрбиешінің айтқаның мұқият тыңдайды.






Қайталайды: қызғалдақ-тюльпан, кесе-пиала.

-Қызғалдақтар қызыл сары, ақ, түсті болады. Жапырағы жасыл түсті.

Балалар педагогтің айтқанын мұқият тыңдап, оның көрсеткені бойынша алдарындағы кесені қызғалдақ оюымен безендіреді.



Балалар сергіту сәтін тәрбиешімен бірге қайталап айтады, қимылмен көрсетеді.






Жұмысты жалғастырады.


Балалар Динара апаймен қоштасады.



Рефлексиялық-түзетушілік

Қортынды:

- Балалар, біз бүгінгі оқу іс-әрекетінде не істедік? Қандай әсер алдыңдар? Қызғалдақтың түсі қандай болады екен? Кесені әдемі, безендіргендерің үшін мен сендерге жұлдызша дайындадым.

-Кесені қызғалдақ гүлдерімен безендірдік. Қызғалдақтың түсі қызыл болады екен. Өте қызық болды. Балалар жұлдызша алғандарына қуанады.


Күтілетін нәтижелер:


Ұғады: кеңестікте бағдарлай отырып, қызғалдақтарды рет-ретімен жапсыруды;


Түсінеді: жұмысты ұқыпты, реттілікпен жасауды;


Қолданады: жапсыру іс-әрекетінде көркемдік талғамды.

















Ұйымдастырылған оқу-әрекеттерінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Аппликация

Тақырыбы: "Шырша шамдарын жағамыз"

Мақсаты: Жаңа Жыл мерекесі және қыс мезгілі туралы білімдерін дамыту; мереке ерекшелігін сезіне білуді үйрету; шыршаны безендіре білуді үйрету; тапсырманы ұқыптылықпен орындауға тәрбиелеу.

Қажетті құралдар-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш.

Сөздік жұмыс: шырша, шам.

Билингвальді компонент: Жаңа Жыл-Новый год, шырша-ёлка.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті





Мотивациялық - қозғалыс

Жылулық шеңбері.

Қол алысып, кәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!


Балалар шеңберге тұрып, тәрбиешінің іс-әрекетін қайталайды.












Ұйымдастыру-іздестіру

-Балалар, қазір бізде жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінде болатын қандай мерекелерді білесіңдер?


Сөздік жұмыс: шырша, шам.


-Жаңа Жылда не істейміз?




-Шыршаның түсі қандай болады?


-Жаңа Жылда сыйлық алғыларың келе ме?


-Олай болса, шыршамызды безендірейік. Шыршаны немен безендірсек болады? Әрине, түрлі түсті дөңгелектермен. Фонға шырша берілген, сол шыршаны түрлі түсті дөңгелектермен безендіреміз. Шыршаны безендіруді төменгі жағынан бастаймыз.

Төменгі жағына 3 түсті: қызыл, сары, көкдөңгелекті жапсырамыз. Оның жоғарғы жағына: қызыл, сары; оның жоғарғы жағына: қызыл, көк түсті шарларды жапсырамыз. Жоғары жағына:

Сары, көк дөңгелекті жапсырамыз. Шыршамыз әдемі болған сияқты,бірақ бір нәрсе жетіспейді.

- Балалар, шыршамызды безендірдік алайда не жетіспей тұр?

-Дұрыс айтасындар,жұлдызша.

-Жұлдызымыздың түсі қандай?

- Ол неше бұрышты?

- Жұлдызшыны шыршаның ең жоғарғы жағына жапсырамыз. Міне, Жаңажылдық шыршамыз дайын болды.

Билингвальді компонент: Жаңа Жыл- Новый год, шырша-ёлка.

Сергіту сәті:

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп толамыз.

Көкке қарап, талпынып,

Күнге қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз,

Қарлығаштай қалықтап.

Бір отырып, бір тұрып,

Бір тынығып аламыз.


Балалармен жеке жұмыс өткізеді

-Қыс мезгілі.


-Жаңа Жыл мерекесін білеміз.


Қайталайды: шырша, шам.

- Шыршаны безендіреміз. Бір-бірімізге сыйлық сыйлаймыз.

- Шыршаның түсі жасыл болады.

- Ия, сыйлық алғымыз келеді.

- Түрлі түсті дөңгелектермен.





Балалар тәрбиешінің іс-әрекетін бақылап, айтқанын мұқият тыңдайды.






- Жұлдызша.


- Қызыл.

-Бесбұрышты.


Балалар қуанады.







Қайталайды: Жаңа Жыл-Новый год, шырша-ёлка.

Балалар сергіту сәтін қайталайды, қимыл-қозғалыстар жасайды.



Жаңажылдық шыршаны безендіреді. Балалар тақтадағы жұмыстарын тәрбиешімен бірге талдайды.



Рефлексиялық-түзетушілік

Қортынды:

- Балалар, бүгін біз нені безендіруді үйрендік?

- Шыршаны безендіру сендерге ұнады ма?

- Шыршаны біз немен безендірдік?

Жарайсыңдар, балалар!



-Шыршаны.

- Ия ұнайды.

-Түрлі түсті дөңгелектермен.


Күтілетін нәтижелер:

Ұғады: шыршаны эстетикалық талғаммен безендіруді;


Түсінеді: Жаңа Жыл мерекесінің символы шырша екенін;


Қолданады: желімді дұрыс қолдана отырып, орындалу ретін сақтап, бұйымды ұқыпты жапсыра білуді.











Ұйымдастырылған оқу-әрекеттерінің технологиялық картасы

Тобы : екінші кіші «Жұлдыз» Күні : 29.12.2015.

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Бөлімі: Аппликация

Тақырыбы: "Ұзын құлақ ақ қоян"

Мақсаты: Қоян туралы түсініктерді нақтылау; қоянның дене бөліктерін атай білуді үйрету; қоянның дене бөліктерін қағаз бетінде дұрыс орналыстыра білуге, жануарларға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: қоян туралы өлеңдер жаттату, оның дене бөліктерін қарастыру.

Қажетті құралдар-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі мтериалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш, ойыншық қоян.

Билингвальді компонент: қоян-заяц, ұзын-длинный.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті





Мотивациялық - қозғаушылық

Ғажайып сәт.

Шеңберде тұрған балалардың жанына қос аяқтап секіріп қоян келіп былай дейді:

Қайырлы күн, достар!

Сендерді көргеніме өте қуаныштымын.

Армысың, шапағатты Күн - ана!

Армысың, шапағатты Аспан - ана!

Армысың, мейірімді Жер-ана!

Құт дарыт, бар әлемді жарылқа!


Шеңберге тұрып, педагогтің іс-әрекетін орындайды.

Балалар қоянмен амандасады.


Ұйымдастырушылық-ізденушілік

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

- Ал, қыстыгүні менің қайда мекендейтінімді кім айтады?

- Қыстыгүні далада мекен ететін тағы қандай жануарларды білесіңдер?

- Қоянның түсі, құлағы қандай болады?


- Балалар, өздеріңнің қояндарың болғанын қалайсыңдар ма?

- Балалар ұзын құлақ ақ қоянды жапсыруды үйренгілерің келе ме?

Негізгі бетке (фонға) қоянның денесін жапсырамыз. Одан кейін басын және ұзын құлағын жапсырамыз.

- Балалар, қоянның құйрығы қандай екен? Құйрығын жапсырамыз.

- Қоянның аяқтары ұзын ба, әлде қысқа ма?

- Ия, аяқтары қысқа болады. Енді аяқтарын жапсырамыз.

Кәне қостілділік компоненттері: қоян - заяц, ұзын -длинный .


Сергіту сәті:

Көжегім, тұршы,

Бетіңді жуушы.

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы.

Киіміңді киші,

Мектепке қарай жүрші.

Орныңа отыршы,

Жұмыс барысында қиналып отырған балалармен жеке жұмыс жүргізеді. Балалардың жапсырған жұмыстарын тақтаға іліп, қорытындылайды.

- Қыс мезгілі.

- Қыста далада, қардың үстінде жүресің.

- Қасқыр, түлкі

- Құлағы ұзын, түсі ақ, сұр болады.

- Ия, қалаймыз.

- Үйренгіміз келеді.

Балалар мұқият тыңдап, тәрбиешінің айтуы бойынша жапсырады.

- Кішкентай, түсі ақ болады.

- Аяқтары қысқа болады.




Қайталайды



Балалар сергіту сәтін қайталайды қимыл-қозғалыстар жасайды.




Балалар қоянды көрсетілген реттілікпен жапсырады.



Рефлексивті -реттеушілік

Қортынды:

- Балалар, қоян қалай секіреді, бәріміз бірге қоян сияқты секіріп көрейік.

- Немен қоректенеді?

Балаларды марапаттайды.

Балалар бәрі бірге қос аяқтап секіреді.

  • Сәбізбен.

Балалар жұмыстарын аяқтап, бір-бірінің жұмыстарын бағалайды.



Күтілетін нәтижелер:


Ұғынады : қоянның дене мүшелерін,оларды рет-ретімен жапсыруды.


Түсінеді: жыл мезгіліне байланысты қоянның түсінің өзгеретінің .


Қолданады: қыстыгүні далада мекендейтін жануарды жапсыру.






.










Ұйымдастырылған оқу-әрекеттерінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Шығармашылық, таным

Бөлімі: Аппликация

Тақырыбы: "Жемсауыттағы құстар"

Мақсаты: Құстар жайлы білімдерін нақтылау; құстардың ұялары туралы түсініктерін қалыптасыру; түстерді ажырата білуді үйрету; жапсыру реттілігін түсіндіру және жапсыру дағдыларын қалыптасрыу, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: құстардың қоректері мен ұялары туралы әңгімелесу.

Қажетті құралдар-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш, аудиоқұрылғы арқылы құстар үні.

Сөздік жұмыс: жемсауыт.

Билингвальді компонент: құстар-птицы.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялық - қозғалыс

Шаттық шеңбері.

Шаттанып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.

Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.


Шеңберге тұрып, тәрбиешінің іс-әрекетін қайталайды.


Ұйымдастырушылық-ізденістік

Аудиоқұрылғы арқылы құстар үні қойылады.



- Балалар, бұл нелердің дауысы?

- Сендер қандай құстарды білесіңдер?

- Қыстыгүні мекен ететін құстарды білесіңдер ме? Қыста құстар аш қалмас үшін жемсауыттарға жем салып қою керек.

- Балалар, сендер жемсауыттағы құстардың бейнесін жапсырғыларың келе ме?


Сөздік жұмыс: жемсауыт.


Негізгі бетте (фонда) жемсауыт және жем берілген. Осы бетке құстарды жапсырамыз. Алдымен бір құстың денесін жапсырамыз. Сосын қанатын және құйрығын жапсырамыз.

- Қанаты қандай пішіннен жасалған?

- Екінші құсты да дәл осы сияқты жапсырамыз.


Билингвальді компонент: құстар-птицы.


Сергіту сәті:

Торғай, торғай, торғайсың,

Тяу келіп қоңғайсың.

Жем шашайын, тойып ал.

Шашылған нан қоқымын,

Шоқып-шоқып жиғасың.

Сонда аязға тоңбайсың,


Тәрбиеші іс-әрекет барысында қиналған балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Балалардың жапсырған жұмыстарын тақтаға іліп талдайды.

Балалар әуенді тыңдай отырып, құстар әлеміне келгендей сезінеді.

- Құстардың дауысы.

- Қарғаны, торғайды.

- Ия





- Жапсырғымыз келеді.


Қайталайды: жемсауыт


Тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдай отырып, жұмысты орындайды.

- Доғал пішіннен.

Балалар екінші құсты да жапсырады.


Қайталайды: құстар-птицы.




Балалар тапсырманы орындайды, қимыл-қозғалыстар жасайды.



Балалар тақпақты тәрбиеші -мен бірге қайталап айтады.



Рефлексифті

түзетушілік

Қортынды:

- Балалар, құстарға неге жем шашады?

- Құстарды жапсыру сендерге қиын болды ма?

Балаларды марапаттайды.

- Жемсауытқа жем шашады.

-Жоқ, қиын болған жоқ.

Балалар жұмыстарынаяқтап, бір-бірінің жұмыстарын бағалайды. Оқу іс-әрекетінен алған әсерлерімен бөліседі.



Күтілетін нәтижелер:


Ұғады: қыста; жылы жаққа ұшып кетпей қалып қоятын құстарды;


Түсінеді: қыста құстарға қамқорлық керек екенін;


Қолданады: түстерді ажырата білуді.














Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеттерінің технологиялық картасы

Тобы :екінші кіші «Жұлдыз» Күні: 28.01.2016.

Білім беру саласы: Шығармашылық, таным

Бөлімі: Аппликация

Тақырыбы: "Машина"

Мақсаты: көлік түрлері туралы білімдерін нақтылау; машинаның қызметімен және бөлшектерімен таныстыру; жапсыру реттілігін түсіндіру және жапсыру дағдыларын қалыптасрыу; танымдылық қабілеттілікпен орындауға тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: көлік түрлері туралы, оның бөліктері туралы әңгімелеу, сурет бойынша көрсету, әңгіме құрастыру.

Қажетті құралдар-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш, Айдар, Айсұлу есімді қуыршақтар.

Сөздік жұмыс: автокөлік.

Билингвальді компонент: автокөлік-автотранспорт.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті




Мотивациялық – қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

Жұмбақ

Көше бойлап аяңдайды,

Адам тасып аялдайды.

(Автобус)



Балалар тәрбиешінің жасырған жұмбағын шешеді. Автобус.


Ұйымдастыру-іздестіру

- Балалар, біреу есік қағып тұрған сияқты, тыңдандаршы.

Бұл-Айсұлу мен Айдар атты қуыршақтарымыз екен ғой.

Олардың көңіл-күйлері жоқ сияқты, өздерінен сұрап көрейік.

Қуыршақтар:

-Біз күнде әдемі машинамызбен серуенге шығатын едік, енді ол бұзылып қалды, бізге жаңасы керек болып тұр,-дейді.

Педагог:

- Балалар, Айдар мен Айсұлуға біз көмектессек қалай болады, машина жасап берейік.

-Айдар, Айсұлу сендер де бізге қосыласыңдар ма?

-Бүгін біз машина жапсыруды үйренеміз.

-Балалар, машинаның пішіні қандай?

-Ал оның қандай көлік түріне жататынын білесіңдер ме? Мен сендерге машина туралы әңгімелеп берейін. Машина жеңіл көлік түріне жатады. Оның көлемі үлкен болады және пішіні тіктөртбұрыш тәріздес, сонымен қатар терезелері, дөңгелегі және негізгі бөлігі (корпусы)бар. Қазір біз машина бөліктерін геометриялық фигуралардан жапсырамыз.

Сөздік жұмыс: автокөлік.

Ең алдымен корпусын доғал бұрыштан ал терезелерін, дөңгелектерін дөңгелектен жапсырамыз. Сонымен қатар оның шамдары және вамперлері болады.

Педагог аппликация үлгісін көрсетеді.

Билингвальді компонент: автокөлік-автотранспорт.

Сергіту сәті:

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп толамыз.

Көкке қарап, талпынып,

Күнге қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз,

Қарлығаштай қалықтап.

Бір отырып, бір тұрып,

Бір тынығып алайық.

- Балалар, Айдар мен Айсұлудың көңіл күйлерін тезірек көтеру үшін жұмысты бастайық. Тәрбиеші жапсыру жұмысы кезінде қиналған балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Балалардың жапсырған жұмыстарын талдайды, қорытындылайды.

Балалар тыныштала қалады.

Келген қуыршақтармен амандасады, қуанады.

Балалар Айдар мен Айсұлудың айтқандарын мұқият тыңдайды.






- Көмектесуге дайынбыз.







- Төртбұрышты.



Балалар тәрбиешінің

айтқандарын мұқият тыңдайды.







Қайталайды: автокөлік








Қайталайды: автокөлік- автотранспорт



Балалар сергіту сәтін қайталайды қимыл-қозғалыстар жасайды.







Балалар тапсырманы орындайды.


Рефлексивті - реттеушілік

Қортынды:

-Балалар, біз бүгінгі іс-әрекетімізде не істейдік? Сендерге жасаған жұмыстарың қызық болды ма? Енді машиналарымызды Айдар мен Айсұлуға сыйлайық. Қуыршақтар балалармен қоштасады.


- Геометриялық фигуралардан машина көлігін жапсырдық. Ия, өте қызықты болды. Балалар Айдармен, Айсұлумен қоштасады.


Күтілетін нәтижелер:


Ұғынады: геометриялық фигуралардан машина көлігін жапсыруды;

Түсінеді: көлік қызметін, оның ерекшеліктерін;

Қолданады: машина көлігі туралы мағлұматты.


Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы

Тобы екінші кіші «Жұлдыз» Күні : 09.02.2016.

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: «Әдемі бұршақты көйлек"

Мақсаты: кеңістік ұғымдары туралы түсініктерін нақтылау; балалардың көркемдік талғамын қалыптастыру; шығармашылық жұмыста саусақ қызметін дұрыс білуге тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: киім үлгілері туралы әңгіме өткізу.

Қажетті құралдар-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш, Айжан есімді қуыршақ.

Сөздік жұмыс: киім.

Билингвальді компонент: көйлек-платье, бұршақ-горошек.


іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті





Мотивациялық - қозғаушылық

Балаларды шеңбер құрып тұруға шақыру.

-Біздің шеңберіміздің көлемі қандай болды?

-Ол неге ұқсайды?

-Ендеше,біз шар сияқты шеңберімізді үрлеп шеңбер жасайық.Кәне,бәріміз бірдей үрлейік.

Балалар шаттық шеңберін құрады.

-Үлкен.

-Шеңберге.

Балалар үрлейді.













Ұйымдастырушылық-

ізденушілік

- Балалар, бүгін бізге қуыршақ Айжан қонаққа келді. Бірақ Айжанның қөңіл күйі жоқ екен. Себебі, қызыл көйлегіндегі бұршақтары түсіп қалыпты.

- Сендер Айжанға көйлегінің бұршақтарын жапсыруға көмектесесіңдер ме?

- Айжанның көйлегігің түсі қандай екен?

Сөздік жұмыс: киім.

- Бұршақтардың пішіні қандай?

- Бұршағының түсі қандай екен?

- Балалар Айжанның көңілін көтеру үшін көйлегіне бұршақты жапсыруды бастайық.

Дөңгелек бұршақтарды Айжанның қызыл көйлегінің жеңдеріне, кеудесіне және етектеріне жапсырамыз. Айжанның бұршақ көйлегі дайын болды. Айжан да қуанып қалды. Кәнеки қос тілде айтып

көрейікші : көйлек-платье, бұршақ-горошек.

Сергіту сәті:

Тырс-тырс, тырс-тырс!

Жаңбыр көп жауады.

Тамшылар тамады,

Тырс-тырс, тырс-тырс!

Терезені қағады.

Жылғалар ағады,

Тырс-тырс, тырс-тырс!

Жаңартып ауаны,

Жаңбыр көп жауады.

Балалардың жапсырған жұмыстарын тақтаға іліп қояды, қорытындылайды.

Тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап береді.


- Ия, көмектесеміз.


- Көйлегінің түсі қызыл


- Дөңгелек.

- Ақ.


Балалар тәрбиешінің айтқаны бойынша тапсырманы орындайды.








Қайталайды .





Балалар сергіту сәтін қайталап , қимыл-қозғалыстар жасайды.






Балалар өздігінен жұмыс атқарады.




Рефлексивті-

реттеушілік

Қортынды:

- Балалар, бүгін біз не істедік?

- Айжанның көйлегіне не жапсырдық?

- Бұршақтың түсі қандай?

- Айжанның сендерге деген алғысы шексіз. Сендерге үлкен рахмет.

Айжан балалармен қоштасады.


-Айжанның көңілін көтеруге көмектестік.

-Көйлегіне бұршақ жапсырдық.

- Қызыл, ақ

Балалар Айжанмен қоштасады.


Күтілетін нәтижелер:


Ұғады: кеңістікті бағдарлай отырып, бұршақтарды өз орнына жапсыруды.


Түсінеді: досына қиын сәтте көмек беруді.


Қолданады: ретін сақтай отырып, бұйымды ұқыпты жапсыра білуді.












Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы

Тобы :екінші кіші «Жұлдыз» Күні : 23.02.2016.

Білім беру саласы: Шығармашылық .

Бөлімі: Жапсыру .

Тақырыбы: "Әжеме арналған түрлі түсті моншақ"

Мақсаты: түстер туралы түсініктерін нақтылау; моншақтар туралы, халықаралық әйелдер мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру; аппликация дағдыларын қалыптастыру; әсемдік сезіне білуге тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: халықаралық әйелдер мерекесі туралы әңгімелесу, өлеңдер жаттау, моншақтардың түрлерін көрсету.

Қажетті құралдар-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш.

Сөздік жұмыс: моншақ.

Билингвальді компонент: ана-мама, әже-бабушка, моншақ-бусы.


Іс-әрекеті

Кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті





Мотивациялық - қозғаушылық

Шаттық шеңбері.

Біз әдепті баламыз,

Біз ерекше боламыз.

Қонақтарды көргенде,

"Сәлеметсіздер ме!"-деп,сәлемдесіп аламыз.

- Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын.


Балалар шеңберге тұрып, тәрбиешінің іс-әрекетін қайталайды.



Ұйымдастырушылық

ізденушілік

- Балалар, наурыз айында болатын қандай мерекені білесіңдер?

- 8 Наурыз кімдердің мерекесі?


- Ал сендер әжелеріңе сыйлық жасағыларың келе ме?

Олай болса, әжелеріңе арнап моншақ жасайық.


Сөздік жұмыс: моншақ.


- Моншақты неден жасасақ болады?

- Дұрыс айтасыңдар, түрлі түсті дөңгелектерден жасайық. Бізде қызыл, сары, көк, жасыл түстербар екен. Осы дөңгелектерді түстері бойынша тізбектеп, дөңгелетіп жапсырамыз.

Кәеки қос тілде айтып көрейікші : ана-мама, әже-бабушка, моншақ-бусы.


Сергіту сәті:

Қос бұрымға тағылған,

Шашбау сылдыр етеді.

Шолпыларың лағылдан.

Бір ырғалып өтеді.

Сырғаларың селт етсе,

Сыңғыр-сыңғыр етеді.

Қос білезік, жүзігің,

Көзді тартып өтеді.

- Балалар, үйдегі әжелерімізді қуанту үшін моншақтарды әдемілеп тізбектеп жапсырайық. Әжелеріміз мереке қарсаңында қуанып қалсын.


Балалардың жапсырған жұмыстары талданады.

- 8 Наурыз.


- Аналардың, әжелердің мерекесі.

-Ия, келеді.





Қайталайды: моншақ.


- Түрлі түсті дөңгелектерден


Балалар тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды.

Қайталайды: ана-мама, әже-бабушка, моншақ-бусы.


Балалар сергіту сәтін қайталап айтады, қимыл-қозғалыстар жасайды.







Балалар тәрбиешінің айтқаны бойынша тапсырманы орындайды.



Рефлексивті -

реттеушілік

Қортынды:

- Балалар, біз бүгін немен айналыстық? Моншақтарды неден жасадық? Моншақтарды кімге арнап жасадық?

- Жарайсыңдар? сендер өте әдемі моншақтар жасағандарың үшін рақмет айтамын.


- Әжемізге арнап түрлі түсті дөңгелектерден жапсырып моншақ жасадық.



Күтілетін нәтижелер:


Ұғынады: түрлі түсті дөңгелектерден;


Түсінеді: 8 Наурыз аналар, әжелер мерекесі екенін;


Қолданады: дөңгелектерді қолдана отырып желімсіз жапсыруды.

























Ұйымдастырылған оқу-әрекеттерінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Шығармашылық, таным

Бөлімі: Аппликация

Тақырыбы: "Наурыз мерекесіне арналған кілемді әшекейлейміз"

Мақсаты: Жыл басы-Наурыз туралы мағұлұмат беру; Наурыз мерекесінің ерекшелігі, ұйымдасытырылуы туралы түсініктерін қалыптастыру; сәндік аппликация дағдыларын қалыптастыру; Наурыз мерекесіне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Наурыз мерекесі жайлы әңгімелесу.

Қажетті құралдар-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш.

Сөздік жұмыс: Қонақжай халық.

Билингвальді компонент: жыл басы-начало года.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті





Мотивациялық - қозғалыс

Шаттық шеңбері.

Біз әдепті баламыз,

Біз ерекше боламыз.

Қонақтарды көргенде,

"Сәлеметсіздер ме!"-деп.

Сәлемдесіп аламыз.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын

Балалар шеңберге тұрып, іс-әрекетін орындайды.





Ұйымдастыру

іздестіру

- Балалар, наурыз айындағы мерекелерді есімізге түсірейікші.

22 Наурыз қазақ халқының Жаңа Жыл мерекесі-Жыл басы.

Бұл күнде әжелеріміз наурызкөже жасап, үй аралап қонаққа барады. Қонақ келгенде жерге кілем төсеп, дастарқан жаяды. Қазақ халқы қонақжай халық.

Сөздік жұмыс: қонақжай халық.

- Бүгін біз Наурыз мерекесіне арналған кілемді әшекейлеуді үйренеміз.

- Балалар, кілемді немен әшекейлесек болады?

- Балалар, гүліміз қандай фигураға ұқсайды?

- Сабағының түсі қандай екен?

Билингвальді компонент: Жыл басы-начало года.

Негізгі бетке (фон) қызыл түсті кілем беріледі. Бірінші гүлді кілемнің бір бұрышына жапсырамыз. Ал сабағын, одан сәл төменірек, гүлдің астына жапсырамыз. Осылайша, кілемнің

4 бұрышына 4 гүлді жапсырамыз.

Сергіту сәті:

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп толамыз.

Көөке қарап, талпынып,

Күнге қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз,

Қарлығаштай қалықтап.

Бір отырып, бір тұрып,

Бір тынығып алайық.

- Балалар, Наурыз мерекесіне арналған кілемімізді безендіріп, әшекейлеп көрейік.

Балалармен жеке жұмыс жүргізілді.



22 Наурыз-Жыл басы, Наурыз мерекесі.





Қайталайды: қонақжай халық.


- Гүлдермен әшекейлейміз.

- Төртбұрышқа ұқсайды.


- Жасыл.

Қайталайды: Жыл басы-начало года.


Балалар тәрбиешінің

айтқанын мұқият тыңдайды, қол қимылдарына қарайды.



Балалар сергіту сәтін қайталайды, қимыл-қозғалыстар жасайды.





Балалар кілемді безендіруге жұмыла кіріседі.





Рефлексифті-түзетушілік

Қортынды:

Педагог балалармен бірге жасалған жұмыстарға баға береді.


- Балалар, мерекеге орай, бүгін топты сендердің кілемдеріңмен безендіреміз.

Балаларды мадақтайды.


Балалар өз ойларымен бөлісіп, тақтадағы әдемі жасалған жұмыстарды көрсетеді. Қуанышты көңіл күйде топты безендіруге кіріседі.



Күтілетін нәтижелер:


Ұғады: кілемді жапсыру әдісімен әшекейлеуді;


Түсінеді: геометриялық фигураларды, ұлттық мейрамды, салт-дәстүріміздің ерекшеліктерін;


Қолданады: кілемді гүлмен безендіруді.






















Ұйымдастырылған оқу-әрекеттерінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Шығармашылық, таным

Бөлімі: Аппликация

Тақырыбы: "Қоянға арналған баспалдақ"

Мақсаты: қағаз бетіне бағдарлай білу түсініктерін нақтылау; кеңістікті бағдарлай отырып, заттарды ретімен жапсыруды үйрету, пішіндер мен заттарды ажырата білуді үйрету; аппликация дағдыларын қалыптастыру; қызығушылықпен орындауға тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: қоянның ерекшеліктері туралы әңгімелесу, баспалдақты құрастыру.

Қажетті құралдар-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш.

Сөздік жұмыс: баспалдақ.

Билингвальді компонент: қоян-заяц, баспалдақ-лестница.


іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялық - қозғалыс

Шаттық шеңбері

Біз балдырған тең басқан!

Дос құшағын кеңге ашқан!

Тілегіміз әділдік!

Ашық болсын кең аспан!


Балалар шеңберге тұрып, іс-әрекетін қайталайды.

Ұйымдастыру

іздестіру

- Балалар, сендер Айдар есімді қоянның сиқырлы екенін білесіңдер ме? Ол барабанда ойнап, одан неше түрлі дыбыстар шығара біледі екен. Бірақ, қоян келе жатқанда алдынан биік тау кездесіпті, сол таудан өту үшін оған баспалдақ қажет болыпты.

- Балалар, қоянға баспалдақ жасауға көмектесеміз бе?


Сөздік жұмыс: баспалдақ.

- Баспалдақты неден жасасақ болады?

- Дұрыс айтасыңдар, баспалдақты төртбұрыштан жасайық. Баспалдақты жасау үшін төменнен бастаған жөн.

- Төртбұрыштардың түстері қандай?

Ол үшін ең астына 4 төртбұрышты тізбектеп қоямыз. Оның үстіне 3 төртбұрышты қоямыз. Оның үстіне 2 төртбұрышты және оның үстіне 1 төртбұрышты қоямыз.

- Міне, баспалдағымыз дайын. Қоян қуанатын болды.

Билингвальді компонент: қоян-заяц, баспалдақ-лесница.

Сергіту сәті:

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп толамыз.

Көкке қарап, талпынып,

Күнге қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз,

Қарлығаштай қалықтап,

Бір отырып, бір тұрып,

Бір тынығып аламыз.

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Балалардың жапсырған жұмыстарын қарастырады.


Балалар таңғалады. Тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды.




-Ия, көмектесеміз.



Қайталайды: баспалдақ.



- Төртбұрыштан жасаймыз.


- Сары, жасыл, көк, қызыл.

Балалар тәрбиешінің

айтқанын мұқият тыңдайды.


Қайталайды: қоян-заяц, баспалдақ-лесница.



Балалар сергіту сәтін қайталайды қимыл-қозғалыстар жасайды.


Балалар тәрбиешінің нұсқауымен жапсыруды жүзеге асырады.





Рефлексифті

түзетушілік

Қортынды:

Балалардың жасаған жұмыстарынан алған әсерлері жайлы сұрайды.

- Балалар, біз бүгін кімге көмектестік?

- Не жасадық?


- Сендерге баспалдақ жасаған ұнады ма?

Бүгінгі белсенділіктерін үшін көп рақмет.


Балалар өз ойларымен бөліседі.

- Айдар атты қоянға.

- Баспалдақ жасап бердік.

-Өте ұнады.

Балалар қуанды.




Күтілетін нәтижелер:


Ұғады: кеңістікті бағдарлай отырып, рет-ретімен орналастыруды;


Түсінеді: қоянға тән ерекшелікті, жұмыстың орындалу ретін;


Қолданады: желімді дұрыс қолдана отырып, орындалу ретін сақтап, бұйымды ұқыпты жапсыра білуді.























Ұйымдастырылған оқу-әрекеттерінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Шығармашылық, таным

Бөлімі: Аппликация

Тақырыбы: "Көгалда серуендеген балапандар"

Мақсаты: үй құстары туралы білім беру; балапанның қайдан шығатыны туралы түсініктерді қалыптастыру; желімсіз аппликация дағдыларын қалыптастыру; ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: балапандар туралы, олардың қорегі, ерекшеліктері туралы әңгімелеу.

Қажетті құралдар-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш.

Сөздік жұмыс: көгал.

Билингвальді компонент: балапан-цыпленок, сары-жёлтый.

Іс-әрекет кезеңді

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті





Мотивациялық - қозғалыс

Жылулық шеңбері.

Күннің көзі ашылсын.

Көкке шуақ шашылсын.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенге

Тобасы ғой

Ал, кәнекей,бәріміз

"сәлем" дейік үлкенге.


Балаларға"Шөжелер" әуені қойылады.



-Балалар, бұл өленде не туралы айтылған?


Балалар шеңберге

тұрып тәрбиешінің іс-

әрекетін қайталайды







Балалар өлеңді

тындайды, билейді


-Балапандар туралы

айтылған.









Ұйымдастыру

іздестіру

- Кәне, бәріміз бірге балапанның даусын салып, жүрісін қимылмен көрсетейік.



- Балалар, суретке назар аударыңдаршы, не көріп отырсыңдар?

- Балапанның түсі қандай болады?

- Неше балапан көгалда серуендеп жүр?

Сөздік жұмыс: көгал.

- Олай болса, біз бүгін сендермен балапандарды жапсыруды үйренеміз.

Бізге дайын көк негізгі бет (фон) берілген, осы негізгі бетке балапандарды орналастырамыз.

Ең бірінші фонға балапанның денесін жапсырамыз, өйткені ол балапанның үлкен бөлігі болып саналады. Одан кейін екінші бөлігі - басын жапсырамыз.

- Балалар, қараңдаршы, балапанның басы қандай пішінге ұқсайды екен?

Басын жапсырғаннан кейін қанаттарын жапсырамыз.

Билингвальді компонент: балапан-цыпленок, сары-жёлтый.

Сергіту сәті:

Ал, балалар, тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз демалып алайық.

Оңға, оңға түзу тұр,

Солға, солға түзу тұр.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары-төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

Жұмыс барысында педагог балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Балалардың іс-әрекетін бақылайды, балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Балалардың іс-әрекетін бақылайды, балалардың сұрақтарына жауап береді.

Балалар тәрбиешіге қарап, балапанның даусын салып қимылмен көрсетеді.

- Балапандарды.


- Сары.

- Үш балапан

Қайталайды: көгал.



Балалар тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды.




-Дөңгелекке ұқсайды.





Қайталайды: балапан -цыпленок, сары-жёлтый.



Балалар сергіту сәтін тәрбиешімен бірге қайталап айтып қимылдар жасайды.




Балалар көрсетілген сурет бойынша және педагогтің нұсқауы бойынша аппликация жұмыстарын атқарады.





Рефлексифті

реттеушілік

Қортынды:

- Балалар, бүгінгі оқу-әрекеті сендерге ұнады ма?



Балапан неше бөліктен тұрады? Түсі қандай екен?

- Балапандар қайда серуендейді?


- Көгалда неше балапан серуенде жүр?


- Балалар, бүгін тапсырманы жақсы орындағандарың үшін рақмет!


Балалар өз ойларымен бөліседі, тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.

- Балапан үш бөліктен тұрады. Түсі сары.

- Көгалда серуендейді.

-Үш балапан серуенде жүр.

Балалар педагогтің айтқан рақметіне қуанады.



Күтілетін нәтижелер:


Ұғады: кеңістікті бағдарлай отырып, рет-ретімен орналастыруды;


Түсінеді: балапанның жұмыртқадан шығатынын;


Қолданады: балапанның ден мүшелері туралы түсініктерді.






Ұйымдастырылған оқу-әрекеттерінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Шығармашылық, таным

Бөлімі: Аппликация

Тақырыбы: "Тышқан іні"

Мақсаты: жануарлар туралы білімдерін нақтылау; тышқанның мекені туралы түсінік беру; тышқанның дене бөлшектерімен таныстыру; жапсыру реттілігін қалыптастыру; жапсыруды талғаммен орындай білуге тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: тышқан туралы суретке қарап әңгіме құрастыру. Тышқанның өзіне тән ерекшелігі туралы әңгімелеп беру.

Қажетті құралдар-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш, мысық пен тышқанның дыбыс жазбасы.

Сөздік жұмыс: тышқан іні.

Билингвальді компонент: тышқан-мышь, ін-нора, мысық-кошка.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті





Мотивациялық - қозғалыс

Жылулық шеңбері.

Амансың ба, асыл күн!

Амансың ба, асыл жер!

Амансың ба, көк аспан!

Амансың ба, жан досым!

Жылуыма жылу қос,

Міне, меннің қолым.

Достар бірге жүреміз,

Бірге ойнап-күлеміз.

Бірге балық аулаймыз,

Міне, біздер қандаймыз!



Балалар шаттық шеңберін құрып, өлең жолдарына байланысты қимыл- қозғалыстар жасайды.










Ұйымдастыру

іздестіру

- Балалар, тыңдаңдаршы, ненің даусы?





- Балалар, мысық не істегенді жақсы көреді?

-Мысық ыстық пештің түбінде жатқанды ұнатады, тышқан аулағанды ұнатады.

Сөздік жұмыс: тышқан іні.

- Балалар, орманда жүрген тышқанды жапсыруды үйреңгілерің келе ме? Ол үшін негізгі бетте (фонда) ін бейнеленген сурет берілген, фонға бірінші тышқанның денесін жапсырамыз. Денесін жапсырып болған соң құлағын жапсырамыз. Балалар, тышқанның құлағы үлкен бе, әлде кішкентай ма?

-Содан кейін құйрығын жапсырамыз. Құйрығын қараңдаршы, ұзын екен. Балалар, сендер тышқанның қайда мекен ететінін білесіңдер ме? Тышқанның іні болады. Тышқан інді жерден қазып, өзіне үйшік етіп жасайды. Біз де тышқанға ін жасап берейік. Іннің аузын дөңгелектен жапсырамыз.

Билингвальді компонент: тышқан-мышь, ін-нора, мысық-кошка.



Сергіту сәті.

Ал, балалар, тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз демалып алайық.

Оңға, оңға түзу тұр,

Солға, солға түзу тұр.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары-төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

Тәрбиеші балалармен жеке жұмыс

жүргізеді.



Балалар дауысты тыңдайды, "мысықтың дауысы" және "тышқанның" деп жауап береді.

-Пырылдап ұйықтағанды жақсы көреді.

Қайталайды: тышқан іні.

Балалар тәрбиешінің

айтқанын мұқият

Тыңдайды, жапсыру

Реттілігін

Тыңдайды, талдайды.

-Тышқанның құлагы

үлкен










Қайталайды: тышқан

-мышь, мысық- кошка,

Ін-нора.


Балалар сергіту сәтін

Тәрбиешімен бірге

қайталап айтады

қимыл-қозғалыстар

жасайды





Балалар аппликация

реттілігін сақтайды

отырып жапсыру

жұмыстарын орындайды.




Рефлексифті

реттеушілік

Қортынды:

-Балалр,сендерге бүгінгі оқу іс-әрекеті ұнады ма?

- Қандай әсер алдыңдар?

-Тышқан қайда мекен дейді екен?

-Балалар, қазір "тышқан мен мысық" ойының ойнайық.


- Ия, ұнады.


- Үлкен әсер алдық.

- Өзі қазған інінде.

Балалар өз ойларымен бөліседі. Балалар ойын ойнайды.



Күтілетін нәтиже:

Ұғады: кеңістікте бағдарлай отырып жапсыруды;


Түсінеді: мысық пен тышқанның қасиеттерін;


Қолданады: орындалу ретін сақтап, бұйымды ұқыпты жапсыра біледі;











Ұйымдастырылған оқу-әрекеттерінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Шығармашылық, таным

Бөлімі: Аппликация

Тақырыбы: "Достарыма арналған шарлар"

Мақсаты: негізгі түстер туралы білімдерін бекіту; Бейнелеу іс-әрекетіне баули отырып, мерекелік көңіл күй сыйлай білуді үйрету; бейнелеу іс-әрекетіне деген қызығушылығын ояту; жолдастыққа тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Балаларды қорғау күні мерекесі туралы әңгіме өткізу.

Қажетті құралдар-жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш.

Сөздік жұмыс: дос, мереке.

Билингвальді компонент: достар-друзья, шарлар-шары.


Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті





Мотивациялық - қозғалыс

Шаттық шеңбері.

Балабақшам, армысың!

Сені жақсы көремін!

Достарым менің бармысың,

Құшақтасып алайық!


Балалар шаттық шеңберін орындайды









Ұйымдастыру

іздестіру

- Балалар, бүгін түлкі, қоян және кірпінің туған күні екен. Олар достарының туған күніне арнап шарларды үрлепті. Бірақ жолда келе жатып шарларын жарып алыпты.


Сөздік жұмыс: дос, мереке.

- Балалар, сендер түлкі, қоян және кірпіге шарларын үрлеп беруге көмектесесіңдер ме?

- Шарлардың пішіні қандай? Түстері ше?

Түлкінің қолында 1 қызыл сопақша және 1 дөңгелек сары шар, ал кірпінің қолында 1 жасыл және 1 қызыл дөңгелек шар, алқоянның қолында болса 1 жасыл сопақша және 1 сары дөңгелек шар бар. Енді осы шарларды орындарына жабыстырайық. Түлкі, қоян және кірпі мәз-мейрам болды. Енді олар достарына сыйлықтарын сыйлай алады.


Билингвальді компонент: достар-друзья, шарлар-шары.


Сергіту сәті:

Ал, балалар, тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз демалып алайық.

Оңға, оңға түзу тұр,

Солға, солға түзу тұр.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары-төмен қарайық,

Орнымызды табайық.


Тәрбиеші олармен жеке жұмыс жүргізді.


Балалар тәрбиешінің айтқаның мұқият тыңдайды.


Қайталайды: дос, мереке.

Ия, көмектесеміз.

- Сопақша, дөңгелек.

Қызыл, сары, жасыл.


Балалар тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды.






Қайталайды: достар-друзья, шарлар-шары.



Балалар сергіту сәтін тәрбиешімен бірге қайталап айтып, жаттығулар жасайды.







Балалар үлгідегі реттілік бойынша жапсыруды жүзеге асырады.


Рефлексифті

реттеушілік


Қортынды:

Тәрбиеші топтық талқылау жүргізді. Балаларды марапаттайды



Балалар жұмыстарын аяқтап, жасаған жұмыстарын бір-біріне көрсетеді.


Күтілетін нәтижелер:


Ұғады: кеңістікті бағдарлай отырып, рет-ретімен орналастыруды;


Түсінеді: суреттегі шарларды дұрыс орналастыра білуді; қажетті түстерді үйлестіре алуды;


Қолданады: желімді дұрыс қолдана отырып, орындалу ретін сақтап, бұйымды ұқыпты жапсыра білуді.








Ұйымдастырылған оқу-әрекетінің технологиялық картасы

ІІ-кіші «Балдырған» тобы


Күні:19.09.2016ж

Тәрбиеші: Сарина М.К.

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Аппликация

Тақырыбы: "Алаша"

Мақсаты: балаларға кеңістікті бағдарлай білуге түсінік беру, балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, заттың пішіні туралы білімдерін жетілдіру, жұмысты таза ұқыпты жасауға тәрбиелеу.

Билингвальді компонент: алаша-палас, жолақ-полоска


Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті





Мотивациялық - қозғалыс

Ғажайып сәт:

Балалар бүгін біздің топқа қонақтар келді. Қонақты қарсы алып, амандасып танысайық.

Мяу-мяу мен кішкентай мысық-марғау.

Балалар мен бүгінгі күнімді сендермен өткізгім келеді.

Сендер мені қабылдайсыңдарма?


Балалар марғаумен амандасып, танысады.



Әрине.

Қабылдаймыз.









Ұйымдастыру

іздестіру

Балалар тыңдаңдаршы, бір шуылдаған дыбыс естіледі.

Бұл кім болды екен?

Балалар бұл сыйқырлы алашасы бар сыйқыршы атай екен.

Ол сендерден көмек сұрап келіпті.

Көмектесесіңдер ме?

Онда сыйқыршы атайдың сұрақтарына жауап берейік.

Бәріміз суретке қарайық.

Балалар суреттен не көріп тұрсыңдар?

Иә, дұрыс айтасыңдар, алашаның суреті берілген.

Алаша қандай пішінге ұқсайды?

Қандай түсті жолақтардан жасалған?

Сендерді өнерпаз балалар деп айтады. Сондықтан сендерден көмек сұрап келдім. Менің ертегілер әлеміндегі ханзадаларым қиындыққа тап болды.

Оларға ұшатын алашалар керек.

Балалар көмектесеміз бе?

Бүгін біз сендермен бірге ертегілер әлеміндегі ханзадаларға арналан алашалар жасаймыз.

Билингвальды компонент: алаша-палас, жолақ-полоска.

Біз алдын-ала үлгіден қиып алып дайындаған көк және қызыл түсті жолақтарды кезектестіре отырып, солдан оңға қарай үлгідегідей етіп жапсырамыз.

Сергіту сәті.

Орманда кірпі келеді,

Саңырауқұлақ тереді.

Кездесті міне керегі,

Екеуі қайың астынан,

Біреуің терек қасынан,

Қанша олар болмақ есепте,

Тоқылған салса себетке?

Сыйқыршы атай:

Балалар мен сендерге ризамын.

Жұмысты ұқыпты және мұқият істейді екенсіңдер.

Менің ханзадаларым риза болатын болды.

Көмектерің үшін сендерге көп рахмет.

Балалар дыбысты тыңдайды.





Иә

Балалар суретке қарап сұрақтарына жауап береді.

Алашаны




















Сергіту сәтін қимылмен жасайды.


Рефлексифті

реттеушілік

Қорытынды:

Алашаның түсі қандай?

Алаша қандай пішінге ұқсайды?

Сендерге жасаған алашаларың ұнады ма?



Сұрақтарға жауаптар


Күтілетін нәтижелер:


Ұғады: заттарды қағаз бетіне дұрыс орналастыруды;


Түсінеді: ұқыпты және нұсқаумен жапсыруды;


Қолданады: түстер мен пішіндерді ажырата білуді.











-75%
Курсы повышения квалификации

Система работы с высокомотивированными и одаренными учащимися по учебному предмету

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
«Жапсыру» технологиялық карталар жинағы (82.88 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт