Жаңа оқыту технологиялары
"Технология"-өндірістен алынған ұғым дейтін болсақ. Белгілі бір бұйымды модельдеу,соған қажетті материалды өлшеу, ол материалды нәтиже даярлайтын процеске салу, түпкілікті нәтижені алдың ала болжау арқылы сол нәтижені алуға бағытталған қызмет процесін ұйымдастыруды білдіретін бұл ұғымның білім берумен байланысы тікелей анықталады.
Педагогикалық технология — оқыту мен білімді игеру үрдісінің бәрін білім берудің тиімдірек түріне жету үшін адам және техникалық ресурстарды ескеру жолымен және олардың арасындағы өзара әсерін бағалау мен қолданудың, жоспарлаудың жүйелік әдісі.
Білім беру саласында соңғы жылдары оқыту технологияларды оқыту үрдісінде пайдалану мәселелері кең түрде талқыланып жатыр. Белгілі ғалым Г.Ф. Селевко дәстүрлі емес сабақтарды технологиялық тұрғыдан қарастырды ұсынады. Ол «дәстүрлі емес сабақ – оқытудың классикалық түрлерінің негізінде жетілген стандарттан тыс әдісі – тәсіл дейді. Осы концепциясына сүйенгенде - дәстүрлі емес сабақ – оқытудың жаңа технологиясы деп атауға болады.
Оқытуды технологизацияландыру дегеніміз – ең алдымен әр сабақта зарым қатынас педагогикалық жағдайды орнатып, оқытушылар мен оқушылардың арасына гумандық – жеке даралық көңіл күйін жоғары деңгейге жеткізу тура келеді. Жаңа қарым қатынастын негізгі мазмұны – оқу үрдісіндей қарым қатынас қолайлы жайлы болып оқушылардың білім санасын арттырадындай болады осы технологияны орта және жоғары сыныптарда іске асыруға болады жолы – Ш.А. Оснонашвилидің гумандық технологиясы С.Н. Лысенкованның анықтамалық басқару, В.Ф. Шоталовтың тірек сигналдарға сүйеніп оқыту, В.В. Фирсовтың саралап оқыту және осындай басқа технологияларды негізге алып, оқыту үрдісі технологияландыру қажет.
Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп,қолданылуда.
В.Кларин технология сөзінен қандайда болсын істегі шеберлікті, оқыту-үйретудегі амалдардың жиынтығы, ал педагогикалық технология (тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, оқыту технологиясы) «педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығымен жұмыс істеудің реті» – деп түсінік берді. Педагогикалық жаңа технология – іс-әрекетке, оқыту барысында жүзеге асатын педагогикалық жүйе. Ол дара тұлғаны жетілдіруге, белгілі бір мақсатқа жету жолында арнайы ықпалды ұйғаруға қажетті байланысқан әдіс-тәсілдер. Ендеше педагогикалық технология – оқу-тәрбие үрдісінің шығармашылықпен оқытумен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі, технология – ақырғы мақсатқа жететін әрекеттер жүйесі. Жаңа педагогикалық технология баланың жетілген тұлға ретінде дамуы үшін маңызы зор.
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын өмірге енгізуге ұмтылуы. «Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің: оқу-тәрбие процессін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, тұрпаттары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әрбір құрамның басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды»
Жаңа технология түрлерін информатика пәнінің кіріктірілген сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектік қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі.
Жаңа технологияны қолдану мына кезеңдер арқылы іске асады:
І кезең: оқып-үйрену;
ІІ кезең: меңгеру;
ІІІкезең: өмірге ендіру;
IVкезең: дамыту.
Жаңа педагогикалық технология мақсаты – оқытуды ізгілендіруі, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Жаңа педагогикалық технология түрлері өте көп. Оларды информатиканы оқытуда тиімді етіп пайдалану ұстаз білімділігіне байланысты.
Орта және жоғарғы сыныптарда жиі қолданылатын оқыту технологияларды атап кетсек, түрлері мен іске асыру жолдары аз емес, ал олардың оқытудағы тиімділігі – мұғалімнің шеберлігіне байланысты.
Жаңа технология түрлерінің міндеті және қолдану мақсаттары төмендегідей ұсынылады:
Ойын технологиясы.Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.
Проблемалы оқыту технологиясы. Проблемалы оқыту – мұғалім басшылығы мен қиын мәселелерді туғызу және оқушылардың белсенді түрде өз беттерімен мәселелерді шешу. Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Информатиканы оқытуда тәжірибені шыңдай түсуде көп жеңілдік ашқан технологиялардың бірі – осы технология.
Мақсат пен міндеттердің орындалуы мынадай ұзақ жоспарлар арқылы іске асады:
ассоциация;
бірлестікқызмет;
көзқарасын талдау мен дәлелдеу түрінде қорғау.
Бұл технология бойынша:
оқу үрдісінде қызығушылық артады;
оқушының өз бетімен білім алуына мүмкіндік беруі туады;
оқушының ақпараттық тіл байлығы жетіледі.
Түсіндіре баяндау арқылы тірек желілерін келешекті оза оқыту. Бұл технологияда С.Н.Лысенкова бойынша материалды меңгеру үш кезеңнен тұрады:- алдынала даярлық;- жаңа ұғымдарды дәлелдеу, оларды жинақтау, қолдану;- оқу іс-әрекеті және ойлау әдістерін дамыту.Оқу материалдарын осылайша деңгейлеу білімді ұзақ уақыт есте сақтауға мүмкіндік береді.
Деңгейлік саралау технологиясы. Саралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Сыныпты, топтарды оқытуға әртүрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; әдістемелік педагогикалық-психологиялық және ұйымдастыру-басқару шаралары біріктіріледі.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.
1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді;
2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің бірнеше деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.
Жекелеп оқыту технологиясы. Жекелеп оқыту – оқу процесін ұйымдастырудың мына түрлері мен үлгілерін қарастырады.
мұғалім бір ғана оқушымен жұмыс істейді;
оқушы тек оқу құралдары мен өзара қатынаста (оқулықтар, компьютер, т.б) болады.
Жекелік оқудың басты жетістігі баланың қабілетімен оқу қызметінің желісін әдісі мен мазмұнын өз қабілетіне қарай бейімдеуіне мүмкіндік береді.
Оқытудың ұжымдық әдісі (ОҰӘ). ОҰӘ - оқу процесінде адамдарды өзара және жұптық еңбек әрекеттерін орындауы.
Оқытудың ұжымдық әдісі - оқу процесінде адамдарды өзара және жұптық еңбек әрекеттерін орындауы.
Оқытудың ұжымдық әдісі принциптері:
жоғары жетістікке талпыну;
алынған мәліметті бір- біріне лезде кідіріссіз жеткізу;
оқушылар арасындағы өзара көмек және ынтымақтастық;
әртүрлі деңгейлік;
тақырып пен тапсырмалардың әртүрлілігі;
Топтық технология Бұл сыныпта оқу жұмысын ұйымдастырудың үшінші және төртінші деңгейі. Бұндай жұмыс белгілі-бір тапсырманы бірлесіп шешуі үшін сыныпты уақытша топтарға бөлуді қажет етеді. Оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, бірлесіп үйренуге мүмкіндік береді.
Оқытудың компьютерлік технологиясы. Бұл технология – оқытудың бағдарламалық көзқарастарын дамытады, мүлдем жаңа технологиялық жолдар ашады.
Оқытудың компьютерлік технологиясы – мәліметтерді компьютер көмегімен даярлау және беру әрекеттері. Бұл технология материал мазмұнын кейбір үлгілерді пайдалануға негізделеді.
Компьютерлік сабақты өткізу бірнеше кезеңнен тұрады:
І –мұғалім қажетті оқу материалын дайындайды;
ІІ – мұғалім сабақтын үлгісін жасайды;
ІІІ – мектептің компьютерлік бағдарламашы мұғалімнің ұсыныстары бойынша сабақтын компьютерлық бағдарламасын жасайды;
ІV – мұғалім жасалған компьютерлік сабақтын үлгісін қарап, керекті ұсыныстарын кірізеді;
V - компьютерлік сабақты өткізу.
Презентациялар технологиясы. Бұл технология, бір жағынан, оқушыларға информатика сабағынан жаңа материалды (бейнелеулер, фотографиялар, дидактикалық материалдар, т.с.с.) көрнекі көрсету құралы болатын болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалды дайындауды және оны қолдану процесін де жеңілдетеді. Алдынала жүргізілген тәжірибелер, презентациялар технологиясын информатика сабағында пайдалану балалардың оқуға деген ынталылығын арттырып, сабақтың қызғылықты өтуін қамтамасыз етіп, оған дайындалу мерзімін қысқартады, ең бастысы – мұғалімдерді жаңа ақпараттық желілік технологияларды пайдалануға дағдыландырады.
Дамыта оқыту технологиялары. Л.В. Занковтың дамыта оқу жүйесі. Оқыту қызметінің негізгі мотивациясы танымдық қызығушылық. Занков әдісі әртүрлі қызметтерге тарту, дискуссия, дидактикалық ойындарда оқытуда, пайдалану, сол сияқты есті, ойлауды, елестетуді, сөйлеуді байыту бағытындағы оқыту әдісі.
Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз иновациялық экономика құра алмайтындығымыз жайлы еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаевтың үстіміздегі жылғы Қазақстан халықтарына арнаған «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін, бәсекеге қабілетті ұлт үшін» атты Жолдауында ерекше аталып өтіліп, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай білім керектігіне назар аударылған болатын. Ал бәсекеге қабілетті елдің әрбір азаматы бәсекеге қабілетті болуы тиіс деп есептеймін. Мектеп сынып оқушы тұлғасын қалыптастыру мен дамуының басты баспалдағы.
Бүгінгі таңдағы мектептердің алдында тұрған мәселе оқушыларды дамыта оқыту, яғни, оқушыны оқу әрекетіне қалыптастыру,олардың оқуға ынтасын ояту, қызығушылығын арттыру. Сондықтан, мұғалімнің алға қойған маңызды міндетінің бірі – талабы таудай жеке тұлғаны іздеп табу, оны өсіру. Әр оқушының қабілетін танып біліп, дамытып адам дәрежесіне жеткізу үшін жаңашыл жұмысқа бет бұру керек.
Қазіргі педагогика теориясына елеулі өзгерістер еніп, жаңа көзқарастар пайда болды. Әрі білім беру құрылымында жаңа технология өмірге келді.
«Технология дегеніміз қандай да болсын істегі, шеберлікті, өнердегі адамдардың, ал педагогикалық технология педагогикалық мақсатқа қол жетудегі қолданылатын барлық қисында ілім амалдарымен әдістемелік құралдардың жүйелі жиынтығы»- деп түсіндіреді В. Кларин.
Педагогикалық технология тәжірибеде жүзеге асатын педагогикалық жүйенің жобасы.
Ал педагогикалық жүйе – дара тұлғаны қалыптастыруға бағыт алған белгілі бір мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды ұйымдастыруға қажетті өлшем, байланысқан әдістердің, құралдардың жиынтығы. Олай болса, дәл қазір бізге осы педагогикалық технологияны дамыту, оны практикада пайдалану қажет.
Жаңа технологияларды пайдалануда пәнге қызығушылықтарын арттырудың тиімді жолдары» деп аталады. Мақсаты – оқыту процесінде жаңа технологияларды пайдалана отырып, жеткіншек ұрпақтарды негізгі пәндермен терең де берік қаруландыру, ал меңгерген білімдерін күнделікті өмірде өз деңгейіндегі іскерлікпен қолдана білу. Жаңа технологияны қолдануда:
«Мұғалім нені білу керек?»
Жаңа технология көмегімен шешілетін мәселені анықтау.
Жаңа технологияны қолдану арқылы алынатын нәтижелерді.
Жаңа технология мәнінен алынатын нәтижелердің теориялық негізін.
Жаңа технологияда мұғалім қолданылатын әдіс-тәсілдерді білуі керек.
Оқушыларды жаңа технологияда жұмыс істеуге үйрету әдісін таңдауы.
«Не істей алу керек ?»
Оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқаларын құрастыру.
Күнтізбелік тақырыптық жоспар жасау.
Әр сабақты жоспарлау.
Жаңа технология бойынша жүргізілетін әртүрлі типтегі сабақ жоспарларын жасау.
Оқу модулын құрастыру.
Оқу жобасының мазмұнын анықтау.
Оқу жобалары бойынша оқушыларға арналған тапсырмаларды құрастыру.
«Қандай іс-әрекеттерді дұрыс ұйымдастыруы қажет?»
Жаңа технологияда пайдаланылатын жекелеген әдістер мен тәсілдер.
Әр түрлі типтегі сабақтарды өткізу.
Өткізілген сабақтарға талдау жасау, жіберілген кемшіліктердің жасырын себептерін анықтау.
Жаңа технологияда қолданылатын оқу әрекетінің әдістерін оқушыларға үйрету.
Білім беру үрдісінде қолданыс тапқан педагогикалық технологиялар жаңаша сипат алады. Жаңашыл педагог ғалымдар: Ш.А. Аманашвили білім беруді ізгілендіру технологиясында баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату, танымдық күшін қалыптастыру, дамыту, білімін кеңейту, тереңдетуге жағдай жасау мақсатын көздейді. В.Ф. Шаталовтың белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясының ерекшелігі: материалдар ірілендіріліп, блоктық түрде тірек сызбалар арқылы беріледі.
С.Н. Лысенкованың тірек сигналдарын пайдалана отырып, қарқынды жеделдете оқыту технологиясында оқу материалдарының мазмұнының жүйелілігін сақтау, саралау, тапсырманың әр оқушыға жеткізілуі талап етіледі. М.М. Жанпейісованың модульдық оқыту технологиясына сүйенсек, оқытудың мақсатын, мазмұнын, әдістерін ғылыми негізделген теорияға сүйене отырып жобалау, сұлбалау тыңдаушыларға, білім алушыларға оқу үрдісінде хабарланады. Жаңа оқыту технологияларын бұрынғы оқыту әдістемелерінің орныңа келген жаңа түсінік деп те қабылдамау керек.



"Жаңа оқыту технологиялары" (197.62 KB)

