Меню
Разработки
Разработки  /  История  /  Уроки  /  6 класс  /  XVI-XVII ғасырлардағы қазақтардың материалдық мәдениеті ҚМЖ

XVI-XVII ғасырлардағы қазақтардың материалдық мәдениеті ҚМЖ

XVI-XVII ғасырлардағы қазақтардың материалдық мәдениеті тақырыбындағы сабақ төмендегі мақсатты көздейді: Барлық оқушылар: Материалдық мәдениетке нелер жататынын біледі. Оқушылардың басым бөлігі: Киіз үйдің маңызын және қолданбалы өнер жетістіктерін біледі, ерекшеліктерін сипаттай алады. Кейбір оқушылар: Көшпелілердің материалдық мәдениетінің әлемдік өркениетке қосқан үлесін талдайды, қорытынды жасайды.
02.12.2019

Содержимое разработки

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:7

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

XVI-XVII ғасырлардағы қазақтардың материалдық мәдениеті

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу

мақсаттары

6.2.2.5. көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Материалдық мәдениетке нелер жататынын біледі.

Оқушылардың басым бөлігі: Киіз үйдің маңызын және қолданбалы өнер жетістіктерін біледі, ерекшеліктерін сипаттай алады.

Кейбір оқушылар: Көшпелілердің материалдық мәдениетінің әлемдік өркениетке қосқан үлесін талдайды, қорытынды жасайды.



Бағалау критерийлері

  • Қазақтардың материалдық мәдениеті туралы постер құрады;

  • Киіз үйдің түрлері мен құрылымын сипаттап, оның көшпелілер үшін маңызы мен ұтымдылығын түсіндіреді;

  • Қолданбалы өнер туындыларының ерекшеліктерінсипаттайды;

  • Материалдық мәдениет туындыларының әлемдік өркениетке қосқан үлесін талдайды,қорытынды жасайды.



Тілдік мақсаттар


Оқылым дағдысы:оқулықтағы мәтінді оқу.

Жазылым дағдысы:тақырып бойынша сурет салу , киіз үйдің макетін жасау;

Айтылым дағдысы: Қазақтардың материалдық мәдениеті,оның құндылығы мен маңызы жөнінде әңгімелеу

Құндылықтарға баулу

Ұлттық құндылықтар:

-өз тарихына деген мақтаныш;

-шығармашылық және сын тұрғысынанойлау;

-қарым-қатынас жасау қабілеті;

-өмір бойы оқуға дайын болу;


Жалпыадамзаттық құндылықтар:

-мәдениеттердің өзгеруі;

- сабақтастығы жөнінде түсінік қалыптасады;

Пəнаралық байланыс

География, бейнелеу өнері, әдебиет


Тақырып бойынша

алдыңғы білім

XVI-XVII ғасырлардағы қазақтардың рухани мәдениеті.

6.2.2.4. аңыз, ертегі, эпостық жырлардың тарихи дереккөз ретіндегі маңыздылығын айқындау

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

(9минут)


2 минут



2минут




Оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру.

«Жүректен жүрекке» әдісі бойынша бір біріне тілек айтқызу.

Сыныпты сурет бойынша үш топқа бөлу, оқушылар суретке қарап, өз топтастарын тауып қолдарындағы сурет бойынша топқа ат қояды.

Сынып 3 топқа бөлінеді:

1-Топ. Шаңырақ

2-Топ. Уық

3-Топ. Кереге


Топқа бөлуге берілетін суреттер:

Шаңырақ

Шаңырақ, уық, кереге, түндік, үзік, туырлық

Уық

Сандық, текемет, кілем, сырмақ, абдыра, ши

Кереге

Шапан, камзол, бешпент, тон,тақия, етік




5минут


Үй тапсырмасын пысықтау:

«Зымыран сұрақтар»әдісі бойынша.

1.Мәдениет дегеніміз не? (Адамдардың дүниетанымы, шығармашылықтың жемісі)

2.Рухани мәдениет деп нені атаймыз? (Белгілі бір кезеңде өмір сүрген халықтың жан дүниесінің көрінісі)

3.Қазақ келіндерінің үйдің үлкен-кішісінің атын атамай, басқаша ат қоюы? (Ат тергеу)

4.Халық арасында кең тараған ертегілер (Ертөстік, Құламерген, Алтын сақа, Аламан мен Жоламан, т.б.)

5.Халық тұрмысы,әдет-ғұрпы,салт-дәстүрлері кең көлемде көрініс тапқан лиро-эпостық жырлар (Қозы Көрпеш-Баян сұлу, Айман-Шолпан, Қыз Жібек,т.б.)

6.Қазақ халқының арасына қыпшақша жазылып,тараған шығарма (Кодекс куманикус)

7.XVI-XVII ғғ. тарихи шежіре,әдебиет пен тіл ескерткіші.(Жами ат-тауарих)

8.Қазақтар үшін астрономиялық сағат қызметін атқарған шоқжұлдыз (Жетіқарақшы)

9.Түрік ғалымы Сейфи қазақтардан қанша адамның ислам дінін ұстанғандарын атап өткен? (200мыңнан астам)

10.Қазақтарды «Ислам дініне сенетін халықтар»,- деп жазған ағылшын көпесі (Дженкинсон)


«Бағдаршам» әдісімен бағалау


АКТ,слайдтар

Сабақтың ортасы

(28минут)

5 мин















15 мин





















8 мин





1-Тапсырма «ДЖИГСО» әдісі

1.Жеке жұмыс

2.Топтық жұмыс

Әр топқа оқулықтан мәтін беріледі. Топ мүшелері мәтінмен танысады және өзара талқылайды.

1.Шаңырақ тобы:Көшпелілер баспанасы

2.Уық тобы: Ұлттық киімдер

3.Кереге тобы:Қазақ халқының үй жиһаздары

Ортаға шығып не түсінгендерін айтады










2-Тапсырма «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі. Әр топқа тақырыпқа байланысты проблемалық сұрақтар қойылады.

1-Топ: Шаңырақ тобына:

Көшпелі қазақтардың материалдық мәдениеті туралы постер құрып,әңгімелеу

2-Топ. Уық тобына

Көшпелі қазақтардың тұрмысы туралы сурет салу.

3-Топ. Кереге тобына:

Мұғалім ұсынған ресурстарды қолдана отырып, киіз үйдің макетін жасау.

Барлығы бірігіп өз жобаларын жасайды. Ортаға бірігіп шығып жұмыстарын қорғайды. Соңынан топ мүшесі шығып қорытындылайды.


Дескрипторлар:

1.XVI-XVIIғғ.қазақтардың материалдық мәдениеті туралы постер жасайды

2.Көшпелі қазақтардың тұрмысын бейнелейді

3.Киіз үйдің макетін жасайды.


3-Тапсырма Деңгейлік тапсырмалар

Шаңырақ тобына:

1.Киіз үйдің құрылысын атап беріңдер.

2.Қазақтың қандай ұлттық киімдерін білесіңдер?

3.Көшпелілер әлем өркениетіне қандай үлес қосты?

Уық тобына:

1.Киіз үйдің қандай түрлері бар?

2.Қазақтардың қандай үй жиһаздарын білесіңдер?

3.Ат әбзелдерін атаңдар.Олардың көшпелілер үшін қандай маңызы болды?

Кереге тобына:

1.Қазақтар киіз үйден бөлек қандай баспаналарда өмір сүрді?

2.Ер қаруы-бес қаруға нелер жатады?

3.Қолданбалы өнер жетістіктерін атаңдар.Олардың халықтың шаруашылық өмірімен байланысын түсіндіріңдер.


Әр топ бірін бірі «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.


Қабілеті жоғары оқушыларға арналған тапсырма:

«9 ромб » әдісі.

Сабақта алған білімдерін маңыздылығына қарай ромбыға орналастыру, қорытынды шығару.

XVI-XVII ғғ.қазақтардың материалдық мәдениетіне талдау жасап, қорытындыла.

Дескриптор:

1.Материалдық мәдениет туындыларына талдау жасайды;

2.Киіз үй- көшпелілердің адамзат өркениетіне қосқан баға жетпес қазынасы екені туралы өз ойын қорытындылайды.

3.Көшпелілердің әлем өркениетіне қосқан үлесін талдайды.


Мәтіндер



















плакат, маркерлер, стикерлер


плакат, маркерлер, бояулар


сым, мата қиындылары, желім, қайшы, т.б.












АКТ,слайдтар






















АКТ

Сабақтың соңы

(8минут)

5 мин


Кері байланыс: ҚҚҚ кестесі

ҚҚҚ кестесі

1.Қызық болған 3 нәрсе

2.Қиын болған 3 нәрсе

3.Құнды болған 3 нәрсе



ҚҚҚ кестесі, бағалау парақтары, стикер

Бағалау

2минут

Бағалау парағы


Оқушының аты-жөні

Зымыран сұрақтар

ДЖИГСО

Ойлан, жұптас, бөліс

Деңгейлік тапсырмалар

9ромб әдісі

Қорыт











Үйге тапсырма беру

1минут

1.Мәтінді оқу.

2.Мәтін бойынша тест құрау.

3. «Киіз үй- көшпелілердің адамзат өркениетіне қосқан баға жетпес қазынасы» тақырыбында эссе жазу





Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларғақарағанда қабілетті

оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?


Бағалау- Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз


Денсаулық жəне

Қауіпсіздік техникасын

сақтау

Барлық оқушылар:

«Зымыран сұрақтар» әдісі- арқылы оқушылардың ой қозғауына берілген түрткі сұрақтармен түсінікті қалыптастырып дамытуға болады.

Бұл әдіс кезінде оқушыларға көрсетілетін қолдау барынша қолдау түріне жатады. Өйткені берілетін ақпарат пен қойылатын сұрақ негізі айқын,тек сұраққа жауап беру қажет.

Оқушылардың басым бөлігі:

Оқушыларға «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі беріледі. Бұл әдіс бойынша берілген мәтін бойынша əрбір оқушы жеке жұмыс жасау арқылы өз ойын қорытып, жұп болып пікірлерімен бөліседі; бұл бүкіл топтық талқылауға ұласады.

Постер құру-XVI-XVIIғғ.қазақтардың материалдық мәдениеті туралы мәтіннен оқып, постер құру арқылы талдау жасауға үйренеді.

Бейнелеу әдісі-арқылы оқушылардың көшпелі қазақтардың тұрмыс- тіршілігі туралы қиялын дамытады.

Макет жасау әдісі- киіз үйдің макетін жасау арқылы тәжірибелік дағдысын дамытады.

Бұл әдіс мәтінді толыққанды талқылауда өз нәтижесін толықтай береді.Ойлау қабілеттерін арттырады.Қабілеті төмен оқушылар мен жұптаса отырып оқушылар бір – біріне қолдау көрсетеді.

Кейбір оқушылар: « 9 ромб» әдісі Бұл қабілеті жоғары оқушыларға арналған тапсырма. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушыға қолдау аз көрсетіледі. Оқушы материалдық мәдениет туындыларына талдау жасап, қорытынды жасай алады.Өзі ізденіп, проблемалық сұрақтың шешімін өзі табу қажет.



Сабақ барысындағы барлық тапсырма дескриптор негізінде бағаланады.Топ басшыларына бағалау парақтары беріледі.

Дескрипторлар:

1.XVI-XVIIғғ. қазақтардың материалдық мәдениеті туралы біледі.

2.Киіз үйдің түрлері мен құрылымын сипаттап, оның көшпелілер үшін маңызы мен ұтымдылығын түсіндіреді;

3.Қолданбалы өнер туындыларының ерекшеліктерін сипаттайды;

4.Материалдық мәдениет туындыларының әлемдік өркениетке қосқан үлесін талдайды,қорытынды жасайды.


«Жүректен жүрекке»,

Сабақтағы шаралар барысында оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қатер төнбейді.



Сабақ бойынша рефлексия


Сабақтағы оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Оқушылар оқулықтағы материалмен танысып қана қоймай, жан-жақты ізденіп оны тереңдетті.Оқу процесінде оқулықты құрал ретінде пайдаланды. Оқыту процесінде оқушыларға білім алуға бағыт бердім.

Сабақ барысында топтық жұмыс басым болды.

Сабақтың кей тұстарында оқушыларға ақыл қосқан болсам,кей тұстарында олармен ақылдаса отырып мәселені шешуге тырыстым.

Сабақта барлық оқушылардың көңіл-күйлері көтеріңкі болды, үлгерімі төмен оқушыларды жақсы сөздер айтып, ынталандырып отырдым. Жоспарланған тапсырмалар түгел орындалды.Белгіленген уақытта сабақты аяқтадым.






-75%
Курсы профессиональной переподготовке

Учитель, преподаватель истории и обществознания

Продолжительность 600 или 1000 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
17800 руб.
от 4450 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
XVI-XVII ғасырлардағы қазақтардың материалдық мәдениеті ҚМЖ (60.67 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт