Меню
Разработки
Разработки  /  Биология  /  Уроки  /  6 класс  /  Вирустардың зерттелу тарихы, вирус және бактериофаг ұғымы, вирустардың түрлері

Вирустардың зерттелу тарихы, вирус және бактериофаг ұғымы, вирустардың түрлері

I топ. Зерделеу. Вирустардың сипаттамасы, зерттелу тарихы (Семантикалық карта арқылы вирустардың жалпы құрылысы, түрлері, ашылу тарихын жазады).

Вирустар

түрлері

Құрылысы

Зерттелу тарихы

IІ топ. Анықтау. Вирустардың құрылысы және тіршілік әрекеті, типтері (маркерлеу әдісі арқылы интербелсенді тақтадан вирус құрылысын табады).

III топ. Зерттеу. Вирустардың шығу тегі. Вирустық жұқпалардың таралуы, зақымдану жолдары және алдын алу шаралары (ТВ шоу. Бір бағдарлама желісінде вирустық жұқпалардың таралуы, зақымдану жолдары және алдын алу шаралары жөнінде талқылау жүргізеді).

Әрбір топ тапсырмалар бойынша өздерінің жұмыстарын қорғайды.

07.02.2018

Содержимое разработки

САБАҚ ЖОСПАРЫ


Пән

Биология

Мұғалім

Өтемісова Арайгүл

Мектеп, сынып

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе мектеп-гимназиясы, 10-сынып

Сабақ тақырыбы

Вирустар және фагтар



Мақсаты:

Вирустардың зерттелу тарихы, вирус және бактериофаг ұғымы, вирустардың түрлері туралы білім беру.

Сабақтың түрі:

Жаңа білімді меңгерту сабақ.

Күтілетін нәтижелер:

А. Вирустардың құрылысын біледі.

В. Вирустардың түрлерін ажыратады.

С. Вирустық жұқпаларға талдау жасайды.

Керекті жабдықтар:

Вирус құрылысының суреті, презентациялар, білімланд сайтының ресурстары.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Жеке, топтық. Семантикалық карта, ТВ шоу, биологиялық диктант, сәйкестендіру тапсырмасы

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе


1. Тұлғааралық байланысты орнату.

2. Сыныппен амандасу.



- мұғаліммен сәлемдесу;

- кезекшілік қызметін атқару;

- сабаққа зер салу.


Тұсаукесер

Оқушыларға қиықшалар беріледі. Сіздердің қиықшаларыңызда ұғымдар берілген сол ұғымдарды есімізге түсірейік. Прокариоттар, эукариоттар, анциттер ұғымдарының анықтамалары айтылады.

«Вирустар» туралы бейнежазба көрсетіледі.

http://bilimland.kz/kk#lesson=11875


Бейнежазбаны қорыту мақсатында «Мағыналы үштік » әдісі қолданылады.

Әрбір топ бейнежазба бойынша 3 жаңалық, 3қызықты мәлімет, 3негізгі ұғым айтады.

Оқушылар өткен білімдерін жаңғыртады.





Оқушылар бейнежазбаны көре отырып, қызығушылықтары оянады. «Мағыналы үштік» әдісі арқылы ойланады, талқылау жасап, өзара ой бөліседі. Осылайша жаңа сабақ туралы түсінік алады.


Негізгі бөлім

«Еркін талқылау» әдісі бойынша топтық жұмыс.

Білімланд сайтындағы «Вирустар – тіршіліктің жасушасыз түрі» тақырыбындағы конспектпен танысу. http://itest.kz/lekciya_ii_tarau_virustar_tirshilikting_zhasushasyz_turi

Мәтін мазмұнын меңгерту мақсатында үш топқа тапсырмалар.

I топ. Зерделеу. Вирустардың сипаттамасы, зерттелу тарихы (Семантикалық карта арқылы вирустардың жалпы құрылысы, түрлері, ашылу тарихын жазады).


Вирустар

түрлері

Құрылысы

Зерттелу тарихы





IІ топ. Анықтау. Вирустардың құрылысы және тіршілік әрекеті, типтері (маркерлеу әдісі арқылы интербелсенді тақтадан вирус құрылысын табады).


III топ. Зерттеу. Вирустардың шығу тегі. Вирустық жұқпалардың таралуы, зақымдану жолдары және алдын алу шаралары (ТВ шоу. Бір бағдарлама желісінде вирустық жұқпалардың таралуы, зақымдану жолдары және алдын алу шаралары жөнінде талқылау жүргізеді).

Әрбір топ тапсырмалар бойынша өздерінің жұмыстарын қорғайды.

Жаңа сабақты зер салып оқиды, мазмұнын түсінеді.

Алдымен, жеке оқушы өз бетімен мәтінді оқиды. Топтық талқылау жүреді. Басқа топтарға түсіндіреді.

«Бағдаршам», «Басбармақ», «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдістері арқылы топтарда өзара бағалау жүреді. Бағалау критерийлері:

Егер

жеткізуі нақты, анық, түсінікті болса

Жасыл

Егер жеткізуі орташа болсатүс


Сары түс

Егер мүлдем түсініксіз болса

Қызыл түс



Қорытынды

Бекіту тапсырмалары. Интербелсенді тақтадан көрсетіледі.

Бірінші орындап болған оқушы интербелсенді тақтада жазып көрсетеді.


Қалғандары өз орындарында отырып орындайды және тексеріп бағалау шкаласы арқылы өздерін бағалайды.


1. Биологиялық диктант. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпай.

1. ...... ғылымға «вирус» деген терминді енгізді

2. Вирустардың қабықшасы ........, ол міндетті түрде нәруыздық бөлшектен тұрады.

3. Д.И.Ивановский биологиялық ғылым – ............ негізін қалаушы.

4. Бактерияларды зақымдайтын вирустар ....... деп аталады.


2. Сәйкестендіру тапсырмасы. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпай.

Жұқпаның атауы

Жұқтыру жолдары

1. Бауырдың қабынуы (А Гепатит)

А. Ауалы – тамшылы жолмен

2. Мидың қабынуы (энцефалит)

В. Ауру жануарлар қапқан кезде

3. Тұмау (ОРВИ)

С. Кір қол ауруы

4. Құтыру

Д. Жұптұяқты жануарлар (сиыр, ешкі, қой)

5. Аусыл

Е. кенелер


1. ... 2. ... 3. ... 4. ... 5. ...


3. Тест тапсырмасы

Тест тапсырмасы білім ланд сайтындағы ITest бағдарламасы бойынша вирустар тақырыбында орындалады http://itest.kz/kurs_10_synyp_biologiya



ІІ тарау. Вирустар – тіршіліктің жасушасыз түрі.

Қорытынды бағалау.













Кері байланыс. Жолсөмке, қоқыс жәшігі, еттартқыш суреттері арқылы жүзеге асады.


Үйге тапсырма: §23-24 тақырыпты оқу. Вирустар туралы қызықты, тылсым деректер әкелу.

Әрбір оқушы жеке орындайды. Тексеріп, өз ұпайларын бағалау парағына жазады. Осылайша оқушылар өзін-өзі бағалап үйренеді.




















































Тестті бағалау шкаласы:

10-8 дұрыс болса – «3» ұпай,

7-5 дұрыс болса – «2» ұпай,

4-1 дұрыс болса – «1» ұпай.








Қорытынды бағалау қорытынды бөліміндегі 3 тапсырмалардың ұпайларын қосу нәтижесінде жүзеге асады (Қосымша №1 «Оқушының өзін-өзі бағалау парағы»).

Қорытынды бағалау шкаласы:

12-11 ұпай болса, «5».

10-7 ұпай болса, «4».

6-4 ұпай болса, «3».

3-1 ұпай болса, «2».

Егер оқушы бүгінгі сабақтан көптеген мағлұматтарды алып, сабаққа жақсы араласып отырса, барлығы түсінікті болса, «жөлсөмке» суретін таңдайды және себебін түсіндіреді.

Егер оқушы бүгінгі сабақтан көп мағлұмат алды, бірақ сол алған деректерін одан әрі үйден қорытып толықтыратын болса, «еттартқыш» суретін таңдайды және себебін түсіндіреді. Егер бүгінгі сабақтан ештене ала алмаса, сабаққа дұрыс араласпай отырған болса, «қоқыс жәшігін таңдайды».













Қосымша №1. Оқушының өзін-өзі бағалау парағы

Критерий

Дескриптор

Ұпай

Өзінің

жинаған ұпайы

1-тапсырма.

Биологиялық диктант

Әрбір дұрыс жауап

1 ұпай, ең

жоғарғы

ұпай 3


2. Сәйкестендіру тапсырмасы

Әрбір дұрыс жауап

1 ұпай, ең

жоғарғы

ұпай 6


3. Тест

10-8 дұрыс болса


3 ұпай


7-5 дұрыс болса

2 ұпай

4-1 дұрыс болса

1 ұпай

Оқушының аты-жөні:

Қорытынды ұпай


Қорытынды бағалау шкаласы:

12-11 ұпай болса, «5».

10-7 ұпай болса, «4».

6-4 ұпай болса, «3».

3-1 ұпай болса, «2».





-75%
Курсы повышения квалификации

Химические компоненты живых организмов

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Вирустардың зерттелу тарихы, вирус және бактериофаг ұғымы, вирустардың түрлері (838.5 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт