Келісемін паралель көшбасшысы
САБАҚ: 5-6 | Мектеп: Петропавл қ. ХББ НЗМ | ||||||||
Күні: 06.05.2019 | Мұғалімнің аты-жөні: Калиева А.М. | ||||||||
Сынып: 7 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||
Сабақтың тақырыбы | Егер мен әлемді өзгерте алсам... | ||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | О5. Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру. 7.Ж4.Эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу.
| ||||||||
Сабақтың мақсаттары | Мәтін бойынша сұрақтар құрастырады. Эссе жазады. | ||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||
Құндылықтар | Оқушылар топтық жұмыс арқылы бір-бірін құрметтеуге, ынтымақтастыққа үйренеді. | ||||||||
АКТ қолдану | Сабақ барысында слайдтар көрсету арқылы сабақ меңгеріледі. Ақпаратты визуалды қабылдауға дағдыланады. | ||||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: әлеуметтік желі, ғаламтор Диалог құрастыру: менің ойымша, себебі, өйткені тіркестерін қолдану Айтылымға алгоритм ретінде ПОПС формуласы | ||||||||
Кілттік дағды (коммуникативтік дағдылар) | Жұптық, топтық жұмыстар және өзара бағаау арқылы жүзеге асырылады. | ||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Тақырып бойынша апараттармен жұмыс жасады. | ||||||||
Жоспар | |||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||
Сабақтың басы 2 минут |
Оқу мақсаты мен БК талданады
|
| |||||||
Сабақтың ортасы
15 минут
10 минут
10 минут
3 минут
2-сабақ
30 минут
5 минут | 1-тапсырма Мәтінді түсініп оқып, негізгі мәселені анықтаңыз. Жұпта талқылаңыз. Стив Джобстың әлемді өзгерткен 10 өнертабысы New York Times баспасы Стив Джобсты осы заманның Эдисоны дейді. Бұл деректі Стив Джобстың әр түрлі құрылғыларға арналған 313 патентке ие екендігі дәлелдейді. Стив 5 қазанда өмірден өтті. Алайда ол өз артынан компьютер және электроника саласында өшпес мұра қалдырды. Төменде Стивтің ең мықты 10 өнертабыс тізімі көрсетілген. Олар: компьютер, медиа плеер, ноутбук, iPhone, iPad, әйнек баспалдақ, компьютерді басқаратын түрлі құрылғылар. Стив Джобс 1955 жылы24 ақпан күні Калифорния штатындағы Маунтин-Вью қаласында туған. Биологиялық анасы ақ нәсілді американдық Джоан Кэрол Шибле және әкесі сириялық студент Абдулфатта Джандали. Баласын асырауға дауаламаған ата-анасы өкіл ата-ана болған Пол және Клара Джобс отбасына тәрбиеленуге тапсырған болатын. Мектеп кезінде Стив электроникаға қызығушылық танытты, мектеп партасында өзінің болашақ әріптесі әрі серіктесі болатын Стив Вознякпен танысқан. Екі дос бастапқы кездері жергілікті телефондық қызмет көрсетуші компанияны алдайтын құрал ойлап табады. Кейін Стив Джобсқа мұндай құралдың табыс көзі болуы мүмкін деген ой келеді. 1972 мектеп бітіргеннен кейін Стив Джобс Портлендте (Орегон штаты) орналасқан Рид колледжіне оқуға түседі, бірақ алғашқы семестрден өз еркімен оқудан шығып кетеді. Біраз уақыт өткен соң ол каллиграфия мектебіне оқуға барып жүреді. Сол оқудың нәтижесінде кейін ол Мас OS жүйесіне масштабталатын әріптерді орналастырады. 70-жылдардың соңында Стив Джобс компьютерлік ойындарды жобалайтын Atari компаниясына жұмысқа тұрады. 1976 жылы Стив Джобс өзінің мектептен бергі досы С. Вознякпен бірге Apple компаниясын құрады. Компания өзі құрастырған компьютерлерді сатумен айналысты. Apple компаниясының жаңа туындыларын негізінен С.Возняк дайындайтын, ал С. Джобс негізінен маркетолог қызметін атқаратын. Стив Джобс пен Стив Возняк дайындаған алғашқы компьютер Apple I болды. Оның бағасы 666 доллар 66 цент тұратын. Apple I және кейін шыққан Apple II құрастырушы жігіттерге біраз абырой мен атақ әкелді. Компания ІРО арқылы алғашқы рет биржаға шыққаннан соң Стив Джобс мультимиллионер атанды. Стив Джобс АҚШ тарихында табысты компаниялардың бірін құрып қана қоймай, ұзақ жылдар оның басшысы болғандар арасында ерекше тұлға. «Apple» интернет технологиялар жағынан әлемдегі ең ірі компанияға айналып, Microsoftты артта қалдырған. «Apple» негізінен өзінің жаңа ноутбуктары және «iPhone» смартфондары мен «iPad» планшеттері арқылы қалың көпшілікке танымал.
2-тапсырма Мәтінмен байланыстыра отырып, 5 жуан сұрақ ойлап жазыңыз. Жұпта талқылап, 2 сұрақты таңдап алыңыз.
«Ыстық орындық» әдісі. Жұпта құралған сұрақтар ортада талданады.
Мұғалімнің кері байланысы Оқу мақсаты мен БК талданады. «Әлемді өзгерту әрбір жанның қолында» тақырыбында эссе жазады. Оқушылар берілген пікірді өз ойларымен өрбітеді. Эссе тақырыбынан ауытқымай абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазады. Бағалау. Өзара бағалау.
| vk.com/page-101241119_51189781 | |||||||
Сабақтың соңы 5 минут | «3-2-1» стратегиясы арқылы оқушылар өздерінің іс-әрекетіне кері байланыс жасайды. 1.Тақырып бойынша алған 3 маңызды ақпарат; 2.Тақырыпты қарастыру барысында қиындық тудырған 2 аспекті; 3.Тақырыпты қарастыру барысында ұнаған 1 іс-әрекет. | | |||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс | |||||||
Топтық жұмыс кезінде төмен оқитын оқушылар жақсы оқитын оқушылардан үйренеді. Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Оқушылар топта бір-біріне комментарий арқылы баға береді. | Берілген тапсырмалар оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп келтірмейді. Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ арқылы ақпаратты жадыларында ұзақ сақтай алады. | |||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||||
| |||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |