Меню
Разработки
Разработки  /  Биология  /  Уроки  /  7 класс  /  Ұрықжолдастылардың аса маңызды отрядтары. Олардың биологиялық ерекшеліктері. Бунақденеқоректілер, Қолқанаттылар, Кемірушілер, Қоянтәрізділер.

Ұрықжолдастылардың аса маңызды отрядтары. Олардың биологиялық ерекшеліктері. Бунақденеқоректілер, Қолқанаттылар, Кемірушілер, Қоянтәрізділер.

?ры?жолдастыларды? ??рылысы мен тіршілік ?рекетін жор?алаушылар ж?не ??стармен салыстыру ар?ылы омырт?алылар туралы ал?ан білімдерін дамыту.

03.05.2017

Содержимое разработки

Күні:

Пән:Биология

Сынып: 7

Сабақтың тақырыбы: Ұрықжолдастылардың аса маңызды отрядтары. Олардың биологиялық ерекшеліктері. Бунақденеқоректілер, Қолқанаттылар, Кемірушілер, Қоянтәрізділер.

Мақсаты: Білімділік: Топтық және жеке жұмыс жасау арқылы ұрықжолдастыларға тән ерекше белгілерді сипаттай алуын қалыптастыру

Дамытушылық. Ұрықжолдастылардың құрылысы мен тіршілік әрекетін жорғалаушылар және құстармен салыстыру арқылы омыртқалылар туралы алған білімдерін дамыту

Тәрбиелік. Сүтқоректілердің табиғатқа, адамға тигізетін пайдасын әңгімелеу арқылы оларды қорғауға тәрбиелеу; оқушыларды топтағы іс-әрекетін жоспарлап ұйымдастыруға ,бірін-бірі тыңдай білуге тәрбиелеу

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, сүтқоректілердің көрінісі,сурет,окулық.

Сабақ типі: аралас сабақ

Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап

Сабақ түрі: Түсіндірмелі

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушыларды тугендеу.Сабаққа назарлығын аудару.Оқушылармен амандасу.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау :

1.Сүтқоректілердің ертедегі жорғалаушылардан пайда болуы.

2.Сүтқоректілердің көптүрлілігі.

3.Жұмыртқа салушы ілкіаңдар.

4.Қалталы және ұрықжолдасты сүтқоректілер.

5.Биологиялық ерекшеліктері.

6.Таралу аймақтары және алуантүрлілігі.

ІІІ.Жаңа сабақ: Қазақстанның кең байтақ табиғат аймақтарында сүтқоректілердің 8 отрядтарына жататын 178 түрі таралған.

Сүтқоректілердің отрядтары

Бунақденеқоректілер Тақтұяқтылар



Кемірушілер Қолқанаттылар Жұптұяқтылар

Ескекаяқтылар Қоянтектестер Жыртқыштар

Сүтқоректілер - дара жынысты. Олар іштей ұрықтанады.Ұрық аналық жыныс мүшесі жатырда дамып жетіледі. Жатырдың қабырғасында ұрық пен аналық ағзаның арасында арнайы мүше «ұрықжолдасы»(плацента ) пайда болған. Ол зат алмасуды реттеп отырады. Оны малдың шуы деп те атайды. Сондықтан жоғары сатыдағы сүтқоректілерді «ұрықжолдастылар » деп атайды. Осы жерде жұмбақ айтайық: «12 түйе,10 жылқы,9 сиыр, 5 ешкі,1,5 қоян, 3 түлкі,, таба алмасаң, бұл күлкі!»

Бунақденеқоректілер отрядына кірпілер, жұпартышқан, жертесерлер, көртышқандар жатады.

Кемірушілерге кәмшат қайыр, құндыз жатады.

Қоянтектестер отрядына құм,ор,ақ қоян жатады.

Қолқанаттылар отряды - салпаңқұлақты, ақбауыр жарқанат, қатпар ерінді жарқанат.

Жұптұяқтылароряды күйіс қайыратындар және күйіс қайырмайтындар деп 2 топқа бөлінеді. Күйіс қайырмайтындарға шошқалар мен бегемоттар жатады.

Жыртқыштар отряды – аю,қасқыр,мысық,сусар тұқымдастар.

Аю тұқымдастар- қоңыр аю,ақ аю,ақ кеуделі аю.

Қасқыр тұқымдастар- шибөрі, қасқыр, қарсақ, түлкі, қызыл қасқыр.

Мысық тұқымдастар- қабылан, қамыс және шағыл мысықтары, сабаншы, қарақұлақ.

Сусар тұқымдастар- сусар, бұлғын,күзен, аққалақ,ақкіс,борсық, итаю, құндыз.

Тақтұяқтылар- құлан,тапир, керік,жылқы,тарпан, түзат.

Ескекаяқтылар – каспийтүлені.

Қызықты материалдар: «Білгенге маржан»

Доңыз; аталығы- қабан, аналығы- мегежін, төлі- торай.

Бұғы; аталығы – бұғы, аналығы – марал, төлі – қодыға.

Елік; аталығы – күлміз, аналығы – сөге, төлі –еңлік.

Арқар; аталығы – құлжа, төлі –қозықа.

4.Қорытынды.

Екі қанайналым шеңбері бар Маммология Жылықанды



Жүрегі 4 бөліктен тұрады Сүтқоректілер Көкет



Ұрықжолдастылар

5.Бекіту кезеңі.

1.Клас неліктен сүтқоректілер деп аталады

2.Сүтқоректілердің терісінде қандай без болған?

3.Сүтқоректілер қандай клас тармағына жіктеледі?

4.Сүтқоректілердің тістері қандай топтарға бөлінген?

5.Сүтқоректілердің есту мүшесі ерекшелігі қандай?

6.Ілкіаңдарға қандай жануарларжатады?

Үйге тапсырма: § 57, 2 бөлім дәптеріндегі тапсырмалар





-75%
Курсы повышения квалификации

Применение ИКТ на уроках химии и биологии в условиях реализации ФГОС

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Ұрықжолдастылардың аса маңызды отрядтары. Олардың биологиялық ерекшеліктері. Бунақденеқоректілер, Қолқанаттылар, Кемірушілер, Қоянтәрізділер. (42 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт