Меню
Разработки
Разработки  /  Прочее  /  Мероприятия  /  Дошкольникам  /  Ұлттық дәстүр мен заманауи костюмдердің гармониялық үйлесімділігі

Ұлттық дәстүр мен заманауи костюмдердің гармониялық үйлесімділігі

Көрсетуге арналған киімді модельдеуде суретші-дизайнер бірінші кезекте оның эстетикалық жағына басты назар аударады, оған қойылатын тұрмыстық талаптар екінші кезекте, яғни, киімнің тұрмыстағы қажеттілігі, ыңғайлылығы назардан тыс қалады. Сондықтан, көрсетілуге арналған костюм ерекше пішінде болуы мүмкін. Киім пішіндерінің өзгеруі адамның жаңалыққа ұмтылуынан, оның эстетикалық қажеттілігінен, сонымен қатар, моданың жалпы дамуымен байланысты болады
27.01.2020

Содержимое разработки

Халық өнеріндегі этникалық стиль

Сән ешқашан бір орында тұрған емес. Қазіргі заманның сән дизайнерлері әртүрлі әлем халықтарының киім үлгілерін кеңінен пайдалануда. Халық өнерін терең зерттеп, оның дәстүрлерін кеңінен пайдалану арқылы суретші-модельерлер өздерінің шығармашылық қызметтеріне жаңа тенденциялар қалыптастыруда.

Этникалық стиль өзінің көпжақтылығымен, нұсқаларының алуан түрлілігімен, өзіне ғана тән ерекшелігімен, әлемдегі өте ықпалды сән брендіне бұрыннан ие болған. Бұл айрықша стильдің ең басты ерекшеліктерінің бірі – әртүрлі мәдениеттердің, ұлттық стилінде айқын және шұбар принттерді кеңінен пайдалануы болып табылады. Мұнда бір сәнді киімнің өзінде әр түрлі түстер, қарама-қарсы контрастты түстер мен әртүрлі материалдар фактуралары бір-бірімен үйлесім табады. Киімдегі этникалық стиль шексіз, ол алуан түрлі әлем мәдениеттерінің түрлі ерекшеліктерін өзіне сіңіре алады.

Декор үлкен роль атқарады. Декор – киімді сәндейтін элементтер жиынтығы, көркемдік жүйе. Декорға жататындар: матамен безендіру, декоративті және конструктивті сызықтарды пайдалану, безендірудің әр түрлері (бисермен, моншақтармен, тастармен), фурнитуралар, матадағы оюлар, фактуралардың орын алмасуы және т.б. Декоративті элементтер киімнің образдық сипатын айқындайды, киім стилінің, пішін конструкциясының және құрамдас бөліктерінің ерекшеліктерін көрсетеді. Безендіру сипаты мен материал өңдеу тәсілдерінің маңызы зор. Оюлы суреті бар мата киімге пішін қалыптастыруда үлкен роль атқарады, оны көзбен көріп қабылдауға ықпалын тигізеді: ерекше бөліктеріне назар аудартады, костюмнің әртүрлі детальдарының назарға ілінуін реттейді, пішінді толық көзбен қабылдауды жүзеге асырады.

Ою костюмге және оның жеке құрамдас бөліктеріне тұйықталмаған фрагмент сипатын береді немесе әрбір жеке бөліктің айқындалуын қамтамасыз етеді, костюм пішінінің толық конструктивтік логикасын анықтайды. Сондықтан, оюлы тоқыма материалдарымен коллекция құрғанда, костюм пішінін көзбен қабылдауда силуэттік және кеңістік сипаттамаларының ерекшеліктері есепке алынады.

Костюмге «көлемділік» беру үшін, майда және орташа мөлшердегі пластикалық пішінді мотивтегі маталар қолданылады. Олар «қозғалыс» немесе «тербеліс» әсерлерін тудырады, мата беті біркелкі, тегіс болып көрінбейді. Сонымен қатар, киімге «көлемділік» беру үшін монокомпозициялы суреттер пайдаланылады, олар костюм пішінінің орталық бөлігінде көзбен қабылдау белсенділігін арттырса, костюм силуэтінің шеттеріне қарай бәсеңдей береді.

Қазіргі кездері киім үлгісін модельдеуде киімнің стильді дәстүрлі элементтерін пайдалануда кейбір шарттылықтар қолдау табуда. Алғашқы кездері қабылданылуы қиын киімнің жаңа пішіндері, көз үйренгеннен кейін бірте-бірте эстетикалық дұрыс пішіндер қатарына еніп кетеді. Этнографиялық костюмге тән киім пішінінің құрылымы, оның силуэті, оюлар сипаты қазіргі заманғы көптеген киім үлгілерінің негізін құрайды. Этнографиялық костюмдерге қарапайымдылық, ыңғайлылық, жинақтылық, пайдалылық, жеке элементтері мен компоненттерінің бір-біріне үйлесімділігі тән. Сонымен қатар, силуэт сызықтарының ырғақтылығын келтірудегі түстер шешімі, табиғи түстердің үйлесімділігі маңызды роль атқарады. Костюмнің эстетикалық шешімі, біртұтастығы, формаларының көптігі, декоративті безендірілуі оған өзіндік жарасымдылық береді.

Этнографиялық киімдердің эмоционалдық-көркемдік образы дизайнерлерді қазіргі заман костюмдерін модельдеуде жаңа технологияларды, тәсілдерді, тоқыма өнеркәсібі ұсынған жаңа маталарды пайдалануға итермелейді. Этнографиялық костюмнің тиімділік қағидаларын, композициялық жетістіктерін сақтай отырып, жаңа технологиялар мен технологиялық әдістерді пайдаланып, қазіргі заманға лайықты костюм модельдерін жасау – қазіргі модельерлердің басты міндеті болып табылады. Халық мотивімен шешілген қазіргі заман костюмінің көркемдік шешімі заман талаптарына сай болуы тиіс. Этнографиялық костюмдерді зерттегенде, оның пластикалық байлығын, пропорциялық қатынастарының дұрыстығын, түстердің шешімін, фактуралық көпжақтылық пен ритмдер байлығын көріп-сезе білу қажет. Тек мұқият түсініп зерттеу арқылы ғана суретші қазіргі заман костюмінің ерекше үлгісін жасай алады. Мұнда қайталау немесе өткен үлгіден көшіру болмауы тиіс, тек этнографиялық киімді еске салатындай болуы тиіс.

2 мақала.

Көрсетуге арналған киімді модельдеуде суретші-дизайнер бірінші кезекте оның эстетикалық жағына басты назар аударады, оған қойылатын тұрмыстық талаптар екінші кезекте, яғни, киімнің тұрмыстағы қажеттілігі, ыңғайлылығы назардан тыс қалады. Сондықтан, көрсетілуге арналған костюм ерекше пішінде болуы мүмкін. Киім пішіндерінің өзгеруі адамның жаңалыққа ұмтылуынан, оның эстетикалық қажеттілігінен, сонымен қатар, моданың жалпы дамуымен байланысты болады (1).

Қазіргі кездері моданың біртектілігі мен бірлігі аралас стильдерге орын берген, мұнда халық костюмінің өзіндік ерекшелігін көрсететін этникалық мотивтер мен тәсілдер бір-бірімен үйлесімін тапқан. Алдыңғы қатарлы дизайнерлердің коллекцияларында ұлттық стильде дайындалған модельдер көптеп кездеседі. Киімдерде қазіргі заман мен болашақтың элементтері байқалады. Ұлттық өнердің әлемнің тарихи-мәдени үлгілерін пайдаланбай дамуы мүмкін емес. Халық шығармашылығы өзінің бастауын көне дәуірден алады. Өздерінің ұлттық киімге қызығушылығын негізінен аға буын өкілдері сақтаған (2). Керісінше, жастарда ұлттық киімге сұраныс онша жоқ. Сондықтан, қазіргі заман модельерлері ұлттық дәстүр мен заманауи костюмдердің гармониялық үйлесімділігін қамтамасыз ете алатын жаңа үлгілер іздестіруде.

Ұлттық костюмді өнер туындысы ретінде зерттеген сайын, одан көптеген құндылықтарды табасыз, ол біздің ата-бабаларымыздың жылнамасы ретінде көрінеді. Онда халық өнерінің сұлулық заңдары мен құпиялары ою-өрнек, пішін, түстер көмегімен көрініс тапқан. Сондықтан, халық костюмі ешқашан жоғалмайды, керісінше, халықтың өткенін қазіргі заманмен және болашақпен байланыстыратын буын ретінде қалады.

Ұлттық костюм бөліктерінің пішінінде, қолайлылығында біздің ата-бабаларымыздың көптеген ғасырлық тәжірибелері жинақталған. Көркем ою-өрнектер мен безендірулерде халықтың көркемдік көзқарасы, оның жаңа жетістіктерге жетуге ұмтылысы көрінеді. Сондықтан, халықтық стильді пайдалана отырып, қазіргі заманғы костюм жасауда халықтық стильге тән киімді модельдеу мен пішу ерекшеліктерін, пішу мен декор бірлігін пайдалану керек (3).

Көне дәстүрлерді пайдалануға бел буған әрбір суретші өнердің әр түрлерінің шексіз мүмкіндіктері бар екеніне көз жеткізеді. Мұндай мүмкіндіктер жаңа модельде халықтың ұлттық өзіндік ерекшелігін көрсетуге жағдай жасайды. Әртүрлі елдердің мәдени дәстүрлерін пайдалану, әртүрлі халықтар мен әртүрлі тарихи кезеңдердің элементтерін араластыра пайдалану арқылы жаңа қайталанбас туындылар жасауға болады (4).

Этникалық стиль әлемдік мода нарығында өзіне лайық орын алған. Өткеннің пішінін, түсін, силуэтін және декорын пайдаланудан қазіргі заман дизайны ұтылмайтыны анық. Көптеген дәстүрлердің араласуы әбден орныққан ұлттық және еуропалық киімдерден өзгеше жаңа заман киімін жобалауға мүмкіндік береді. Мұнда өткеннен дайын нақты пішіндер алынбайды, костюм жасаудың жалпы қағидалары, көркем шығармашылық дәстүрлері алынады, яғни жаңа деңгейдегі, өткен заман мен қазіргі заман образдарын біріктіретін ұлттық образ пайда болады. Ізденісті, экспериментті көп қажет ететін жастар модасында эклектика басты тақырып болып саналады. Стильдер мен бағыттарды шебер үйлестіре отырып, костюмнің көп нұсқалығын арттыруға болады. Мұнда костюмнің біртұтастығы мен гармониясын сақтаудың басты шарты – талғам мен қанағатшылықты сақтау болып табылады. Бұрын біріктіруге болмайды деп саналатын элементтерді біріктіру жас стилистердің сүйікті тәсіліне айналды, бұл тәсіл жаңалықтар ашуға шексіз мүмкіндіктер жасайды. Бірақ, фольклорлық мотивте жасалған қазіргі заман костюмі ұлттық костюмнің дәл көшірмесі болмауы тиіс. Түпнұсқамен байланыс неғұрлым жіңішке болса, костюм соғұрлым гармониялық және жетілген болып саналады (5)

3 мақала.

Композициялық-конструкторлық шешім мен пішіннің ықшамдылығымен сипатталатын қазіргі заман костюміне декоративті безендіру тән. Декоративті безендірудің басты міндеті – киімді көркемөнер туындысына айналдыру, оны қайталанбас ету және көрерменге белгілі эстетикалық ақпарат беру.

Декоративті безендіру, сонымен қатар, бұйым пішінін немесе оның құрамдас бөліктерін айқындап көрсетеді, пішінді бөліктерге бөледі, осы бөліктерді біріктіріп, тұтас көрініс алады (1).

Безендірулер костюмнің көркемдік-бейнелік көрінісін байытып, әр түрлі функциялар атқарады: декоративті-конструктивтік және декоративті-утилитарлық. Әрбір тарихи кезең үшін және мода кезеңі үшін көркемдік безендірудің өзіндік түрлері және оларды қолданудың өзіндік тәсілдері тән, олар жылдар өткеннен кейін қайталанып отырады. Безендірулердің материалдары мен формалары сан алуан түрлі болуы мүмкін, оларды таңдау бұйымның түріне, пішініне, материал фактурасына және т.б. факторларға байланысты болады (2).

Костюмді безендірудің ең көп таралған көне тәсілдерінің бірі кестелеу болып саналады, ол халықтың эстетикалық талғамын, мүмкіндіктерін және мәдениетін көрсетеді. Ол бүгін де ең өзекті және декоративтік тәсіл. Қазіргі кездері кестелеуге арналған материалдар жиынтығы өте бай: түрлі-түсті жібек, мақта-мата және люрекс жіптері, күміс сымдар, су моншақтар, стеклярус, пайеткалар, інжу тас, таспа, баулар, табиғи және жасанды тастар және т.б.

Безендірудің одан да басқа технологиялық тәсілдері: матаға сурет басу, әшекейлеу (батик), көркем тоқу, аппликация, пэчворк, өру және т.б. қолданылады. Костюмді безендіруге осы тәсілдердің бірін таңдау үшін суретші декордың назарды өзіне бірден аудармайтындығын, костюмнің жалпы стиліне, түсіне, фактурасына, материалдың пластикалық қасиеттеріне сәйкес келетіндігін естен шығармауы тиіс.

Безендірудің ерекше тәсілдеріне жататындар: тігін машинасымен салынатын әртүрлі тігістер, фурнитура, біртекті фактуралы безендіру маталары, қарама-қарсы түстер, түстері сәйкес келетін әр текті маталар. Көркемдік безендіруді инверсия тәсілімен жүргізу де тиімді. Оған басқа бұйымдардың детальдарын пайдалану, декорды ірілендіру, декоративті әртүрлі элементтердің орындарын ауыстыру, оларды күтпеген орындарға орналастыру және т.б. жатады (3).

Костюмді безендіруде оның композициясына шамадан тыс салмақ түспеуін қадағалау керек. Сонымен қатар, әр түрлі сипаттағы безендіру түрлерін бір мезгілде, бір модельде пайдалану мүмкіндігі мұқият зерттеледі, ол үлкен шеберлікті, талғамды талап етеді. Жобалаудағы киімге қандай декоративтік тәсіл қолданылатынын таңдауда суретші костюмнің стиліне, пішініне, декордың сәйкес келуін, суреттің бүкіл костюмнің эмоционалдық орталығы болуына назар аударуы тиіс. Егер сызықтардың, бөліктердің, фактуралардың, түстердің бір-бірімен өзара үйлесімділік қағидалары сақталса, безендіру композицияны байытады.

Қазіргі заман модасы бағытына сәйкес гармониялық образ жасауға мүмкіндік берген декор дұрыс және сәтті болып саналады. Жоғарыда айтылғандарды қорыта келіп, шығармашылық процесс – эстетикалық көркем модель образын жасау, пішін мен мазмұн бірлігін іздеу, жаңа материалдар мен фактуралар, суреттер, жаңа безендіру түрлерін іздеу болып табылатындығын көреміз.

-75%
Курсы повышения квалификации

Профессиональная компетентность педагогов в условиях внедрения ФГОС

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Ұлттық дәстүр мен заманауи костюмдердің гармониялық үйлесімділігі (20.67 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт