Меню
Разработки
Разработки  /  История  /  Уроки  /  8 класс  /  Туған елдің тұлғаларын тану негізінде "Біздің елдің жігіттері" мақаласы

Туған елдің тұлғаларын тану негізінде "Біздің елдің жігіттері" мақаласы

?р пенде ?з ту?ан жеріні? тарихи т?л?аларын тану керек. Міне осы орайда к?деге асар деген ниетте жазылды. Ел мен ерін ?лы?тау перзент парызы.

25.04.2017

Содержимое разработки

Оқаев Қаби Оқаұлы (2.9. 1929 жылы туған, Атырау облысы Құрманғазы ауданы Утеры кенті) – экономист-ғалым, экономика ғылымдарының докторы (1975), профессор (1978).[1] Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері (1995). ҚазМУ-ды бітірген (1959). 1959 – 63 жылдары ҚазМУ-дың экономика факультетінде оқытушы, аға оқытушы, 1963 – 75 жылы Алматы халық шаруашылық институтында доцент, факультет деканы, 1975 жылдан осы институтта (2001 жылдан Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университеті) кафедра меңгерушісі. Оқаев өнеркәсіптегі негізгі қорлардың ұдайы өндірісі, шаруашылық есеп қатынастарын, экономиканы басқарудың шаруашылық тетігін жетілдірудің экономика заңдылықтарын зерттеумен айналысып, осы салалар бойынша Қазақстанда ғылыми мектепті қалыптастырды. 200-ден астам ғылыми еңбегі жарық көрді, оның 18-і монография, оқулық кітаптар, оқу құралдары. Оқаевтың өнеркәсіп саласындағы ұсыныстары мен әдістемелері Қазақстанның машина жасау, түсті металлургия, жеңіл өнеркәсіп және құрылыс ұйымдарында енгізілді. “Құрмет белгісі” орденімен (1986), медальдармен марапатталған.













ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫР ИЕСІ



Қазақстандағы тұңғыш мамандан-дырылған экономикалық жоғары оқу орны – Алматы халық шаруашылығы институтының алғашқы іргетасын қалаушылардың бірі, елімізге белгілі қоғам қайраткерлерін, халыққа кеңінен танымал шәкірттер тәрбиелеген ұлағатты ұстаз Қаби Оқаұлы өмір-теңізде ескек ескелі бері уақыт-қайығы жылжып, сексен бес жасқа үлкен абырой-беделмен жетіп отыр. Мәселе оның қанша жас ғұмыр кешкенінде емес, сол сексен бестің биігін қалай бағындырғанында екенін зерттеп, зерделеп қарасақ әркімнің -ақ армандайтын шыңға шыққанын анық аңғаруға болады.

Еңбек өтілі Ұлы Отан соғысы жылдары колхозда үш жыл маусымдық жұмыс атқарған кездерді қоса санағанда 74 жылды құрайды. Сонау 1942-1944 жылдарда колхозда еткен еңбегі ресми түрде еңбек майданының қатысушысына теңелді.

Қ.О.Оқаевтың еңбек жолы бұрынғы Гурьев облысы (қазіргі Атырау) Денгиз ауданы Утеры селосындағы «Қызыл таң» колхозында колхозшы болудан басталып, сол ауданның «Путь к коммунизму» колхозында бас бухгалтер қызметін атқаруға дейін жетті. Сол жылдардағы өндірістің бастапқы буынынан бастау алған еңбек жолы Қаби Оқаұлы үшін нағыз өмір мектебіне айналды. Сол кезден-ақ өзіне және айналысындағыларға қатал талап қоя білу, басқалардың қуанышын шын жүректен бөлісу, жанындағылардың мұң-қайғысына ортақтаса білу сияқты өмірлік ұстанымдар қалыптаса бастады.

Қаби Оқаұлы елуінші жылдардың басында тез мерзімдік әскери қызметте жүріп, әскери және саяси қызметтің үздігі атанды, оған команда бөлімінің әртүрлі құттықтау хаттары мен марапаттау құжаттары тапсырылып, команда мен әріптестер арасында үлкен абыройға ие бола білді. Әскери бөлім орналасқан Иркутск облысындағы Братск аудандық комсомол комитеті пленумына мүше болып сайланады. Соғыс кезінде үзіліп қалған оқуды әскерде жүріп Братск қаласындағы жұмысшы жастардың кешкі мектебінде жалғастырады.

Еңбек жолы Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау шағында қарапайым колхозшыдан басталып, одан кейін өзі білім алған қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 15 жыл бойы шыңдалудан өткен Қаби Оқаұлы ел аузында «Нархоз» деп айтылып кеткен, бүгіндегі республикамыздағы беделді білім ордасы Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің шаңырағын көтеруге, уығын шаншуға, түптеп келгенде, бұл оқу орнының көшбасшылар арасынан көрінуіне есепсіз тер төкті.

Жиырма жылдан астам уақыт Алматы халық шаруашылығы институтында, кейіннен Қазақ мемлекеттік экономикалық университеті, Қазақ мемлекеттік басқару академиясы, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті болып қайта аталған осы оқу орнында екі ірі факультетті және отыз жыл бойы кафедраны үздіксіз ізденісі мен іскерлігінен танбай, тамаша басқара білді, қоғамдық ұйымдарға басшылық жасады. Сондай-ақ, ол докторлық диссертациялар қорғау жөніндегі диссертациялық кеңесті басқарып, Қазақстан Республикасы Ғылыми кадрларды аттестациялау жөніндегі сараптау кеңесіне төраға да болды. Осы қызметтерде жүргенде оқу үрдісін жан-жақты меңгеретін және қызметкерлердің үйлесімді жұмыс істеу мәселелерін шебер шеше білетін басшыға тән жағымды қасиеттерімен ерекшеленді.

Профессор Қаби Оқаұлы мемлекеттің экономика саласына қажетті мамандар әлуетін қалыптастыруға және оны толықтыруға үлкен үлес қосты. Факультет деканы, кафедра меңгерушісі болған кезінде оның басшылығымен дайындалған мыңдаған экономист-мамандар бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде экономиканың барлық салалары мен аймақтарында жемісті еңбек етуде.

Қаби Оқаұлы басқарған кафедра Қазақстанның барлық аймақтарына экономист-мамандар даярлаумен қатар ірі ғылыми-зерттеу орталығына айналды. Сол ғылыми ортадан түлеп ұшқан түлектердің арасында мемлекеттің көрнекті қайраткерлері, белгілі ғалымдар мен өндіріс ұйымдастырушылары, кәсіпкерлер мен еліміздің барлық аймақтарындағы жоғары оқу орындарында қызмет етіп жатқан педагогтар бар. Академик Қаби Оқаұлының ғылыми мектебінен 6 ғылым докторы мен 30 ғылым кандидаты, 20-дан астам магистр шықты. Соның ішінде, бүгінде республикаға аттары мәлім қоғам қайраткерлері ҚР-ның Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа төрағасы

Тимур Құлыбаев, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің ректоры Жексенбек Әділов, қоғамдық бірлестік төрағасы Байболат Әубәкіровтер бар.

Нарықтық экономика жағдайында профессор Қ.Оқаев негізгі капиталды жаңартудың экономикалық заңдылықтары мен экономиканы басқарудың шаруашылық механизмдерін жетілдіруді зерттеумен қатар, елімізде кәсіпкерлікті дамыту проблемаларымен, кәсіпорындардың өндірістік аппаратын жаңарту жолымен экономиканы модернизациялау және жоғары технологияларды енгізудің экономикалық мәселелерімен белсенді түрде айналысып келеді.

Қаби Оқаұлын білім мен ғылым саласының майталманы деп айтсақ артық болмас. Студенттік аудиторияға жас оқытушыларды жіберуде асқан талғампаздық пен талапшылдық қою арқылы білім сапасының жоғары биікте болуына басты назар аударумен қатар, жас ғалымдардың ғылыми еңбектерін саралау мен бағалауда мұқият және ыждағаттылық танытып отырады. Өзіне де сондай жоғары талап қоя білетін ұстаз әрбір дәріске жан-жақты дайындықпен барады. Оқу-әдістемелік құралдарды экономика мен білім саласындағы жаңа ағымдардың бағытына қарай жаңартып отырады, білім алушы жастардың нарықтық ортада бәсекеге қабілетті болуы үшін ең қажетті қасиеттерді оларға сіңіруден жалықпайды. Құрметті ғалым-ұстаздың тек қана университет шеңберінде ғана емес, жалпы республика көлемінде экономика саласындағы ізденуші ғалымдар арасында мәртебе-мерейі үстем екенін атап өткен жөн. Әрбір адамның еңбегіне әділ баға беру кез-келген басшының қолынан келе бермейді, міне осындай турашыл, әділетті, қатал да талапшыл, аз сөйлеп, терең ойлайтын, жеке басының мүддесінен халық мүддесін жоғары қоя білетін Қаби Оқаұлы осындай жақсы қасиеттерімен ерекшеленеді. Қандай қиыншылық болса да қасқайып қарсы алатын, сырбаз да сыншыл, талғампаз тағылымды тұлға.

Нарықтық экономиканың талаптарына сәйкес жоғары оқу орындарында қайта бейімдеу бағдарламасын дайындауға зор күш жұмсап, отандық білім ошақтарының Ресей, Белоруссия, Украина және басқа да елдердің жоғары оқу орындарымен байланысын кеңейтуге елеулі үлес қосуы, Ресей академиясының корреспондент-мүшесі П.Г.Бунич сияқты атақты адамдармен етене араласуы, кандидаттық диссертациясын айтпағанның өзінде, 1978 жылы ҚСРО-ның жоғары аттестациялық комиссиясының шешімімен профессор ғылыми атағын алуы осының айғағы. Мұндай аптал азаматты туған жеріндегі жерлестері ерекше құрмет тұтады. Атырау облысы Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы атанғанына да он жылдың жүзі толып үлгерді.

Қаби Оқаұлының 300-ге жуық ғылыми еңбегі, соның ішінде 20-дан астам монографиялары мен кітаптары жарық көрді. Оның ғылыми еңбектері экономиканың теориялық проблемалары мен қолданбалы аспектілеріне арналғандықтан ғылымда, шаруашылық тәжірибеде кеңінен пайдаланылып келеді. Ол құрған ғылыми мектеп барлық уақытта ұлттық экономиканың нақты секторымен тығыз байланысын үзген емес. Қ.О.Оқаев көптеген халықаралық, республикалық және тағы басқа ғылыми-теориялық конференцияларда экономиканың өзекті тақырыптарына қызықты баяндамалар жасаудан еш жалыққан емес. Республикалық «Білім» қоғамында экономика секциясына, республикалық радиода берілетін экономика саласы бойынша миллиондардың экономика мектебіне басшылық жасады, экономика тақырыбына көптеген ғылыми семинарлардың ұйымдастырушысы бола жүріп, журналдар, ғылыми жинақтар, энциклопедиялар шығаратын баспаларға да көп еңбек сіңірді, экономика жөнінде Қазақ энциклопедиясының редакциялық кеңесінің төрағасы болды.

Қазіргі таңда профессор Қ.Оқаев мамандар даярлауда және кәсіпорындардың экономикалық қызметінде мемлекеттік тілді белсенді пайдалануға өзінің үлесін қосып келеді. Соның нәтижесінде оның тікелей басшылығымен бірнеше экономикалық сөздік дайындалды.

Қаби Оқаұлы Оқаев экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның Жоғары мектебі ғылым академиясының академигі, Еуразия Халықаралық экономикалық академиясының академигі, «Бухгалтер бюллетенін» шығарудың ұйымдастырушысы… тізбелей түссең, осындай-осындай толағай табыстары жалғаса береді.

Оның еңбегі «Парасат» орденімен, «Еңбек ардагері» медалімен, «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» және «КСРО Жоғары білім беру министрлігінің білім беру үздігі» атақтарымен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин» төс белгісімен, А.Байтұрсынов атындағы алтын медалімен, «Қазақстан ғылымын дамытудағы ерен еңбегі үшін» төс белгісімен және басқа да марапаттармен бағаланған.

Профессор Қ.Оқаұлы әйгілі «Нархоздың» жоғары білім жүйесіндегі көшбасшылық тұғырының қалыптасуына да өзінің зор үлесін қосып келеді. Ол жас мамандардың өмірлік ұстанымдарының дұрыс қалыптасуынан бастап, еңбек өтінде шыңдалып жүрген азаматтармен салиқалы ой қозғап, елдің амандығы мен мәдениетін, ғылымы мен білімін өркендету аясындағы толғамды пікірлерін ортаға салып жүреді.

Елу бес жыл. Қаби Оқаұлының өнегеге толы өмірі осынша уақыттан бері экономика ғылымымен қатар өріліп келе жатыр. «Елу жылда ел жаңа…» демей ме? Ендеше ел жаңарып, дамып, өркендеп жатса, ел экономикасы «тар жол, тайғақ кешуден» сүрінбей өтіп, еңсе тіктеуге, қарыштап дамуға бет бұрса, бұған үлгі тұтатын ұстаз, ғалым, сонымен қатар адамгершілік пен адал еңбектің үлгісін танытқан Қаби Оқаұлының үлес қосып келе жатқанын Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің ұжымы мақтаныш санайды. Міне бүгін өмірлік жолы – мектеп, ақыл-парасаты – ғибратты жол ғалым-ұстаз Қаби Оқаұлы Оқаевтың мерей тойы.

Қаби Оқаұлы өзінің саналы ғұмырын парасаты мен пайымы қатар жүретін, бүгінде ардақты ана, аяулы әже атанған жұбайы Фазила Әмірғалиқызымен бірге өткізіп келеді. Олар Ермек және Еркебұлан сынды мақтаныш тұтар азаматтарды тәрбиелеп өсіріп, олардан ұрпақ сүйіп отыр.

Біз бүгінгі мерейтой иесі Қаби Оқаұлы Оқаевты сексен бес жасқа толған мерейтойымен шын жүректен құттықтап, отбасының аман, денінің сау болуына, ғылым мен білім саласындағы орнының биіктей беруіне тілектестігімізді білдіреміз.

Серік Святов,

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық

университетінің ректоры,

экономика ғылымдарының докторы,

профессор

-75%
Курсы повышения квалификации

Профессиональная компетентность педагогов в условиях внедрения ФГОС

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Туған елдің тұлғаларын тану негізінде "Біздің елдің жігіттері" мақаласы (33.15 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт