Меню
Разработки
Разработки  /  Физика  /  Тесты  /  Прочее  /  Техникалық механика пәнінен тестілік тапсырмалар жинағы

Техникалық механика пәнінен тестілік тапсырмалар жинағы

Техникалық механика негіздері пәнінен тестілік тапсырмалар жинағы. Статика. Кинематика. Динамика. Материалдар кедергісі. Машина бөлшектері

15.05.2018

Содержимое разработки

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫ

«САЛАМАТ МҰҚАШЕВ АТЫНДАҒЫ

АТЫРАУ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» КМҚК







ЕМТИХАНДЫҚ ТЕСТІЛІК СҰРАҚТАР

ЖӘНЕ ТАПСЫРМАЛАР


Техникалық механика негіздері

пәні бойынша


0910000 - «Электр және электрмеханикалық жабдықтар (түрлері бойынша)»

мамандығы үшін


Курс III, семестр I


2016-2017 оқу жылы


Оқытушы Г.А.Хайруллина



























АТЫРАУ-2016

Пән атауы: Техникалық механика негіздері

Автор: Хайруллина Гульназ Абатовна

~~Беріліс санын сатысыз реттеуге арналған фрикциялық берілістің түрі

@@вариатор++

@@біліктер

@@подшипник

@@муфта

@@тісті беріліс

~~Қосылыс бөлшектері тобына жататын жататын бөлшекті көрсет?

@@подшипник

@@Заклепка++

@@ось

@@білік

@@шестерня

~~Қосылыс бөлшектері тобына жататын жататын бөлшекті көрсет?

@@ось

@@білік

@@подшипник

@@шпонка++

@@шестерня

~~Бөлшектің сипаттамасы мен параметрлерін анықтайтын есептеуді қалай атайды?

@@аналитикалық есептеу

@@графикалық есептеу

@@геометриялық есептеу

@@тексеру есебі++

@@тәжірибелік есебі

~~Тісті берілістің қозғалыс берілу принципі қалай жүзеге асады?

@@үйкеліспен

@@тістерідің ілінісуі арқылы++

@@бөлшектердің түйісуі арқылы

@@иілгіш байланыс арқылы

@@сырғанаумен

~~Червякты берілісте біліктердің өзара орналасуын көрсет

@@параллель біліктер

@@қиылысушы біліктер

@@айқасқан біліктер++

@@сатылы орналасқан біліктер

@@жалғасқан біліктер

~~Беріліс не үшін керек?

@@тірек қызметін атқарады

@@қозғалыс пен қуатты белгілі бір қашықтыққа беру үшін++

@@қозғалысты белгілі бір уақыт аралығында тоқтату үшін

@@қуатты ажырату үшін

@@айналу бөлшектерін ұстап тұру үшін

~~Беріліс қолданылу орыны?

@@машина двигателіне қозғалыс тудыру үшін алдында орналасады

@@машина двигателі мен жұмыс атқарушы тетіктің аралығында ++

@@қозғалысты белгілі бір уақыт аралығында тоқтату үшін

@@жұмыс атқарушы жабдықтан кейін берілген жұмысты атқару орналасады

@@айналу бөлшектерінің аралығында

~~Механикалық берілістер тізімі қайсысы?

@@тісті,червякты, шынжырлы, белдікті++

@@ілінісу,үйкеліс, фрикциялы

@@үйкеліс,белдікті, вариатор

@@гидравликалық, пневматикалық, шынжырлы

@@пневматикалық, механикалық, белдікті

~~Беріліс дегеніміз.....?

@@ тірек қызметін атқару үшін арналған механизм

@@бөлшектерді өзара жалғастыратын ажырамалы қосылыстың бір түрі

@@үйкеліс пен қуат тоқтату үшін жасалған механизм

@@айнымалы қозғалысты түзу сызықты қозғалысқа айналдыра алатын механизм++

@@қозғалысты тұрақтандыру үшін арналған механизм

~~Өзара айқасатын біліктер арасында қозғалысты беруге арналған беріліс........?

@@тісті беріліс

@@белдікті беріліс

@@червякты беріліс++

@@шынжырлы беріліс

@@фрикциялық беріліс

~~Қозғалыс және қуаты бір біліктен екінші білікке белдік пен шкив арасындағы үйкеліс күші арқылы берілетін беріліс қалай аталады?

@@червякты беріліс

@@тісті беріліс

@@фрикциялық беріліс

@@шынжырлы беріліс

@@белдікті беріліс++

~~Қозғалысты айналу моментін бір біліктен екінші білікке тістерінің ілінісуі арқылы беретін беріліс?

@@червякты беріліс

@@тісті беріліс++

@@белдікті беріліс

@@шынжырлы беріліс

@@фрикциялық берілііс

~~Абразивтік тозу дегеніміз не?

@@тістің сынуы

@@тістердің қажалып тозуы

@@ілініске қатты кішкене бөлшектер түсіп,одан тістердің қажылып тозуы++

@@лас орындарда жұмыс істегенен пайда болатын тозу

@@тістердің майысуы

~~Беттік үгілу дегеніміз не?

@@тістің сынуы

@@абразивтік тозу

@@тістің сыртқы бетінің үгілуі++

@@тістің пішінін жойып майысуы

@@тістерінің жарылуы

~~Шлицті қосылыс дегеніміз қандай қосылыс?

@@күпшектің ішкі бетіндегі тістердің дәл сол пішіндес етіп жасалған білік бетіндегі ойықтарға отырғызған қосылыс++

@@болтпен қосылған қосылыс

@@шпонкалы қосылыс

@@гайкамен қосылған қосылыс

@@ажырамалы қосылыс

~~Ажырамалы қосылыс дегеніміз қандай қосылыс?

@@қосылған бөлшектерді тез арада бұзбай бір-бірінен ажыратуға болатын қосылыс++

@@бөлшектерді бұзусыз ажыратуға келмейтіндей етіп біржолата қосу

@@тойтармалы қосылыс

@@болшектерді нығыздап қосу

@@өзара қосылған бөлшектерді бұзып ажыратуға мүмкіндік беретін қосылыстарды айтамыз

~~Ажырамайтын қосылыс қандай қосылыс

@@болтпен қосылатын қосылыс

@@бөлшектерді бұзусыз ажыратуға келмейтіндей етіп біржолата қосуды айтады++

@@бұрандалы қосылыс

@@өзара қосылған бөлшектерді бір-бірінен бұзбай ажыратуға мүмкіндік беретін қосылыс

@@гайкамен қосылған қосылыс

~~Бұрандалы қосылыстар қандай қосылыстар?

@@болаттың,винттің,шпильканың,гайканың және т.б. бекіту бөлшектерінің көмегімен қосылатын ажырамалы қосылыс++

@@нығыздалып қосылған қосылыс

@@тойтармалы қосылыс

@@ажырамайтын қосылыс

@@пісірілген қосылыстар, тойтармалы шегемен қосылыс, нығыздалып қосылған қосылыс

~~Болт дегеніміз не?

@@екі жағында бұрандасы бар дене

@@алты қырлы қалпақшасы бар бұрандалы бөлшек++

@@бес қырлы шпилка

@@бұрандалы қалпақшасы жоқ бөлшек

@@бір жағы бұрандалы дене

~~Шпилька дегеніміз?

@@алты қырлы қалпақшасы бар винт

@@бұрандалы сырқ

@@екі жағында да бұрандасы бар сырық++

@@кесілуге жұмыс жасайтын дене

@@бұрандалы қалпақшалы бөлшек

~~Машиналар атқаратын қызметіне қарай қалай бөлінеді?

@@энергетикалық, технологиялық

@@басқарушы,логикалық

@@энергетикалық, басқарушы

@@логикалық,технологиялық

@@энергетикалық, технологиялық, басқарушы, логикалық++

~~Бөлшектерді біріктіретін элемент қалай аталады?

@@өстер

@@білік

@@гайка

@@кілт

@@шпонкалар++

~~Шпонканың түрлерін атаңыз?

@@радиусты,радиуссыз

@@призмалық, сигментті, сына тәрізді++

@@бір радиусты,қарапайым

@@радиусты,сына тәрізді

@@қарапайым,призмалық

~~Тісті берілістер ілінісуіне қарай бөлінуі?

@@түзу,қиғаш

@@айқасқан,эвольвентті

@@сырттай,қиғаш

@@іштей, сырттай++

@@циклоидты іштей

~~Дөңгелектің тістерінің біліктерінің геометриялық осьтерінің орналасуына қарай?

@@түзу, қиғаш, шеврон, циклойдты++

@@эвольвентті

@@конусты,эвольвентті

@@қиғаш,түзу,конусты

@@шеврон,конусты

~~Тісті дөңгелектердің біліктерінің геометриялық осьтерінің орналасуына қарай қалай ажыратады?

@@параллель, қиылысқан, айқасқан++

@@түзу, қиғаш

@@циклойдты, шеврон

@@эвольвентті, циклоидты

@@эвольвентті, шевронды

~~Шынжырлы беріліс қандай беріліс?

@@белдік пен шкив арасында үйкеліс күші арқылы берілетін беріліс

@@қозғалысты жалғастыратын беріліс

@@айналу моментін,қуатты беретін беріліс

@@қуаты жоғары механизм

@@қозғалысты жұлдызшалар арқылы берілетін иілгіш элементті беріліс++

~~Белдікті берілістің белдігінің материалы?

@@болат,шойын

@@ағаш,қайыс

@@мата,болат

@@қайыс, пластик, резина++

@@жез, қайыс, пластик

~~Тұйық муфталарды көрсет?

@@втулкалы,фланецті++

@@теңелту,серпімді

@@айқас,серпімді

@@қарапайым,айқас

@@фланецті, айқас

~~Механикалық муфталарды атаңыз?

@@втулкалы,серпімді

@@басқарылатын, басқарылмайтын, автоматтандырылған++

@@тұйық,втулкалы

@@серпімді,тұйық,втулкалы

@@дұрыс жауабы жоқ

~~Теңелту муфталарының негізгі түрлерін көрсетіңіз?

@@тұйық,айқас

@@басқарылатын,басқарылмайтын

@@тісті, жылжымалы, айқас++

@@серпімді, клеммалы

@@тісті, клеммалы

~~Балқытып қосудың түрлері?

@@қыздырып қосу,штамппен қосу

@@қысыммен қосу,балқытып қосу

@@газбен қосу

@@температурамен қосу

@@электрдоғамен пісіріп қосу,термохимиялық пісіріп қосу++

~~Керілісті қосылыс қандай қосылыс?

@@бөлшектерді бір-біріне сығымдап қосу++

@@бөлшектерді айқастырып қосу

@@жанастырып қосу

@@пісіріп,қыздырып қосу

@@дұрыс жауабы жоқ

~~Ішкі беті біліктер мен осьтері бетімен жанасып,олардың арасында сырғанау пайда болса.......?

@@сырғанау подшипниктері ++

@@домалау подшипнигі

@@үйкеліс подшипнигі

@@радиалды подшипник

@@қысқа радиалды

~~Білік пен тіректер арасында орналасқан шарикті немесе роликті денелер және олар домалау үйкелісімен жұмыс жасаса........дейміз?

@@сырғанау подшипнигі

@@домалау подшипниктері++

@@үйкеліс подшипниктері

@@радиалды подшипник

@@қысқа радиалды

~~Жетекші денедегі қозғалысты жетектегі денеге үйкеліс күші арқылы берілетін берілістерді........ дейміз?

@@белдікті

@@шынжырлы

@@тісті

@@червякты

@@фрикциялық++

~~Машина бөлшектері жұмыс істегенде қандай күштер әсер етеді?

@@таратылған

@@шоғырланған

@@айнымалы, тұрақты ++

@@полярлық

@@қадалған

~~Пісірген қосылыстарда қосылымның орнын қалай атаймыз?

@@жапсар++

@@балқытылған

@@қысыммен қосылған

@@температурамен балқытылған

@@қосылған

~~Тойтармалы шегемен қосылыс қандай қосылысқа жатады?

@@ажырамалы

@@ажырамайтын++

@@шлицті

@@шпонкалы

@@пісірілген

~~Әртүрлі пайдалы жұмыс атқарып,технологиялық процестерді орындайтын машина.......?

@@энергетика

@@басқарушы

@@логикалық

@@механизм

@@технологиялық++

~~Бір материалдан жинаусыз жасалған бөлшекті қалай атаймыз?

@@кривошип

@@тірек

@@машина бөлшектері ++

@@күйенте

@@кинематикалық жұп

~~Машина жасау өнеркәсібінде муфталар неге қолданылады?

@@біліктерді жалғастыру үшін++

@@берілісті жалғастыру үшін

@@қозғалыс беру үшін

@@монтаждау үшін

@@момент тудыру үшін

~~Сына тәрізді шпонкалардың түрлері?

@@призмалық,сигменттік

@@сигменттік,радиусты

@@ойып орнатқан,тангенциалдық++

@@призмалық,қарапайым

@@ призмалық, радиусты

~~Шлицті қосылыстарды пішініне байланысты?

@@эвольвентті,қиғаш

@@тік бұрышты,эвольвентті,үшбұрышты++

@@шеңбер,дөңес

@@дөңес,ойық

@@дөңгелек қиғаш

~~Тойтармалы шеге дегеніміз?

@@Екі жағы жоқ шеге

@@жұмыр жағы бар шеге

@@бір жағы бастырмалы, екінші жағы жұмыр қалпақшасы бар сырық++

@@бір жағы бұрандалы, екінші жағы жұмыр қалпақшасы бар бөлшек

@@екі жағы бар шеге

~~Пісіріп қосу дегеніміз?

@@қосылатын бөлшектердің аздаған аумағын қыздырып пластикалық күйге жеткізіп белгілі күшпен қосып немесе балқытып қосу++

@@ қосылатын бөлшектердің аздаған аумағын мұздатып қатты күйге жеткізіп белгілі бір бөлшекпен қосу немесе балқытып қосу

@@болтпен қосу

@@гайка көмегімен қосу

@@тойтарма шегемен қосу

~~Біліктердің шеттерін жалғастыруға немесе білікке еркін отырғызылған бөлшектерді білікпен жалғастыруға қызмет ететін, сонымен қатар айналдыру моментін шамасы мен бағытын өзгертпей жеткізетін құрылғыны не деп атаймыз?

@@шпонка

@@заклепка

@@винт

@@гайка

@@Муфта++




ФАПК 706-03-13 Емтихандық тестілік сұрақтар. Үшінші басылым


-75%
Курсы повышения квалификации

Современные педагогические технологии в образовательном процессе

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Техникалық механика пәнінен тестілік тапсырмалар жинағы (81 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт