Меню
Разработки
Разработки  /  История  /  Разное  /  Прочее  /  Тарих сабағында оқушылардың бойындағы дарындылық қабілеттері дамыту.

Тарих сабағында оқушылардың бойындағы дарындылық қабілеттері дамыту.

Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің барысында мұғалім өзі бірінші болып ізденеді. Дарынды деген не? Дарынды бала деп қандай баланы айтамыз? Табиғи дарынды бала алдымызға қашан келеді деп күту керек пе, әлде алдымызда отырған көгенкөз балалардың бойындағы қабілетті ашып, болашақ қоғамның бір – екі, одан да көп тұлғасын дайындау жолында еңбек етуді алдымызға міндет етіп қоямыз ба?

15.11.2017

Содержимое разработки

Қызылордаа облысы

Шиелі ауданы

Бидайкөл ауылы

148 қазақ орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі

Култаева Акмарал Мадияровна

Тарих сабағында оқушылардың бойындағы дарындылық қабілеттерін

дамыту.

Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің барысында мұғалім өзі бірінші болып ізденеді. Дарынды деген не? Дарынды бала деп қандай баланы айтамыз? Табиғи дарынды бала алдымызға қашан келеді деп күту керек пе, әлде алдымызда отырған көгенкөз балалардың бойындағы қабілетті ашып, болашақ қоғамның бір – екі, одан да көп тұлғасын дайындау жолында еңбек етуді алдымызға міндет етіп қоямыз ба?

Иә, бүгінгі қоғам алдында тұрған міндет, әрбір ұстаз алдында тұрған міндет.

Дарынды деген не? Дарын – Адам бойындағы асқан талант, ерекше қабілет. Яғни дарынды бала, асқан таланттың иесі. Дарындылық бала бойындағы алғырлық, зеректік.

Меніңше, адамды танып – білу, оның бойындағы ерекше қабілетті көре білу мұғалім үшін аса қажет қасиет. Ол үшін ерінбей еңбектеніп, баланың ерекше қабілетін байқауда күнделікті сабақта, тәрбие жұмысында, үйірме жұмысында оқушыны үзбей бақылап, рейтинг жүйесімен білімін бағалай отырып, бала бойындағы дарындылықты немесе жүйелі білім алуға қабілетті тұлғаны анықтауға болады. Күнделікті сабақтың тапсырмасына қарағанда күрделі, өз бетінше жұмыс жүргізуге бағыт –бағдар беріп отыр. Оқушы бұл тапсырмаларды орындағанда оқулық материалын толық біліп қана қоймай, өзінің бойындағы барлық қабілетін аша отырып, ойланып жұмысын жүргізуі қажет.

Бала бойындағы дарындылықты ашуда әрбір ұстаз өз сабағында жаңашыл әдіс – тәсілдерге сүйеніп, сабақ жүргізсе өскелең жастың өмірге нақты көзқарасын қалыптастыра алады. Қалыптан тыс сабақтарды оқушылармен жүйелі өткізу олардың сол пәнге деген қызығушылығын арттырады.

Қазақстан Республикасының орта білім дамыту тұжырымдамасында көрсетілгендей, бүгінгі білім міндетін тек негізгі үш мақсат шеше алады: олар – дүниетанымдылық, шығармашылық, терең білімділік.

«Инновация », жаңа технология ұғымдары бүгінде педагогика саласында жиі қолданысқа түсіп отыр. Ол дегеніміз, білім саласына үнемі ізденіс және білім мазмұнын өмір талабына сай жақсарту, оқытудың әдіс – тәсілдерін жасау деген сөз.

Сондықтан ұрпақ тәрбиесі, ел болашағы ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік жүктейді. Заман жаңарған сайын оқыту жүйесінде де, әдіс – тәсіл де жаңарып, түрленіп отыруға тиіс. Себебі алдымызда отырған қаракөздер Қазақстанның ірге тасын қалайтын, тәуелсіз тудың тұтқасын ұстайтын азаматтар. Қоғамның тағдыры жастардың қолында.

Тарих сабағын өтуде өз пәніме деген оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін сабақты түрлендіріп, өмірмен байланыстырып, қазіргі заман талабына қажетті білім алуға жағдай жасауға тырысамын.

Оқушыларды сабақтан жалықтырып алмау үшін бүгінгі күндегі жаңа технология бойынша сабақ үлгілерін ойластырып, күнделікті жоспарға өзгерістер енгізіп,сайыс, ДЕБАТ –Пікір - сайыс, «ХХІ ғасыр көшбасшысы » түрінде сабақтар өткіземін. Тарих сабағында оқушыларға мынадай талаптар қоямын:

-біріншіден, үйге берілген тапсырманы оқулық бойынша оқуды;

-екіншіден, оқыған материалды тарихи тілмен мүдірмей айтып беруді;

-үшіншіден, тақырыпқа байланысты таблица жасауды, Венн диаграммасын сызуды, даталарды жатқа айтуды, тірек схемасын сыза білуді;

-төртіншіден, өзінің жеке пікірін айта білуді.

Осы талаптарды өз деңгейінде орындаған оқушыны қабілетті деп есептеп, ол оқушылармен жеке жұмыстар жүргіземін.

Әрине, мұғалімнің талаптарын барлық оқушы бір деңгейде орындай алады дей алмаймын, әр оқушыдан осы талаптарды сабақ сайын талап етемін. Оқушы осы талап деңгейінде көріне алмаса 5 – тік баға ала алмайтынына көзі жетіп, мұғаліміне баға жөнінде жөнсіз талап қоя алмайды. Мұның өзі оқушыны белгілі – бір биікке көтерілу үшін, жауапкершілікпен сабаққа дайындалу қажет екенін түсіндіреді.

Бала бойында жүйелі түрде білім қалыптастыру үшін мұғалім оқушыға берген әр тапсырманы тексеріп отыруы шарт. Тексерудің мақсаты – жаңа материалды игеруге қажетті білім деңгейін анықтау. Мұндай тексерудің кез –келген тарихи оқиғаның себеп – салдарын, мазмұнын, нәтижесін толық біліп қана қоймай оған өзінің жеке пікірін айтуды талап етіп отыру керек.

Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер еңбек етуден жалықпай, баламен жеке жұмыстар жүргізеді. Ең бастысы, баланы жалықтырып алмау үшін баламен сәлемдесуден бастап оның көңіл – күйін, жанұядағы жағдайынан хабардар болып, берілген тапсырманы қандай дәрежеде орындап жатқанына дейін бақылай алу қажет. Әрине, мұның бәрі жүзеге асуы үшін мұғалімнің өзі жауапты, жұмысқа қызығушылығы тұрақты болуы шарт.

Мұғалімге қойылатын талаптар:

1. Дарынды баланы анықтау.

2. Дарынды балаларға арнап бағдарламалар түзе білу.

3. Сабақты жаңа технологиямен өту.

4. Балаға шығармашылықпен жұмыс істеуі үшін жаңа, тың

тапсырмалар беру.

5. Ата – анасымен мәдениетті педагог ретінде сөйлесе білу.

6. Оқушыға тарихи кітаптарды оқуға бергенде оның мүмкіндігін де

біліп отыру.

7. Оқушыға тарихи кітаптарды оқуға бергенде оның мүмкіндігін де

біліп отыр.

Қорыта айтқанда, дарынды оқушыларды таба біліп, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін арттырып, өзара қатынасты жақсартып, ата –ана – оқушы – ұстаз байланысын жоғары ұстап шығармашылықпен жұмыс істеу қажет.

Дарынды балалармен жұмыс жүргізу барысында менің жеке ұстанымдарым:

1. Бүгінгі таңда дарындылықты дамытудың нақты бағыты,

жүйеленген әдістемелері немесе тәсілдері жоқ. Дарынды

балаларды анықтаудың жолдарын жақсы меңгеру үшін облыс

көлемінде тәжірибе алмасу семинарлары жиі болып тұрса;

2. Дарынды оқушылармен жұмыс жүргізудің әдіс – тәсілдері

жергілікті газеттерде жүйелі түрде жарияланса;

3. Әсіресе ғылыми жұмыс жазғанда бар қаржы мәселесін ата –

ана мен жетекші мұғалімге жүктеп қоймай оңтайлы қаржы

көзі ойластырылса;

4. Олимпиадаға қатысып жоғары көрсеткішке ие болған оқушы

мен ғылыми жұмыс жазған оқушыға нақты қандай жеңілдік

болатыны анықталса. Өйткені ғылыми жұмыс жазған оқушы көп уақытын ізденумен өткізеді.

Тарих пәнін оқытудағы басты міндет – жас ұрпақты адамзаттың, шынайы тарихымен таныстыру, дүниежүзілік мәдениеттің негізгі жетістіктерімен сусындату, тарихты сын көзімен талдай отырып, келешекті бағдарлайтын, шығармашылықпен жұмыс істеп, дұрыс қорытынды жасай алатын оқушыларды тәрбиелеп шығару.

Осы міндетті орындау үшін бүгінгі күннің талаптарына жауап бере алатын жаңа үлгідегі сабақтарды өтуді өз борышым деп санаймын. Сондай сабақтардың бірі К.Поппер үлгісіндегі Пікір - Сайыс - Дебат сабағы.











-75%
Курсы повышения квалификации

ФГОС в области исторического образования и предметное содержание образовательного процесса на уроках Отечественной истории России XX - начало XXI века

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Тарих сабағында оқушылардың бойындағы дарындылық қабілеттері дамыту. (16.03 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт