Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Разное  /  Дошкольникам  /  «Таным» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі

«Таным» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі

1.Ұйымдастыру кезеңі Педагог музыканың орнына құстардың шырқаған даусы жазылған үнтаспаны қосу арқылы балаларды тану үдерісіне жұмылдырады. Олардан ненің дауысын естігенін сұрайды. 2.Негізгі кезең Топтың бөлмесіне орналастырылған картиналарға назар аударады. Құстардың атауларын қайталайды – торғай, көгершін, қарға. Балаларға әңгімелеп береді: «Балақай, қарашы, құстардың аяқтарындағы саусақтары өте мықты, ілгіш болады. Олар құстардың ағаш бұтақтарына қонғанда құлап кетпеуіне көмектеседі». «Биік-аласа» түсінігін нығайтады. Құстарға тән құрылымдық ерекшеліктерге тоқталады – денесі, құйрығы, қанаты, аяғы. «Құстар қанатының көмегімен ұшады. Сонымен қатар олар адамдар мен аңдар сияқты кішкентай аяқтарының көмегімен жүре алады. Құстар жерге қонғанда тамақ іздейді (сол кезде көгершінге тамақ беруге болады)». Құстарды бір-бірімен салыстырады: қарға үлкен, көгершіннің көлемі орташа, ал, торғай кіп-кішкентай. «Қараңдаршы, балалар, қарғаның тұмсығы қандай үлкен!» «Ал торғай өте пысық. Ол жерге ұшып-қонып, тамақ іздеп жүр. Өзі сондай кішкентай әрі қорғансыз. Шамасы, ол мысықтан қатты қорқатын болса керек». Педагогтің көмегімен торғайды суреттейді: кішкентай құс, басы домалақ, қанаттарының түсі сұр, тұмсығы үшбұрышты, қызыл түсті болып келеді. Балалардың назарын құстардың қауырсындарына аударады. Мұқият танысып шығуды сұрайды. Құстар бейнеленген суреттерді қарап шығады.
15.02.2020

Содержимое разработки

«Қызғалдақ» бірінші кіші тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі. Тәрбиешісі : Сабитбекова А.Е.

Өткізу күні: 11.09. 2019 «Таным» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырып: Қанатты достар

Мақсаттары:

Тәрбиелік:құстардың атауларын (көгершін, торғай, қарға), олардың дене мүшелерін, қылықтарын; құстарға қарапайым қамқорлық жасауға тәрбиелеу (тары шашу).

Дамытушылық: олардың мінез-құлық ерекшеліктерін таниды (секіреді, жүреді, сайрайды, шоқиды);

Оқыту:Балаларды балабақша ауласындағы құстармен таныстыру.

ҰОҚ-ға дайындық жұмыстары: құстардың суреті бейнеленген иллюстрациялармен танысу, құстардың сайраған дауысын тыңдайды («Табиғат дыбыстары» дискі), құстар туралы тақпақтар оқу, «Құстар» қимыл-қозғалыс жаттығуы.

Құралдар мен материалдар: құстардың суреттері – қарға, торғай, көгершін; тары, дән, тұқым; құстар даусының аудиожазбасы.

Сөздік жұмыс:құстар, көгершін, торғай, қарға, тұмсығы, қанаты, құйрығы, аяқтары, жем.

ҰОҚ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Педагог музыканың орнына құстардың шырқаған даусы жазылған үнтаспаны қосу арқылы балаларды тану үдерісіне жұмылдырады. Олардан ненің дауысын естігенін сұрайды.

2.Негізгі кезең

Топтың бөлмесіне орналастырылған картиналарға назар аударады. Құстардың атауларын қайталайды – торғай, көгершін, қарға. Балаларға әңгімелеп береді: «Балақай, қарашы, құстардың аяқтарындағы саусақтары өте мықты, ілгіш болады. Олар құстардың ағаш бұтақтарына қонғанда құлап кетпеуіне көмектеседі». «Биік-аласа» түсінігін нығайтады. Құстарға тән құрылымдық ерекшеліктерге тоқталады – денесі, құйрығы, қанаты, аяғы. «Құстар қанатының көмегімен ұшады. Сонымен қатар олар адамдар мен аңдар сияқты кішкентай аяқтарының көмегімен жүре алады. Құстар жерге қонғанда тамақ іздейді (сол кезде көгершінге тамақ беруге болады)». Құстарды бір-бірімен салыстырады: қарға үлкен, көгершіннің көлемі орташа, ал, торғай кіп-кішкентай. «Қараңдаршы, балалар, қарғаның тұмсығы қандай үлкен!» «Ал торғай өте пысық. Ол жерге ұшып-қонып, тамақ іздеп жүр. Өзі сондай кішкентай әрі қорғансыз. Шамасы, ол мысықтан қатты қорқатын болса керек». Педагогтің көмегімен торғайды суреттейді: кішкентай құс, басы домалақ, қанаттарының түсі сұр, тұмсығы үшбұрышты, қызыл түсті болып келеді. Балалардың назарын құстардың қауырсындарына аударады. Мұқият танысып шығуды сұрайды. Құстар бейнеленген суреттерді қарап шығады.

Сергіту сәті

Шыр-шыр еткен торғайды,

Қорғамасаң, болмайды.

Кіп-кішкене торғайлар

Ағаштарды қорғайды.

Таспен атып торғайды

Ұя бұзған оңбайды.

Құс өкпелеп кетеді,

Бақшамызға қонбайды.

Педагог ойыншық ысқырғыш-құсты көрсетеді. «Құс» шығарған дыбыстың «ысқырық» деп аталатынын айтады. Мұқият ден қояды, үстелге жақындап «құспен» танысады. Өздерінің ұсыныстарын айтады. Имитациялық ойынға қатысуға шақырады.

Торғай: Тіземізді бүгіп отырамыз. Қолдарымызды жартылай бүгіп, өзімізге қарай тартамыз. Құстар ұшып бара жатқанын көрсету үшін қолымыздың басын тез-тез былғаймыз. Осы күйімізде аздап секіруге тырысамыз. Сонымен қатар торғайлар сияқты шырылдаймыз және олардың кішкентай әрі пысық екенін айтамыз.

Қарға: Жартылай бүгілген қолдарымызды одан жайырақ қимылдатамыз. Балаларға қарғаның қанаттары торғайдікінен әлдеқайда үлкен екендігін түсіндіреміз. Себебі қарғаның өзі де үлкен. Тіземізді бүгіп отырамыз және сол күйімізде ақырындап жүруге тырысамыз. Сонымен қатар, дауыстап «қарқылдауды» да ұмытпаймыз.

Құстарды немене тамақтандыруға болатынын ойланып көруді сұрайды. Ойыншық құстарға тары, тұқым мен дән себеміз. Үлестірме қағаздардағы суреттермен ойнауға шақырады.Тапсырманы орындайды: Құстардың атауларын дұрыстап айтып бер. Құстардың жемді қалай шұқып жейтінін көрсет.

3. Қорытынды кезең (Рефлексия)

ҰОҚ-ны қорытады. Педагог балалардан бүгін қандай құстармен танысқанын сұрайды. Құстардың өздеріне тән айырмашылықтарына назар аудартады. Алған әсерлерімен бөліседі. Далада құстар бар-жоғына көз жеткізу үшін терезеден сыртқа қарайды.




Әдіскер:



-75%
Курсы повышения квалификации

Формирование у детей навыков безопасного участия в дорожном движении

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
«Таным» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі (13.98 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт